Газет 2005 жылдың 29 желтоқсанынан шыға бастады



Pdf просмотр
бет3/6
Дата23.12.2019
өлшемі2 Mb.
#24792
1   2   3   4   5   6

Бағымызға ашылған балабақша

жұма, 3 қараша 2017 ж.

4

форум


1-бетте

Қ

МГ  БӨ  еншілес  және  тәуелді  ұйым-



дарының әлеуметтік қызметкер лерінің 

алғашқы  слетін  Ақтау  қаласында 

өткізуіміз  кездейсоқ  емес.  Мұнда,  еліміздің 

батысында біздің негізгі активтеріміз, бірлескен 

кәсіпорындарымыз, мұнай сервистік компани-

яларымыз шоғырланған. Тиісінше, бұл өңірде 

ҚМГ  БӨ  компаниялар  тобы  қызметкерлерінің 

ең  көп  саны  еңбек  етеді  –  жұмыс  істейтін 

26  мың  адамның  18  мыңнан  астамы.  Бұдан 

басқа, мұнда 130 мың тұрғыны бар Жаңаөзен 

қаласының тіршілігі тікелей байланысты, қала 

қалыптастырушы  «Өзенмұнайгаз»  кәсіпорны, 

сондай-ақ  мұнай  сервистік  ұйымдарымыз 

жұмыс  істейді.  Сол  себепті  бұл  тәжірибелік 

бірлескен  кездесулердің  жақсы  дәстүрін 

Маңғыстау  өңірінен  бастауды  жөн  көрдік. 

Болашақта  осындай  жиналыстарды  өткізуді 

дәстүрге  айналдырып,  басқа  да  өңірлерде 

өткізетін боламыз. 

Қазақстанның мұнай саласы ел экономиканың 

маңызды қозғаушы болып табылатыны баршаға 

мәлім. Мұнай секторының компаниялары мем-

лекет бюджетін толықтырып қана қоймай, Ұлттық 

қордың активтерін қалыптастырады, сондай-ақ өз 

қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз 

етумен қатар өңірлерге үлкен әлеуметтік қолдау 

көрсетеді.  ҚМГ  БӨ-нің  өндірістік  активтері 

Қазақстанның  төрт  облысында  орналасқан, 

онда 26 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осы 

адамдардың  отбасы  мүшелерін  санағанда,  ең 

төменгі бағалаулар бойынша 100 мыңнан астам 

адамның әл-ауқаты тікелей компанияға байла-

нысты. Егер де елдің әлеуметтік өміріне нақты 

қатысуын айтатын болсақ, 2004 жылы ҚМГ БӨ 

құрылған сәтінен бастап Компания Маңғыстау, 

Атырау  және  Қызылорда  облысында  ауруха-

на,  мектеп,  жолдар  мен  басқа  да  әлеуметтік 

маңызы  бар  нысандардың  құрылысына  51 

миллиард теңгеден артық қаражат бөлді», – деді 

Б. Асқаров. 

Көптеген  әлеуметтік  нысандар  Жаңаөзен 

қаласында  да  бой  көтерді.  Олар  тұрғын 

үй  құрылысы,  медициналық,  спорттық-

сауықтыру  нысандары.  ҚМГ  БӨ  өз  қызметін 

ж ү р г і з і п   от ы р ғ а н   Ат ы р ау   о бл ы с ы н д а 

бірнеше  балабақшаның,  орта  мектептердің, 

спорттық-сауықтыру кешендердің құрылысын 

қаржыландырды.  Қалада  Компанияның 

қаражаты  есебінен  салынған  жабық  жүзу 

бассейні  жұмыс  істеп  тұр.  Қызылорда 

облысындағы  Талсуат  кентінде  300  орынға 

арналған психоневрологиялық интернат үйінің 

құрылысының  аяқталуын  қаржыландыруға 

Компания атсалысты. 

Биылғы  жыл  Астанада  өткен  ЭКСПО-2017 

халықаралық  көрмесін  мұнайшылардың 

тамашалауына  үлкен  мүмкіндік  жасалды. 

ҚМГ  БӨ  орталық  аппараты  мен  еншілес 

және  тәуелді  ұйымдарының  әлеуметтік  сая-

сат  құрылымдарының  үйлесімді  қызметінің 

арқасында  бұл  жұмыстар  жоғары  дәрежеде 

атқарылды. ҚМГ БӨ-нің қаржылай қолдауымен 

еншілес  және  тәуелді  ұйымдардың  6  мыңнан 

астам  қызметкері  3  ай  бойы  көрмеге  келді. 

«Барлық  шығындарды  Компания  өзі  көтерді 

–  бұл  арнайы  чартерлік  рейстермен  ұшу  келу 

мен ұшу кету, тұру, үш мезгіл тамақтану, көрмені 

тамашалау. Басқа да көптеген компаниялар өз 

қызметкерлеріне  көрмені  көрсетуге  тырысты,  

ҚМГ  БӨ  қызметкерлеріне  жасаған  қолайлы 

жағдай  ешкімде  болған  емес.  Осы  акцияны 

өткізудің нәтижелері бойынша біздің әлеуметтік 

құрылымдардың  өзара  жұмыс  жасаудың 

жоғары  деңгейін  және  жұмыстың  өте  жақсы 

сапалы орындалуын атап өткім келеді», – деді 

Б. Асқаров. 

Жиын  барысында,  сондай-ақ  бірқатар 

проблемалық мәселелер де сөз болып, оларды 

шешу жолдары мен алдағы уақытқа жоспарлар 

талқыланды. «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, 

Компанияның  қызметкерлері  мен  олардың 

отбасыларын әлеуметтік қамтамасыз ету бо-

йынша біздің жұмысымыз үнемі сапалы нәтиже 

көрсете  бермейді.  Өздеріңізге  белгілі,  біз 

арнайы комиссия құрып, балалар сауықтыру 

лагерлеріне  кешенді  тексеру  жүргіздік.  Ко-

миссия  жұмысының  нәтижелері  бойынша 

өз  міндеттерін  лайықты  орындамағаны  үшін 

«Өзенмұнайгаз»,  «Қаражанбасмұнай»  және 

ҚазГӨЗ-дің  жа уапты  қызметкерлеріне  шара 

қолданылды»,  –  деді  ҚМГ  БӨ  Аппарат  бас-

шысы. 


ҚМГ  БӨ  комиссияның  ұсынымы  бойынша 

де малыс  үйлерінің,  балалар  лагерлерінің 

қызметте рін бір көзден сатып алу үшін Сатып 

алу  ережесіне  толықтырулар  енгізу  туралы 

ұсыныстармен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ аты-

на хат жолданған. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» 

БӨ» АҚ Бас директорының нұсқаулығына сәйкес, 

ҚМГ  БӨ-нің  тиісті  департаменті  еншілес  және 

тәуелді  ұйымдар  үшін  қызметтерді  көрсетуге 

типтік техникалық ерекшелік әзірлеп жатыр, 

оған  сәйкес  сатып  алуға  қосалқы 

мердігерлік  ұйымдарды  тарту 

алып тасталады. Яғни, дема-

лыс  қызметтерін  көрсету 

ж ө н і н д е г і   ш а р т т а р 

тікелей  ұйымдармен 

жасалады. Делдалдық 

құрылымдарды  алып 

тастау  біріншіден, 

к о м п а н и я н ы ң 

ш ы ғ ы н д а р ы н 

о ң т а й л а н д ы р у ғ а , 

екіншіден  –  қауіпсіздік 

пен  қызмет  сапасына 

бақылау  жүргізу  деңгейін 

арттыруға мүмкіндік береді. 

« Қ М Г   Б Ө   к о м п а н и я л а р 

тобы қызметкерлері балаларының 

жазғы  демалыстары  үшін  лагерлер  мен 

ұйымдарды  таңдау  рәсімдері  де  әзірленіп 

жатыр.  Тағы  бір  ұсынысымыз  бар,  ол  – 

кезекті  жазғы  демалысты  ұйымдастыру 

кезінде  кәсіподақ  комитеттерін  қатыстыру. 

Е н ш і л е с   ж ә н е   т ә уел д і   ұ й ы м д а р   м е н 

кәсіподақ  комитеттері  арасындағы  тиісті 

меморандумның жобасы да әзірлену үстінде. 

Компанияның  әлеуметтік  саясатын  жүзеге 

асыруда кәсіподақ комитеттерінің рөлін арт-

тыруымыз керек. Бірқатар ұйымдарда мұндай 

тәжірибе  қолданылады,  онда  компанияның 

салалық  құрылымдардың  мін-

детті  қатысуымен  кәсіподақ 

к о м и  т е т т е р і   ә л е у -

м е т т і к   б ю д ж е т т і к 

бағдарламалар  опе-

раторлары  болып 

т а б ы л а д ы   ж ә н е 

мердігерлермен 

т і к ел е й   ж ұ м ы с 

ж а с а й д ы .   Б ұ л 

к ә с і п о д а қ т ы ң 

р ө л і н   а рт т ы р а -

ды,  корпоративтік 

м ә с е л е л е р д і ң 

ш е ш і м і н е   ы қ п а л 

е т е д і » ,   –   д е д і 

Б. Асқаров. 

ҚМГ  БӨ  Аппарат  бас-

шысы  еншілес  және  қарасты 

ұйымдардың  әлеуметтік  бөлім шелердің 

жетекшілеріне  шипажай-курорттық  жол-

дамаларды  үлестіру  кестесін  тексеруді, 

осы  мәселе  бойынша  бұрын  келіп  түскен 

шағымдарды  назарға  алуды  тапсырды. 

«Қажет болса, өз жұмыстарыңыздағы оң және 

жағымсыз тұстарды айқындау, оларды түзету 

мақсатында  ұжымдарда  компания  тарапы-

нан  көрсетілетін  әлеуметтік  қызметтердің 

сапасы  туралы  сауалнама  жүргізілсін.  Тағы 

да  бір  жиі  қойылатын  сұрақтардың  бірі, 

бұл  міндетті  медициналық  сақтандыруды 

енгізу  және  компанияның  әлеуметтік  пакеті 

шеңберіндегі  медициналық  сақтандыру 

қызметтері.  Өздеріңіз  білесіздер,  биылғы 

жылдың  1  шілдесінен  бастап  Қазақстанда 

жұмыс істейтін заңды тұлғалар, соның ішінде 

ҚМГ БӨ мемлекеттік медициналық сақтандыру 

қорына  аударымдар  жасайды.  Денсаулық 

сақтау  министрлігі  хабарлағандай,  МӘМС 

енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл рет-

те қызметкердің медициналық сақтандыруына 

қатысты  Компанияның  әлеуметтік  міндет-

темелері  әлеуметтік  пакеттің  ажырамас 

бөлігі болып табылатынын және мемлекеттік 

медициналық  сақтандырумен  қатар  бірге 

жүзеге  асырылатынын  атап  айтқым  келеді. 

Егер осы мәселеге қатысты жұмыскерлердің 

сұрағы  немесе  алаңдаушылығы  болса, 

тиісті  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізу  қажет. 

Медициналық сақтандыру сияқты әлеуметтік 

қызметті  қаржылай  толтыруды  Компания 

іске асыратынын қоса айтқым келеді», – деді 

Б. Асқаров.  Сөзін  қорытындылай  келе,  ҚМГ 

БӨ Аппарат басшысы Б. Асқаров компаниялар 

тобындағы әлеуметтік бөлімшелердің жоғары 

кәсіби  деңгейін  және  жақсы  жұмысын  атап 

өтті. «Сіздер қойылған міндеттерді ойдағыдай 

орындап, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 

компаниялары  тобының  тұрақтылығы  мен 

өркендеуіне  зор  үлес  қосатындарыңызға 

сенімдімін. Алдағы уақытта да компаниямыз-

ды одан әрі дамытып, жұмысымызды жақсарту 

үшін біз бірлесіп еңбек етейік», – деді.

Жиында биылғы жылдың ақпан айынан бастап 

«ҚазМұнайГаз»  БӨ»  АҚ-да  Омбудсмен  болып 

тағайындалған Бақыт Иманғалиев осы саладағы 

қызметтің барысы, міндеттері туралы баяндады. 

Компанияда адам  құқықтары  жөніндегі  уәкілге 

хабарласу үшін 8700 700 99 00 сенім телефоны 

да іске қосылғаны белгілі. 

«ҚазМұнайГаз»  Барлау  Өндіру »  АҚ 

Әлеуметтік  саясат  және  шаруашылық 

қамтамасыз  ету  департаменті  Аутсорсинг 

секторының  аға  инженері  Анаргүл  Жақсиева 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 

жүйесі  туралы  сөз  етіп,  оның  маңызы  және 

артықшылықтары  туралы  айтып  өтті.  «Бүгінгі 

күні  еңбек  нарығында  жоғары  білікті  маман-

дарды  тартуда  басымдылық  ретінде  жұмыс 

берушілердің бір бөлігі ғана өз қызметкерлеріне 

медициналық  сақтандыруды  қоса  алғанда, 

толық әлеуметтік пакетті ұсына алады. МӘМС 

енгізілуімен аталған әлеуметтік пакет мейлінше 

кеңейе  түседі,  біздің  қызметкерлер  және 

олардың  отбасы  мүшелері  үшін  қолжетімді 

және жан-жақты артықшылық болады», – дейді 

Анаргүл Жақсиева.

Форум  барысында  еншілес  және  қарасты 

компаниялардың әлеуметтік саясат саласындағы 

биылғы жылы атқарылған жұмыстары тыңдалды. 

Жиын  аясында  КИМЭП  университетінің 

оқытушысы,  психологиялық  ғылымдарының 

докторы Ләйлә Ақылбекова сала мамандарына 

арнап тренинг өткізді. 

Әлеуметтік  салада  ұзақ  жылдардан  бері 

табысты  еңбек  етіп  келе  жатқан  мамандарға 

«ҚазМұнайГаз»  БӨ»  АҚ  Бас  директоры 

Қ. Есқазиевтің  Алғыс  хаты  салтанатты  түрде 

табысталды.

«сіздер қойылған 

міндеттерді  ойдағыдай 

орындап,  «қазмұнайгаз» 

барлау  өндіру»  ақ  компания­

лары  тобының  тұрақтылығы 

м е н   ө р к е н д е у і н е   з о р   ү л е с 

қосатындарыңызға  сенімдімін. 

алдағы  уақытта  да  компания­

мызды  одан  әрі  дамытып, 

жұмысымызды  жақсарту 

үшін  біз  бірлесіп  еңбек  

етейік»

www.munailymeken.kz





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау