265
шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен
жеңістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-
тәрбие алуды жалғастырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметтерде интерактивті мультимедиалық презентацияларды
қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту). Мультимедиа мәтін,
дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді.
Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады.
Мектептен ұйымдарда инновациялық іс-әрекеттің мақсаты – білім беру үдерісін заманауи
тиімділігі жоғары технологиялармен және балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастырып,
шығармашылық қабілеттерін дамытатын әдістемелермен қамтамасыз ету. Ақпараттық
технологияларды қолдану балалардың оқуға қызығушылығын қамтамасыз етеді, баланы ерте
дамыту оның танымдық қызығушылығы мен қабілеттерін дамытады, тілдік құзыреттілігінің
негізін қалайды.
Инклюзивті білім беру арқылы барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеріп, ерекше
қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үдерісін дамытуға
болады. Мұндай оқыту түрі арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму
үстіндегі формаларды ығыстырмайды, қайта жақындатады. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі
шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін
қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы баланың адамгершілікке,
ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үдерісі балаларды
толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Сондай-ақ инклюзивті білім берудің
инновациялық жолдарын оның ішінде компьютерлік технология, интерактивті тақта сияқты
білім беруге қажетті жаңа ақпараттық технологиямен қаматамсыз етілсе, келешекте мүмкіндігі
шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмас еді.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі
екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып
қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: