36
Функционалдық сауаттылықты дамытуда Дьюи идеясын іске асыру тәсілдерінің бірі
«жобалау әдісі» бойынша оқыту болды. Қазіргі заманғы педагогикада жобалау әдісі заманауи білім
беру жүйесінің компоненттерінің бірі ретінде қолданылуда. Дәстүрлі және инновациялық оқыту
әдістерінің тиімді арақатынасы мұғалімнің танымдық және эмоционалдық тұрғыдан дамуына оң
ықпал етеді.
Функционалдық сауаттылықты дамытуда пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген
бағдарлы жұмыс түрі болып табылады. Бұл әдіс мұғалімдердің қандай да бір мәселені өздігінен
зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-
әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Мұғалімдердің коммуникативтік, күрделі мәселелерді шешу
жолындаға ізденістік және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі. Сонымен
қатар, мұғалімдердің функционалдық сауаттылығын дамыту жұмыстары пәнаралық байланысты
нығайтып, екі немесе одан да көп сабақтар бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға
мүмкіндік береді. Мұғалімдер өздігінен ізденіп, оларды талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап,
жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды жүзеге асырады.
Қорыта келгенде, сабақтың оқу мақсатына, ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес
жоспарланған тиімді деп таңдалған әдіс-тәсілдермен берілген топтық, жұптық, жеке формадағы
тапсырмалар белсенді оқу ортасының қалыптасуына, өз бетінше білім алу дағдыларын дамытуға
бағытталуы тиіс. Бұған оқуды барынша белсенді, күрделі, қызықты, маңызды ету арқылы қол
жеткізуге болады. Жеке және топпен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау
дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптастыру, өмірлік жағдаяттарда оң шешім қабылдау, адамзаттық
құндылықтарға баулу - жаңартылған білім мазмұнының соның ішінде функционалдық
сауаттылықты дамыту тиімді тұсы екенін атап айтқым келеді. Демек, «функционалдық сауаттылық»
табысты оқытуың мәні – мұғалімдердің бойында ХХІ ғасырда өмірдің барлық саласында табысты
болуы үшін қажетті кең ауқымды дағдыларды дарыту болып табылады. Оқушы кез келген ауызша
және жазбаша мәтіндерді түсініп оқып, сын тұрғысынан қолдануға, басқалармен әртүрлі тақырып
төңірегінде мазмұнды әңгіме жүргізіп, мәтін құра білуге белсенді оқыту мен оқу үдерісінде
дағдыланады.
Демек, білім мазмұнының жаңартылған шеңберінде функционалдық сауаттылығын дамыту
технологиясы негізінде қысқа мерзімді жоспарды тиімді әзірлеудің табыстылығы оқу
бағдарламасының талаптарын орындауға және мұғалімдердің оқу үлгеріміне оң әсер етеді. Жалпы
мақаламды қортындылай келе, бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын
арттыру және сыни ойлау жүйесін қалыптастыру технологиясы бұл мұғалімнің жан-жақты дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: