4.6. 4 БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Магнит өрісі және магнит өрісінің индукциясы деген не?
2. Ампер заңының анықтамасын және өрнегін жазыңыз.
3. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әсер етуші күштің бағыты қалай анықталады?
4. Аналитикалық таразының көмегімен өлшеу әдісін түсіндір.
4.7 ЖЕРДІҢ МАГНИТ ӨРІСІНІҢ КЕРНЕУЛІГІНІҢ ГОРИЗОНТАЛЬ ҚҰРАУШЫСЫН АНЫҚТАУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: ток көзі, тангенс-гальванометр,
миллиамперметр, реостат, кілт
4.7.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Жерді үлкен магнит деп қарастыруға болады. Оның полюстері географиялық полюстердің жанында жатады: солтүстік географиялық полюстің жанында оңтүстік полюс , ал оңтүстік географиялық полюс жанында магниттік солтүстік полюс орналасады (4.7.1-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |