Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет233/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   265

к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



564

МС

КЮРИ  (Ки,  Си)  –  радиоактивті  көздегі  (изотоп  активтілігінің)  нуклидтің 

активтілігінің жүйеден тыс бірлігі. 1 Ки – 1 сек уақытта изотоптың 3,700·10

10 


актісі (ыдырауы) болатын активтілігі. 1 Ки = 3,700·10

10

 Бк (беккерель). Француз 



физиктері Пьер 

Кюри (1859 – 1906) мен Мария Склодовская-Кюридің (1867 – 

1934) құрметіне аталған. 



КЮРИ  ЗАҢЫ  –  кейбір  парамагнетиктердің  меншікті  магниттік 

алғырлығының (

)  температуралық  тәуелділігі,    =  С/Т  түрінде  өрнектеледі, 

мұндағы Т – абсолюттік температура, С – кюри константасы. Бұл заңды 1895 

жылы француз физигі Пьер 



Кюри (1859 – 1906) тұжырымдаған. Кюри заңына 

кейбір газдар (оттек, азот тотығы), сілтілі металдардың буы, сирек кездесетін 

элементтердің парамагниттік тұздар ерітінділері мен кристалдық күйдегі кейбір 

парамагниттік тұздар бағынады. Кюри заңының классикалық теориясы бірімен-

бірі әлсіз әсерлесетін магниттік диполдік моменті болатын атомдар, молекулалар 

не иондар жүйесін статистикалық тұрғыдан қарауға негізделген. Ал төменгі тем-

пература мен күшті магнит өрісіндегі заттарға Кюри заңында орын жоқ.

КЮРИ НҮКТЕСІ, Кюри температурасы, (θ немесе Т

с

) – фазалық ауысу 

нүктесіне жақындағанда және осы нүктеде сапалы жаңа қасиетке ие болатын 

заттардың үздіксіз өзгерісімен сипатталатын ІІ текті фазалық ауысу температу- 

расы. Ферромагнетиктердегі осы ауысуды егжей-тегжейлі зерттеген француз 

физигі Пьер 



Кюридің (1859 – 1906) есімімен аталған.

Кюри  нүктесінен  төменгі  (Т)  температура  кезінде  ферромагнетиктер  (Т



с

температурасында өздігінен магниттелушілікке (Ј



S

) және белгілі бір магниттік-

кристалдық  симметрияға  ие  болады.  Ферромагнетиктер  қыздырылған  және  

Кюри нүктесіне жақындаған кезде атомдардың жылулық қозғалысы күшейеді 

де бұрынғы магниттік реттілікті – атомдардың магниттік моменттерінің бірдей 

бағытталуын «әлсіретеді».  Магниттік реттіліктің өзгерісін мөлшерлік сипаттау үшін 

р е т т і л і к  п а р а м е т р і η енгізілген, бұл үшін ферромагнетиктер жағдайында 

олардың магниттелушілігін қабылдауға болады. Т→Т



с

 кезде реттілік параметр η→0, 

ал Кюри нүктесінде ферромагнетиктердің өзіндік магниттелушілігі жойылады (η=0), 

ферромагнетиктер парамагнетиктерге айналады. Антиферромагнетиктерде Т=Т



с

 

кезде (антиферромагнетиктік Кюри нүктесінде немесе Неель нүктесінде) оларға тән 



атомдық магниттік құрылым  (магниттік кіші торлар) қирайтын болады және анти-

ферромагнетиктер де парамагнетиктерге айналады. Т=Т



с

 кезде атомдардың жылулық 

қозғалысы сегнетэлектриктерде кристалдық торлардың қарапайым ұяшықтарының 

электрлік диполдерінің реттілікті бағдарларын нөлге теңестіреді. Кюри нүктесінің 

маңайында затта Т→Т

с

 кезінде максимумға жететін көптеген физикалық қасиеттері 

(мысалы, жылу сыйымдылығы, магниттік алғырлығы) арнайы өзгерістерге ұшырайды.



қ

58

ҚАБАТ – ҚЫСЫМ



МС

565



566

567


ҚАБАТ – бір дененің тұтас болмай, өзі секілді немесе өзгедей бөліктердің 

арасында немесе асты-үстінде орналасқан құрама бөлігі.



Бейтарап қабат – үлгіні ию кезінде өзінің ұзындығын өзгертпейтін талшық 

қабаты.


Жабатын қабат – негізгі заряд тасушымен кедейленген металмен немесе өзге 

типті жартылайөткізгіштіктің шекарасының маңындағы өткізгіштегі аймақ.



Қосарланған электрлік қабат – жанасатын екі фазаның шекарасының ұзын 

бойына таралған қарама-қарсы таңбалы электр зарядтарының жиынтығы.



Мономолекулалық  қабат  –  заттың  бөліну  фазаларының  шекарасындағы 

қалыңдығы бір молекула шамасында болатын қабаты.



Шекаралық қабат – сүйір денелердің бетінде пайда болатын жылдамдығы, 

температурасы немесе химиялық құрамы әрқилы екі ағынның ажырау арнасының 

қабырғалары немесе шекараларындағы тұтқыр сұйықтың немесе тұтқыр газдың 

жұқа қабатты ағу аймағы.



ҚАБЫҚША, қабық  –  механикада, арақашықтығы өзге өлшемдерімен 

салыстырғанда кіші (аз) болатын екі қисық сызықты бетпен шектелген деформа-

цияланатын қатты дене. Қабықшаның қалыңдығын теңдей екіге ажырататын бет 

– осы 


беттің ортасы деп аталған; қабықша беттің сырт көрінісіне тәуелді бірнеше 

пішінге ажыратылған. Қабықша беттің толық қисықтығы бойынша – гаусстық 

қисықтық деп аталатын: оң – сфералық, эллипсоидтық; нөлдік – цилиндрлік, 

конустық; теріс – гиперболалық, параболоидтық беттерге топталған. Қабықша 

тұрақты және айнымалы (өзгермелі) қалыңдықты, сондай-ақ бір, екі және көп 

қабатты қабықшалар бола алады. 

«

ҚАБЫҚША» ұғымы физикада шартты түрде мынадай мағыналарда пай-

даланылады: (Физикалық қабықша құрылыс ісінде қолданылатын қабықтарға 

ұқсамайды): 

Адиабаттық қабықша – қарастырылып отырған жүйе мен сыртқы орта ара-

сында жылу алмасуға жол бермейтін қабықша. 



Электрондық қабықша – 1) Атомның немесе молекуланың құрамына енген 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау