Физика және математика кафедрасы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет11/25
Дата14.11.2018
өлшемі1,66 Mb.
#19914
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25

Ынтымақтастық  педагогикасының  негізгі  мақсаты  -  талап  ету  педагогикасынан 

қарым-қатынас  педагогикасына  көшу,  балаға  ізгілік  тұрғысьнан  қарау,  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  ажырамас  бірлігі.Ынтымақгастық  педагогикасының  ерекшелігі  - 

мұғалім-оқушы,  оқушы-мұғалім,  оқушы-оқушы,  оқушы  да  субъект,  мұғалім  де 

субъект. 

Оқушының  жеке  басына  ізгілік  қарым-қатынас,  ал  оқушы  мен  мұғалімнің 

арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас. 

Білім  беруді  ізгілендіру  технологиясының  негізін  қалаған  Ш.А.Амонашвили.  Білім 

беруді  ізгілендіру  технологиясының  мақсаты  -  баланы  азамат  етіп  тәрбиелеу,  баланың 

танымдық  күшін  қалыптастыру  және  дамыту,  баланың  жаны  мен  жүрегіне  жылылық 

ұялату. 

Проблемалы  оқыту  технологиясының  негізгі  мақсаты  -  оқушыны  өз  бетімен 

ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.  

Проблемалы  оқыту  технологиясының  ерекшелігі  де  оқушының  белсенділігін 

арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге жеткізу.  

Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана  қоймайды, 

білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді.Тірек белгілері арқылы 

оқыту  технологиясының  негізін  қалаған  В.Ф.Шаталов  тірек  белгілері  арқылы  оқыту 

технологиясының  мынадай  мақсаттарын  -  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру;  барлық 

баланы оқыту; оқытуды жеделдету. 

Тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының  ерекшеліктері  -  үнемі  қайталау, 

міндетті  кезеңдік  бақылау,  жоғары  деңгейдегі  қиыншылық,  ірі  блокпен  оқыту,  тіректі 

қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. 

 Әр  оқушының  жобасының  жариялылығы  түзетуге,  өсуге,  табысқа  жетуге  жағдай 

жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 

Түсіндіре  басқарып  оза  отырып  оқыту  технологиясының  авторы  жаңашыл 

мұғалімдердің бірі С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты - барлық баланы 

табысты  оқыту.  Түсіндіре  басқарып  оза  отырып  оқыту  технологиясы  төмендегідей 

ерекшеліктерімен сипатталады: 

- оқыту материалдарының бірізділігі, жүйелілігі; 

- саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы; 

-  бағдарламаның,  кейбір  тақырыптардың  қиыншылығын  жеңу,  қиын  тақырыптарды 

біртіндете оңайлату әдісін - оза оқыту әдісін қолдану; 

-  сабақты  пысықтауға  әуелі  озаттар,  сосын орташалар,  ең  соңында  нашар оқушылар 

қатыстырылады; 

- бірте-бірте толық дербестілікке өту; 

-  сыныпта  қалыпты  жағдай  қалыптастыру;  түсінетін,  өзара  көмек,  ынтымақтастық 

қарым-қатынас; 

- оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазғырмау; 

-  үй  тапсырмасы  тек  әр  оқушының  мүмкіндігіне  қарай  (әркім  өзі  орындай  алатын 

жағдайда ғана) беріледі; 



- білім, білік, дағдыны дамыта меңгеру; 

- түсіндіруді қабылдау. 

Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  негізіне  әр  оқушыны  оның  қабілеті 

мен  мүмкіндік  деңгейіне  қарап  оқыту  мен  оқытуды  оқушылардың  әртүрлі  топтардың 

ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау жатады. 

 Деңгейлік  саралап  оқыту  технологиясының  ерекшеліктерін  атап  айтар  болсақ, 

күштілер өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі де, ал әлсіздер өзін-өзі 

сьнап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады; әлсіз топтарда оқуға деген 

ынта артады; білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында аздап жеңілдейді. 

Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту технологиясы мынадай 

ерекшеліктерімен  -  білімнің  базалық  деңгейінің  барлық  оқушылар  үшін  міндеттілігі, 

оқушыларға  берілген  тапсырманың  саралануы,  тапсырма  оқушының  күші  жететіндей 

және  қолайлы  болуы  шарт,  білімнің  базалық  деңгейі  оқытудың  жаңа  технологиясының 

механизмі  ретінде  оқушының  бірте-бірте  өрістей  дамуына  мүмкіншілік  жасау  тиіс, 

оқушыға  оқу  деңгейін  таңдауға  ерік  беру,  оқушы  өз  мүмкіндігіне  орай  тек  міндетті 

деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен сипатталады. 

Модельдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген оның мақсаты - оқушының 

өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін  дамыту,  оқу  материалын  өңдеудің  жекелеген 

тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету. 

Модельдік  оқытудың  өзегі  -  оқу  моделі.  Оқу  моделі  -  ақпараттардың  аяқталған 

блогынан, бағдарламаны іскер мұғалімнің нұсқауларынан, оқушы іс-әрекетінің мақсатты 

бағдарламасынан тұрады. 

      Модульдік  оқыту  -  білім  мазмұны,  білімді  игеру  қарқыны,  өз  бетінше  жұмыс  істей 

алу  мүмкіндігі,  оқудың  әдісі  мен  тәсілдері  бойынша  оқытудың  дербестігін  қамтамасыз 

етеді. 

Қазіргі таңдағы педагогика ғьлымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына 



бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.  

Ал  жаңа  педагогикалық  технологиялар  білімнің  басымды  мақсаттарымен 

біріктірілген  пәндер  мен  әдістемелердің,  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  өзара 

ортақ  тұжырымдамасымен  байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  формалары  мен 

әдістерінің күрделі және ашық

 

жүйелері жиынтығын қорғайды. 



Оқыту  технологиясын  жетілдірудің  педагогикалық  бағыты  негізгі  ой-тұжырымдары 

бұрынғы  меңгергендерді  пайдалана  отырып,  ақыл-ойды  дамытатын  оқуға  көшу, 

оқушыға  орташа  деңгейде  білім  беретін  бағдарламадан  жекелеп,  саралап  оқыту 

бағдарламасына өту болып табылады. 

Жаңа  технологияның принциптері  -  оқытуды  ізгілендіру,  өздігінен  дамитын,  дұрыс 

шешім  қабылдай  алатын,  өзін-өзі  жетілдіріп  тәрбиелеуші  тұлға  қалыптастыру  болып 

табылады. 

Мұғалімдердің 

оқыту 

технологияларын 



меңгеруде 

педагогикалық 

кеңестер, 

әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, шығармашылық іс-әрекеттері 

пайдаланылады. 

Оқытудың жаңа технологиялары мұғалімнің алдына төмендегідей міндеттерді қояды: 




жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау