Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет236/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   265

қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



570

571


магнит өрісінің әсері тоқтатылысымен бастапқы магнитсіздік күйіне оралады. Ал 

ферромагнетик денелердің магниттелген күйі ұзақ уақыт сақталады. Ферромагне- 

тикті  магнитсіздендіру  үшін,  магниттелген  кездегі  бастапқы  магнит  өрісіне 

кері бағытталған магнит өрісімен әсер етілуі қажет. Қалдықты магниттелушілік 

материалдың магниттік қасиеттеріне және оның магниттелуіне дейінгі жағдайы- 

на тәуелді. Осы магниттелушілік–магнитттік гистерезистің негізгі параметр- 

лерінің бірі болып табылады. Қалдықты магниттелушілік магниттік анизотропияның 

және  үлгінің  құрылымдық  біртекті  болмауынан  пайда  болатын  магнит  өрісі 

кернеулігінің  кемуі  кезінде  (үлгінің  осыған  дейінгі  магниттелуінен  кейінгі) 

магниттелушіліктің  кідіруінің  себебінен  туады.  Материалдың  (заттардың) 

қалдықты  магниттелушілігін  дененің,  яғни  магнит  өрісінің  кернеулігінің  (Н)  

нөлге тең (Н = 0) болған күйіндегі дененің орташа магниттелушілігімен шата-

стырмау керек. Заттардың қалдықты магниттелушілігі дене бойындағы (ішіндегі) 

өріс сыртқы барлық көздердің және магниттелуші дененің магнитсіздендірілу 

өрісінің векторлық қосындысына тең магнит өрісінің нөлге тең болуы кезіндегі 

қалдықты  магниттелушілікпен  анықталады.  Қалдықты  магниттелушілік 

коэрцитивтілігі  жоғары  материалдарда  тұрақты  болады.  Ферромагнетиктерді  

Кюри  нүктесінен  жоғары  температураға  дейін  қыздырғанда,  ол  өзінің 

ферромагниттік қасиетін, сондай-ақ қалдықты магниттелушілік қасиетін де жоя-

ды. Қалдықты магниттелушілік механикалық соққы мен дірілдің нәтижесінде де 

кемиді. Қалдықты магниттелушілік құбылысы ақпараттарды жазу және сақтау 

жүйелерінде (әдетте магниттік таспаларда), тұрақты магнит жасауда пайдала- 

нылады.


ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ –  бір нәрсені бастапқы күйіне, қайтадан алғашқы 

жағдайына оралту.



Кескіндерді қалпына келтіру, голографияда – тірек толқынның көшір- 

месін  тудыратын  голограмманы  жарық  көзімен  жарықтау  тәсілімен  заттық 

толқынды тудыру.

Соққы кезіндегі қалпына келтіру – өзара соқтығысқан денелердің бастапқы 

пішініне қайтаратын үрдіс (процесс).



ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙ – қысымы – р =101 325 Па (760 мм сынап бағаны) және 

термодинамикалық температурасы – Т=273,15 К (t-0º



С) шамаларымен анықтала- 

тын физикалық стандарттық жағдай. Осы жағдайлар кезіндегі молярлық көлемі 

V

о

 = 2,2414·10



–2

 м

3



/моль. Еркін түсудің қалыпты үдеуі g

п

 = 9,80665 м/сек

2

.

ҚАЛЫПТЫ ҮДЕУ, орталыққа  тарту  үдеуі  – қисық сызықты қозғалыс 



кезінде  траекторияға  қисықтық  орталыққа  қарай  бағытталған  басты  нормал 


қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



572

573


(берілген нүктенің жанама түзуіне перпендикуляр бағытталған түзу) бойынша 

бағытталған үдеудің құраушысы. Түзу сызықты қозғалыс кезінде қалыпты үдеу 

нөлге тең.

ҚАЛЫПТЫ ШАРТТАР – р=101325 Па = 760 мм сынап бағанына тең қысым- 

мен (қалыпты атмосферада) және 273,15 К (t = 0º



С) температурамен, газдың  

мольдік көлемімен V

о

 = 2,2414·10



–2 

м

3



/моль анықталатын физикалық шамалар. 

Еркін түсу үдеуі g

қ

 = 9,80665 м /сек



2

-қа тең деп қабылданған.



ҚАЛЫПТЫ ЭЛЕМЕНТ – тұрақты токтың электр қозғаушы күшінің (ЭҚК-

ін)  өлшеуіш  болатын  гальвани  элементі.  Қалыпты  элемент  ретінде  көбінесе 

Вестонның сұйық электролитті (қаныққан және қанықпаған) және қаныққан (сұйық 

электролиті жоқ) гальвани элементтері қолданылады.



ҚАНЫҒУ, магниттік – магниттеуші магнит өрісінің кернеулігін әрі қарай 

арттырған  кезде  ферромагнетиктің  немесе  парамагнетиктің  магниттелушілігі 

шектік мәндерге дейін жететін (артатын) кездегі әлгі заттың күйі.

ҚАНЫҚ ЕРІТІНДІ – заттың белгілі бір температурада әрі қарай ери алмай- 

тын күйі. Қанық ерітіндінің концентрациясы (қоюлығы) заттың берілген жағ- 

дайындағы ерігіштігінің өлшеуіші болады. 

ҚАНЫҚҚАН БУ – химиялық құрамдары бірдей сұйықпен (немесе қатты 

денемен)  термодинамикалық  тепе-теңдікте  болатын  бу.  Сұйық  пен  оның 

қаныққан буы динамикалық тепе-теңдікте болады: уақыт бірлігінде сұйықтан 

буға ауысатын молекулаларының саны 

әлгі уақытта будан сұйыққа қайтадан 

қайтатын  молекулалардың  сынына 

тең. Құрамында сұйықтың тамшылары 

кездесетін қаныққан бу – ылғал  бу, 

ал тамшылар кездеспейтіні – құрғақ 

бу   деп  аталған.  Құрғақ  будың  күйі 

орнықсыз: жылу аз ғана кемігенде құрғақ бу ішінара конденсацияланып (яғни суға 

айналып) ылғал бу түзеді, ал жылу үстемеленіп қосылатын болса, асақызған буға ай-

налады. Сұйық пен будың ( үштік нүкте мен кризистік нүкте аралығында) 

аралығында температура мен қысымының арасында термодинамикалық тепе-

теңдіктің орнығуы мүмкін, қысым шамасының әрқайсысына будың белгілі бір 

қанығу температурасы сәйкес болады. 



ҚАРА АПАН, қара  те сік– дененің гравитациялық күш әсерінен оның 

гравитациялық  радиусынан  r

g

=  2GM/с



2

  (мұндағы  М  –  дененің  массасы,  G – 

гравитациялық тұрақты, с – жарық жылдамдығының сан жүзіндегі мәні) кіші 

            Булану және будың қанығуы




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау