Жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйде болғанда қозған күйдегі атомдар саны төменгі күйдегі атомдар санынан аз болады, яғни . Сондықтан тепе-теңдік күйлерде жұтылулар сәулеленуден көбірек болады. Бірақ та, жүйенің тепе-тең емес күйін тудыратын орталар болуы мүмкін. Ол кезде қозған күйдегі атомдар саны негізгі күйдегі атомдар санынан жеткілікті дәрежеде көп болады, яғни . Осындай күйлерді инверсті күйлер деп атайды. Мұндай күйлерде энергетикалық деңгейлердегі атомдар концентрациясы жоғары деңгейде төменгі деңгейге қарағанда көп болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |