қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
576
577
к ва н т т а рд ы ң (фотондардың) ағыны екені туралы постулат (яғни аксиома)
тұжырымдаған және осы негізде фотоэффектінің заңдылықтарын түсіндірген.
Фотонның болатынын ғылыми-тәжірибе жүзінде тікелей дәлелдегендер (1912 – 15
жылдары) американ физиктері: Роберт
Милликен (1868 – 1953) мен Артур
Ком-
птон (1892 – 1962) болады. Нейтриноның ерекше ҚБ екенін 1930 жылы швейцар
физигі Вольфганг
Паули (1900 – 58) алғаш рет болжаған; электрондық нейтрино
тек 1953 жылы (американ физиктері Ф.
Райнес, К.
Коуэн) ғана ғылыми тәжі-
рибе жүзінде ашылған. Массасы электронның массасына тең, бірақ оң зарядталған
бөлшек – позит ронды 1932 жылы американ физигі Карл
Андерсон (1905 – 91)
ғарыштық сәулелердің құрамынан тапқан. Позит рон ең а лғаш ашылған
а н т и б ө л ш е к б ол д ы . 1936 жылы
Андерсон мен С. Неддермейер (АҚШ)
ғарыштық сәулелерді зерттеу кезінде мюонды (электр зарядының екі таңба-
Қарапайым бөлшектер кестесі.
Бөлшектер суреттің сол жақ бөлігінде топталған. Оң жақтағы сызбада сәйкес келетін
антибөлшектер жиынтығы топталған. Тұрақты бөлшектер дөңгелектермен қоршалған.
Кестеде зарядталған пиондардың массалары көрсетілген; π°-мезондардың массалары 264,2
(электрон массасының бірлігінде).
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
578
579
сын) тапқан, оның массасы 200 электронның массасындай, өзге қасиеттері
е
–
және
е
+
электрондар массаларына жуықтау болған. 1947 жылы ағылшын физигі
Сесиль
Пауэлл (1903 – 69) басқарған топ ғарыштық сәулелерден π
+
және π
–
– ме-
зондарды тапқан. Осыларға ұқсас бөлшектерді 1935
жылы жапон физигі Хидэки
Юкава (1907 – 81) болжаған болатын. ХІХ ғасырдың 40-жылдардың соңын-
да – 50-жылдардың басында «ғажап» деп аталған ерекше қасиетті бөлшектер-
дің үлкен тобы ашылған. Осы топтың алғашқы бөлшектері – К
+
- және К
–
-
мезондар,
Λ-гиперондар-ғарыш сәулелерінен анықталған. Осыдан кейінгі ғажап
бөлшектер зарядты бөлшектердің үдеткіштері арқылы ашылды. ХІХ ғасырдың
50-жылдарынан бастап ү д е т к і ш т е р ҚБ-ны зерттеуге арналған негізгі құ-
ралға айналды. 1955 жылы антипротондар, 1956 жылы антинейт рон,1960
жылы антисигма-гиперон, 1964 жылы ең ауыр гиперон – Ω
¯
ашылған.
1960 жылдары үдеткіштер арқылы өте тұрақсыз (өзге тұрақсыз бөлшектермен
салыстырғанда, дәлірек айтсақ квазитұрақты ҚБ-лар) бөлшектердің үлкен тобы
ашылды. Бұлар ҚБ-лардың негізгі бөлігін құрайтын ре зонанст ар болатын.
1962 жылы н е й т р и н о н ы ң әртүрлі екі түрі (электрондық және мюондық) бо-
латыны анықталды. 1974 жылы ауыр (мысалы, 3–4 протон массасына тең), соған
қарамастан салыстырмалы түрде тұрақты (әдеттегі резонанстармен салыстыр-
ғанда) Ј / Ψ ж ә н е Ψ - б ө л ш е к т е р табылды. Бұлар жаңа ҚБ-лардың –
«т а ң д а н а р л ы қ » бөлшектер тобымен тығыз байланысты болды, мұның
алғашқылары (Dº, D
+
, F
+
, А
+
с
) 1976 жылы ашылды. 1975 жылы электрон мен
мюонның аналогы τ-лептон, 1977 жылы массалары ондаған протон массасына
тең Ү бөлшектер, 1981 жылы – «сұлу »бөлшектер, ал 1983 – жылы аралық
векторлық бозондар белгілі болды.
Негізгі қасиеттері. Бүкіл ҚБ-лар массасы мен өлшемдері ерекше аз ны-
сандар болып табылады. Бұлардың көпшілігінің массалары протонның массасына
жуықтау, 1,6∙10
–24
граммға тең (электронның массасы: 0,9∙10
–27
г). Протонның,
нейтронның, π-мезонның және басқа а д р о н д а р д ы ң өлшемдері 10
–13
см-ге
жуық, ал электрон мен мюонның өлшемдері анықталмаған, бірақ 10
–16
см-ден кем
деп есептелген.
Бүкіл ҚБ-лардың маңызды к в а н т т ы қ қ а с и е т і – өзге бөлшектермен
өзара әсерлескен кезде пайда болу (тууы) және жойылу қасиеті [таралу (шыға-
рылу) және жұтылу]. Осы тұрғыдан қарастырғанда олар түгелдей ф о т о н-
д а р ғ а ұқсас. ҚБ-лардың қатысуымен бірге, бүкіл үрдістер (ыдыраудан басқа-
лары) олардың жұтылу және шығарылу актілерінің тізбегі арқылы жүзеге асады.
ҚБ-лардың өзараәсерлесуі бірнешеге: күшті әсерлесу, электрмагниттік әсерлесу
қ
58
∑
ҚАБАТ – ҚЫСЫМ
578
579
және әлсіз әсерлесуге ажыратылған, бұларға қоса бүкіл ҚБ-ларға г р а в и-
т а ц и я л ы қ әсерлесу тән.
Күшті әс ерле су өзге үрдістермен салыстырғанда ең қуатты қарқынды-
лықпен өтетін және ҚБ-ларды ең күшті байланысқа әкеп соқтыратын үрдістер
тудырады. Элект р магниттік өзараәс ерле судің негізіне бөлшектердің
электрмагниттік өріспен байланысы алынған. Бұл әсерлесу тудыратын үрдістер
күшті әсерлесумен салыстырғанда қарқындылығы аз, ал олар тудыратын ҚБ-
лардың байланысы едәуір әлсіз болады.
Әлсіз өзараәс ерле суді ҚБ-лардың қатысуымен өте баяу өтетін үрдістер
тудырады, бұлардың арасында көпшілігінің «өмір сүру» уақыты 10
–6
– 10
–11
секунд
аралығында болатын квизитұрақты ҚБ-лар да бар.
Гравит ациялық өзараәс ерле су ҚБ-ларға тән ~10
–13
см арақашықтықта
өте аз эффект береді, оның себебі ҚБ-лардың массаларының аз болуы, бірақ
~10
–33
см арақашықтықта елерліктей шамада болады.
Өзараәсерлесудің түрлеріне қатысулары бойынша ҚБ-лар фотоннан өзгелері
негізгі екі топқа: андрондар мен лептондарға ажыратылған. Адрондарға
күшті өзараәсерлесумен қатар электрмагниттік және әлсіз өзараәсерлесумен си-
патталса, лептондар тек электрмагниттік және әлсіз өзараәсерлесуге қатысады
(гравитациялық өзараәсерлесудің фотонды қоса есептегенде бүкіл ҚБ-ларға
қатысты болатынын білеміз).
ҚБ-лар өзараәсерлесу сипаты бойынша бірнеше үлкен топқа ажыратылған
(кестеге қараңыз). Бөлшектердің спиндері не бүтін сандар (0,1,2,....) – бұл жағ-
дайда осы бөлшектер бозондар деп аталған, не бүтін сандардың жартысына
тең болады (
1
/
2
,
3
/
2
,...) – бұл жағдайда осы бөлшектер ф е р м и о н д а р деп атал-
ған. Гравитацилық өзараәсерлерді тасушылар – гравитондар деп аталған.
Қарапайым бөлшектердің сипатт ама лары. ҚБ-ның әрқайсысы өз-
деріне тән өзараәсерлесулерге қоса белгілі бір физикалық шамалардың дис-
кретті (үзік-үзік) мәндерімен – өздерінің сипаттамаларымен (сәйкес бірліктер-
мен өлшенген дискретті мәндермен, әдетте ҚБ-ның кванттық с андары деп
аталған бүтін немесе бөлшек сандармен) айғақталады. Бүкіл ҚБ-ның жалпы
сипаттамалары :
масса (m), «өмір сүру» уақыты (τ), спині J және электр за-
ряды (Q) болып табылады. «Өмір сүру» уақытына тәуелді ҚБ-лар тұрақты,
к ва з и т ұ р а қ т ы және т ұ р а қ с ы з (резонанстар) бөлшектерге жіктелген. Осы
заманғы өлшеу дәлдігінің шегінде тұрақты бөлшектер: электрон (τ > 5∙10
21
жыл), протон (
τ >10
31
жыл), фотон және нейтрино болып табылады. Квазитұ-
рақты бөлшектерге электрмагниттік және әлсіз өзараәсерлесу есебінен ыдырай-