«Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


«Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау



жүктеу 0,69 Mb.
бет10/21
Дата14.12.2022
өлшемі0,69 Mb.
#40638
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
10 сынып бжб жинак КГБ

«Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату
10.2.3.1 - термодинамиканың бірінші және екінші заңының мағынасын түсіндіру
10.2.3.2 - жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі мен қолданылуын сипаттау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Изопроцестерді сипаттайды және графикті тұрғызады

  • Идеал газ күйінің теңдеуін қолданады

  • Термодинамика заңдарын түсіндіреді

  • Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану



Орындау уақыты

Тапсырмалар

25 минут

  1. Суретте газ күйінің өзгеру графигі берілген.



    1. Графикке сүйене отырып, кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз.

      Изопроцестің атауы

      Заңнын атауы

      Формула

      изобара










      Шарль










      𝑃1𝑉1 = 𝑃2𝑉2

    2. Суретте берілген газ күйінің өзгерісін 𝑝(𝑇) графигінде тұрғызыңыз.



  1. Идеал газдың қысымы p және көлемі V. Осы газ үшін төмендегі өрнек берілген.



    1. Келесі шамаларға анықтама беріңіз:

      1. N - ………………………………………………………

      2. 𝜗̅ - ………………………………………………………

    2. Ішінде гелий газы бар көлемі 2,4 ∙ 104 см3 цилиндр ішіндегі қысым 6,2 ∙ 105 Паға тең. Ал температурасы 150С. Гелийді идеал газ ретінде қарастырамыз. Гелийдің мөлшерін анықтаңыз.



  1. Суретте температуралары әртүрлі бір-біріне жанастырыла орналасқан денелердің жылу алмасу бағыттары көрсетілген. Алайда, бағытшалардың біреуі қате. Сол бағытшаны белгілеп көрсетіңіз және жауабыңызды дәлелдеңіз.




  1. Суретте жылу қозғалтқышының жұмыс істеу принципі кескінделген.



    1. X, Y, Z-ке сәйкес келетін шамаларды жазыңыз.

      1. - ……………………………….

      2. - ……………………………….

      3. - ………………………………..



    1. Жылу қозғалтқышының жұмыс атқару температуралары 580 0С және 380 0С. Максималды ПӘК-ін есептеңіз.




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Изопроцестерді
сипаттайды және
графикті тұрғызады

1

изопроцестің атауларын кестеге
толтырады;

1

заңнын атауларын кестеге толтырады;

1

формулаларды кестеге толтырады;

1

1-бөліктің өзгерісін тұрғызады;

𝑝(𝑇)

графигінде

1

2-бөліктің өзгерісін тұрғызады;

𝑝(𝑇)

графигінде

1

3-бөліктің өзгерісін тұрғызады;

𝑝(𝑇)

графигінде

1

Идеал газ күйінің
теңдеуін қолданады

2

өрнектегі N физикалық шамасын
анықтайды;

1

өрнектегі 𝜗̅ физикалық шамасын
анықтайды;

1

идеал газ күйінің теңдеуін қолданады;

1

гелийдің мөлшерін анықтайды;

1

Термодинамика заңдарын түсіндіреді

3

бағытшаны белгілеп көрсетеді;

1

дәлелдемені келтіреді;

1

Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттайды

4

X-ке сәйкес келетін шаманы жазады;

1

Y-ке сәйкес келетін шаманы жазады;

1

Z-ке сәйкес келетін шаманы жазады;

1

ПӘК-ті есептеу формуласын қолданады;

1

ПӘК-ті анықтайды.

1

Жалпы балл

17



«Газ заңдары» және «Термодинамика негіздері» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні _________________________________________





Бағалау критерийі

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Изопроцестерді
сипаттайды және
графикті тұрғызады

Изопроцестерді, газ заңдарын сипаттайды, бірақ графиктегі изопроцестерді ажырату,
макропараметрлердің тәуелділік графиктерін тұрғызу қиындық

Изопроцестерді, газ заңдарын
сипаттайды, графиктегі изопроцестерді оқиды, бірақ макропараметрлердің тәуелділік графиктерін тұрғызуда қателеседі.

Изопроцестерді, газ заңдарын сипаттайды, графиктегі изопроцестерді оқиды, макропараметрлердің тәуелділік графиктерін дұрыс тұрғызады.

тудырады.

























Идеал газ күйінің
теңдеуін қолданады

Идеал газ күйінің теңдеуін қолдану және зат мөлшерін анықтау қиындық тудырады.


Идеал газ күйінің теңдеуін қолданады, бірақ зат мөлшерін анықтауда қателеседі.


Идеал газ күйінің теңдеуін қолданады және зат мөлшерін дұрыс анықтайды.


Термодинамика заңдарын түсіндіреді

Термодинамика заңдарын
түсіндіреді, бірақ жылу берілуді сипаттау және дәлелдемелер жасау қиындық тудырады.

Термодинамика заңдарын түсіндіреді, жылу берілуді сипаттауда/ жауабына дәлелдеме келтіруде қателеседі.


Т ермодинамика заңдарын түсіндіреді, жылу берілуді сипаттайды және жауабын дәлелдемелер арқылы нақтылайды.

Жылу қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін сипаттайды

Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін сипаттау, ПӘК-ті анықтау формуласын қолдану қиындық тудырады.


Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін сипаттауда/ ПӘК-ті анықтау формуласын қолдануда/ дұрыс жауап алуда қателеседі.


Жылу қозғалтқыштарының жұмыс істеу принципін сипаттайды, ПӘК-ті анықтау формуласын қолданады және дұрыс жауап алады.


23

«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары 10.2.4.1 - ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
10.2.4.2 - сұйықтың беттiк керiлу құбылысының табиғатын түсіну және қылтүтіктік құбылыстардың өмірдегі маңызы

Бағалау критерийі Білім алушы


  • Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды

  • Сұйықтың беттік керілуін және қылтүтіктік құбылысын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейлері
Орындау уақыты 20 минут

Тапсырмалар


  1. Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Салыстырмалы ылғалдылық деген не?

    2. Бу тығыздығы температура мен атмосфералық қысымға қалай тәуелді? (c)Метеорологияда салыстырмалы ылғалдылықты қалай анықтайды?



  1. Психрометрдің құрғақ термометрі 20ºС-ты көрсетіп тұр, бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық 58 %.

    1. Абсолюттік ылғалдылықты анықтаңыз.

    2. Психрометрдің дымқыл термометрі нені көрсетеді?

    3. Шық түсу үшін максималды температура қандай болуы керек?



  1. Қандай энергия есебінен сұйық қылтүтікте көтеріледі? Сұйықтың қылтүтікте көтерілу биіктігі оның диаметріне қалай тәуелді?



  1. Еденге төгілген суды қандай шүберекпен сүрткен дұрыс – құрғақ па, әлде дымқыл ма? Жауабыңызды дәлелдеңіз.



Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайды




1

салыстырмалы ылғалдылыққа анықтама береді;

1

бу тығыздығының температура мен атмосфералық қысымға тәуелділігін түсіндіреді;

1

салыстырмалы ылғалдылықтың қалай
анықталатынын түсіндіреді;

1

2

абсолюттік ылғалдылықты анықтайды;

1

дымқыл термометрдің көрсетуін табады;

1

шықтың түсу температурасын анықтайды;

1

Сұйықтың
керілуін
қылтүтіктік құбылысын
түсіндіреді

беттік және

3

сұйықтың көтерілуі себебін түсіндіреді;

1

сұйықтың көтерілу биіктігінің диаметрге тәуелділігін түсіндіреді;

1

4

сұраққа жауап береді;

1

өз жауабын дәлелдейді.

1

Жалпы балл










10



«Сұйық және қатты денелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні _________________________________________






жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау