Сурет 23.1. Формула енгізу
Мына ережеге назар аударыңыз. В5 ұяшығына қандай да бір сан берсеңіз онда жанағы формула сол мән бойынша есептеу жүргізеді. Ал В5 ұяшығына сан емес жай мәтін терсеңіз, онда оны қате деп хабарлама береді.
Формула жолы.
Ұяшыққа мәліметті еңгізгеннен кейін формула жолында үш функционалды батырмалар пайда болады:
«Қайтару» командасын орындау үшін қызмет көрсетеді.
«Енгізу» командасын орындау.
формула енгізуге мүмкіндік береді.
Формула жолының мүмкіндіктері:
ұяшық мазмұнына өзгерістер енгізуге болады;
Егер мәлімет толық көрінбесе, ұяшық мазмұның көріп шығуға болады.
Көп жағдайда формулаларда ұяшықтардың салыстырмалы адрестері қолданылады, олар ұяшықтарды формулалармен толтырған кезде автоматты түрде жөнделеді.
Бірақ та кейде формулалармен толтырған кезде кейбір ұяшықтардың адрестерінің өзгеріссіз қалулары қажет. Бұл жағдайда ұяшықтың абсолютті адресі қолдануы керек. Ұяшық адресінің өзгеріссіз қалу қажеттігін көрсету үшін оны доллар ($) символымен бірге көрсету керек:
$А$11 – абсолютті адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгеріссіз қалады);
A11 – салыстырмалы адрес көрсетілген (толтыру кезінде ол өзгереді);
$А11 – аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде баған аты өзгермейді, ал жол аты өзгереді);
А$11 - аралас адрес көрсетілген (толтыру кезінде жол аты өзгермейді, ал баған аты өзгереді);
Абсолютті адресті екі әдіспен көрсетуге болады: доллар символын енгізіп немесе Формулалар жолында қажетті ұяшықтың адресінде шертіп, қажетті нәтиже шықпайынша F4 батырмасын бірнеше рет басу.
Бір формулада ұяшықтардың салыстырмалы адрестері де, абсолютті адрестері де қолданыла алады.
Абсолют сілтеме
Абсаолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақтыы болып қалады. Формулаларды редактерлеу кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 басу керек. Абсалют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдына $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бірі абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары. Әдетте кестелер қайталатын, біртектес мәліметтен тұратындықтан, Excel программасының енгізуді автоматтандыратын құралдары бар. Оларға жататындар автотолтыру, формулалармен автотолтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |