«Физика сабақтарында мультфильм көріністерімен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»
Балманова Гүлназ
№ 182 мектеп
Қазіргі қоғам жылдам өзгеруде. Ал бұл өзгерістер білім беруде жаңа талаптар мен міндеттер қоюды талап етеді.Осыдан білім берудің негізгі мақсаты- педагогтар мен оқушылардан білім мен білік дағдының сабақтастығының болуын көздейді. Кез-келген тұлға өз бетінше мәліметтерді іздеп таба алатын , терең ойлайтын, салыстыратын , пайымдай дын ,яғни сыни ойлайтындай қасиеттер дарыту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Сапалы білім және саналы тәрбие беруден оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамытуымыз керек. Себебі, тек білімді де тәрбиелі ұрпақ қана ел егемендігін баянды етеді, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлесін қоса алады.
Мен мектебімде физика пәнінен балаларға дәстүрлі сабақтар беріп келдім.Күнделікті сабақтарыма дайындаламын, балаларға тәтпіштеп түсіндіремін, практикалық тапсырмалар беремін, жұмыстарын тексеремін,бағалаймын, тақырыпқа байланысты сұрақтар беріп қоямын. Оқушыларым оқыған тақырыпты қайта айтып береді, үлгіге қарап жеңіл және орта қиындықтағы есептерді шығарады ,ал кішкене қиыншылық кездесе қалса, мұғалімнен көмек күтіп қалады.НЕГЕ? Өйткені оқушыларым сыни ойлануды білмейді екен. Осыны өзіме жаңалық деп аштым. Кембридж университетімен бірге жасалынған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін менің санам өзгерді.Мен сабақтарыма басқа қырынан қарай бастадым.
Дәстүрлі сабақтардан арылу үшін , қалыптасып қалған жағдайды өзгерту үшін курстан алған жаңалықтарды оқу үдерісіне енгізуге жаңа қадамдар жасауыма тура келді. Сабақтарыма жеті модульді ықпалдастыра бастадым, соның ішінде сыни ойлау модулін пайдаланғасын сабақтар интерактивті түрде өтетін болды. Оқушыларда қызығушылық пайда болды: топпен жұмыс жасай бастады, бір-бірлеріне үйрете бастады, өздерінің пікірлерін жеткізе білетін дәрежеге жетті және көзқарасын қорғайтын болып дамыды.
Мен физика сабағына мультфильм үзінділерін жинақтап , тақырыпты игерту үшін физикалық құбылыс немесе эксперименттерді түсіндіруге оқушыларды сыни ойлауға итермеледім. Мұндай мультфильмдердер көрінісі мұғалімге білім үрдісін ұйымдастыруда ұлкен көмекші құрал рөлін атқарады .
Мысалы оқушыларды сыни ойландыру үшін бір сабақ жоспар үлгісін келтірейін :
Сабақтың тақырыбы : Механикалық жұмыс пен қуат
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «жұмыс » және «қуат» ұғымымен таныстыру және оларды қолдану жүйесін түсіндіру
Негізгі материал: Механикалық жұмыс, жұмыс бірлігі, дененің қозғалыс бағытына түсірілетін күштің параллель немесе перпендикуляр болған жағдайларда жұмысты анықтау ;
Сабақтың нәтижесі: Оқушылар «жұмыс » және «қуат» ұғымымен танысады және оларды қолданудың жүйесін түсінеді
Пайдаланатын модульдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу ,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Пайдаланатын стратегиялар: миға шабуыл,ЖИГСО әдісі, «жұптас-ойлан-бөліс», топтық бағалау
Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Сергіту сәті -«Қара жорға» биі.
Психологиялық тренинг: «Жылы алақан» ойыны(балалар шеңберге тұрып бір –біріне сабақтан не күтетіні және бір-біріне не тілейтіні жайында айтып шығады ). Стикер түсімен балаларды 3 топқа бөлу.
2. Сабаққа қызығушылықты ояту .
Мұғалім: Ештеме істемеу – бекер уақыт жіберу. Үлкен еңбек еткен адам ғана бақытты. Егер де хоббиің жұмыспен сай келсе ,онда бұл адам бақытты. Кім жұмыс істегісі келсе ,уақытты табады ,жұмыс істеуге құнттайды,Сол жұмыстан рахат табады. Кім жұмыс істегісі келмесе – жалқаулығының себебі пен дәлелін іздейді. Пьер Буас айтқандай «Жастар өздерінің болашақта не жұмыс істеу керек екенін айтады, қарт адамдар бұрын қандай жұмыс істегенін баяндайды, ал ақымақтар әлі де не жұмыс істегісі келетінін айтып армандап отыра береді.»
3. Жаңа материалды зерттеу
Сұрақ №1: Балалар, сіздердің ойыңызша «жұмыс »деген не? Бұл сөзге көзқарастарың қандай? «Жұмыс жасау», « жұмыс атқару», «жұмыс істеу» деген сөздердің мағынасы қандай? Тек ақша төлеген үшін нәрсені жұмыс дейміз ба? Мысалдар келтіріңдер.
Сурет №1
Жауабы: Күнделікті өмірде «жұмыс» деп адамдардың түрлі жұмыс істеу әрекетін айтады. Мысалы дене жұмысы,ақыл жұмысы,шығармашылық жұмыс. (Сур. №1).
Физикада бұл терминнің басқа мағынасы бар : күштердің әрекеті бағытымен байланысқан физикалық шама
Сұрақ №2: Жұмыс- бұл адамның қоғамдағы күн көріс көзі. Жануарлар жүмыс атқара ма? Басқа физикалық денелер ше?
Жауап:Бұл сұраққа жауап беру үшін «жұмыстың» кәдімгі «денелердің әсерлесу» ұғымынан айырмашылық шарттарын анықтап алу керек.
Тәжірибе №1: Тіректе жатқан денеге бір күшпен әрекет етеді. Дене орын ауыстырмайды. Жұмыс атқарыла ма?
Жауап : Күштің әрекетінен дене орын ауыстырмаса , жұмыс атқармайды .
Тәжірибе №2: Тіректе жатқан денеге бір күшпен әрекет етеді. Дене күштің әсерінен орын ауыстырды. Бұл жағдайда жұмыс атқарыла ма?
Жауап : Жұмыс атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |