Жаңадан кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы анықталады, құру құжаттары жасақталады: кәсіпорынның жарғысы; кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру құқық формалары көрсетілуі тиіс; директор мен тексеру комиссиясының төрағасын сайлаған қоғам мүшелерінің жиналысының хаттамасы. Банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылуы керек, оған уставтық ( жарғылық) капиталдық 50 пайызды кем емес қаржысы түсуі керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік органдарда тіркелуі міндетті.
Дәріс№12
Тақырыбы: Кәсіпорынның техника-экономикалық дәлелділігін айқындау.
Дәрістің мазмұны:
1. Өндіріске жоспарланған тауар.
2. Өндірістік көрсеткіштер.
Мақсаты: Кәсіпорындағы жеке өнімдер мен қызметтердің рентабельділігі туралы түсіндіру.
Техника-экономикалық дәлелділігін айқындау өндірістік қызметпен байланысты кәсіпорын құралғанда мына жұмыстар кіреді.
Өндіріске жоспарланған тауар, өнім, қызметтерге сұранысты талдау.
Өндірістік көрсеткіштер.
Конструкциялық, технологиялық және басқа да керекті құжаттардың болуын тексеру.
Өндірістік бағдарлама.
Бағдарламаны іске асыруға қажет машиналар, жабдықтар, аспаптар және басқа негізгі өндірістік қорлар, сонымен бірге шикі зат, материалдың барын анықтау.
Өндірістік куаттың барын тексеру немесе оны жасақтау жобасы.
Қолда бар жабдықтар және негізгі өндірістік қорларды басқа да элменттері.
Дәріс №13
Тақырыбы:
Дәрістің мазмұны: Франчайзинг, оның мәні, ерекшелігі.
1. Франчайзинг туралы ұғым.
2. Кәсіпкерлік форманың ерекшелігі.
Мақсаты: Кәсіпкерлікке жеңілдік жүйесі бар іс туралы толық мағлұмат беру.
Соңғы уақытта кәсіпкерлікке жеңілдік жүйесі бар түрдің бірі- франчпйзинг кең өріс алуда. Бұл кәсіпкерлік формада келісімге байланысты, әдетте ірі фирма ұсақ фирмаларды немесе бизнесмендерді қамтиды, алдын ала келісілген территорияларда іс жүргізеді. Бұл көрсеткен қызметі үшін шағын, ұсақ фирмалар, бизнесмендер ірі фирмаларға маркетинг және менеджмент жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ірі фирмаларда қаржы бөлуі мүмкін , икемді процент ставкасымен. Ұсақ, шағын фирмалар ірі фирмалармен жылдық келісім шартқа отыруға ынталы болады, және бизнесті ірі фирманың тапсырмасы бойынша жүргізуге міндеттенеді. Бұл оған пайдалы. Мұндай кәсіпорындар тұтас бір жүйенің бөлшегі сияқты жұмыс істейді. АҚШ та 500 мыңға жуық осындай уақ, шағын кәсіпорындар жеңілдік берілетін кәсіпкерлік қатарында жұмыс істейді.
Дәріс№14
Тақырыбы: Жеке, ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмі.
Дәрістің мазмұны:
1. Заңды тұлғалар түрлері.
2. Классификациясы.
Мақсаты: Кәсіпорындардың жұмыс жасау механизмін анықтау.
Экономикада әртүрлі заңды тұлғалар қызмет істейді, олар ерекшеліктерімен салалық құрамда болушылығымен, мамандану дәрежесімен, ұйымдастыру тәсілімен, механизация және автоматизация ерекшеліктерімен, ұйымдастыру-құқықтық формаларымен т.б. бөлінеді. Заңды тұлғалар мекемелердің көптүрлі болуы кез келген мемлекеттің экономикасының тиімді қызмет істеу негізін құрайды. Заңды мекеме, кәсіпорын деп саналады, егер: 1) ерекше мүліктер болса; 2) өзінің мүлкімен алған міндеттемеге жауап бере алатын болса; 3) өзінің меншікті ресурсымен айналымға шыға алатын болса; 4) өз атынан талап қоя алатын және сотта жауапкершілікті өзіне ала алатын болса. Азаматтық Кодекс бойынша заңды тұлғалар үш негізгі құқықтық формаға бөлінеді: -заңды тұлғалар немесе оның мүліктеріне құрылтайшылардың құқығы негізінде; - заңды тұлғалардың экономикалық қызметке құқығы; -ұйымдастыру құқық негізінде; Заңды тұлғалар мақсаттарына байланысты мына екі категориялық ұйымдардың біріне кіреді: -коммерциялық; -коммерциялық емес;
Дәріс №15
Тақырыбы: Серіктестіктердің түрлері.
Дәрістің мазмұны:
1. Толық серіктестіктің түрі.
2. Шаным негізіндегі серіктестік.
Мақсаты: Кәсіпкерлік ісіндегі түрлі серіктестіктермен таныстыру.
Толық серіктестік - өзара жасақталған шарт бойынша кәсіпкерлік іс жүргізетін қатынасушы адамдар және өздерінің мүліктерімен міндеттемелерге жауап беретін серіктестіктер. Толық серіктестік мекеме, кәсіпорын, қатынасушылардың өзара жасаған, қол қойған құрылтай шарттары бойынша құрылады және жұмыс істейді. Басқару жұмысы өзара келісілген келісім бойынша жүргізіледі және әрбір құрылтайшы бір дауысқа ие болады.
Дәріс №16
Тақырыбы: Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Дәрістің мазмұны:
1. Кәсіпорындардың унитарлық принципі.
2. Шаруашылықты жүргізу принципі.
Мақсаты: Меншік иелерінің құқықтары туралы мағлұмат беру.
Кәсіпорынның унитарлық принципі дегеніміз-беркілген мүлікке меншіктік право берілмейді. Меншік иесі, яғни құрылтайшы мемлекет немесе муниципалитет. Унитарлық кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді, қандай жағдайда да салынған салымға, пайға, үлеске сәйкес, соның ішінде унитарлы кәсіпорын мүшелеріне де бөлінбейді.
Меншік иесінің міндеттемесіне жауап бермейді. Унитарлық кәсіпорынның ерекше мүліктік статусы: мүлікке иелікті тек шектелген деңгей жағдайында мүмкін. Унитарлық кәсіпорынды басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кәсіпорынды басқару органы тек бір кісіге, оның бастығына беріледі, ол меншік иесінің немесе оның өкілінің бұйрығымен тағайындалды және оған есеп беруге міндетті.
Унитарлы кәсіпорын екі категорияға бөлінеді, оларға меншік иесінің берген құқығына байланысты : 1) шаруашылықты жүргізу құқығымен; 2) оперативті басқару құқығымен.
Шаруашылықты жүргізу құқығы- бұл мемлекеттік немесе муниципалдық унитарлық кәсіпорынның меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, пайдалануға және билік етуіне заңмен басқа праволық актілер шеңберінде жүргізу болып табылады.
Оперативті басқару правосы- бұл мекеме немесе қазыналық кәсіпорынның бекітілген меншік иесінің мүлкіне иелік етуге, қолдануға, билік етуге, бекітілген заң бойынша кәсіпорынның мақсатына сәйкес іс жүргізуіне құқылы. Шаруашылықты жүргізу құқығы бар книтарлы кәсіпорынның оперативті басқару құқығына кең тәуелсіздігі бар. / 59 бет/
Дәріс №17
Тақырыбы: Заңды тұлғалар, кәсіпорындар бірлестігі. / 60 бет/
Дәрістің мазмұны:
1. Заңды тұлғалар туралы тусінік.
2. Кәсіпорындар бірлестігі туралы түсінік.
Мақсаты: Ассоциация, бірлестік, концерн туралы түсінік.
Заңды мекемелер, кәсіпорындар бірлестігіне кәсіпорындар бірлестігі- ассоциациялар, концерндер, консорциумдар, қаржы- өнеркәсіп топтары, холдингалық компаниялар жатады.
Бірлестіктерге кірген кәсіпорындар өздерінің тәуелсіздігін және заңды мекеме құқығын сақтайды. Бірлестіктің басшы органдары кәсіпорындарға әміршілдік билік алмайды және өз функцияларын тек қана жасалған келісім- шарт бойынша жүргізеді.
Олардың міндеттері:
мемлекеттік кәсіпорындардың ісін бақылау
технологиялық және кщщперативтік байланысты қадағалау
елдегі инвестициялық белсенділікті жандандыру.
Ассоцияциялар – жалпы шаруашылық мақсатқа жету үшін жасақталған кәсіпорын, мекемелер одағы.
Концерн - монополияның бір түрі, формальді түрде тәуелсіздігі сақталатын көптеген өнеркәсіп, қаржы, сауда кәсіпорындарының бірлестігі, шын мәнінде қаржылық бақылауда болады және бірлестікке кірген ірі топтарға бағынышты.
Консорциум - монополияның бір түрі, өзара уақытша келісім жасау негізінде біріккен бірнеше банкілер, немесе өнеркәсіп кәсіпорындарының бірігіп несиелерді орналастыруы, қаржылық немесе коммерциялық операцияларды ірі мөлшерде жүргізу үшін, ең ірі өнеркәсіптік құрылысты іске асыру үшін құрылады.
Холдингтер- бұл АҚ, өз капиталын басқа компаниялардың акцияларын сатып алуға пайдаланады. Холдингтің активі көпшілігінде басқа АҚ акциялары. Холдинг – жүйесі бас фирма және бағынышты туыстық кәсіпорындар. Бұл капиталды шоғырландыруға әкеледі, көпшілік қаржы, шаруашылық мәселелерін шешуге көмектеседі және өзара байланысты компаниялардың дағдылы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Ходингтер кәсіпорындар құрамынан оның бөлімдерінің дербес бағынышты туыстас заңды кәсіпорнына ауысуы, тәуелсіз кәсіпорындардың акция пакеттерін біріктіріп, дербес АҚ құру мүмкіндігі бар.
Қаржы-өнеркәсіп топтары- инвестицияны тарту үшін, кәсіпорындар арасындағы кооперативтік, технологиялық байланыстарды қалпына келтіруг, өндірістің тиімділігін арттыру үшін құрылады. Бірінші кезеңде ( этапта) қаржы-кәсіпкерлік топтары мемлекет деңгейінде құрылады, ал екінші кезеңде ( этапта) оның шеңберінің басқа елдердің кәсіпорындарының және қаржы- өнеркәсіп топтары есебінен өсуі мүмкін.
Дәріс №18
Тақырыбы: Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік ісі./64 бет/.
Дәрістің мазмұны:
1. Шағын кәсіпорынның маңызы және міндеттері.
2. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес.
Мақсаты: Ассоциация, бірлестік, концерн туралы түсінік
Достарыңызбен бөлісу: |