Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».
1. Еркін түскен дененің 0,5 с-та жүрген жолы (g = 10 м/с2)
A) 1 м
B) 1,5 м
C) 0,3 м
D) 0,7 м
E) 1,25 м
|
2. Дененің тербеліс жиілігі 5 Гц. Оның тербелу периоды
A) 0,5 с
B) 2 с
C) 0,2 с
D) 5 с
E) 0,1 с
|
3. Күш моментінің ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі
A) Н/кг
B) Н/м
C) Н/Дж
D) Нм
E) Па
|
4. Иінтірек күштен 4 есе ұтыс береді. Осы иінтірек ара қашықтықта
A) 4 есе ұтылыс береді.
B) ұтыс та, ұтылыс да бермейді.
C) 2 есе ұтыс береді.
D) 4 есе ұтыс береді.
E) ұтыс пен ұтылыс қозғалыс жылдамдығына тәуелді.
|
5. 5 секундта дене 100 тербеліс жасайды. Дененің тербеліс жиілігі
A) 0,2 Гц
B) 2 Гц.
C) 5 Гц.
D) 20 Гц.
E) 10 Гц.
|
6. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларына жатпайтыны
A) молекулалар бей-берекет қозғалады.
B) зат атомдар мен молекулалардан тұрады.
C) молекулалар ретсіз қозғалыста болады.
D) молекулалардың массасы мен өлшемдері аз болады.
E) молекулалар бір-бірімен әрекеттеседі.
|
7. Толық жану кезінде 500 г бензиннен бөлінетін жылу мөлшері
(q = 4,6107Дж/кг)
A) 46000 кДж.
B) 2000 кДж.
C) 56000 кДж.
D) 23000 кДж.
E) 8000 кДж.
|
8. Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың бағытталған қозғалысы ... деп аталады
A) магниттік өрісі
B) электрленуі
C) электр тогы
D) ток көзі
E) электромагниттік индукция құбылысы
|
9. Екі нүктелік зарядтың ара қашықтығын 3 есе кеміткенде, кулондық әсерлесу күші өзгереді
A) 2 есе кемиді.
B) 9 есе кемиді.
C) 8 есе кемиді.
D) 9 есе артады.
E) 2 есе артады.
|
10. Оқушыға ауадан үшбұрышты шыны призманың бетіне перпендикуляр түскен жарықтың түсу жолын салу тапсырылды. Ол салу кезінде
A) ауадан шыныға өткен кезде қателесті
B) екі ортаны бөлетін шекараның түсу жолын салуда қателесті
C) шыныдан ауаға өткен кездегі түсу жолын салуда қателесті
D) түскен сәулені кескіндеуде қателесті
E) екі ортадағы шекараның түсу жолын дұрыс салды
|
11. Тоқты шоқжұлдызының таңбасымен белгіленетін аспан сферасының нүктесі – ол
A) планеталар шеруі нүктесі
B) жазғы күн тоқырау нүктесі
C) күзгі күн мен түн теңелу нүктесі
D) қысқы күн тоқырау нүктесі
E) көктемгі күн мен түн теңелу нүктесі
|
12. Ұзындығын 2 есе азайтқан электр пешінің сымы бөліп шығаратын жылу мөлшері
A) 2 есе артады
B) өзгермейді
C) 4 есе артады
D) 2 есе кемиді
E) 4 есе кемиді
|
13. Платинадан жасалған пластинканы сынапқа, ал мұз кесегін суға батырғанда жүзу шарттары
(ρп=21 600 кг/м3, ρс=13600кг/м3 , ρМ=900 кг/м3 , ρсу=1000 кг/м3 )
A) әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін.
B) платина пластинка сынапта, мұз кесегі суда қалқып жүзеді.
C) платина пластинка сынапта қалқып жүзеді, мұз кесегі суда батады.
D) платина пластинка сынапта, мұз кесегі суда батады.
E) платина пластинка сынапта батады, мұз кесегі суда қалқып жүзеді.
|
14. Массасы 10 кг арбаша 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Массасы 40 кг бала 3 м/с жылдамдықпен қарама-қарсы жүгіріп келіп, оған секіріп мінеді. Бала мен арбашаның жылдамдығының модулі
A) 1 м/с
B) 3 м/с
C) 4,5 м/с
D) 1,5 м/с
E) 2 м/с
|
15. Тегіс горизонталь жолда 10 м/с жылдамдықпен келе жатқан автомобиль қозғалтқышты өшіргеннен кейін 150 м жол жүріп тоқтайды. Үйкеліс коэффициенті (g = 10 м/с2)
A) ≈ 0,023
B) ≈ 0,033
C) ≈ 0,34
D) ≈ 0,043
E) ≈ 0,33
|
16. Қайнау температурасында алынған 0,5 кг аммиакты буға айналдыру үшін қажет жылу мөлшері (r = 1,4 · 105)
A) 520 кДж.
B) 460 кДж.
C) 80 кДж.
D) 70 кДж.
E) 1200 кДж.
|
17. Күш сызықтарында бір-бірінен 6 см қашықтықта жатқан нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы 60 В-қа тең. Егер өріс біртекті болса, онда электр өрістің кернеулігі
A) 60 В/м
B) 1000 В/м
C) 10 В/м
D) 360 В/м
E) 3600 В/м
|
18. Вертикаль қойылған айнаның алдында қыз тұр. Егер ол айнадан 1 м алыстаса, қыз бен кескіннің ара қашықтығы
A) 2 м кемиді
B) 2 м артады
C) өзгермейді
D) 1 м артады
E) 1 м кемиді
|
19. Шана таудан ... күштің әсерінен сырғанайды, ал сырғанап түскен
шананың тоқтауына әсер ететін күш ...
A) серпімділік, үйкеліс
B) ауырлық, серпімділік
C) ауырлық, үйкеліс
D) үйкеліс, серпімділік
E) сыртқы, серпімділік
|
20. Ыстық шай мен салқын газдалған судың молекулалары
A) бірдей емес, салқын газды судың молекулалары ыстық шайдың молекулаларына қарағанда көп
B) молекулалары және қозғалыс жылдамдықтары әртүрлі
C) бірдей емес, ыстық шайдағы молекулалар салқын газды судағы молекулаларға қарағанда көп
D) бірдей, тек қозғалыс жылдамдықтарымен ерекшеленеді
E) молекулалары және қозғалыс жылдамдықтары бірдей
|
21. Гидравликалық престің кіші поршені 500 Н күштің әсерінен 15 см-ге төмен түсті. Бұл жағдайда үлкен поршеньге 15000 Н күш әсер етті. Үлкен поршеннің көтерілу биіктігі
A) 0,5 см
B) 50 см
C) 10 см
D) 20 см
E) 5 см
|
22. 23 МДж пайдалы жұмыс өндіру үшін 2 кг бензин жұмсалды. Осы машинаның қозғалтқышының ПӘК-і (qб = 4,6 · 107 )
A) 30 %.
B) 40 %.
C) 45 %.
D) 25 %.
E) 35 %.
|