Жердің магнит өрісі экваторда горизонталь, магниттік полюстерде вертикаль бағытталады, ал қалған барлық нүктелерде қандай да бір бұрыш жасай бағытталады. Жердің магнит өрісінің кернеулігінің горизонталь жазықтыққа проекциясын жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысы деп атайды. Осы құраушының бағыты магниттік меридианның бағытын көрсетеді. Ал осы құраушы арқылы өтетін вертикаль жазықтық магниттік меридиан жазықтығы делінеді.
Жердің магнит өрісінің бағыты мен горизонталь жазықтық арасындағы бұрыш еңкею бұрышы, ал географиялық және магниттік меридиан арасындағы бұрыш магниттік бұрылу бұрышы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |