Г. И. Нестеренко 2010ж



жүктеу 1,35 Mb.
бет4/8
Дата18.12.2017
өлшемі1,35 Mb.
#4576
1   2   3   4   5   6   7   8

Енді жоғарда көрсетілген жабдықтардың маңыздыларына қысқаша сипаттама берейік.

Туристерге қажетті ең бірінші және маңызды құрал бұл рюкзак. «Рюкзак» сөзі неміс тілінен аударғанда арқа сөмкесі немесе аспалы сөмке деген мағына береді. Қазіргі кезде рюкзактардың сапа көрсеткіші бұл рюкзактартың адам денесіне сәйкес келіп, ауырлық күшін дұрыс бөлуі. Шетелдік модельдердің ішінен «Як- пек» рюкзагы жақсы құрастырылған. Оның формасы анатомиялық үлгіде, яғни жүк рюкзак арқылы арқаға толықтай жабысып тұрады және салмақ иыққа ғана емес белге де түсіп, тепе- теңдік сақтауға арнайы ременьдер арқылы көмектеседі.

Туристердің жеке жарағының екінші маңызды элементі бұл- ұйықтайтын қап. Ұйықтайтын қапты таңдап алғанда материалының тығыз және төзімді болуына, вентиляцияның жақсы болуына және жылытқыштың құс жүнінен болуына назар аудару керек. Қаптың төменгі бөлігі су өткіздейтін матадан тігілуі тиіс. Ұйықтайтын қап адамның бойынан немесе дене көлемінен 25 см артық болуы тиіс.

Туристердің толықтай демалуына, әсіресе таулы рельефте пенополиэтиленнен, пенопласттан немесе поролоннан жасалған жылуизоляциялық төсеніш көмегін тигізеді. Осы аталған төсеніштердің ішіндегі тиімдісі пенополиэтилен, ол иілгіш және ылғалды сормайды, жылуизоляциясының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Туристік жабдықтардың маңызды бөлігі сақтандырғыш құралдары. Бұл құралдардың ішінен бірінші сақтандыру белдігін атап өткеніміз жөн. Сонымен қатар карабиндер сақтандыру жүйесінде маңызды орын алады. Карабин негізінен арқанды туристік жабдықтардың элементтерімен байланыстырушы құрал ретінде пайдаланылады. Қолданғанда ыңғайлы және сенімді болат карабиндерге Абалаковтың винттік муфтасы бар «Ирбис» атты титанды карабинін және чехтың «Вольтер» дюралюминді карабинін, Австрияның «Штубай» карабинін жатқызуға болады.

Тау маршрутында қажетті жабдықтардың бірі- мұз шапқыш. 1- ші категориялық қиындықтағы тау маршрутында барлық туристік топқа 2 мұз шапқыш жарайды (колоннаның бастапқы және соңғы қатысушыларына).1б- 2а категориясындағы қиындықта асудан өткен кезде мұз шапқыш барлық қатысушыларға қажет болады.

Тау жорықтарында жеке сақтандыру жабдықтарының ішіндегі маңызды құралға шаңғы таяқтары жатады. Таяқтар қиын рельефтермен жылжығанда туристерге тұрақтылығын, тепе- теңдігін сақтауға көмектеседі.

Белсенді туристік саяхатта жайлы саяхаттау үшін киім мен аяқ киімді дұрыс таңдай білу қажет. Киімнің ауа өткізгіш, жылу сақтағыш қасиеттері болуы тиіс. Жүннен тоқылған және мақта– матадан дайындалған киімдер жақсы ауа өткізгіш қасиетке ие. Синтетикалық маталар ылғалды нашар сорып, тер бөліну жұмысын бәсеңдетеді. Турситердің сыртқы киімі ашық түсті, яғни қызыл, сарғыш, ашық көк түсті болуы қажет. Бұл маршруттағы туристерді бақылауға, іздеуге көмегін тигізеді. Бұл көбінесе бақылау арнайы приборлар арқылы және самолеттен, вертолеттен жүргізілгенде ыңғайлылық танытады.

Туристердің киімі жеңіл, ыңғайлы және жыл мезгіліне, климаттық жағдайға сәйкес болуы шарт. Жаз кезінде жылы климаттық аймақта тікенек өсімдіктер, қансорғыш, улы жәндіктер жоқ болса, маршрутта жылжығанда спорттық шортымен, майкамен және жокейка кепкасымен жүруге болады.

1- ші категориялық қиындықтағы тау маршруттарындағы жорықта туристердің жеке жарағының 35 элементі көрсетілген және жалпы салмағы 19,5 кг болады. Егер де жүкті жеңілдету керек болса, жазғы уақытта, қалыпты ауа райында жаттықтыру костюмын, гольф матасынан тігілген шалбарды және қолғапты алып тастауға болады. Бұл жеке жарақтардың салмағын 1,5 кг- ға жеңілдетеді.

Жаяу туризмде кестедегі тізімнен мамық күртешені,қолғапты, мұз шапқыш пен шаңғы таяқтарын алып тастауға болады. Бірақта тізімге компас пен масадан қорғағышты қосу керек.

Су туризмінде негізгі аяқ киімнің орнына резиналы материалдан тігілген кроссовкалар, ботинкалар пайдаланылады. Сонымен қатар туристерге индивидуалды жеке жарақтар, яғни құтқару жилеті, құтқару гидрокостюмы міндетті түрде қажет болады. Соңғы жылдары су туризмінде құтқару костюмы және шлемі қолданылады. Бұл костюмның кеуде бөлігінде, женінде, иығында және жамбас бөлігінде пенопласт тігілген.


VII. Туризмдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету

Туризмдегі қауіпсіздікпен қамтамасыз ету түсінігіне жалпы жүйені ұйымдастыруда және өткізуде кең ауқымды кешенді жұмыстың атқарылуы жатады.

Бұған жорық жетекшісін, қатысушыларын арнайы және техникалық, тактикалық, физикалық дайындау, туристік маршруттарды, жаттығуды, өткізетін орынды жабдықтау, туристік топты материалды және медициналық қамсыздандыру, туристік кеңестерді ұйымдастыру, іздеу- құтқару жұмыстарын жүргізу жатады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс- шаралардың қажеттілігі туризм түрінің ерекшеліктеріне және туристердің қатерлі жағдайларға ұшырау статистикасына байланысты анықталады.

Белсенді туристік саяхаттағы қатерлі жағдайлардың анализі төмендегі топтар бойынша анықталады:

Бірінші топтағы себептерге туристік маршруттағы аймақтың табиғи ерекшелігі (теңіз деңгейінен биіктігі, жер бедерінің күрделілігі, ауарайының қолайсыздығы, қауіпті жануарлар мен жәндіктер және т. б.) жатады.

Екінші топтағы себептерге туристердің дұрыс материалдық- техникалық қамтамасызданбауы жатады.

Үшінші топтағы себептерге туристік саяхаттың дұрыс ұйымдастырылмауы жатады.

Төртінші топтағы себептерге туристердің тәртіпсіздігі, тәжірибесінің және техникалық- тактикалық дайындығының нашар болуы, медициналық сауатсыздығы жатады.

Қазақстандағы белсенді туризм үшін табиғи ресурстардың көп бөлігін тау массиві құрайды. Таудағы қауіп- қатерлерге қар көшкіні, сел және жер бедері формасына байланысты табиғи факторлар жатады. Туристер көбінесе Алатау жотасының орталығына, соның ішінде Талғар шыңына, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің жоғарғы жағына саяхаттайды.

Қар көшкінінің туындау себебі қардың, жаңбырдың жаууынан, боранның, жылынудың әсерінен болады. Соңғы он жылдықта ең қауіпті қар көшкіндері 1985, 1987 жылдары болды.

Сел ағындары да туристерге белгілі бір қауіп- қатер туғызады. Сел деп лай және тас араласқан тау ағынын айтамыз. Олардың биіктігі 10- 20 метрге (кейде 40- 50 метрге дейін), жылдамдығы 3- 5 м/с жетеді. Қазақстанның таулы аймағында селдер күннің жылынатын мезгілдерінде (мамыр- қыркүйек) болады.

Селдің туындау себептері:



  1. Сел қауіпі бар бассейнге жаңбырдың көп мөлшерде жаууы

  2. Сел қауіпі бар өзен бастауларында температураның тез өзгеруі

  3. Дамбалық құрылыстардың бұзылуына әкеліп соғатын жер сілкіністерінің туындауы

Сел ағынының жақындауын келесідей белгілер арқылы білуге болады:

  1. Сел қауіпі бар өзен арнасындағы судың тез азаюы

  2. Шудың пайда болуы

  3. Селмен бірге келе жатқан тастардың әсерінен топырақтың сілкінуі

  4. Шаң бұлттардың пайда болуы

  5. Судың лайлануы

Белсенді туристік саяхаттар көбінесе адам өміріне қауіпті улы өсімдіктер мен жануарлар кездесетін жерлерде өткізіледі. Улы өсімдіктер тізіміне аконит, белена, дурман, белладонна, болиголов және тағы басқалары жатады. Туристік топтың жануарлармен, жәндіктермен және өсімдіктер әлемімен қауіпті қатынасы кененің шағуынан қорғайтын яғни энцефалитке қарсы егілмегенде және жеуге болатын, бірақ дұрыс өңделмеген саңырауқұлақтарды пайдаланған кезде және т. б. жағдайларда туындайды.

Қауіпті жағдайға белсенді туристік маршрутты құрғанда және тәсілдік өңдегенде тактикалық және техникалық қателіктер жіберу жатады. Мамандар бұған саяхаттау аймағын дұрыс білмеуді, туристік топты және жорықтағы қызмет көрсетуші бригаданы қате орналастыруды немесе қате реттеуді, туристердің медициналық сауатсыздығын, сақтандыру шараларын ұйымдастыра білмеуін және топ жетекшісінің дұрыс шешім қабылдамауын жатқызады.

Белсенді туризм түрлерінің потенциалды қауіптілігі:

а) жаяу жүру туризмінде 1096 топқа бір төтенше жағдай;

б) шаңғы туризмінде 620 топқа бір төтенше жағдай;

в) су туризмінде 546 топқа бір төтенше жағдай;

г) спелеотуризмде 298 топқа бір төтенше жағдай;

д) тау туризмінде 167 топқа бір төтенше жағдай.

Бұл мәлметтен ең қауіпті туризм түріне тау туризмі мен су туризмі жататынын көреміз.

Топтың маршрутқа шығар алдында жеке және топтық жарағын, тамақтарын және дәрі- дәрмектерін (медикамент) тексеру қажет. Медикаменттің тізмінде дәрі- дәрмектердің 6 негізгі тобы болуы тиіс. Оларға:


  • ауыртпайтын және қоздырғыш (анальгин, амидопиприн, кофеин, кардиомин ж.т.б.)

  • қан тоқтатқыш және дезинфекциялаушы (йод және календула тұнбасы, перекись водорода ж.т.б.)

  • антибиотиктар (пенициллин, тетрациклин, эритромицин ж.т.б.)

  • сырттық (зеленка, синтомицин майы, марганц- қышқыл калийі, нашатыр және медициналық спирт, бактерицидті лейкопластырь)

  • таңу материалдары (бинт, дәке, мақта, әрбір туристке арналған индивидуалды таңу пакеті ж.т.б.)

  • құрал- саймандар (термометр, қайшы, жгут, шприц ).

VIII. Белсенді туристік саяхаттағы медициналық қамсыздандыру және профилактика шаралары

Медициналық қамсыздандырудың негізгі міндеті жорықтағы және мезгіл аралығында туындайтын аурулардың және жарақаттардың болуын ескерту, туристерге толық және дер кезінде көмек көрсету, туристердің денсаулық жағдайын жылдық медициналық бақылау, ал қажетті жағдайда организмнің барлық функцияларын толықтай қалыптастыру және емдеу.

Ауру профилактикасы және травматизмнің негізгі принциптеріне әрбір қатысушының физикалық жағдайының және тәжірибесінің жорық қиындығына және маршруттың техникалық күрделілігіне сәйкес болуы, сонымен қатар топта қажетті жарақтар комплектісінің толық болуы және оны тиімді қолдана білуі, жорықтың барлық қатысушыларының жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсете білуі жатады.

Барлық профилактикалық жүйе тиянақты дәрігерлік тексерістен басталады. Туристерді дәрігерлік тексерістен өткізудің басты ерекшелігі бұл- туристердің организмінің қызметін, яғни физикалық ауыртпалыққа бейімделуін зерттеуге бағытталған комплексті тәсіл.

Спорттық жарақат алудың негізгі себептеріне жаттығу жасаудағы қателіктер мен жетіспеушіліктер, жорықтардың, жарыстардың, экспедициялардың, жаттығулардың материалдық- техникалық қамтамасыздандырылмауы, жаттығуларды өткізу кезіндегі нашар санитарлық және метеорологиялық жағдай, дәрігерлік бақылау талаптарының бұзылуы, туристердің тәртіпсіздігі жатады.

Туристік саяхаттың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша мамандар туристерге келесідей жарақаттар сәйкес келетінін мәлімдейді. Оларға жеңіл жарақаттар, сынықтар, ұсақ жырықтар, терінің сыдырылуы, дененің соғылып көгеруі жатады. Осының ішінде барлық жарақаттың ¾ бөлігі аяқ жарақатының үлесіне тиеді. Сонымен қатар жарақаттарға жеңіл күйіктер, үсіктер, байланыстырушы буындардың созылуы, үшкір және өтпейтін заттардан жарақат алу, улану, салқын тию, асқазан жұмысының бұзылуы, тістің ауруы жатады.

Белсенді су туризміндегі негізгі қауіптілік бұл суға батып кету. Тау саяхаттарына тән ауруларға арқанды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен алақанда күйіктердің пайда болуы, кей жағдайда мидың шайқалуы, ішкі органдардың жарақатталуы, сынықтар, күн көзінің әсерінен көздің ауруы жатады. Жорықтағы ауыр жүктерді тасымалдайтын зеңбілшілер арасында терінің қажалуы кең тараған. Тау саяхатында үсік шалу жиірек кездеседі. Мұндай жағдай 0.00с температурасында да болады, яғни ауарайы ылғалды және жел болған кезде. Бұған тар және дымқыл киім мен аяқ киім, ыстық тамақты жиі және толықтай ішпеу, ұйқының бұзылуы және тағы басқа факторлар кері әсерін тигізеді.

Белсенді туристік саяхаттағы профилактикалық жүйенің маңызды бөлігі бұл акклиматизациялық мерзімді дұрыс қалыптастыруы, яғни организмнің жаңа климат жағдайына бейімделуі. Акклиматизация процесінің заңдылығын ескере отырып, жорықтың алғашқы күндері физикалық және техникалық күшті аз жұмсау қажет. Жазық жерден келген туристерге тауға шығар алдында алдын ала дайындық жасауы қажет.


IX. 1- 2 категориялық қиындықтағы тау саяхатын өткізу және ұйымдастыру ерекшелігі.

Тау туризмі деп тау рельефінің күрделі участкелерімен байланысты таудағы саяхатты айтамыз. Тау туризміне организмге көп физикалық күш түсіру, төмен атмосфералық қысым, күн радиациясы деңгейінің жоғары болуы, кедергілерден арнайы құрал қолдану арқылы және әдістер қолдану арқылы өту, сақтандыру құралдарын пайдалану, арнайы маршруттардан өту тактикасы тән.

Қазақстан территориясында әр түрлі категориялық қиындыққа сай келетін белсенді туристік саяхат үшін жарамды бірнеше таулы айммақтар бар. Бұларға Батыс, Солтүстік, Орталық Тянь- Шань биіктіктері, Алтай және Жоңғария таулары жатады. Батыс Тянь- Шаньның биік нүктесі Шатқал шыңы (4503 м). Батыс Тянь- Шаньды туристік қатынасқа байланысты орташа қиындықтағы тауға жатқызуға болады.

Солтүстік Тянь- Шаньға Зайлы Алатау, Күгей Алатау, Қырғыз жотасы, Кетмень жотасы жатады. Соның ішінде Қазақстан территориясына тек қана Зайлы Алатау кіреді. Зайлы Алатау Тянь- Шаньның ең срлтүстік жотасы. Жотаның неғұрлым биік учаскесі Аманжол және Күмбел асуларының аралығында орналасқан. Таудың қарлы- мұз желісі 3500- 5700 м биіктікте жатыр. Зайлы Алатаудың өзінде жалпы ауданы 544 кв. м болатын 370 мұздық бар. Солтүстік Тянь- Шаньдағы биік мұздықтар Корженевский мұздығы (12 км) және Богатырь мұздығы (9 км). Аймақтың осы бөлігінде Орталық Талғар, Талғар асуы, Көпіртұз, Ақтұз атты күрделі асулар бар. Солтүстік Тянь- Шаньның өсімдіктер және жануарлар әлемі өте ерекше. Таулы бөктерде атақты ақ барыс, ұлар, тау теке сияқты аң- құстар кездеседі. Жаз айларында Солтүстік Тянь- Шаньда қоңыржай жел соғып тұрады. Солтүстік Тянь- Шань негізінен белсенді сейсмикалық процестер болып отыратын жас таулы аймаққа жатады. Жай сілкіністердің болып отыруы таудың рельефін бұзып, сонымен қатар қар көшкіні мен селдің болын туғызады. 1988 жылы маусым айының соңында Күмбелсу өзенінде және 1994 жылы Үлкен Алматы өзенінің ауданында сел болды. Шілде және тамыз айларының аяғы мен қыркүйек айының басы Солтүстік Тянь- Шань тауына саяхат жасауға ең қолайлы уақыт болып есептеледі.

Экономикалық туризмде таулы саяхатты дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл үшін Үлкен Алматы өзеніне, Шымбұлақ шатқалына, М.Мамбетова мұздығына турбазалар мен курорттар, қонақ үйлер салу керек.

1- 2 категориялық қиындықтағы тау маршруттарындағы табиғи кедергілерге шөпті, үгінді, қарлы жартастар, мұздықтар, тау өзендері және асулар жатады.

Шөпті жартастардан рельефтің қыртыстарын тірек ретінде пайдалана отырып, шөптің аз өскен жерлерімен және топырақтың қалың қабаты бар жерлер арқылы өтеді.

Үгінді деп тау жынысы сынықтарының желінуінің және тау жартастардан сынықтардың домалап түсуінің нәтижесінде сынық тастардың жиналған жерлерін айтады.

Үгінділер ірі (адам денесімен бірдей), орташа (аяқ киім мөлшерінен үлкен), ұсақ (аяқ киім мөлшерінен кіші) болып бөлінеді. Ұсақ үгінділерден өткен кезде альпеншток, шаңғы таяқшалары, мұзшапқыш пайдаланылады.

Қарлы және фиринді беткейлерден уақыттың салқын мезгілінде, қардағы тірек ретінде біртіндеп баспалдақ салып бір ізбен жүру арқылы өту тиіс.

Қар жамылған тау учаскелерінде сәйкесті жабдықтарсыз жүру туристерге күн сәулесінің әсерінен қар бетіне шағылысып шығып көзге зиян тигізетін ультракүлгін сәулелер қар соқырлығы қауіптілігін туғызады. Қар соқырлығынан қорғану үшін ультракүлгін сәулені жұтатын арнайы фильтры бар қорғағыш көзілдірік тағу керек.

Тау саяхаттарындағы тактикалық қауіпсіздік шараларына жататындар:



  1. Маршрут бойынша қозғалғанда таңғы мезгілді, яғни күн радиациясының теріс әсері минимальды кезде, қар және тас көшкіндері болуының минимальдылығында, өзендегі судың төмен кезінде және ауа райының тұрақты жағдайын таңдау

  2. Жорықтың басында, ортасында, соңында асудан өту кезінде максимальды сақтық

  3. Түнеу үшін қауіпсіз жерлер таңдау

  4. Іс- шараларды өз уақытында ұйымдастыру

Жорық кезіндегі туристік топтың қозғалыс тәртібі бойынша бірінші болып колоннада гид- инструктор, яғни сапарды және қозғалыс темпін анықтаушы, одан кейін топтың физикалық әлсіз қатысушылары немесе әйел адамдар орналасады. Ал колоннаның ең соңындағы қатысушысы беделді және тәжірибелі туристерден тағайындалады. Оның міндеті қалыс қалғандарға көмектесу, жорық колоннасының үзіліп кетпеуін бақылау және ескертіп отыру.


Х. 1- 2 категориялық қиындықтағы су туризмін ұйымдастырудың ерекшеліктері

«Су туризмі» түсінігіне моторсыз туристік қайық арқылы өзенде, көлде, су қоймаларында саяхаттау жатады. Су туризміндегі белсенді туристік саяхатта туристер өздерінің физикалық күштерін жұмсауы тиіс.

Су туризмі әрбір дені сау адамға тиімді және жас ерекшелігіне қарамайды, сондықтан да 90- шы жылдары отандық туризмнің жаппай дамыған түрлерінің бірі болды. 80- ші жылдары КСРО территориясы бойынша жыл сайын спорттық жорықтарға 175- 200 мың турист қатысты, соның ішінде 30% су жорықтарында.

Су туризмі бойынша саяхаттар көбінесе өзендерде жасалады. Қазақстандағы өзендерді келесідей бассейндерге байланысты бөлуге болады:



  1. Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататындар: Ертіс, Тобыл, Есіл, Үлбі, Бұқтырма, Көшім, Шедерті, Өлеңті және тағы басқалары жатады.

  2. Каспий теңізі бассейніне жататындар: Жайық, Ембі, Сағыз, Ойыл, Үлкен және Кіші өзен және тағы басқалары жатады.

  3. Арал теңізі бассейніне жататындар: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз.

  4. Балқаш- Алакөл көлдері бассейніне жататындар: Іле, Қаратал, Лепсі, Ақсу.

  5. Теңіз және Қарасор көлдерінің бассейніне жататындар: Көк, Нұра, Талды және басқа да ұсақ өзендер.

Ірі өзендер Қазақстанда аз. Ұзындығы 1000 км жететін 7 өзен бар, оларға Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл, Тобыл, Іле, Шу өзендері жатады. Ұзындығы 500 км- ден 1000 км жететін 9 өзен бар, оларға Сарысу, Нұра, Торғай, Ембі, Сағыз, Іле, Үлкен өзен, Ырғыз, Ойыл өзендері жатады. Көптеген өзендер тұйық бассейндерге жатады.

Еліміздің көптеген өзендері бастауларын Тянь- Шань, Алтай, Жоңғар Алатау тауларынан алады. Туристерді әсіресе тау өзендері бойынша су жорықтары қызықтырады. 4- 6 категориялық қиындықта катамаранмен саяхаттауға Қаратал өзенінің Лепсі, Тентек, Қойсу салалары қызығушылық танытады. Лепсі, Тентек тау өзендері және Алакөл көлінде 1- 2 категориялық қиындықтағы салда, байдаркада және үрмелі қайықта саяхаттар ұйымдастыруға болады.

1- 2 категориялық қиындықтағы су жорықтарындағы табиғи кедергілерге жататындар: қайраңдар, сарқырамалар, тастар, судағы ағаштар (топляк), жағадағы қамыстар, қопалар, үйінділер, шоңғалдар жатады.

Сарқырамалар бұрылыстар кезінде қауіп төндіреді. Егер жүзу құралын алдын ала ағыс ортасына түсірмесе, кейде қайықтың сынуына әкелуі мүмкін.

Судағы ағаштар (топляк) ағысқа вертикаль жатқан суға батқан ағаштар, тастар көбінесе кіші және орташа өзендерде кездеседі. Егер олар су астында жатқан болса, оларды судың бетіндегі дөңгелек толқындар арқылы білуге болады.

Жағадағы судан шығып тұрған қамыстар, ағаштар туристік қайықтың қауіпті оверкил жағдайына ұшыратуы мүмкін. Оверкил деп (голл.) қайықтың түбімен төңкерілуін айтады. Оверкил болуының негізгі себептеріне қайықтың көлденең және тігінен тұрақсыздығы, ағыстың жүзуге сәйкес келмеуі, яғни шоңғалдардың, құйылыстардың, толқындардың, сарқырамалардың көп болуы жатады.

Үйінді деп өзен арналарында әртүрлі заттардың, соның ішінде ағаш діңдерінің жиналуын айтады. Үйінділер құлаған ағаш толығымен өзенді бөгеп тұрған жерлерде қалыптасады. Егер қайықты дер уақытында тоқтатпаса немесе жағаға қарай бағыттамаса, қайық қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

Шоңғалдар- бұл өзен деңгейінің төмен түскен және ағыстың қатты жылдамдығы байқалатын өзен учаскесі. Ол өзеннің таулы, жартасты және тас қатарларымен кездескен жерлерінде және тас сынықтары көп жерлерде кездеседі.

Су жорықтарындағы жасанды кедергілерге көпірлер, паромдар, балық аулауға арналған құрылыстар, плотиналар жатады. 1- 2 категориялық қиындықтағы су жорықтарында кең таралған құрал бұл байдарка.

Су жорықтарында барлық жорықтардағыдай тәсілдік өңдеу жүзеге асырылады. Тәсілдік өңдеудің маңызды бөлігі бұл білікті орындалған лоция. Лоция деп (голл. кеме жүргізу) су бассейні (жағасы, тұңғиық рельефі, өзендегі ориентирлер, арнадағы кедергілер және олардан өту әдістері) жөнінде толық мәліметтер келтіретін кеме жүргізу бойынша басшылықты айтады.

Туристік лоция өзеннің тек күрделі учаскелеріне құрылады, яғни әртүрлі кластағы қайықтардағы қатысушылардың өту уақыты, арнамен өту тәсілдері, сақтандыру шараларын ұйымдастыру жүйесі, жағалауға аялдауға ыңғайлы жер таңдау, экскурсиялық объектілер жатады. Лоция маршруттың дұрыс графигін құруға және түнеуге қауіпсіз, ыңғайлы орындар таңдауға көмектеседі.

Су жорықтарында бивак құруға келесідей арнайы талаптар қойылады: судың жағасы аялдауға және қайықтың шығуына ыңғайлы болуы тиіс, жағада қайықты орналастыруға ыңғайлы алаңқайдың болуы, тундралық аймақтарда аялдама орны жақсы желденуі тиіс, яғни қансорғыш жәндіктер санын азайтады, таулы аймақтарда аялдамаға таң мезгілінде жақсы күннің көзі түсуі керек және балық аулауға ығайлы болуы керек.

Су саяхатындағы жорық күнінің режимі маршруттың өзіне, ауарайы жағдайына және қолданылатын жүзу құралына байланысты болады. Мысалы, салда немесе ашық қайықтарда саяхаттағанда жаңбыр жауған кезде белгіленген режимді өзгертіп, жүзуге шықпай күте тұру қажет. Ал күрделі емес өзендерде байдаркамен саяхаттағанда жаңбыр жауған кезде де саяхаттауға рұқсат беріледі. Жорық күнінің режиміне жорық жағдайлары да әсер етеді, яғни күн бұлыңғыр кезде немесе күн көзінің көзге тікелей түсетін кезінде шоңғалдардан өтуді кейінге қалдырған қажет.

Қайықта немесе байдаркада саяхаттағанда қайықтар арасындағы дистанция 30- 50 м болуы тиіс. Ал ені тар өзендерде немесе жылдамдығы қатты өзендермен саяхаттағанда дистанция 100- 150 м болуы тиіс.




ХІ. 1-2 қиындық категориясындағы шаңғы, жаяу, велосипедпен саяхатты өткізу және ұйымдастыру ерекшеліктері

Қазақстанның қазіргі экономикалық туризмінде шаңғы, жаяу және велосипедпен саяхаттау жорықтары өте сирек ұйымдастырылады. Жаяу жүру туризміне жаяу жасалатын барлық саяхаттар жатады. Шаңғы туризмі деп қарда шаңғы тебу арқылы жасалатын жорықтар мен саяхаттар жатады. Шаңғы жорықтарына жазықтықта, тундрада, тайгада, орташа тауларда, биік тауларда төмен температурада ауыр рюкзактармен жасалатын көп күндік жорықтар жатады. Веложорық деп саяхат және спорттық жорық ретінде велосипедпн жасалатын туризмнің өзіндік түрі. Велотуризм барлық жастағы адамдарға тиімді.

Жаяу жүру туризмі кезінде кең етек жайған белсенді саяхат түрі. Қазақстан бойынша жаяу жүру туризмінің классикалық аймақтарына Батыс Тянь- Шань, Алтайдың биік таулы аймағы, Азияның шөл және шөлейт бөліктері жатады. Павлодар облысындағы Баянауыл аласа таулар массивінің төмен категориялы жаяу жүру жорықтарын ұйымдастыруға қолайлы рекреациялық ресурстары бар. Сонымен қатар Солтүстік- батыс Алтайдағы орташа таулар және аласа таулы жоталар өзінің жаяу жүру туризміне қолайлылығымен кеңінен танымал. 80- ші жылдардың аяғында Қазақстанда спецификалық жорықтар, яғни шөл және шөлейт аймақтардағы жорықтар кең етек алды.

Еліміздің территориясында 4 шөлді аймақ бар. Оларға Бетпақ- Дала, Арал маңындағы Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм.

Балқаш көлінің солтүстүк жағалауында сирек жартасты қалдықтармен шөлді жазықтық еніп жатыр, яғни бұл Бетпақ- Дала шөлді жазықтығы.

Құмды- шөлді Мойынқұм массиві батысынан шығысқа дейін 500 км және ені 100- 180 км болатын Шу- Талас өзенінің аймағын алып жатыр.

Арал өңіріндегі Қарақұм Шалқар- Теңіз өзендері мен Арал теңізі аймағының солтүстік- шығыс жазығын алып жатыр.

Қызылқұм аумағы бойынша Орталық Азияда Қарақұмнан кейінгі территориясы 300 мың км2 алып жатқан құмды шөл және Арал теңізі мен Сырдария өзендерінің аралығында орналасқан. 1984 жылы шілде- тамыз айларында дәрігер маман Н.Н. Кондратенко басшылығымен «Адам және шөл» ғылыми- спорттық экспедициясынан 7 қазақстандық спортшы Қызылқұм және Қарақұм шөлдері арқылы 550 км жол жүрді.

Адамды ыстықтан өзінің терлеуі құтқарады. Организмнен 1 г су бөлініп шыққанда 600 ккал жылу шығады. Адам ыстықта тәулігіне 12 л ылғал бөледі. Сонымен қатар тұздың жоғалуы, су- тұздың және ақуыздың алмасуы бұзылады.

1-2 категориялық қиындықтағы шаңғы жорықтарын Солтүстік Тянь- Шаньда ұйымдастырған ыңғайлы. Қазақстан территориясында шаңғы жорықтарын ұйымдастырудың оптимальды мерзімі 1 қараша мен 10 наурыз аралығы.

Веложорықтарды ұйымдастыруға ыңғайлы климаттық зона оңтүстік Қазақстанға тән. Қазақстан бойынша келесідей веломаршруттар ұйымдастырылады: 1. Қарағанды облысы бойынша, 2. БҚО бойынша (Орал қаласы- Владимировка- Бударино- Чапаев- Калмыково- Кулагино- Махамбет- Атырау қаласы. 2 категориялық қиындық, 510 км)

Жаяу жүру жорықтарында негізгі табиғи кедергілерге тік жартастар, орман, батпақты учаскелер, су кедергілері жатады.

Жаяу жүру туризміндегі жорық күн тәртібінің режиміне қойылатын талаптар:


  1. 1 сағатта 50 минут қозғалыста болып, 10 минут демалу

  2. Күннің бірінші жартысына жүрістің 2/3 тисілі

  3. Маршрутқа ерте шығу- ерте түнеуге аялдауға мүмкіндік береді

  4. Түскі кезде 1 сағаттық демалыс және ыстық тағам

  5. 3,5- 4,5 км/сағат жылдамдық

  6. Әлсіз туристің қозғалыс ырғағына қарай жүріп отыру

  7. Жорықтық колоннаның бастапқы және соңғы туристері тәжірибелі туристер болуы керек

Шаңғы туризмі техникасының негіздері:

  1. Рюкзакпен және рюкзаксыз қозғалыс кезінде шаңғымен жүру техникасын меңгеру

  2. Шаңғымен кедергілерден өте білу (арықтар, шұңқырлар, төмпешіктер, құлаған ағаштар)

  3. Шаңғымен тауға шығу, түсу, бұрылу, тоқтау техникаларын меңгеру

  4. Жүруге қиын ормандардан өте білу

  5. Жарақаттанушыны қолда бар құралдар арқылы тасымалдау техникасын меңгеру

  6. Шөпті қар басқан жартастардан және үңгірлерден шаңғысыз өту техникасын меңгеру

Шаңғылар ішінен «Турист» типіндегі шаңғыны қолданған жөн. Олар өзінің жалпақтығымен, яғни енділігімен және мығымдылығымен ерекшеленеді.

Велотуризм белсенді туризмнің басқа түрлеріне қарағанда бірнеше артықшылыққа ие:



  1. Велотуристер жаяу жүру және тау туристеріне қарағанда табиғатқа теріс әсер етпейді және зияны аз.

  2. Велосаяхатшыға ауыр рюкзактарды арқалау керек емес, олар үшін велосипед бар.

  3. Велотурлар тұрғылықты пункттер аралығындағы жолдарда жасалады, мұндай маршруттар қауіпсіз болады.

Велосипед туристерге аз ғана уақыт аралығында бірнеше туристік- экскурсиялық объектілермен танысуға мүмкіндік береді. Велотуризмге ең ыңғайлы спорттық- туристік велосипедтерге Харьков велозаводынан шыққан «Турист» және «Спорт» велосипедтері жатады. Шетелден шығатын велосипедтердің ішінен Қазақстанда тауға арналған «Краузер» велосипеді кең тараған.

Велосипедті таңдаған кезде оның комплекстілігіне (жүк салғышына, қоңырауына, құрал- саймандар сөмкесіне) көңіл аудару қажет. Тәжірибе көрсеткендей велотуристерге рюкзакты арқаға асуға болмайды, бұл тез шаршауға әкеледі. Сондықтанда велосипедтердің жүк салғышы кең және ауыр салмақты көтеруге жарамды болуы тиіс.

Велотурда көмек көрсету бригадасы барлық саяхат түріндегідей құрылады.Бірақ та велотуризмдегі зеңбілшілер жүк тасымалдаушылар деп аталады. Сонымен қатар велотехниканы және құралдарды жөндеу бойынша кәсіпқой- механик қажет болады. Велотурды тәсілдік өңдеуге дайындық ғылыми- техникалық әдебиеттерді зерттеуден басталады және маңызды рөлді картографиялық материалдар атқарады. Велотур маршрутын жоспарлағанда әкімшілік және географиялық карталарды пайдаланған жөн. Веложорыққа сызықтық және сақиналы маршруттар схемасы ыңғайлы.


    1. ші категориялық қиындықтағы маршруттар қатты жамылғысы бар және биіктігі аз жолдарда ұйымдастырылады. Ұзақтығы 6 күн, 250 км болады.

ші категориялық қиындықтағы маршруттар биіктігі 200 ден 600 м деңгейінде болатын құмды- гравийлік және грунттық жолдарда ұйымдастырылады. Ұзақтығы 8 күн, 400 км болады.

6. СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ






Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиет

1

Белсендi туризм түрлерiнде тәсiлдiк анықтамаларды құрудың мазмұны мен әдiстемесi

1.Туризмнің маңыздылығы және анықтамасы

2.Туристердің типтері

3.Туристік ұсыныс


1

9, 19





2

Жорықтың мақсаты мен міндеттерін анықтау


1.Желiнiң қосымша және апаттық варианттары

2.Желінің күрделі участкелерінен өтудің техникасы мен тактикасы



2

9, 20


3

Саяхат кезiндегi азық-түлiктi орау, сақтау, тасымалдау және азықты өлшеу ерекшелiгi


1.Жорықта организмнің энергиялық шығыны

2. Витаминдерді қолдану

3.Сублимацияланған және кептірілген өнімдерді пайдалану

4.Күндiз қоректенудi ұйымдастыру




3

9, 15


4

Белсендi туристiк жорықтарда азықтануды ұйымдастыру


1.Денсаулықты сақтау және жеке бас гигиенасының ережелерi

2. Жорыққа апаратын азық түрлері



4

9,14


5

Белсендi туризм қызметiндегi физикалық дайындық


1. Белсендi туристiк жорықтарға қажеттi құрал-жабдықтардың жалпы анықтамасы

2. Жіппен ұмыс істеу тәсілдері




5

1, 9


6

Белсендi туризм қызметiндегi физикалық дайындық

  1. 1. Желiдегi клиенттердiң саны мен олардың физикалық және техникалық дайындығының төменгi көрсеткiшi, қажеттi – құрал жабдықтар тiзiмi мен киiмдер.

2. Алып жүру тобының құрамы, адамдарының қызметi, олардың физикалық және техникалық дайындық деңгейi, қажеттi киiмдер құрал-жабдықтардың тiзiмi

6

9, 19


7

Құтқару жұмыстарын жүргізу


1. Жарақатталған адамды мұз жарықтан құтқару.

2. Жарақатталған адамды жартасты участкелерден көтеру және түсіру.

3. Жарақатталған адамды тасымалдау.


7

1, 9


8

Жарақат алған спортшы-туристердiң емделу ерекшелiгi


1. Белсендi туристiк саяхат кезiнде дәрiгерлiк қамтамасыз етiлу ерекшелiгi

2. Туристердің жарақат алу себептері

3. Жорық кезіндегі жарақат түрлері


8

1, 9,14


9

Асулардан өту тактикасы


1.Асу қиындығын бағалау

2.Асу қиындығының категориялары

3.Асудан өткенде факторларды есепке алу


9

1, 9,20


10

Тау өзендеріндегі өткелдерден өту ерекшелігі

Су туризміндегі кедергілер.




1. Су туризміндегі кедергілер түрлері

2. Кедергілерден өту тәсілдері мен әдістері

3. Кедергілерді зерттеу, барлау, сақтандыру


10

1, 9,18


11

Жаяу жорықта туристік құрал- жабдықтарды жинаудың техникасы мен тактикасының ортақ ережелері мен айырмашылықтары


1. Қазақстанның жаяу жорық ұйымдастыру аймақтары

2. БҚО аймағында шаңғы туризмінің дамуы




11

1, 9, 20


12

Велотуризмнің ерекшеліктері


1. Велосаяхатта тамақтану техникасы

2. Жорық велосипедтерінің түрлері



12

9, 14


13

1-2 қиындық дәрежесiндегi белсендi туристiк жорықтарын алып жүру топтарын дайындау және құру


1. Түнеуді ұйымдастыру үшін құрал- жабдықтар

2. Жорықтан өту нормативтері



13

9, 19


14

Акклиматизация мәселелері


1.Атмосфералық қысым

2.Температураның күрт өзгеуі

3.Күн және ультракүлгін радиациясы


14

1, 9


15

Акклиматизация мәселелері


Пассивті және белсенді акклиматизация

Тест жүргізу



15

9, 15, 19


жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау