Идеал газ үшін және жылу сиымдылықтарды теория жүзінде есептеуге болады. Газдардың молекула-кинетикалық тұрғысынан алып қарағанда, молекулалардың толық ретсіз соқтығысуы ішкі энергияның молекулалардың барлық еркіндік дәрежесі арасында біркелкі бөлінуіне әкеп соғады. Молекуланың еркіндік дәрежесінің саны деп оның қозғалысының берілген түрінің тәуелсіз құраушылар санын айтады.
Жүйені қыздыру кезінде молекулалардың алған энергиясы да еркіндік дәрежелер арасында біркелкі таралуға тиісті. Газдардың бір молінің ілгерлемелі қозғалысының энергиясы және ілгерлемелі қозғалыстың үш еркіндік дәрежесі болғандықтан (ілгерлемелі қозғалысты үш координата өстері бойынша, үш тәуелсіз құраушыға жіктеуге болады) әрбір еркіндік дәрежеге тең энергия келеді және жылу сиымдылық мына қатынаспен анықталады
Достарыңызбен бөлісу: |