Физика және математика кафедрасы



жүктеу 1,66 Mb.
Pdf просмотр
бет10/25
Дата14.11.2018
өлшемі1,66 Mb.
#19914
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Кез-келген  елдің  экономикалық  қуат,  халқының  өмір  сүру  деңгейінің 

жоғарылығы, 

дүниежүзілік 

қауымдастықтағы 

орны 

мен 


салмағы 

сол 


елдің 

технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.  

Жалпы  қоғам  дамуы  мен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалығы  осы  елдегі  білім 

беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп 

тіреледі.  

Экономикалық  жағынан  дамыған  елдердің  тәжірибесі  экономика,  ғылым  мен 

мәдениеттің  қарқынды  дамуының  негізгі  кілті  екендігін  көрсетіп  отыр,  ендеше  қазіргі 

заманның ақпараттық технологиясын меңгеру міндетіміз. 

Оқыту  технологиясы  -  бұл  оқытудың  тиіміділігін  арттыру  мақсаты  мен  білім  беру 

үрдісін  зерттеу  негізінде  оқу  үрдісін  жүзеге  асыру  және  бағалау,  бағдарламалаудың 

жүйелі тәсілі. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген.  

1960  жылдарда  шетел  зерттеушілері  «педагогикалық  технология»  терминін  енгізді. 

«Педагогикалық  технология»  дегеніміз  -  тәжірибеде  жүзеге  асырылатын  белгілі-бір 

педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға  сай  қолданылатын  әдіс-

тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. 

Педагогикалық  технология  -  оқыту  үрдісін  жобалау,  ұйымдастыру  формасымен 

анықталады. 

 Педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  -  қойылған  мақсатқа  жету 

мүмкіндігіне  кепілдік  беретін  оқыту  үрдісін  құрастыру  және  оны  жүзеге  асыру. 

Оқытылатын  пән  мазмұны,  мұғалім  мен  оқушының  өзара  байланыс  іс-әрекеті, 

оқушының  ішкі  даму  үрдісі  негізінде  анықталған  нақты  мақсат  қана  педагогикалық 

технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 

Қазақстанның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  барысында  орта  білім 

берудің  жүйелі  реформалану  қоғамдық  тұрғыдан  үлкен  маңызға  ие.  Білім  беруді 

реформалауды  жүзеге  асырудың  және  бір  маңызды  сипаты  қазіргі  уақыттағы  оқыту 

үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.  

Осыған  орай,  соңғы  кезде  оқытудың  әр  түрлі  педагогикалық  технологиялары 

жасальнып,  мектеп  өміріне  енгізілуде.  Олар:  С.Н.Лысенкова  алдына  ала  оқьггу, 

Шаталовтың  интенсивті  оқыту  (тірек  сигналдарын  пайдалану  арқылы),  Эрдниевтің  ірі 

блоктан оқыту, мәселелік оқытудың белсенді әдісі, т.б. 

Ал  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясымен  В.М.  Монаховтың, 

Дьяченконың  оқытудың  ұжымдық  тәсілі  сондай-ақ,  профессор  Ж.Қараевтың  окытуды 

дербестендіру  мен  ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық 

компьютерлік технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қолданып жүр. 

Мектептерде  жүргізіліп  жатқан  қазіргі  тәжірибелік-сынақ  жұмыстардың  басты 

міндеті  жаңаша  оқытудың  педагогикалық  технологиясын  оқыту  үрдісіне  енгізу  болъп 

табылады. 

 Мәселен,  Л.В.Занков,  Д.Б.Эльконин,  В.В.Давыдовтың  бірлесе  жасаған  «Дамыта 

оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты мынадай ұстанымдардан құралады:  

  Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту. 

  Теориялық білімнің жетекші рөлі. 

  Оқу материалын жеделдете оқыту. 




  Оқу үрдісін оқушының сезінуі. 

  Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу 

Л.В.Занковтың  оқыту  жүйесінде  оқушы  өзін  емін-еркін  сезінеді,  оның  әлеуметтік 

мүмкіндігі  мен  дербестігінің  дамуына  жағдай  жасалады.  Осы  жүйеде  оқушы  мен 

мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынастың іргесі қаланады.  

Мұғалім 


түсіндіруші, 

оқыту 


тұрғысында 

емес, 


оқушының 

оқу 


әрекетін 

ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді. 

Д.Б.Элъконин  мен  В.В.Давыдовтың  зерттеулері  оқу  әрекеті  және  оның  субъектісін 

қалыптастыруға  бағытталған.  Оның  құрылымы  төмендегідей:  оқу-танымдық  мотивтер, 

оқу тапсырмалары, оқу амалдары, оқу операциялары. 

Педагогика ғылымында  баланы оқыту  мен  тәрбиелеудің  міндеті  жан-жақты  дамыған 

жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа  технология  бойынша  әдістемелік 

жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.  

Сондықтан,  танымдық  іс-әрекеті  белгілі-бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.  Бұл 

әдістемелік  жүйенің  басқа  бөліктерінің  де  (мазмұны,  әдіс,  оқыту  түрі  мен 

құралдарының)  өзара  байланысы  қалпында  өзгертілуін  талап  етіп,  орындалуы  үшін 

төмендегі ұстанымдар жүзеге асыруы тиіс: 

Оқушылардың  өзіндік  ізденіс  іс-әрекеттерінің  әдістерін  меңгеру  талап  етіледі. 

Өйткені  бұл  әдістердің  күнделікті  пайдаланылып  жүрген  оқыту  әдістерінен 

айырмашылық  бар.  Яғни,  жаңа  жағдайдағы  «Оқыту  әдістемесі»  деп  отырғанымыз 

«оқушы - мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы.  

Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы 

белсенділігіне  баса  назар  аударылады.  Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері:  оқытудың 

дербес және топтық түрлері болып табылады. 

Бұл  жерде  алға  қойылатын  басты  мақсат  -  оқушыға  деген  сенім,  оның  өз  ісіне 

жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың 

фронталды  түрі,  көбінесе,  бағыт  беру,  талқылау  және  түзету  енгізуде  ғана 

пайдаланылады.  

Жаңа  технологияның  мақсаты  бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Бұл  үшін  оқу 

құралдары оқушының өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. 

Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және 

шығармашылық 

қабілетін 

арттыруға, 

қажетті 


іскерліктері 

мен 


дағдыларын 

қалыптастыруға  және  өзін-өзі  дамытуда  қолайлы  жағдай  жасауға  қажетті  объективті 

әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. 

Қазіргі  кезеңде  қолданылып  жүрген  жаңа  педагогикалық  технологияның  негізіне 

жататындар  -  әрбір  оқушының  жеке  және  дара  ерекшеліктерін  ескеру;  оқушылардың 

қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушлардың өз бетішпе жұмыс істеу, іздену 

дағдыларын қалыптастыру. 

Жаңа  педагогикалық  технология  :  ынтымақтастық  педагогикасы,  білім  беруді 

ізгілендіру  технологиясы,  проблемалы  оқыту  технологиясы,  тірек  сигналдары  арқылы 

оқыту технологиясы, түсіндіру басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту 

технологиясы,  міндетті  нәтижеге  негізделген  деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы, 

модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы. 




жүктеу 1,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау