КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
546
547
к
178
∑
арақашықтығының екінші дәрежесіне (квадратына) кері пропорционал болады,
яғни
мұндағы k – таңдап алынған өлшеу бірлігіне байланысты анықталатын
пропорционалдық коэффициент, бірліктердің абсолют (гаусстық) жүйесінде
(бірліктердің СГС жүйесінде k=1; Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) k = 1/4
π ε
о
, мұндағы ε
о
– электрлік тұрақты. F күші зарядтарды өзара қосатын сызықтың
бойымен бағытталады. Таңбасы әр түрлі зарядтар арасындағы тартылыс күші
үшін F > 0.
Егер өзараәсерлесуші зарядтар біртекті диэлектрикте болса, онда өзараәсерлесу
күші ε рет кемитін болады, яғни
, (2) мұндағы ε – диэлектрлік өтімділік,
k – пропорционалдық коэффициент. Кулон заңы классикалық электродинамика-
ның ғылыми тәжірибелік негіздемесінің жалпылануы болып табылады.
Екі маг-
нит полюсінің арасындағы өзараәсерлесу күшін анықтайтын заң да Кулон
заңы деп аталған:
, (3) мұндағы f – пропорционалдық коэффициент
(жалпы жағдайда ол k-ға сәйкес келмейді, бірліктердің абсолют жүйесінде f = 1),
m
1
, m
2
– магниттік зарядтар, μ – магнит полюстерін қоршаған ортаның магнит-
тік өтімділігі. Вакуум үшін:
.
Кулон заңына бағынатын өзараәсерлесулер
кулондық өзараәсерлесулер деп
аталған.
КУМЕТР, сенімділікті өлшеуіш – электр тізбектерінің: индуктивтілік
катушкалардың, конденсаторлардың, тербелмелі контурлардың т.б. бөліктерінің
сенімділігін (Q) өлшеуге арналған аспап. Куметрдің әсері
өлшеудің резонанс-
тық әдісіне негізделген: индуктивтіліктегі немесе сыйымдылықтағы кернеу
контурға берілетін кернеуде Q есе артық тізбектеліп қосылған индуктивтілік пен
сыйымдылықтан құралған.
КУМУЛЯЦИЯ (латынша «кумулатио – шоғырлану») – жарғыш (қопарғыш)
заттар зарядына арнайы пішін беру арқылы белгілі бір бағытта жару (қопару) әсерін
едәуір арттыратын әсер, яғни жару (қопару) энергиясын белгілі бағытта шоғырлау.
КУПЕР ЭФФЕКТІСІ – металда асқынөткізгіштіктің пайда болуына әкеп
соқтыратын өткізгіштік электрондарды жұпқа (куперлік жұпқа) біріктіру.
Мұны 1956 жылы американ физигі Леон
Купер (1930 ж.т.) алдын ала болжаған.
Купер эффектісі осы заманғы асқынөткізгіштік теориясының негізіне жатқан.
Металдардың (Т→0 К температура кезінде) Купер эффектісі есепке алын-
байтын негізгі күйінде электрондар Ферми беттерімен шектелген импульстер
көлемдерінің кеңістігін толтырады. Импульстер металда электрондары теңдей
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
548
549
және қарама-қарсы бағытталған импульсті болып таратылады. Купер эффектісі
бойынша Ферми беттеріне жақын орналасқан және қарама-қарсы бағытталған
импульстері мен спиндері болатын электрондар торлар арқылы өзараәсерлесу-
лері себебі бойынша виртуал фонондармен алмасу нәтижесінде пайда болатын
және де тартылыстық сипатты жұптарға бірігеді. Куперлік жұптардың спиндері
бүтінсанды (нөлдік) болады, яғни бозе-бөлшек (бозондар) болады. Куперлік жұптар
жүйесі сондықтан асқынаққыштыққа ие болады, бұл жайт зарядты бөлшектер
үшін
асқынөткізгіштік ретінде білінеді.
Куперлік жұп электрондарының байланыс энергиясының аз шама болуы
металдардың, олардың қоспаларының және қорытпаларының (20 К-ге дейін)
төменгі температуралы асқынөткізгіштігінің болуы себебінен пайда болған.
КҮЙ – табиғи жағдайда кездесетін заттардың және олардың физикалық
теорияларда тұжырымдалған әртүрлі физикалық, химиялық үрдістер (процестер)
нәтижесінде өзгерістерге ұшырауының мәндерімен анықталатын физикалық
сипаттамасы. Заттардың біріне-бірінің ауысуы олардың бос энергиясының,
энтропиясының, тығыздығының және басқа негізгі физикалық қасиеттерінің
өзгерістері секірісті түрде жүзеге асырылатын күйі.
Беттік күйлер – қатты дененің вакууммен немесе басқа орта шекарасында
туындайтын заряд тасушылар энергиясының деңгейлері.
Виртуалды күйлер – микробөлшектер жүйесінің энергиялары, импульстері
және массалары арасындағы әдеттегі байланыс бұзылатын қысқа мерзімдік ара-
лық күйлері.
Сәйкес күйлер – әр түрлі заттардың күйлерінің келтірілген параметрлерінің
бірдей мәндеріне сәйкес келетін күйлері.
Жүйелердің айну күйлері – бірдей энергиялы жүйелердің әртүрлі күйлері.
Заттардың агрегаттық күйлері – заттар арасындағы ауысулары бос энер-
гияның, энтропияның, тығыздықтың және басқа физикалық негізгі қасиеттері
секірісті өзгерісті заттың күйлері.
Аралас күй – үлгідегі магнит өрісі өсіп, кризистік магнит өрісінің екі мәнінің
төменгісіне жететін кездегі ІІ текті асқынөткізгіштің ауысу күйі.
Аралық күй – үлгінің кез келген тұсында өспелі магниттік өрістің кризистік
мәнге жетуі кезінде І текті асқынөткізгіштің ауысатын күйі.
Әйнектәрізді күй – заттардың аса салқындатылған ерітпесінің қатаю кезінде
қалыптасатын аморфтық күй.
Жүйелердің байланысқан күйі – жүйе бөлшектерінің өздерінің қозғалыстарына
тән салыстырылмалы сипаты бойынша кеңістіктің шектелу аймағында ұзақ уақыт
бойы болатын салыстырмалы қозғалысы кезіндегі күйі.