Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет100/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   265

Ғ

8

ҒАЖАП БӨЛШЕКТЕР – ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕР



251

өзінің теориялық тұжырымына Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясы 

мен евклидтік емес геометрияны басшылыққа алған. Ғалам – кеңістік тұрғысынан 

да, уақыт тұрғысынан да шексіз, оның әу баста басталған басы болмаған, ең 

соңында ақыры да болмайды. Ғалам мәңгі.

ҒАЛАМДЫҚ  ЭФИР  (грекше  «эфир  –  бастапқы  нағыз  материалдық  эле- 

мент»)  –  өткен  ХVІІІ–ХІХ  ғасырлардың  ғылымы  жарықтың  немесе  жалпы 

электрмагниттік өзараәсерлесулерді тасымалдайтын барлық нәрселердің ішіне 

енеді деп болжанған жарық эфирі. Алғашқы кезде эфир серпімді денеге ұқсас 

механикалық орта ретінде түсіндірілген болатын. Жарық толқындарының та-

ралуы  дыбыстық  серпімді  ортадағы  таралуға  ұқсастырылды,  ал  электр  және 

магнит өрістері эфирдің механикалық керілуіне теңестірілді. Механикалық эфир 

болжалы үлкен қиындыққа кездесті. Жарық толқындарының көлденең толқын 

болуы эфирдің абсолют қатты дененің қасиеті – болмауын, сонымен қатар аспан 

денелерінің қозғалысына эфирдің ешқандай кедергісі болмауы талап етілді. Эфирді 

механикалық түсіндіру қиын болғандықтан ХІХ ғасырдың соңына қарай оның 

механикалық моделін жасаудан бас тартуға әкеп соқтырды.

1887 жылы А.

Майкельсон мен Э.Морли (1838 – 1923) эфирді анықтау үшін  

қарапайым құрылғы жасаған. Бұл құрылғыда жарық шоғы айнадан шағылысқан соң 

перпендикуляр екі шоққа ажыратылып соңынан қайтадан біріккен. Бұл сәулелердің 

жолдары бірінен бірі шамалы өзгеше болған, бұлар бірінің үстіне бірі қабаттасып 

түскенде интерференциялық сурет пайда болған. Майкельсон мен Морли осы 

сәулелердің қозғалысын бір бағытта, сонан соң аспапты бұрып тік бұрыш жасай-

тын бағытта қайтадан бақылау жүргізген. Егер жарық эфирде қозғалатын болса, 

ол жарық Жердің қозғалыс бағытында және ол қозғалысқа перпендикуляр бағытта 

әртүрлі жол жүрмек болатын. Егер де жол әртүрлі болатын болса, аспапты бұл 

интерференциялық суреттен өзгешелік байқалатын болмақшы. Осы тәжірибеде 

және мұнан кейінгі жүргізілген тәжірибелерде әлгіндей жағдай кездеспеген.

Майкельсон – Морли тәжірибесінен эфирдің болмайтыны біржолата айғақталған. 

Осы жайт Ғаламда абсолюттік қозғалысты өлшеуге арналған санақ жүйесіне байла-

ныстырылатын ешқандай материалдық нысанның (объектінің) жоқтығын білдіреді. 

Қазіргі  кездегі  көзқарас  бойынша  физикалық  вакуум  кәдімгі  материалдық 

ортаның кейбір қасиеттеріне ие. Бірақ оны эфирмен шатастырмау керек, ол эфирден 

принципті түрде өзгеше, өйткені электрмагниттік өріс арнайы тасығышты қажет 

етпейтін тәуелсіз нысан (объект).



ҒАРЫШ – Ғалам деген ұғыммен мағыналас атау. Жер атмосферасынан тысқары 

кеңістік;  Жер  төңірегіндегі  планетааралық,  жұлдызаралық,  галактикааралық 

кеңістік және онда кездесетін бүкіл нысандар түгелдей ғарыштық аймаққа тиеселі.



ҒАРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАР – дененің Жер бетінен ұшып шығып 

Жердің  жасанды  серігіне  айналуы  үшін,  Жерден  тысқары  ғарыштық 

кеңістікке ұшып шығу және Күн жүйесінен тысқары ұшып кетуге қажет болатын 

жылдамдықтар. Дененің Жер бетінен ұшып шығып, Жердің жасанды серігіне 

айналуына  қажет  жылдамдықты 

ғарыштық  бірінші  жылдамдық  деп,  жер 

бетінен Жердің жасанды серігі орбитасына шығып, Жердің тарту күшін жеңіп, 

одан тысқары әрі қарай, ғарыштық кеңістікке ұшуына қажет жылдамдықты – 

ғарыштық екінші жылдамдық деп, ал Күн жүйесінен тысқары жұлдызаралық 

кеңістікке ұшып кету үшін Жердің және Күннің тарту күштерін жеңіп шығатын 

жылдамдықты – 

ғарыштық үшінші жылдамдық деп атаған.

Ғарыштық  бірінші  жылдамдық  –  ғарыштық  аппараттың  Жердің 

гравитациялық өрісінде Жердің жасанды серігіне айналатын ең аз жылдамдық. 

Бұл жылдамдық 

1

/



GM r

υ

=



 формуласымен есептеліп анықталады, мұндағы  

GM = 398603 км/сек

2

 (G – гравитациялық тұрақты, М – Жердің массасы). Ғарыштық 



бірінші жылдамдық – д ө ң г е л е к жылдамдық деп аталған. Ғарыштық бірінші 

жылдамдықтың мәні 

1

υ

 = 7,91 км/сек.



Ғарыштық  екінші  жылдамдық  –  ғарыштық  аппараттың  Жердің  әсер 

ету  аймағынан  шығып 



Күннің жасанды серігіне айналуына қажетті ең аз 

жылдамдық.  Мұнымен  қатар  басқаша  атаулар  да  қолданылады;  қашықтау 

жылдамдығы, шығып кету жылдамдығы, сондай-ақ п а р а б о л а л ы қ жылдамдық, 

себебі ғарыштық аппарат 

II

υ

 жылдамдық басталар алдында параболалық траекто-



рия бойынша қозғалып Жерден қашықтайтын болады. параболалық жылдамдықтан 

кем жылдамдық э л л и п с т і к жылдамдық, ал одан артық жылдамдық – г и п е р б 

о л а л ы қ жылдамдық деп аталған. Ғарыштық екінші жылдамдық 

II

υ

  = 



1

/

GM r

υ

=

формуласы бойынша анықталады, ол жылдамдық 



II

υ

 =11,186 км/сек.



Ғарыштық үшінші жылдамдық – Жерден ұшырылған ғарыштық аппараттың 

Күннің тарту күшін жеңіп 



Күн жүйесінен тысқары шығып кетуге қажет ең аз 

жылдамдық. Бұл жылдамдық ғарыштық аппараттың Жердің әсер ету шекарасы 

аймағына жеткенде Күнге қатысты параболалық жылдамдыққа ие болуы шарт. 

Сол себепті 

II

υ

ІІІ



 = 16,67 км/сек-қа тең болады.

ҒАРЫШТЫҚ  ПЛАЗМА  –  ғарыштық  кеңістіктегі  және  ғарыштық 

нысандардағы (объектілердегі): жұлдыздардағы, жұлдыздар атмосферасындағы, 

галактикалық тұмандықтардағы, т.б. плазма. 

Плазмалық күй – ғаламдық заттарда 

ең көп таралған күй. Жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктегі 350 км биіктіктегі 

тығыздығы (n) жуық шамамен ~10

5

 см



–3

-ке тең болатын ғарыштық плазманы; 

Жердің 

радиациялық белдеуінің және магнитсферасының плазмасын (n~10

7

 



–3

), Жердің бірнеше радиусына тең болатын биіктікке дейін созылып жатқан 



Ғ

8

ҒАЖАП БӨЛШЕКТЕР – ҒАРЫШТЫҚ СӘУЛЕЛЕР



252


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау