Қажетті материалдар:
-гүлдеп тұрған кезіндегі қарбыз, қауын және асқабақ өсімдігінің кептірілген күйіндегі үлгісі
- бақша дақылдарының жапырақтары мен гүлдерінің кеппешөптері
- бақша дақылдарының плакаты
Әдебиет: 7, 350-352 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Бақша дақылдарының морфологиялық ерекшеліктерін баяндаңыз?
2. Аудандастырылған сорттарына шаруашылық – биологиялық сипаттама беріңіз?
3. Қауын, қарбыз, асқабақ – негізгі бақша дақылдары. Оларға сипаттама беріңіз?
4. Бақша дақылдарының биологиялық ерекшеліктері мен агротехника ерекшеліктері?
5. Бақша дақылдарының маңызы?
Тесттер
1.Бақша дақылдарын көрсетіңіз:
А) қарбыз, қауын, кәді
В) шалқан, кольраби, ақсүттіген, қымыздық
С) сәбіз, қызылша,, шалғам, шомыр
D) қияр, пияз, қызанақ, бұрыш
Е) баклажан, қырыққабат, балдыркөк, тарна
2.Қарбыздың отаны:
А) Африка
В) Америка
С) Австралия
D) Европа
Е) Дұрыс жауабы жоқ
3.Қарбыздың сабағы қандай?
А) 2 м-ге дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан
В) тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м-ге дейін жетеді
С) жерге төселіп, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады
D) сабағының ұзындығы 10-15 м-ге дейін жетеді
Е) сабағының ұзындығы 15-20 м-ге дейін жетеді
4. Қауынның сабағы қандай?
А) 2 м-ге дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан
В) тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м-ге дейін жетеді
С) жерге төселіп, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады
D) сабағының ұзындығы 10-15 м-ге дейін жетеді
Е) сабағының ұзындығы 15-20 м-ге дейін жетеді
5. Асқабақтың сабағы қандай?
А) 2 м-ге дейін төселіп өседі, жапырақтарын қою түк басқан
В) тіркемелес сабағының ұзындығы 5-10 м-ге дейін жетеді
С) жерге төселіп, бірінші және екінші реттегі бұтақтардан тұрады
D) сабағының ұзындығы 10-15 м-ге дейін жетеді
Е) сабағының ұзындығы 15-20 м-ге дейін жетеді
Жеміс-жидек дақылдар
Жалпы түсінік. Морфологиялық құрылымы мен сыртқы белгісі жағынан жеміс-жидек дақылдарының бір-бірінен айырмашылығы үлкен, екінші жағынан аз да. Мұның өзі ұзақ уақыт (40 мың жылға жуық) оларда тұқым қуалаушылық (генотипте) дамуының әр түрлі жағдайларда өтуіне және әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты.
Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты мына топтарға бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұта тектестер, шырмауық тектестер, көпжылдық шөптектестер тобы.
Өсімдіктің дербес дамуы. Онтогенез дегеніміз - өсімдік организіміндегі, оның пайда болғаннан табиғи қурап өлгенге дейінгі аралықта генетикаға (тұқымқуалаушыққа) байланысты жүретін өзгерістер жиынтығы.
И.В.Мичурин жаңа сорттар шығару үстінде себінділердің жасына қарай болатын өзгерістеріне көбірек көңіл аударып, олардың өмірінде келесідей кезеңдерді көрсетті:
I – эмбриональді кезең – аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып, ұрық пайда болғаннан, тұқым пісіп, одан тұқым жарнақтары және бір нағыз жапырақ пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде тұқымқуалаушылық факторлар өте активті және де осыған байланысты организм иілімді, яғни сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне төзімді болып келеді.
II – жастық кезең – алғашқы нағыз жапырақшалар пайда болғаннан тұрақты жеміс сала бастағанға дейінгі кезең. Оның ұзақтығы тұқымға, сортқа, агротехникаға байланысты – 1-жылдан (бүлдіргенде) 8-16 жылға (алма, алмұрт) дейін. Жас өсімдіктер иімділігімен және де сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделгіштігімен сипатталады.
Бұл кезеңдегі себінділердің тікенектілігі, аздап түктілігі, жапырақ жиектерінің майда тістілігі, олардың жабайы ата-тектерімен ұқсастығын білдіреді. Себіндінің ары қарай өсіп-дамуы процестерінде бұл белгілер көбіне жойылып кетеді және де олардың орнына мәдени, ірі, қалың, доғалдау тістері бар жапырақтар пайда болады. Өсімдік қасиеттері мен белгілері жайлап пайда бола бастайды.
Алғашқы жылдары жемістің түсі, дәмі және де басқа белгілері құбылып тұрады, олар жеміс сала бастағаннан кейін 3-5 жылда ғана тұрақтанады.
III - өнімді кезең – мол жеміс салумен ағашбөркінің және тамыр жүйесі көлемінің барынша ұлғаюымен, организм иімділігінің төмендеуімен, қасиеттері мен белгілерінің салыстырмалы түрде тұрақталуымен сипатталады.
IV – қартаю және қурау кезеңі. Өсімдік белгілері мен қасиеттерінің тұрақталумен сипатталады. Өнімі азаяды, өсімдіктің барлық мүшелері қартаяды, содан кейін жартылай қаңқалық және қаңқалық бұтақтар қурайды. Бұл кезең өсімдіктің барлық бөліктерінің қурап бітумен аяқталады.
Жеміс дақылдары, жеміс-жидек дақылдары – шырынды және қатты жеміс-жидек үшін өсірілетін өсімдіктердің бір тобы. Бұл топқа 45 туысқа жататын өсімдік кіреді. Оның көпшілігі ағаш, бұта, көп жылдық тропик (банан, ананас) және қоңыржай аймақта өсетін (бүлдірген, қой бүлдірген, жүзім т.б) шөп тәрізді өсімдіктер. Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, цитрусты, субтропиктік.
Шекілдеуіктілер тобы: Шекілдеуіктілер тобына жататын дақылдар (алма, алмұрт, айва, шетен, мушмула, шетен, ырғай, долана) раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Бұл өсімдіктердің ішінде ең көп тарағаны үш дақыл – алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктері көлемінің 70% құрайды.
Сүйектілер тобы. Сүйекті дақылдарға шие, алхоры, өрік, шабдалы, жидек т.б жатады. ТМД елдерінде жеміс-жидек дақылдарының ішінде көлемі жағынан сүйекті дақылдар екінші орында. Орталық аймақта негізінен шие мен алхоры, ал оңтүстік аймақта өрік, шабдалы, қызыл шие, алхоры өседі. Бұл дақылдарды біріктіретін негізгі белгі – жемісінде сүйек-шырынды қабатының болуы. Жемісінің сақталуы мен тасымалдануы, шекілдеуіктілерге қарағанда нашар, дәмді, қайта өңделеді. Барлық сүйекті дақылдар раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Шекілдеуіктілермен салыстырғанда өнімді ертерек береді, аздау өмір сүреді. Қазақстанда негізінен шие, алхоры, өрік, қызыл шие, шабдалы өседі. 1985 жылдың санағы бойынша Қазақстанда сүйектілер тобына жататын өсімдіктер 13,8 мың гектар жерді алса, 2002 жылы – 9,57 мың гектар болды. Яғни барлық жеміс-жидек дақылдары егістігінің 15,7%-ын алып жатыр.
Жидекті дақылдар тобы. Жидектіге жатады: бүлдірген, құлпынай, таңқурай, жүзім, қарақат т.б. Жеміс – жидек шаруашылығында жидектер тобына көпжылдық бұта, үнемі көгеріп тұратын өсімдіктер жатады. Олардың жемістері шырынды, дәмі тәтті болып келеді. Жемістері дәрі ретінде, жас кезінде жеуге және қайта өңдеуге пайдаланылады.
Жидек өсімдіктері суыққа төзімді, сондықтан бұл дақылдардың көптеген түрлері Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Жеміс дақылдарына қарағанда, жидек өсімдіктерінің бір сортының өзін солтүстік аймақтарда, оңтүстік аймақтарда да өсіруге болады.
Жаңғақ жемістілер тобы. Жаңғақтыға жатады: түйежаңғақ, бадам, пекан, талшыл т.б. Жаңғақ өсімдіктері негізінен бұта тектес немесе үлкен ағаш түрінде өседі. Бұл дақылдардың басқа жеміс-жидек өсімдіктерінен айырмашылығы – жеуге дәні пайдаланылады. Олар әр түрлі тұқымдастарға, мысалы, пекан, грек жаңғағы –жаңғақтылар, орман жаңғағы –қайыңдылар, бадам – раушан гүлділер, атбас талшын – атбас талшындар, пісте –пістелер, талшын – шәмшәт тұқымдастарына жатады.
Талшыннан басқа жаңғақтар май мен белокка бай. Олардың тұқымында 70 %-ға дейін май, 8-21% белок болады. Талшынның тұқымында 34% крахмал және 17%-ға дейін қант болады. Жаңғақтардың дәндерінде, тұқымдарында А, В, Е, Р витаминдері, сондай –ақ, дәні піспеген жаңғақта С витамині өте көп болады.
Субтропикалық дақылдар тобы.Бұл топқа әр түрлі ботаникалық тұқымдастарға жататын өсімдіктер кіреді. Олар суыққа төзімсіз, жылусүйгіш және дау кезеңі ұзақ (6-7 ай). Кең тарағаны цитрусты (лимон, апельсин, мандарин, цитрон), субтропиктік (інжір, анар, құрма, зәйтүн, банан, ананас). Олар цитрус тегіне, аңызды тұқымдасына жатады. Бұлар мәңгі жасыл болып өсетін ағаш немесе бұта.
Қазақстанның Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында алманың, алхорының, шиенің, жидек дақылдарының сорттары аудандастырылған. Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік Шығысының теңіз деңгейінен 850-1200м биік бөктерінде алма, алмұрт, шие, өрік, алхоры және жидек дақылдары; биіктігі 1200-1500 м аймақта алма, алмұрттың күздік сорттары, алхоры, өрік, шие және жидек дақылдары; биіктігі 1100-1800 м таулы аймақта алманың жаздық және күздік сорттары, шие мен алхоры, жидек дақылдары өсіріледі. Жидек дақылдарының жемісі тамаққа жас және кептірілген күйінде, сондай-ақ парфюмерия өнеркәсібінде де қолданылады. Жидек дақылдарының жемісінде қант, крахмал, май, белок, витаминдер және минералды заттар болады. Химиялық құрамы сортына, ауа-райына, топыраққа және қолданылған агротехникаға байланысты өзгеріп отырады.
Жеміс-жидек отырғызу - өсімдіктің бас алып өсіп кетуі үшін қажет агротехникалық шаралар. Жеміс-жидек отырғызуға арналған жер арам шөптен тазартылып алдын-ала жақсылап тегістеледі. Шілденің аяғында, тамыздың басында жерді 40-60 см тереңдікте жыртып, әр гектарға 30-40 т көң, 3-5 ц суперфосфат шашады. Жеміс ағашын көктемде бүршік жарғанға дейін, күзде қырқүйектен – қазанға дейін отырғызады. Бұл кезде тамыр жүйесінің сақталуына ерекше көңіл бөлінеді, тамырды құрғату керек. Жеміс ағашын отырғызатын шұңқырға құнарлы топырақ салады. Тамырды топырақпен жапқанда көшетті аздап сілкиді, сонда топырақ тамырға жақсы жабысады. Көшетті тамыр мойыны деңгейіне келтіріп 1-2 см төмен көмеді. Тым терең отырғызылған ағаш тамырына ауа бармай нашар өседі, ал тайыз отырғызса тамыр түбі ашылып, құрғап қалады. Желі күшті аудандарда ағаш қисайып, тамыры бүлінбес үшін, ағашты қазыққа байлап отырғызады. Отырғызғаннан кейін суарады. Суармалы жерлерде су топырақ толық қанғанша жіберіледі, ал суармайтын жерге отырғызған әр ағаштың түбіне 3-4 шелек су құяды. Суарғаннан кейін 1-2 күн өткен соң көшеттер түзетіліп, топырағы қопсытылады. Жидек бұталарын күзде шұңқырға отырғызған жөн. Отырғызар алдында жер бетіндегі бөлігін 3-4 бүршік қалдырып кесіп, тамырын сұйық малшыққа малады. Қарақат пен қарлығанды питомниктерден гөрі плантацияда терең отырғызады, бүлдіргеннің тамыр жүйесін топыраққа түгел батырады. Шиені питомниктегі тереңдікте отырғызады.
Жеміс өсіру - өсімдік шаруашылығының тағамдық жеміс және жидек өсіретін саласы. Жеміс-жидек дақылдарының көптеген сорттары топыраққа, ауа-райы, жер бедеріне түрліше көндігеді, сондықтан да олар әр түрлі мерзімде жеміс салады, түсімі де түрліше, оның өнімі де әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Кейбір жеміс түрінің көптеген мысалы, алманың 6 мың, алмұрттың 5 мың, алхорының 2 мың, шие мен шабдалының 1,5 мың, бүлдірген мен құлпынайдың 2 мың, таңқурай мен қара бүлдіргеннің 0,6 мың, қарақаттың 0,4 мың сорты бар. Жеміс-жидек өте құнды тағам, оның құрамында көмірсу, белок, май және фосфор, темір, кальций қосылыстары, органикалық қышқылдар мен витаминдер, әсіресе С витамині мол. Жеміс пен жидектің шипалық маңызы зор, олардың бактерицидтік қасиеті бар. Жеміс өнімдері бірнеше салаға – нағыз жеміс өсіру (шекілдеуікті, сүйекті, жаңғақты дақылдар), жидек өсіру, субтропиктік жеміс өсіру, цитрустық өсімдіктер өсіру, питомникте жеміс өсіру болып бөлінеді.
Жеміс-жидектен мол түсім жинау үшін жүргізілетін негізгі агротехникалық тәсілдер – отырғызылатын тұқым өсіру, оны белгіленген мерзімде отырғызу; жеміс ағашының, бұталы өсімдіктердің жеке бөліктерінің өсіп-жетілуін шырпу және қалыптастыру арқылы реттеу; жеміс-жидек дақылдарының жүзімдіктері белгіленген агротехникаға сай күту; олардың кеселдері мен зиянкестеріне қарсы биологиялық, механикалық, химиялық күрес шараларын қолдану.
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Жеміс –жидек дақылдарының морфологиясы
Мақсаты: Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық-морфологиялық
сипаттамаларымен танысу
Жоспар:.
1 Жеміс-жидек дақылдарының биологиялық және өндірістік сипаттамалары.
2 Жеміс-жидек дақылдарының морфологиялық сипаттамалары.
3 Жеміс-жидек дақылдарының даму, өсу және жеміс салу заңдылықтары.
Жалпы түсінік
Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Ағаштар тобы. Бұл топқа биіктігі үлкен, әрі діңі айрықша дамыған ағаштар (грек жаңғағы, пекан, талшын, қызыл шие) мен көлемі кішірек, діңі бәсең байқалатын ағаштар (алма, алмұрт, өрік, шетен, құрма) кіреді. Ең ұзақ өмір сүретін, бірақ жемісін кеш беретін өсімдіктер.
2. Бұталар тобы. әдетте бірнеше діңгекті болады, кейде біреу, бірақ нашар білімделген (ағаш тәрізді шие, анар, орман жаңғағы, пісте). Жеміс салу кезеңі ертерек басталады.
3. Бұта тектестер тобы. Жер беті мүшелері аласа, бұта түрінде қалыптасып, бірнеше теңдес бастама (нөлінші қатарындағы) бұтақтардан тұрады. Негізгі білектік сабақтарын жер асты атпа бұтақтары арқылы жаңарып отыруға бейімделген.
4. Шырмауық тектестер тобы. Бұл топтағы жеміс өсімдіктері көпжылдық, шырмалатын ағаш сабақтары (лимонник, актинидия) немесе өрмелейтін (жүзім) бұта түрінде кездеседі.
5. Көпжылдық тектестер тобы. Бұл топтағы өсімдіктердің көпжылдық тамыр жүйесі мен жер бетіне жайыла өсетін, ықшамдалған сабағы болады. Жеміс салу мерзімі мәдени түрлерінде ертерек және өмір сүру ұзақтығы қысқа (бүлдірген, құлпынай, мүкжидек т.б.).
Гүл бүршіктерінен бірнеше гүлдері (гүлшоғыры) бар түрі өзгерген өркендер қалыптасады. Мұндай өркендерді – генеративті (жеміс) өркендер деп атайды.
Гүл- өсуі шектелген, жынысты көбеюге бейімделген, қысқаша өркен. Ол гүлсерігінен, андроцей (аталық) және гиноцейден (аналық), гүл кіндігі мен гүл сағағынан тұрады. Гүлді өскінмен байланыстырып тұрған сабақ бөлігін- гүл сағағы деп атайды. Гүлсағағының үш жағындағы гүл бөлімдері орналасқан кеңейген бөлігі – гүл кіндігі деп аталады. Кейбір гүлдерде гүл кіндігі қуыс болып өсіп кетеді, оларды – гипантий деп атайды. (мысалы шырғанақта).
Гүлсерігі тостағанша және күлте жапырақшалардан тұрады (мұндай жағдайда ол-қосқабатты деп аталады). Жеміс-жидек өсімдіктерінде келесідей гүлшоғырларының түрлері кездеседі: шашақгүл, сырға, собық, масақ, қарапайым қалқанша, қарапайым шатырша, шоқпаргүл, дихазий.
Жеміс өсімдіктері жемісінің құрылысы бойынша жабықтұқымдастарға жатады.
Алма тәріздестер негізінен – шекілдеуікті дақылдарда (алма, алмұрт, беке) кездеседі. Мұндай жемістердің жемісқабы жақсы дамыған, жұқа, тығыз экзокарпты және етті, екі қабатты мезокарпты (өте пісіп кеткенде ұнтақты болып кетеді) болады.
Сүйекті жеміс – жұмсағы (мезокарпты) шырынды жемісқабының ішкі қабаты (эндокарпты) қатты сүйекшелі, қабығы жұқа шырынды жеміс, сүйекшенің ішінде бір тұқымы болады. Мұндай жемістер сүйекті жемістілерде унаби, зәйтүн өсімдіктерінде болады.
Жидек – жұмсағы (мезокарпты) шырынды болып келетін жеміс, оның сыртын жұқа өң, (экзокарпты) қаптап жатады. Жемістің ішінде ұсақ тұқымдары көп болады. Мұндай жемістердің эндокарпы болмайды (жүзім, тошала).
Жаңғақ - жемісқабы жеуге жарамайтын, сыртқы қабаты (экзокарпты) – қатты, сүйектес, мезокарпты – құрғақ, ал эндокарпы болмайтын жеміс (орман жаңғағы, талшын).
Померанец (гесперидум) – мәңгі жасыл өсімдіктердің ащы жемісі. Оның жеміс қабының сыртқы қабаты (экзокарпты) – қалың, жеуге жарамайтын, ерекше хош иісті болады. Мезокарпы – кеуекті жұқа пленка тәріздес, ол жемісті жеке бөліктерге бөледі, оның ішінде жеуге жарамды дәнімен және дәнсіз шырынды -экзокарпы болады.
Шырынды құрма сүйекжеміс – жемісқабының сыртқы қабаты бір-бірімен жалғасқан жеке жемісшелерден – сүйекшелерден тұрады.
Күрделі дәнекті жемістер – гүл түйінінің гүлтабанымен тұтаса өсуінен пайда болатын, жеуге жарамды жалған жеміс. Оның бетінде көптеген ұсақ дәндері орналасады. Бүлдірген мен құлпынай жемістері осындай.
Өсімдіктің дербес дамуы. Онтогенез дегеніміз - өсімдік организіміндегі, оның пайда болғаннан табиғи қурап өлгенге дейінгі аралықта генетикаға (тұқымқуалаушыққа) байланысты жүретін өзгерістер жиынтығы.
И.В.Мичурин жаңа сорттар шығару үстінде себінділердің жасына қарай болатын өзгерістеріне көбірек көңіл аударып, олардың өмірінде келесідей кезеңдерді көрсетті:
I – эмбриональді кезең – аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып, ұрық пайда болғаннан, тұқым пісіп, одан тұқым жарнақтары және бір нағыз жапырақ пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде тұқымқуалаушылық факторлар өте активті және де осыған байланысты организм иілімді, яғни сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне төзімді болып келеді.
II – жастық кезең – алғашқы нағыз жапырақшалар пайда болғаннан тұрақты жеміс сала бастағанға дейінгі кезең. Оның ұзақтығы тұқымға, сортқа, агротехникаға байланысты – 1-жылдан (бүлдіргенде) 8-16 жылға (алма, алмұрт) дейін. Жас өсімдіктер иімділігімен және де сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделгіштігімен сипатталады.
Бұл кезеңдегі себінділердің тікенектілігі, аздап түктілігі, жапырақ жиектерінің майда тістілігі, олардың жабайы ата-тектерімен ұқсастығын білдіреді. Себіндінің ары қарай өсіп-дамуы процестерінде бұл белгілер көбіне жойылып кетеді және де олардың орнына мәдени, ірі, қалың, доғалдау тістері бар жапырақтар пайда болады. Өсімдік қасиеттері мен белгілері жайлап пайда бола бастайды.
Алғашқы жылдары жемістің түсі, дәмі және де басқа белгілері құбылып тұрады, олар жеміс сала бастағаннан кейін 3-5 жылда ғана тұрақтанады.
III - өнімді кезең – мол жеміс салумен ағашбөркінің және тамыр жүйесі көлемінің барынша ұлғаюымен, организм иімділігінің төмендеуімен, қасиеттері мен белгілерінің салыстырмалы түрде тұрақталуымен сипатталады.
IV – қартаю және қурау кезеңі. Өсімдік белгілері мен қасиеттерінің тұрақталумен сипатталады. Өнімі азаяды, өсімдіктің барлық мүшелері қартаяды, содан кейін жартылай қаңқалық және қаңқалық бұтақтар қурайды. Бұл кезең өсімдіктің барлық бөліктерінің қурап бітумен аяқталады.
Жұмыстың барысы:
Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді.
Ағаштар тобы.
Бұталар тобы.
Бұта тектестер тобы.
Шырмауық тектестер тобы.
Көпжылдық шөптектестер тобы.
Өсу және жеміс салу – ағаштың алғашқы тұрақсыз өнім салғаннан,
тұрақты түрде өнім салғанға дейінгі, өсіп жетілу уақытын қамтиды. Бұл кезеңде жуан бұтақтар мен негізгі қаңқа бұтақтардың өсуі баяулап, негізгі бөліктегі ұсақ бұтақтардың есебінен вегетативтік, өскіндер саны көбейеді. Жеміс – жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, субтропикалық және тропикалық.
Қажетті материалдар:
- жеміс-жидектердің колдекциясы
- техникалық өлшегіштер
- шырынды және құрғақ жемістердің тұқымы
Әдебиет: 1, 6-68, 289-317бет.
Бақылау сұрақтары:
1 Жеміс – жидек өсімдіктерінің жіктелуі?
2 Шекілдеуікті, сүйекті және жидектілер тобына жататын дақылдарды атаңыз?
3 Негізгі жеміс – жидек және жаңғақты дақылдарға сипаттама?
4 Морфологиялық құрылымы жағынан жеміс өсімдіктерінің топтарға бөлінуі?
5 Жеміс ағашының құрылымы?
Тесттер
1.Жеміс – жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылымына биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай неше топқа бөлінеді:
А) 4
В) 6
С) 8
D) 10
Е) 12
2.Шекілдеуіктілер тобына қандай дақылдар жатады?
А) інжір, құрма, шилен
В) бадам, атбас, талшын, пісте
С) алма, алмұрт, беке
D)шие, алхоры, шомырт
Е) қарақат, бүлдірген, таңқурай
3.Субтропикалық дақылдар тобын көрсетіңдер:
А) інжір, құрма, шилен
В) бидам, атбас, талшын, пісте
С) алма, алмұрт, беке
D)шие, алхоры, шомырт
Е) қарақат, бүлдірген, таңқурай
4.Жаңақ жемістілер тобына қайсысын жатқызуға болады?
А) інжір, құрма, шилен
В) бадам, атбас талшын, пісте
С) алма, алмұрт, беке
D) шие, алхоры, шомырт
Е) қарақат, бүлдірген, таңқурай
5. Төмендегілердің қайсысы жидекті дақылдар тобына жатады?
А) інжір, құрма, шилен
В) бадам, атбас талшын, пісте
С) алма, алмұрт, беке
D) шие, алхоры, шомырт
Е) қарақат, бүлдірген, таңқурай
Үдеткіш және есірткі дақылдар
Жалпы түсінік. Шай (Thea) - өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Оның біреуінің қытай және жапон шайы деген екі түр тармағы бар; қытай шайы (T.sinesis) – Оңтүстік Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3 м мәңгі жасыл бұта. Ассам шайы (T.assamia) бірнеше түр тармағына (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б) бөлінеді. Шайдың бұл түріне цейлон шайы да (қытай шайы мен ассам шайының табиғи гибриді) жатады. Ассам шайы – биіктігі 10-15 м, мәңгі жасыл ағаш, жабайы түрі Үндістанда Ассам ормандарында өседі. Шайдың екі түрі де Жер шарының тропик аймақтарында (33 0 Оңтүстік ендік пен 47 0 Солтүстік ендік аралығында) өсіріледі. Ассам шайы (манипурий түр тармағы) – онша биік емес ағаш. Шайдың негізгі тамыры 2-3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ не қызғылт, 5-7 (кейде 5-9) желекті, аталығы 200 астам, жемісі – қорапша, 1-5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады, 1000 дәнінің салмағы 1 кг-дай. Шай алғаш 4-5 жылы, содан кейін жыл сайын гүлдеп, жеміс береді, насекомдар арқылы айқас тозаңданады. Шай 100 жылға дейін не бұдан да артық тіршілік етеді, 10 жылдан 70 жылға дейін жақсы өнім береді. Шайдың құрамында танин, кофеин, теобролин, эфир майы, витаминдер (Р, С, В, В 2, РР), пигмент т.б. заттар болады. Шай шөл басады, көздің көруін жақсартады, нерв жүйесіне жақсы әсер етеді, қан тамырларын кеңейтеді, бүйрек қызметін үдетеді, адамның еңбек қабілеттігін, ой қызметін арттырады.
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Оның 60-тан астам жабайы түрлері көбіне Америка мен Австралияда таралған. Темекінің 2 түрі – мәдени (N. tabacum) және махорка (N.rustica) өсіріледі. Бұл екі түрі бір жылдық, ал жабайы түрлері көп жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, білеу тамыры 1,5-2 м тереңдікке қалған тамырлары топырақтың жоғарғы қабатына жайылып таралған. Сабағы тік, бас жағы аздап бұтақталған, биіктігі 2,5 м. Жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасқан, сопақша дөңгелек пішінді. Гүлдері қос жынысты, көбіне қызыл, қызғылт, ақ түсті, гүл шоғына топтасқан. Тұқымы қоңыр, дөңгелектеу. Темекінің тамыр сабағында, әсіресе жапырағында никотин, анабазин, никотимин т.б. алколоидтар болады. Кептірілген және ферменттациядан өткен кәдімгі темекі жапырағында (% есебімен) 1-4 никотин, 2-20 көмірсулар, 1-13 белок, 5-17 органикалық қышқылдар, оның ішінде 1-5 лимон қышқылы, 4-12 шайыр, 0,1 -1,7 эфир майлары болады. Темекі жапырағынан ұсақталған, мүштікке салатын, шайнайтын және папирос, сигарет, сигаралар жасайтын темекі жасалады. Темекі тұқымында түрлі техникалық мақсаттар үшін қолданылатын 30-35% май қышқылдары бар. Темекінің гүлдері хош иісті, декоративтік түрлері де бар. Бұлар бір жылдық, биіктігі 70-80 см, гүлдері ақ сары, қызыл, көк, қоңыр келеді. Ірі гүлді алатау, сандера түр тармақтары және орманда өсетін түрлері кең таралған. Темекінің вегетациялық дәуірі – оның сортына және өсірілетін жерінің ауа райы жағдайына байланысты 135-170 күн. Тұқымы ауаның температурасы 27-280 С және ауаның ылғалдығы 70-80% болғанда өнеді, ал сабақтарымен жапырақтары өсімдікті тұрақты жерге отырғызғаннан кейін 24-280С жылылықта өседі. Темекі топырағының орташа ылғалдығы 60-80%, құнарлы және жылы аймақта жақсы өсетіндіктен Кавказ, Қырым, Орта Азия және Қазақстан таулы аудандарының қара, қоңыр және сары топырақты тегіс жерлерінде егіледі. Қазақстанда темекі Оңтүстік, әсіресе Алматы облысының Шелек, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында егіледі.
Темекі өсіру – тех. өсімдіктер өсіру шаруашылығының бір саласы. Темекі Европада 16-ғ-да алғаш гүл және дәрілік өсімдік ретінде өсірілген. Темекіге ең жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақ және аралас егілген бір жылдық бұршақ пен астық дақылдары болып саналады. Күзде тыңайтқыш шашқаннан кейін топырақты 27-30 см не 18-20 см тереңдікте жыртып, көктемде оны 10-12 см етіп тырмалайды. Арам шөптер шығуына қарай және топырақ бетінде қабық пайда болғанда егісті 8-10 см тереңдікте культиваторлаумен қатар, тырмалайды. Көшеттерді отырғызудан 1-2 күн бұрын учаскелерді 6-7 см тереңдікте культиваторлайды, тырмалайды. Темекі егісінің 1 гектарына 30-60 кг азот, 60-100 кг Р2О5 және 50-100 кг К2О шашылады. Бұл тыңайтқыштардың 70-80%-ін күзде, қалғанын көшет отырғызу алдында және үстеме қорек ретінде береді. Темекі көшетін парникте өсіреді. Тұқым себу мөлшері 0,4-0,7 г/м2. Парниктің 1 м2 алаңына 3-4 мың темекі көгі өсіріледі. Жас өсімдіктердің өсуін тездету үшін 3-4 рет минералды тыңайтқыш беріледі, не құс саңғырығының ерітіндісі шашылады. Көшетін сәуір-мамырда отырғызады. Отырғызылатын көшеттердің жиілігі сортына қарай әр түрлі болады, ірі жапырақты сорттар 1 гектарына 45-50 мың көшет, орташа жапырақтылар 85-115 мың, ұсақ жапырақтылар 200 мыңға жуық отырғызылады. Сонда қатардағы көшет арасы 15-40 см-ден келеді.
Көшет отырғызылғаннан 50-55 күннен кейін темекінің төменгі жапырақтары сарғая бастайды. Піскен жапырақтар 5-6 рет, сапалы сорттарының жапырақтары 7-8 рет жиналады. Жиналған жапырақтарды кептіреді және оларды ферменттациядан өткізеді. Темекі өндірісінде тұқым жинау мәселесіне зор мән береді. Тұқым учаскелеріндегі өсімдіктерді айрықша күтеді және олардан екі рет қана жапырақ жинайды.
Кофе ағашы (coffea,араб. кахва) – ойран шөп тұқымдасының бір туысы. Аласа мәңгі жасыл ағаш не биік ірі бұта. Қолдан өсірілетін түрлерінің биіктігі 3-6 м. Жапырағының түсі қою жасыл, гүлі ақ, хош иісті. Жемісі қызыл немесе қара көк, үлкендігі шиедей, 2 дәнді. Осы дәндері не оның ұнтағы кофе деп аталады. Кофе ағашының Африканың тропик аймағында, Мадагаскар мен Маскарен аралдарында өсетін 50-ге жуық түрі бар. Африка және Азияда көбіне араб кофе ағашы деген түрі өсіріледі. Кофе ағашы топырағы борпылдақ, жылына 2200-3300 мм жауын-шашынды жерлерде жақсы өседі. Кофе ағашы көбінесе кокос, май алынатын пальма, банан, цитрус ағаштарымен аралас өсіріледі. Кофе ағашы төртінші жылы жеміс бере бастайды, жыл бойы гүлдейді және жеміс береді. Кофе ағашының дәні ішетін кофе және кофеин дәрісін алуға пайдаланылады.
Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары
1 тақырып Үдеткіш және есірткі өсімдіктер
Мақсаты: Үдеткіш және есірткі өсімдіктердің морфологиялық
ерекшеліктерімен танысу
Жоспар:
1 Шай бұта, көкнәр, кенепшөп.
2 Темекі өсіру
3 Кофе ағашы
Жалпы түсінік
Шай (Thea) - өзі аттас тұқымдасқа жататын өсімдік туысы. Осы өсімдік жапырағынан дайындалатын өнім де шай деп аталады. Шайдың жабайы өсетін екі түрі бар. Оның біреуінің қытай және жапон шайы деген екі түр тармағы бар; қытай шайы (T.sinesis) – Оңтүстік Шығыс Азияның таулы аймақтарында өсетін, биіктігі 3 м мәңгі жасыл бұта. Ассам шайы (T.assamia) бірнеше түр тармағына (ассам, лушан, нага, хилл, манипурий, бирма, шан, юань т.б) бөлінеді. Шайдың бұл түріне цейлон шайы да (қытай шайы мен ассам шайының табиғи гибриді) жатады. Ассам шайы – биіктігі 10-15 м, мәңгі жасыл ағаш, жабайы түрі Үндістанда Ассам ормандарында өседі. Шайдың екі түрі де Жер шарының тропик аймақтарында (330 Оңтүстік ендік пен 470 Солтүстік ендік аралығында) өсіріледі. Ассам шайы (манипурий түр тармағы) – онша биік емес ағаш. Шайдың негізгі тамыры 2-3 м тереңдікке кетеді, гүлі хош иісті, ақ не қызғылт, 5-7 (кейде 5-9) желекті, аталығы 200 астам, жемісі – қорапша, 1-5 тұқымды, майлы, піскенде қақырап ашылады, 1000 дәнінің салмағы 1 кг-дай.
Темекі (Nicotiana) – алқа тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік (27-сурет).
27-сурет. Табак (сол жақта) және махорка.
Оның 60-тан астам жабайы түрлері көбіне Америка мен Австралияда таралған. Темекінің 2 түрі – мәдени (N. tabacum) және махорка (N.rustica) өсіріледі. Бұл екі түрі бір жылдық, ал жабайы түрлері көп жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі өте жақсы жетілген, білеу тамыры 1,5-2 м тереңдікке қалған тамырлары топырақтың жоғарғы қабатына жайылып таралған. Сабағы тік, бас жағы аздап бұтақталған, биіктігі 2,5 м. Жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасқан, сопақша дөңгелек пішінді. Гүлдері қос жынысты, көбіне қызыл, қызғылт, ақ түсті, гүл шоғына топтасқан. Тұқымы қоңыр, дөңгелектеу. Темекінің тамыр сабағында, әсіресе жапырағында никотин, анабазин, никотимин т.б. алколоидтар болады. Кептірілген және ферменттациядан өткен кәдімгі темекі жапырағында (% есебімен) 1-4 никотин, 2-20 көмірсулар, 1-13 белок, 5-17 органикалық қышқылдар, оның ішінде 1-5 лимон қышқылы, 4-12 шайыр, 0,1 -1,7 эфир майлары болады. Темекі жапырағынан ұсақталған, мүштікке салатын, шайнайтын және папирос, сигарет, сигаралар жасайтын темекі жасалады. Темекі тұқымында түрлі техникалық мақсаттар үшін қолданылатын 30-35% май қышқылдары бар. Темекінің гүлдері хош иісті, декоративтік түрлері де бар. Бұлар бір жылдық, биіктігі 70-80 см, гүлдері ақ сары, қызыл, көк, қоңыр келеді. Ірі гүлді алатау, сандера түр тармақтары және орманда өсетін түрлері кең таралған. Темекінің вегетациялық дәуірі – оның сортына және өсірілетін жерінің ауа райы жағдайына байланысты 135-170 күн. Тұқымы ауаның температурасы 27-28 0 С және ауаның ылғалдығы 70-80% болғанда өнеді, ал сабақтарымен жапырақтары өсімдікті тұрақты жерге отырғызғаннан кейін 24-28 0С жылылықта өседі.
Кофе ағашы (coffea,араб. кахва) – ойран шөп тұқымдасының бір туысы. Аласа мәңгі жасыл ағаш не биік ірі бұта. Қолдан өсірілетін түрлерінің биіктігі 3-6 м. Жапырағының түсі қою жасыл, гүлі ақ, хош иісті. Жемісі қызыл немесе қара көк, үлкендігі шиедей, 2 дәнді. Осы дәндері не оның ұнтағы кофе деп аталады. Кофе ағашының Африканың тропик аймағында, Мадагаскар мен Маскарен аралдарында өсетін 50-ге жуық түрі бар. Африка және Азияда көбіне араб кофе ағашы деген түрі өсіріледі. Кофе ағашы топырағы борпылдақ, жылына 2200-3300 мм жауын-шашынды жерлерде жақсы өседі. Кофе ағашы көбінесе кокос, май алынатын пальма, банан, цитрус ағаштарымен аралас өсіріледі. Кофе ағашы төртінші жылы жеміс бере бастайды, жыл бойы гүлдейді және жеміс береді. Кофе ағашының дәні ішетін кофе және кофеин дәрісін алуға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |