Функционалдық сауаттылық- тұлға қалыптастырудың негізі



жүктеу 92,43 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі92,43 Kb.
#13138

Функционалдық сауаттылық- тұлға қалыптастырудың негізі

Бүгінгі күн – білім беру мазмұнына,оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып тұрған кезеңі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім – ғылым- инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді.Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі,дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттырды.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі болып табылады. Қазақстанда кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістікте алғаш рет 2012-2016 жылдарға арналған функционалдық сауаттылықты дамытудың Ұлттық іс-қимыл жоспары дайындалды, онда оқушылардың құзыреттілік біліктерін, алған білімдерін шынайы өмірлік жағдаяттарда тиімді қолдана білу қабілеттерін дамыту көзделген .
Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.
«Функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатыны танылады. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының әрқайсысының өз функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауап береді. 
Жалпы, сауаттылық адамның білімділігіне қатысты ұғым екені белгілі. Яғни, сауатты деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ дұрыс есептей білетін адам сауатты ретінде танылады. Ал «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. 
Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы. Сонда, функционалдық сауаттылық ұғымына келесі анықтаманы беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы мен үнемі білімін жетілдіріп отыру процесі.

Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның өзгермелі әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.


Осыған орай, Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. 
Олар: 
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту нысандары мен әдістері; 

• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 


• мектептен тыс қосымша білім беру бағдарламалары;

• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы; 

• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі. 


Оның алғашқысы – оқыту әдіснамасы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Яғни мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жалпы білім беретін орта мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (МЖБС) жаңартудан бастау алуға тиіс. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек.

Олар:


басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); 

ақпараттық (өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау); 

коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);

әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); 


тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі); 


технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). 
Функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың екінші тетігі – оқыту нысандары мен әдістері. Тәуелсіз қазақ елінің оқулықтарының мазмұны ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып жазылып, оны оқыту мен жүзеге асырудың жаңа әдістері, яғни аралық белсенді әдістер арқылы жүзеге асуы тиіс. Осы негізде білім алған мектеп оқушылары теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолданумен қатар ана тілінің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді.

Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың үшінші тетігі – оқу нәтижелерінің бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау – оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Ал сырттай бағалау – әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.), сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (ТIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтар болсақ, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болса, іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты. Сонымен қатар білім алушылардың өзін-өзі бағалауы, ұйымдастыруы, жетілдіруі және жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Ал функционалдық сауаттылықтың төртінші тетігіне тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен қамтуды жатқызады. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы,музыка мектептері,жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.  Вариативті сабақтар, қосымша әдебиеттер ұсыну арқылы, төртінші тетікті жүзеге асырудамыз.

Ұлттық жоспарды жүзеге асырудың бесінші тетігі –мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі). Бүгінгі білім беру жүйесінде қазақстандық мынадай мектептер бар. Олар: жалпы білім беретін орта мектеп, гимназия, лицей, дарынды балаларға арналған мектептер, Назарбаевтың зияткерлік мектебі (НЗМ) т.б. Осы мектептердің басқару жүйесі, оқу бағдарламалары, оларда оқытылатын пәндердің оқулықтары, онда оқитын оқушылардың білім сайыстары бір-бірінен ерекшеленіп, бүгінгі қоғам талап етіп отырған үрдістен шығуы тиіс.

Алтыншы тетігі– барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы. Бұл мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс – мектеп пен жоғары оқу орындары, түрлі ғылыми зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісімшартқа отырып, мектеп оқушыларының мамандық таңдауда, ғылыми жұмыстар, жобалар жасауда әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары оқу орындары білім сапасын арттыруда өзі дайындайтын маманның деңгейін, қабілетін, дарынын алдын-ала анықтап, болашақта жүргізілетін жұмыстарын жоспарлап, білім алушыларға кредиттік жүйенің ерекшеліктерін, мақсат-міндеттерін алдын-ала түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру.



Функционалдық сауаттылықтың жетінші тетігі – ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету. Ата-ана бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулуға борышты. Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс. Бұдан байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді. 
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын аса бай құндылықтың бірі функционалдық сауаттылық болып табылады.. «Бұлақ көрсең -көзін аш» демейме дана халқымыз. Оқушы функционалды сауатты болып өсуі үшін логикалық ойлау дағдысы жан- жақты дамыған ,креативті дағдысы жетілген , ой өрісі кең ,кез келген сәтте өз алдына шешім қабылдай білетін болуы шарт.
Өз тәжірибемде күнделікті сабақтарымда алдымдағы әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, яғни әр бұлақтың көзін ашуға тырысамын, алдын ала әзірлеп келген логикалық тапсырмаларымды сабақтың алғашқы кезеніңде балалардың ойлануына мүмкіндік туғызып бір сәт « Миға шабуыл принципіне» сүйеніп жүргіземін. Бұл жұмыс оқушылардың креативті дамуына зор ықпал етеді..Сабақта міндетті түрде орындалатын әдіс тәсілдердің тағы бірі - дәйексөздің берері мол.Дәйексөз- сабақтың негізгі түйінін шешетін кезеңі.Өзін өзі тану сабақтарында қазақ ойшылдарының да шығармаларынан алынған сөздер кездеседі. Бұл орайда оқушылар оқу материалын бейнелі,эмоционалды тұрғыдан қабылдауына ықпал ете және танымдық қабілеттерін арттыра отырып, ұлттық құндылықтарды меңгерту мақсатында дәйексөз авторының өнегелі өмірі,шығармашылығында тақырыпқа сай келетін өз ұлтының салт санасын,әдет ғұрпын,жол жоралғысын,дәстүрін терең үңіле зерттеп,халықтың ғасырлар бойғы жиған мұрасына тәлімдік, танымдық тұрғыдан оқытудың маңыздылығы зор.Өзін өзі тану пәнін оқытуда жоба жасау,деңгейлеп саралап оқыту,ойын арқылы оқыту,проблемалық оқыту,топтық оқыту, т.с.с. әдістер өте тиімді.Бұл әдістер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады,білім алуы жеңілдетіледі,сабақтың сапасы көтеріледі.Айталық, топқа бөлініп жқмыс жасауда балалар арасында тәжірибе жинақталады,өз беттерімен білім алуына мүмкіндік туады, ізденуге құлшынады, әрқайсысы өз ойларымен еркін бөліседі. Ал топтық жұмыс маған өз оқушыларымды жан -жақты ашуға, әрқайсысының тұлғасын көруге, олардың мінез құлықтарының ерекшеліктерін байқауға көмектесті. Соның нәтижесінде оқушылардың бір біріне жолдастық , достық қарым қатынастары арта түсті.Бір біріне ынта жігермен көмектесуге,үйретуге бейім болды,үйрете жүріп өздері де үйренді. Ұйымдастырушылық қабілеттері де арта түсті.Сабақ соңында өткізілетін «Жүректен жүрекке» әдісі оқушыларға өте ұнайды. Өздері жүрекжарды тілектер айтуға асығып, тіпті лебіздерінің мазмұнды, мәнді болуына назар аударады, осы тұрғыдан да көп ізденеді.

Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса, ұрпақ алдындағы парыздың өтелгені. Көрнекті педагог В.Сухомлинскийдің «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек,ол бала солай бола алады», дегендей,шәкіртке жан жақты терең білім беріп қана қоймай,оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек,ертеңгі азамат - жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына,айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.




Әдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 ж. 27.01.). – Астана, 2012.

2. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары /Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 25.06 №832 Қаулысымен бекітілген. – Астана, 2012. – 19б.

3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы /Қазақстан Республикасы Президентінің 2010ж.07.12. №1118 Жарлығымен бекітілген. – Астана, 2010. – 52 б.

4. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы. – Астана, 2012. – 16б.

5. bilimdiler.kz/ustaz/7597-syni-trydan-oylau-modul-br-sabata.html

6‎. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013-2015 ж.ж.



7. «Өзін өзі тану» пәнінің мұғаліміне арналған әдістемелік құрал, Алматы қ.: ҰҒПББСО «Бөбек» 2010 ж.
жүктеу 92,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау