ГЮЙГЕНС –
ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
242
243
Г
107
∑
ның болатынын алдын ала болжаған. Әлсіз ұйытқу кезінде гравитациялық сәуле
шығару полярлану күйіндегі екі толқынды анықтайтын екі тәуелсіз құраушысы
болатын көлденең толқындық сипатта болады. Гравитациялық толқын энергия
мен импульс тасиды. Бұлар денелерге ықпал ете отырып олардың бөліктерін са-
лыстырмалы түрде ығыстырады (денелерді деформациялайды). Гравитациялық
сәуле шығаруды анықтау осы жайтқа негізделген. Бірақ осы кезге дейін гра-
витациялық сәуле табылған жоқ, оған себеп қарқындылығы өте аз болуы және
олардың заттармен әлсіз әсерлесуі себеп болатын секілді.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТОЛҚЫНДАР – үдемелі қозғалыстағы массалар та-
рататын (шығаратын), өзін таратушы көзден «ажырайтын» және де кеңістікте
электрмагниттік сәулеге ұқсас жарық жылдамдығымен таралатын айнымалы
гравитациялық өріс.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫ – Ньютонның тартылыс заңына енетін іргелі
физикалық тұрақты (констант) шама (G):
, мұндағы m және M – біріне-бірі
тартылатын денелердің (материалдық нүктелердің) массалары, r – тартылысатын
денелердің арақашықтығы, Ғ – тартылыс күші, G = 6,6720 (41)·10
–11
Н·м
2
·кг
–2
(1980). Гравитациялық тұрақтының өте дәл мәні динамикалық әдіспен – иірілмелі
таразының тербеліс периодының өзгеруі бойынша анықталады.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЫҒЫСУ – электрмагниттік сәуленің гравитациялық
өрісте таралуы кезіндегі жиілігінің өзгеруі. Қызыл ығысу деген мақаланы қараңыз.
ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ, к л а с с и к а л ы қ ф и з и к а д а ғ ы – де-
нелер (бөлшектер) жүйелерінің өзара тартылысына байланысты пайда болатын
потенциалдық энергия. Мұның екі дене үшін абсолюттік мәні осы
денелер
массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және денелер арасындағы
арақашықтыққа кері пропорционал болады. Гравитациялық энергияның нөлі
ретінде оның бір-бірінен шексіз алыс қашықтықтағы, яғни денелер үшін, олардың
арасында гравитациялық өзараәсерлесуі жоқ кезіндегі мәні алынған. Денелер
жақындаған кезде тартылыс күші тартылыстың потенциалдық энергиясы яғни
гравитациялық энергия есебінен жұмыс жасайды. Осы себепті шекті қашықтықта
орналасқан кез келген денелер жүйелері үшін гравитациялық энергия
теріс бо-
лады. Оқшауланған денелер жүйелері үшін гравитациялық энергия
байланыс
энергиясы болып табылады.
Оқшауланған денелер
жүйелерінің толық энергиясы, олардың
кинетикалық
және
потенциалдық энергияларының қосындысына тең, уақыт бойынша
сақталады. Орташа гравитациялық энергия абсолюттік шамасы бойынша олардың
орташа кинетикалық энергиясынан екі есе артық. Сол себепті осындай жүйенің
Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
244
245
толық
энергиясы теріс және гравитациялық энергияның жартысына тең болады.
Толық
энергиясы оң, яғни кинетикалық энергиясы гравитациялық энерги-
ядан артық жүйе орнықты бола алмайды.
ГРАВИТОН – гравитациялық өрістің
кванты. Жалпы
салыстырмалық тео-
рия бойынша гравитациялық өрістің ұйытқулары вакуумда
гравитациялық
толқындар түрінде таралады. Электрмагниттік өрістің кванты –
фотон ұғымына
әкеп соқтыратын осы өрісті кванттауға ұқсас гравитациялық толқындар
өрісін кванттау
гравитациялық өрістің кванты – гравитон ұғымына әкеледі.
Гравитонның энергиялары мен импульстерінің қосындысы гравитациялық
толқындардың энергиясы мен импульсін анықтайды. Спині 1-ге тең фотоннан
гравитонның айырмашылығы оның спині 2-ге тең (h бірліктерімен), бұл жайт
гравитациялық өзараәсерлесудің тензорлық сипатын бейнелейді.
Гравитонның
тыныштықтағы массасының нөлге тең болуы қажет, ал жылдамдығы – бос-
тықта жарық жылдамдығына тең. Бөлшектердің және антибөлшектердің аннигиля-
циясы және
жұптардың тууы, мысалы,
е
+
+ е
-
↔
g +
g кезінде гравитондардың (
g)
пайда болуы және жойылуы мүмкін. Бірақ мұның ықтималдығы туу үрдісі
фотондардың туу ықтималдығынан 10
30
– 10
40
есе кем. Сондықтан апаттық
ғарыштық құбылыстар кезінде жоғары энергиялы гравитондардың шығаруы аз
болмақ. Гравитациялық өзараәсерлесу өте әлсіз болғандықтан гравитондарды
анықтау мүмкіндігі әзірше ғылыми тәжірибелерден сырт қалуда.
ГРАД (гон) – тікбұрыштың 1/100 үлесіне тең жазық бұрыш, g белгісімен
белгіленген, 1
g
= 0,0157 радиан = 0,900° (бұрыштық градус), 1° = 1,111
g
.
ГРАДИЕНТ (латынша «градиентис – жүретін, адымдайтын») – векторлық
талдаудың скаляр өріске векторлық өрісті салыстыратын негізгі амалдарының бірі.
grad векторы өрістің әрбір нүктесіндегі бағытты көрсетеді; grad векторы өрістің
әлгі бағыттағы арту жылдамдығына тең.
ГРАДУС (латынша – адым, баспалдақ, дәреже), т е м п е р а т у р а л ы қ – әртүрлі
температуралық межелерге (шкалаларға) сәйкес болатын әртүрлі температуралық
бірліктердің жалпылама атауы. Градус межелері Кельвин межесі немесе кельвин
(К), Цельсий градусы (°С), Реомюр градусы (°R), Фаренгейт градусы (°Ғ), Ранкин
градусы (°Rа) деп бірнешеге ажыратылған. 1К = 1°С = 0,8°R = 1,8°Ғ = 1,8 °Ra.
Кельвин – Халықаралық бірліктер жүйесінің (СИ) негізі бірліктерінің бірі.
ГРАДУС, б ұ р ы ш т ы қ – тікбұрыштың 1/90 үлесіне тең жазық бұрыштың
бірлігі, ° белгісімен белгіленген. 1° = 60
/
= 3600
//
, мұндағы –
/
бұрыштық минут, –
//
бұрыштың секунд. Градуспен шеңбер доғасы да өлшенеді (толық шеңбер 360°-қа
тең).