ГЮЙГЕНС –
ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
238
239
Г
107
∑
ол сурет қалпына келтіріледі немесе әлгі зат шашыратқан өрістің суреті заттан
біраз қашықтықта пайда болады.
Жоғары жиілікті ультрадыбыстық-жиіліктердің акустикалық голография
ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында, мысалы, биологиялық зерттеулер
үшін
акустикалық микроскопияда, ішкі органдардың құрылымдары туралы
ақпараттар алу үшін медициналық диагностикалық құрылғыларда, материалдардың
ішкі ақауларының кескіндерін алу үшін дефектоскопияда қолданылады.
ГОЛОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР – голографиялық әдістер негізінде
заттың толқындық өрісін жазу және қайта жаңғыртып қалпына келтіруді жүзеге
асыратын құрылғылар. Бұл құрылғылар интерферометр,
голографиялық микро-
скоп, голографиялық жадқа сақтағыш құрылғы, голографиялық коррелятор,
голографиялық оптикалық элементтер,
голографиялық кино және телевизия
құрылғылары, т.б. түрлерге бөлінеді. Голографиялық интерферометрде жарық
сәуле бөлгіш голограммамен ауыстырылған, заттың салыстырмалы толқындық
шебін жазып алуға мүмкіндік береді. Бұл интерферометр заттардың өзгерістерін
тіркеуге арналған (мысалы, деформациясын, сыну көрсеткішінің өзгерісін, т.б.).
Сонымен қатар күрделі мөлдір және шағылыстырғыш нысандарды да (объектілерді
де) тіркей алады, интерференциялық толқындарды зерттеуге арналған.
Голографиялық интерферометр – жарық бөлгіш голограммамен алмастырылған
интерферометр; бұл құрылғы заттың салыстырылатын толқындық шептерін жазып
алуға мүмкіндік жасайды. Осы интерферометр затта пайда болатын өзгерістерді
(мысалы, деформацияны, сыну көрсеткіштің өзгерісін, т.б.), сонымен қатар
мөлдір және күрделі пішінді шағылыстырғыш нысандарды (объектілерді) тіркеуге
интерференциялық толқындарды зерттеуге арналған.
Голографиялық жадқа сақтағыш құрылғылар – ақпараттарды сақтауға,
бұларды енгізуді және шығаруды голографиялық әдістермен (оптикалық жадқа
сақтау құрылғыларымен) жүзеге асыратын құрылғылар.
Голографиялық микроскоп – қайталанбалы импульстік сәуелік лазерді пай-
далану кезінде динамикалық нысандар туралы ақпараттарды жазуға арналған
құрылғы. Бұл линзасыз және аралас-құралас (комбинациялы) микроскоптарға
ажыратылған. Линзасыз голографиялық микроскоптағы толқын ұзындықтары
мен толқын шептерінің қисықтығы әртүрлі мәнді ұлғайту толқындарды жазу
және жаңғырту кезінде голографиялық микроскоптағы ұлғайту толқындарын
жазу және жаңғырту кезіндегі толқын ұзындықтары мен толқын шептерінің
қисықтығы әртүрлі мәндерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Аралас-құралас
Г
107
∑
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ
240
241
голографиялық микроскопта айғақтығы жоғары және үлкен көлемді кескін шығару
үшін кәдімгі микроскоп қолданылады.
Голографиялық коррелятор – бейнелерді кірістік және эталондық бейне-
лермен салыстыру үшін оптикалық бейне анықтауышта пайдаланылады.
Голографиялық оптикалық бөліктер – толқындық өрістерді әрқилы
өзгерістерге ұшырататын голограммалар (фокустауыш, диафрагмалау,
шағылыстыру, сүзу, полярландыру, т.б.) болып табылады. Әдеттегі линзалар мен
айналар арқылы оптикалық бөліктердің қажетті сипаттамаларын алу қиын болатын
жағдайларда қолдаынлады.
ГОМОАУЫСУ (грекше «һомос – тең, бірдей, ортақ» + ауысу), г е т е р о а -
у ы с у д а н ө з г е ш е л і г і – әртүрлі типті өткізгіштің екі аймағының бір ғана
жартылайөткізгіште немесе легирлеуіш қоспасының шоғырлануымен (концентра-
циясымен) жанасуы. Екі жанасушы аймақтың біреуі
донорлармен легирленген,
p –
n-ауысуға, ал екіншісі
акцепторлармен легирленген (яғни акцепторлар
қосылған) n
+
– n-ауысуға ажыратылған (екі аймақ та донорлық қоспамен, бірақ
әртүрлі дәрежеде легирленген), [+ белгілі көп дәрежеде легирленгендікті аңғарта-
тын белгі] және р
+
– р-ауысуы (екі аймақ та акцепторлық қоспамен легирленген).
ГОМОГЕНДІ ЖҮЙЕ (грекше «һомогенес – біртекті») – қасиеттері (химиялық
құрамы, тығыздығы, қысымы, т.б.) кеңістікте үздіксіз өзгеретін термодинамика-
лық жүйе. Газ қоспалары, сұйықтар немесе қатты ерітінділер және басқа жү-
йелер – гомогенді жүйелер болады. Гомогенді жүйелер физикалық біртекті және
біртекті емес жүйелерге ажыратылады. Біртекті гомогенді жүйелерде осы жүйе-
нің әртүрлі бөліктерінің қасиеттері бірдей, ал біртекті емес жүйелердің қасиет-
тері – әртүрлі болады. Біртекті емес гомогенді жүйедегі қасиеттердің үздіксіз
өзгеруіне орай гетерогенді жүйедегіден айырмашылығы болады. Бұл жүйеде –
бірінен-бірін шектеп ажыратушы беттер жоқ, сол себепті мұнда шектейтін
ажыратқыш беті болатын бөлік жоқ, олай болса ең болмағанда бір қасиеті
өзгеретіндей секіріс те болмайды. Тартылыс өрісіндегі газ – физикалық біртекті
емес гомогенді жүйеге мысал болады, оның тығыздығы биіктікке көтерілген
сайын үздіксіз өзгеретін болады.
ГОМОГЕНДІ РЕАКТОР (грекше «һомогенес – біртекті» + латынша» ре... –
қайталау + акцио-әсер») – нейтрондар үшін біртекті орта болатын, ядролық
отын (уран, плутоний) мен баяулатқыш (су, ауыр су, т.б.) гомогенді қоспа түзетін
ядролық реактор. Қоспа ядролық отын мен баяулатқыштың сұйық ерітіндісі не-
месе нейтрондардың еркін жолының ұзындығымен салыстырғанда жеткілікті