Физика жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы



жүктеу 255,6 Kb.
Дата29.01.2018
өлшемі255,6 Kb.
#8044
түріБағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ




ФИЗИКА
Жалпы орта білім беру деңгейінің

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

10-11-сыныптарына арналған

оқу бағдарламасы

Астана

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.




Физика: Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013. – 16 б.


© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына

93- қосымша




Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-11 сыныптары үшін «Физика»

пәнінен типтік оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат


  1. «Физика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Физика өзінің мазмұны мен ғылыми зерттеу әдістері бойынша оқушыларға білім және тәрбие берудің құралдарының бірі болып табылады, олардың ойлау қабілетін, логикалық ой-өрісін дамытуға, ерік-жігері мен мінез-құлқын тәрбиелеуге ықпал етеді.

3.Бүгінгі мектептегі оқу пәні ретіндегі «Физика» білім алушылардың шығармашылық, коммуникативтік қабiлетін, абстрактiлi-теориялық және практикалық ойлауын, сыни ойлай алу және талдай алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғыза отырып, ғылыми ойлау типін қалыптастыруға бағытталған.

4. Физикалық білім биосферанын болашағына жауапты саналы және жоғары рухани тіршілік иесі әрі табиғаттың ажырамас бөлігі ретіндегі адамзаттың әлемдегі орнын саналы түрде түсінуге ықпал етеді.

5. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11сынып физика курсын оқытудың мақсаты – оқушылардың дүниеге диалектикалық материалистік көзқарасын қалыптастыру..

6. Бұл мақсатқа жету келесі міндеттерді жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі:


  1. әлемнің бiртұтас физикалық бейнесін қалыптастыру, физикалық құбылыстарды әр қырынан және әр түрлі жағдайда қарастыра алу білігін дамыту:

  2. физикалық жүйелерді бөліп көрсете алу және олардың арасындағы байланысты орнықтыра алу;

физикалық құбылыс немесе пән туралы білімін салыстыра алу және дұрыстығын анықтай алу дағдысын қалыптастыру;

  1. физикалық құбылысты танып-білудің теориялық және эксперименттік әдісін пайдалана алу, физиканың заңдарын практикада қолдану;

әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептер мен қатар, мазмұнды физиканың есептерін шығару дағдысын дамыту;

  1. табиғаттың заңдарын тану мүмкiндiгiне сену және физиканың жетiстiгін адами өркениеттiң даму игiлiгіне пайдалану, жаратылыстану ғылымының мазмұнына қатысты мәселелерді талқыланған кезде оппоненттiң пiкiрiне құрметпен қарауға және бірлесіп есеп шығару үдерісінде ынтымақтастыққа:

қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілік сезіміне, жаратылыстану ғылымының жетiстiктерін пайдалануды моральдық-этикалық бағалай алуға дайын болуға, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

7. 10-11 сыныптарына арналған арналған «Физика» пәнінің білім мазмұны іргелілік, жүйелілік, біртұтастық, мәдени үйлесімділік, түсініктілік, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып алынған.

8. 10-11 сыныптарына арналған «Физика» оқу пәнінің бағдарламасы ана тілі және әдебиетпен, математикамен, химиямен, биологиямен, географиямен, информатикамен және технологиямен пәнаралық байланысты ескереді.

1) ана тілі (қазақ, орыс):

тіл лексикасы;

ауызша және жазбаша коммуникация (әңгіме, эссе, шығарма, реферат, шығармашылық жоба);

коммуникативті мәдениет;

физиканың негізгі терминологиясын білу, физикалық терминдерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту;

2) алгебра:

гармониялық тербелістер;

тригонометриялық функциялар;

туынды және оны қолдану.

3) геометрия:

түзудің, жазықтықтың теңдеуі;

нормаль векторы

4) химия:

заттың атомдық-молекулалық құрылысы;

Менделеев элементтерінің периодтық жүйесі;

атомның құрылысы, изотоптар;

5) биология:

заттардың айналуы және биосферадағы энергия ағыны;

ультракүлгін және инфрақызыл, рентген сәулелерінің өсімдік және тірі оргнизмдерге әсері.

6) информатика:

ақпараттық процестер;

компьютердің аппараттық және програмалық құралдары;

электрондық кесте, графиктік редактор ортасында модельдеу;

белгілі бір тапсырманы орындаудың алгоритмін құру;

«Интернет» желісіндегі жұмыс: браузердің және іздеу программаларының көмегімен ақпаратты іздеу және оны қарау;

электронды тасымалдаушыда мәліметті сақтау;

электрондық почтамен хабарлама жіберу;

слайдтар құрастыру.

9. Оқыту нәтижелері оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптарда көрсетілген және ол оқытудың қорытынды нәтижелерінің жүйесін береді. Оған жету оқушының негізгі мектеп курсы бойынша оң нәтижелі аттестациясының міндетті шарты болып табылады.

10. «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:



  1. 10 сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты,

  2. 11 сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты құрайды.



    1. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны

11. «Механика » бөлімі.

1) « Кинематика (8 сағ)» :

1-1) механикалық қозғалыс;

қозғалыстың салыстырмалылығы;

кинематиканың негiзгi түсiнiктерi мен теңдеулерi;

көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененiң қозғалысы;

көкжиекке лақтырылған дененiң қозғалысы;

шеңбер бойымен қозғалысың сипаттамасы;

1-2) көрсетілімдер:

санақ жүйесiн модельдеу;

траекторияның таңдап алынған санақ жүйесiне байланыстылығы;

механикалық қозғалыстың түрлерi;

1-3) лабораториялық жұмыс:

дененің ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігі;


  1. «Динамика (11 сағ)»:;

2-1) Ньютон заңы;

Кеплер заңдары;

бүкіләлемдік тартылыс заңы;

импульстің сақталу заңы;

энергияның сақталу және айналу заңы;

қатты дененің айналмалы қозғалысы;

айналмалы қозғалысты сипаттайтын кинематикалық және динамикалық шамалар;

айналмалы қозғалыс үшін ньютонның екінші заңы;

гироскоп;

статика элементі;

2-2) көрсетілімдер:

денелердiң инерция бойынша қозғалысы;

денелердiң инерттiлiгi;

өзара әрекеттесу кезiнде денелердiң үдеулерiнiң олардың массаларына тәуелдiлiгi;

салмақсыздық;

реактивтi қозғалыс;

зымыранның моделi;

ньютонның екiншi заңы;

ньютонның үшiншi заңы;

импульстiң сақталу заңы;

энергияның сақталу заңы;

денелер тепе-теңдiгiнiң түрлерi;



маятник, серiппелi маятник;

ерiксiз тербелiстер, резонанс;

гироскоп


2-3) лабораториялық жұмыстар (таңдауы бойынша 3 жұмыс 1 сағаттан)

ауырлық және серпiмдiлiк күштерiнiң әрекетінен туындайтын денелердiң шеңбер бойымен қозғалысын зерделеу;

еркiн түсу үдеуiн анықтау;

ньютонның екінші заңын эксперименттік тексеру;



көлбеу жазықтықтың ПӘК-ң көлбеулік бұрышына тәуелділігі;

үйкеліс коэффициентін ()әр түрлі тәсілдермен анықтау;

шардың инерция моментiнiң анықтауы;

дененің кинетикалық энергиясының өзгерісі кезіндегі серпімділік күштерінің жұмысын салыстыру;

шарлардың серпімді соқтығысуы кезіндегі импульстің сақталу заңын зерделеу

3) «Сұйықтар мен газдардың қозғалысы (3сағ)»:;

3-1) Бернулли теңдеуi;

тұтқыр сұйық;

денелердi сұйықтардың қапталдай ағуы;

қанаттың көтеруші күшi;

3-2) практикалық жұмыстар

эксперименттік есептер шығару;

нүктенің қозғалысын компьютерлік модельдеу.

12.«Молекулалық физика» бөлімі:

1) молекулалық-кинетикалық теория негiздерi (5 сағ);

1-1) молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi қағидалары және оның тәжiрибелiк дәлелдемелерi;

молекулалардың өзара әрекеттесу күшi;

термодинамикалық тепе-теңдік;

температура зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі ретінде;

идеал газ;

молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi теңдеуi;



1-2) көрсетілімдер:

жылулық қозғалыстың моделi;

броундық қозғалыстың моделi;

Штерн тәжiрибесiнiң моделi;

1-3) лабораториялық жұмыстар:

газдың қысымын әр түрлі тәсілдермен анықтау;

2) «Газ заңдары (7 сағ)»:

2-1) идеал газ күйінің теңдеуі;

изопроцестер;

Бойль-Мариот, Гей-Люссак, Шарль, Дальтон заңдары;

газдарды техникада қолдану;


  1. «Термодинамика негiздерi (9 сағ)»:

3-1) газдың ішкi энергиясы;

iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi;

термодинамиканың бiрiншi заңы;

термодинамикадағы жұмыс;

термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану; адиабаттық процесс;

циклді процес;

Карно циклі;

термодинамиканың екiншi заңы;

жылу қозғалтқыштары және қоршаған ортаны қорғау;

3-2) көрсетілімдер:

газ заңдары;

3-3) лабораториялық жұмыстар:

изопроцестердi зерделеу;

3-4) практикалық жұмыстар:

сапалық және мәтінді есептер шығару.

молекулалық физиканың заңын компьютерлік модельдеу.



  1. «Сұйық және қатты денелер (7 сағ)».

4-1) булану және қайнау;

қаныққан және қанықпаған бу;

заттың кризистiк күйi;

ауаның ылғалдылығы;

сұйықтың беткi қабатының қасиеттерi;

жұғу;


қылтүтіктік құбылыстар;

кристалл және аморф денелер;

қатты денелердің механикалық қасиеттері;

сублимация;

4-2) көрсетілімдер:

сұйықтардың қайнау температурасының тұрақтылығы;

судың төменгi қысымда қайнауы;

ауаның ылғалдылығын өлшеу;

кристалдар;

сұйықтардың беттiк керiлуі; сабын көпiршiктерi;

кристалл денелердiң балқуы және қатаюы;

4-3) лабораториялық жұмыстар: (таңдауы бойынша 1 жұмыс 1 сағаттан)

беттiк керiлу коэффициентiн әр түрлі тәсілдермен анықтау.

гигрометрдің және психрометрдің көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау.

созылу деформациясы кезіндегі серпімділік модулін анықтау.

13. « Электродинамика» бөлімі

1) электростатика (14 сағ);

1-1) электр және оның қасиеттері;

электр заряды;

зарядтың дискреттілігі;

элементар заряд;

зарядтың сақталу заңы;

кулон заңы - электростатиканың негізгі заңы;

электр өрiсi;

өрістің электр кернеулігі және потенциал;

суперпозиция принципі;

гаусс теоремасы;

біртекті электр өрісінде, нүктелік заряд өрісінде зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы;

эквипотенциал беттер;

потенциалдар айырымы;

электр өрiсiндегi өткiзгiштер;

электр өрiсiндегi диэлектриктер;

электрсыйымдылық;

конденсаторлар және олардың түрлері;

жазық конденсатордың электрсыйымдылығы;

конденсаторларды тізбектей және параллель қосу және олардың белгілері;

электр өрiсiнiң энергиясы;

1-2) көрсетілімдер

зарядталған денелердiң өзара әрекеттесуi;

электр зарядының сақталуы;

электр зарядының бөлiнгiштiгi;

зарядталған шарлардың электр өрiсi;

зарядталған конденсатордың энергиясы;

1-3) практикалық жұмыстар:

сапалық және мазмұндық, эксперименттік есептер шығару.

2) «Тұрақты электр тогы заңдары (16 сағ)»:

2-1) электр тогы; тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы;

толық тiзбек үшiн Ом заңы;

электр тiзбегiне өткiзгiштердi тiзбектей, параллель, аралас қосу және олардың белгілері;

тармақталған тізбек;

Кирхгоф ережелері;

токтың жұмысы мен қуаты;

пайдалы және толық қуат;

Джоуль-Ленц заңы;

ток көзінің ПӘК-і;

металдардағы электр тогы;

асқын өткiзгiштiк;

шала өткiзгiштердегi электр тогы;

электролит ерiтiндiлерiндегi және балқыламалардағы электр тогы; электролиз заңы;

газдардағы және вакуумдегi электр тогы;

плазма;

2-2)көрсетілімдер



толық тiзбек үшiн Ом заңы;

шала өткiзгiштердiң меншiктi және қоспалық өткiзгiштiгi;

электронды-сәулелік түтік, кинескоп;

электролиз;

тәуелсiз разряд;

төменгі қысымдағы газдардағы тәуелді разряд;

2-3) лабораториялық жұмыстар: (3 жұмыстан таңдауы бойынша 1 жұмыс)

өткiзгiштердi аралас қосуды зерделеу, омметрдің көмегімен кедергіні өлшеу;

ток көзінің ішкі кедергісін және ЭҚК-ін анықтау;

екі вольтметрдің көмегімен ЭҚК-ті анықтау;

2-4) практикалық жұмыстар:

электр тiзбектерiнiң құрастыруы бойынша виртуалды лабораториялық жұмыстар;

3) «Магнит өрiсi (8 сағ)»:

3-1) магниттік өзара әрекеттесу;

Эрстед, Ампер тәжірибелері;

магнит өрісінің күш сызықтары;

магнит индукциясының векторы;

түзу және дөңгелек токтың магнит өрiсi;

Ампер күші;

магнит өрісіндегі рама;

тұрақты токтың электрқозғалтқышы және электрогенераторы Лоренц күші;

магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы;

заттың магниттік қасиеттері;

магниттік өткізгіштік;

Аэмпер болжамы;

магнит өрісіндегі атом;

магнетиктер және олардың түрлері;

диа-, пара- және ферромагнетиктердің табиғаты;

ферромагнетиктер және олардың қасиеттері;

ферромагнетиктерді қолдану;

3-2) көрсетілімдер

тогы бар өткiзгiштердiң өзара әрекеттесуi;

түзу токтың, тогы бар катушканың (шарғының) магнит өрiстерi;

Эрстед тәжiрибесi;

электрондық сәуленiң магнит өрiсiнде ауытқуы;

тұрақты ток электр қозғалтқышының моделi;

3-3) лабораториялық жұмыстар:

жердің магнит өрісінің горизонталь құраушысын анықтау;



  1. «Электромагниттiк индукция (6 сағ)»:

4-1) электромагниттiк индукция құбылысы;

құйынды электр өрісі;

индкуция ЭҚК-і;

электромагниттiк индукция заңы;

Ленц заңы;

магнит ағыны;

магнит ағынының сақталу заңы;

Ленц ережесі;

Максвелл гипотезалары;

өздік индукция;

индуктивтік;

магнит өрісінің энергиясы;

4-2) көрсетілім:

электромагниттік индукция;

ығысу тогының магнит өрісі;

4-3 ) лабораториялық жұмыстар:

электромагниттiк индукцияны зерделеу;

14. Физикалық практикум (4 сағат)

15. Уақыт қоры (4 сағат).
3. Оқу пәнінің 11 –сыныптағы базалық білім мазмұны
16. «Электродинамика » бөлімі.

1) « Тербелмелi қозғалыс (13 сағ)»:

1-1) механикалық және электромагниттік қозғалыс;

механикалық және электромагниттi тербелiстердiң арасындағы ұқсастық;

тербелмелі қозғалысты математикалық сипаттау;

гармониялық тербелiстердiң графигі;

автотербелістер;

транзистордағы генератор;

айнымалы ток еріксіз электромагниттік толқындар ретінде;

электр желiсiндегi кернеу резонансы;

желідегі айнымалы токтың қуаты;

трансформатор;

айнымалы ток генераторы;

қазақстанда электр энергиясын жеткiзу және пайдалану;

1-2) көрсетілімдер

еркін механикалық және электромагниттік тербелістердің түрлері;

тербелмелі контурдағы төменгі жиіліктегі еркін электромагниттік тербелістер;

өшетін механикалық және электр тербелістері;

еріксіз тербелістер;

электр тербелістерінің резонансы;



электрокардиограммаларды көрсету;

айнымалы токтың осциллограммалары;

айнымалы ток тізбегіндегі кернеу резонансы;

трансформатор;

айнымалы ток генераторының құрылысы мен жұмыс iстеу принципi

1-3) лабораториялық жұмыс:



трансформатор орамдарының санын анықтау;

1-4) практикалық жұмыстар

эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару;

электромагниттік тербелістерді компьютерлік модельдеу;

тербелмелі контурдың әр түрлі параметрлері үшін электрлік тербелістер кезіндегі кернеудің және ток күшінің, электр және магнит энергиясының уақытқа тәуелділігін компьютерлік модельдеу



2) «Электромагниттiк толқындар және радиотехниканың физикалық негіздері (7 сағ)»:

2-1) электромагниттiк өріс;

құйынды электр өрісі;

электромагниттiк толқындар;

электромагниттiк толқындарды шығару;

Герц тәжiрибелерi;

электромагниттiк толқындар энергиясы;

электромагниттiк толқындардың қасиеттерi;

радиотелефон және теледидар байланыс принципі;

қазақстанда жаңа байланыс құралдарының дамуы;

сандық технология;

оптикалық-талшықтық коммуникациялық тораптар;

ұялы технологиялар және интернет;

электрмагниттiк толқындар шкаласы;

жоғары жиiлiктi электрмагниттiк толқындардың биологиялық әсерлері және олардан қорғану;

2-2) көрсетілімдер

электромагниттiк толқындарды шығару және қабылдау;

электромагниттiк толқындардың шағылуы мен сынуы;

электромагниттiк толқындардың интерференциясы және дифракциясы;

электромагниттiк толқындардың полярлануы;

радиобайланыс (жоғары жиіліктегі электромагниттiк толқындарды модуляциялау және детектрлеу);

детекторлы радиоқабылдағыш

2-3) практикалық жұмыстар

эксперименттік есептерді шығару;

электромагниттiк толқындарды компьютерлік модельдеу және олардың қасиеттерін зерделеу

3) «Жарық толқындары және оптикалық құралдар


(12 сағ)»:

3-1) жарық табиғаты;

жарықтың сыну және шағылу заңдары;

ферма принципі;

айналар: жазық және сфералық және олардағы сәулелердің жүрісі;

толық ішкі шағылу;

жазық параллель пластинадағы, призмадағы сәуле жолдары;

линза;


жұқа линза формуласы;

линзадағы сәуле жолдары;

линзада кескін алу;

жарықтың интерференциясы, дифракциясы, дисперциясы және полярлануы;

дифракциялық торлар, саңылаулар және поляроидтар;

оптикалық құралдар;

спектрлік аппараттар;

3-2) көрсетілімдер

жарықтың интерференциясы;

жарықтың дифракциясы;

жарықтың дисперсиясы;

жарықтың сынуы және шағылуы;

толық жарықтың шағылысуының құбылысы;

жарықтың полярлануы;

линза;

лупа;


фотоаппараттың, телескоптың жұмыс iстеу принципi;

айналар: жазық және сфералық айналардағы кескіндер;

спектроскоптың көмегімен бақылау

3-3) лабораториялық жұмыстар (3 сағ)

жарықтың интерференциясы мен дифракциясын бақылау;

дифракциялық тор көмегiмен жарық толқындарының ұзындығын өлшеу;

шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

3-4) практикалық жұмыстар

эксперименталдық және мазмұндық есептерді шығару;

компьютерлік модельдеу(жарықтың интерференциясы мен дифракциясы);

4) «Салыстырмалылықтың арнайы теориясының элементтері (4 сағ)»:

4-1) механикадағы салыстырмалылық принципi;

жарық жылдамдығының шектiлiгi;

Майкельсон мен Морли тәжiрибесi;

салыстырмалылық теориясының постулаттары;

жылдамдықтарды қосудың релятивтік заңы;

масса мен энергияның өзара байланыс заңы;

классикалық механика мен салыстырмалылықтың арнайы теориясының арасындағы байланыс;

4-2) практикалық жұмыстар

эксперименттік және мазмұндық есептерді шығару;

Майкельсон және Морли тәжірибесін компьютерлік моделдеу

17. «Кванттық физика» бөлімі



1) жарық қванттары (7 сағ);

жылулық сәулелену;

абсолют қара дененің сәуле шығаруы;

Планк формуласы;

фотоэффект;

фотоэффектінi қолданылу; фотон;

жарықтың қысымы;

жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелер;



жарықтың табиғатының корпускулалық-толқындық бiрлiгі;

рентгендік сәуле шығару;

компьютерлік томография;

1-2) көрсетілімдер:

фотоэффект;

фотоэлементтердің құрылысы мен жұмысы;

ультракүлгiн сәулелену кезiндегi әр түрлi заттардың люминесценциясы;

1-3) практикалық жұмыстар:

эксперименталдық есептерді шығару;

компьютерлік модельдеу (люминесценция, фотоэффект

2) «Атом физикасы (8 сағ)»:;

2-1) сызықтық спектрлер;

альфа-бөлшектердің шашырауы бойынша Резерфорд тәжiрибесi;

Бор постулаттары;

сутегіге ұқсас атомдарға Бор теориясы;

Бор моделi және сәйкестiк қағидасы;

Франк-Герц тәжiрибесi;

лазерлер;

голография;

сызықтық емес оптика туралы ұғым;

2-2) көрсетілімдер

тұтас және сызықтық спектрлерді бақылау;

лазер, лазерлiк сәулеленудiң когеренттiк қасиеттерi;

2-3) лабораториялық жұмыстар

сәуле шығарудың тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау;

3) «Атом ядросының физикасы (9 сағ)»:

3-1) атом ядросы;

ядроның нуклондық моделi;

ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы;

табиғи радиоактивтiк;

радиоактивтiк ыдырау заңы;

ядролық реакциялар;

жасанды радиоактивтiк;

ауыр ядролардың бөлiнуi;

тiзбектi ядролық реакциялар;

ядролық реактор;

ядролық энергетика;

термоядролық реакциялар;

радиоактивтi сәулелердiң биологиялық әсерi;

радиациядан қорғану;

3-2) көрсетілімдер:

Гейгер-Мюллер санауыштары;

Вильсон камерасы;

көпіршікті камера;

дозиметр;

3-3) лабораториялық жұмыстар

дайын фотосуреттер бойынша бөлшектердiң өзара әрекеттесуiн зерттеу

4) «Элементар бөлшектер (6 сағ)»:

4-1) ғарыштық сәулелер;

ядролық күштер;

элементар бөлшектер;

микродүниедегі сақталу заңдары;

4-2) практикалық жұмыстар:

радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу, ядролық реация моделі.

5) «Әлем (12 сағ)»:

5-1) жұлдызды аспан және жұлдыздарға қарап бағдар алудың негiзгi принциптерi;

жұлдыздар әлемi;

жұлдыздарға дейінгі қашықтық;

айнымалы жұлдыздар;

күн – жер байланысы;

планета жүйелерiнің жұлдыздары;

жер тобының планеталары;

алып-планеталар;

күн жүйесiнiң кiшi денелерi;

бiздiң галактика;

басқа галактикалардың ашылуы;

квазарлар;

үлкен жарылыс, әлем эволюциясының негiзгi кезеңдерi;

әлемнiң кеңеюі;

әлемнiң модельдерi;

әлемдегi тiршiлiк және сана;

ғарышты игеру және адамзаттың оны игеру болашағы;

5-2) көрсетілімдер

карталар мен атластарда жұлдызды аспанды бейнелеу;

модельдер мен жұлдыздық карталардағы күннiң жылдық қозғалысы;

динамикалық модельдердегi, жұлдыздық карталар мен кестелердегi планеталардың көзге көрiнерлiк және нақты қозғалыстары;

жердегi және ғарыштық бақылаулар бойынша алынған планеталардың, кометалардың, планеталар сақиналары мен серiктерiнiң суреттерi;

жұлдыздық жиындар, газ-тозаңдық тұмандықтар;

әлем құрылымының және оның айналуының сұлбалары;

5-3) бақылаулар:

телескопппен байқалатын жұлдыздық объектілерді бақылау;

5-4) практикалық жұмыс:

аспан денелерінің қозғалысын компьютерлік модельдеу

18. Қорытынды (2 сағ);


  1. әлемнiң қазiргi заманғы физикалық бейнесi;

  2. астрономияда ашылған соңғы жаңалықтар;

  3. физика және ғылыми-техникалық прогресс;

19. Лабораториялық практикум (10 сағ)

20. Қорытынды қайталау (10 сағ)

21.Уақыт қоры (2 сағат)
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
22.Оқушылардың дайындық деңгейі пәндік, тұлғалық, жүйелі-әрекеттік нәтижелері бойынша бағаланады.

23.Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеру тиіс» аспектілерімен көрсетілген.



  1. 10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

  1. Теорияларды (классикалық механика, молекулалық-кинетикалық теория, электродинамика);

  2. Ұғымдар(модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, инерциалды санақ жүйесі, материялық нүкте, тұйық жүйедегі дене, өзара әрекеттесу, зат, макроскопиялық жүйе, мольдік масса, идеал газ, нүктелік заряд, электр және магнит өрісі, өткізгіштер және диэлектриктер);

  3. физикалық шамалар (орын ауыстыру, жылдамдық, үдеу, масса, күш, қысым, импульс, жұмыс, қуат, механикалық энергия, ішкі энергия, зат бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясы, абсолют температура, жылу мөлшері, элементар электр заряды, электр өрісінің кернеулігі, потенциалдар айырмасы, электрсыйымдылығы, электр өрісінің энергиясы, электр тогының күші, электр кернеуі, электр кедергісі, электрқозғаушы күш, магнит ағыны, магнит өрісінің индукциясы, индуктивтік, магнит өрісінің энергиясы).

  4. заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы); Ньютонның динамика заңдары, суперпозиция және салыстырмалық принциптері, Гук заңы, бүкіл әлемдік тартылыс заңы, энергияның және импульстың, электр зарядының сақталу заңдары, газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі, идеал газ күйінің теңдеуі, термодинамика заңдары, Кулон заңы, толық тізбек үшін Ом заңы, Джоуль-Ленц заңы, электормагниттік индукция заңы.

  1. 10-сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеру тиіс:

  1. ғылыми зерттеу әдістерін;

  2. эксперимент жасауды, өлшеулер нәтижесін көрсетуді,

  3. қателіктерді бағалауды;

  4. бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттау және түсіндіру: еркін түсу үдеуінің құлаған дененің массасына тәуелсіздігі; тез сығу кезіндегі газдың қызуы және ұлғаю кезіндегі газдың сууы; жабық ыдыстағы газды қыздырғанда газ қысымының артуы; броундық қозғалыс; денелердің электрленуі; тогы бар өткізгіштердің өзара әсерлесуі; магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері; өткізгіштер кедергісінің температураға тәуелділігі; электромагниттік индукция.

  5. физикадан игерген теориялық білімдерін практикада қолдана алу, әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептермен қатар, график түріндегі және мазмұнды физикалық есептерін шығара алуы;

  6. алған білім, білік, дағдысын күнделікті тұрмыста және төтенше жағдайларды шешуге қолдана алуы тиіс.

26. 11 - сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар білуі тиіс:

  1. теорияларды (электродинамика, кванттық физиканың элементтерiн);.

  2. ұғымдар (модель, болжам, қағида, постулат, заң, теория, кеңістік және уақыт, гармониялық, электромагниттік тербелістер, резонанс, электромагниттік толқын, корпускулалық-толқындық дуализм, фотоэффект, Планк тұрақтысы, атом, квант, фотон, атом ядросы, масса ақауы, байланыс энергиясы, радиоактивтік, иондалған сәуле шығару, планета, планеталардың ауытқу құбылысы, жұлдыз, галактика, Әлем, жарық жылы, парсек);.

  3. физикалық шамалар (период, жиілік, тербеліс амплитудасы, толқын ұзындығы, сыну көрсеткіші, линзаның оптикалық күші, жартылай ыдырау периоды);

  4. заңдар, қағидаларр және постулаттар (тұжырымдамасы, қолданылу шекарасы) Ньютон, Кеплер, Паскаль, Архимед заңы, бүкіл әлемдік тартылыс заңы, энергияның, импульстың сақталу заңы, Кулон, Ом, Джоуль-Ленц заңы, Ампер, суперпозиция және салыстырмалық принциптері, толқын және геометриялық оптика заңы, салыстырмалы арнайы теориясының постулаттары, масса мен энергияның байланыс заңы, фотоэффект заңдары, Бор постулаттары, радиоактивті ыдырау заңы, Хаббл заңы.

27. 11 - сынып физика курсын оқу нәтижесінде оқушылар меңгеруі тиіс:

  1. ғылыми зерттеу әдістерін;

  2. эксперимент жасау, өлшеулер нәтижесін көрсету,

  3. қателіктерді бағалау;

  4. бақылаулар мен эксперимент нәтижелерін сипаттау және түсіндіру: электромагниттік толқындардың таралуы, жарықтың дисперсиясы, интерференциясы, дифракциясы, поляризациясы, атомның жарықты шығаруы және жұтуы, сызықтық спектрлер, фотоэффект, радиоактивтілік.

  5. физикадан игерген теориялық білімдерін практикада қолдана алу, әр түрлі қиындық деңгейіндегі сапалық есептермен қатар, график түріндегі және мазмұнды физикалық есептерін шығара алуы;

  6. алған білім, білік, дағдысын күнделікті тұрмыста және төтенше жағдайларды шешуде.

28. Тұлғалық нәтижелер:

  1. өздігінен игерген жаңа білімін және практикалық дағдымен қаруланудағы дербестігін көрсете алуы;

  2. өзінің қызығушылығы мен мүмкіндігіне сәйкес өмірдегі жолын таңдауға дайын болуы тиіс.

29. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер:

  1. практикалық тапсырмаларды орындағанда және оларды рәсімдеуде, білімді тереңдетуде және толықтыруда қазіргі заманғы ақпаратты-коммуникациялық технологияларды қолдана алуы;

  2. физикадан ақпаратты компьютерлік базадан және «Интернет» желісінен іздеу, өңдеу, ұсыну үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана алуы;

  3. ғылыми ақпаратты талдай алуы, синтездеу жолымен өңдей алуы тиіс.

жүктеу 255,6 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау