Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет227/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   265

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

548


549

к

178



Жүйенің күйі – физикалық шамалар жүйесіне тән мәндермен анықталатын 

жүйенің физикалық сипаттамасы.

Конденсацияланған күй – заттардың қатты және сұйық күйі.

Кризистік күй – заттардың сұйық және газтәрізді фазаларының арасында 

айырмашылық болмайтын кездегі күйі.



Қоздырылған күй – кванттық жүйенің берілген жүйесі үшін мүмкін болатын 

бірқатар энергиялық дискретті минимал мәндерінен жоғары энергиялы күйі.



Мезоморфты күй –  заттардың сұйық кристалдық күйі. Заттардың сұйық 

ретіндегі (аққыштығы) әрі қатты кристалл ретіндегі (анизотроптық қасиеті) бола 

алатын күйі.

Метатұрақты күй – 1) термодинамикалық жүйенің берілген жағдайда едәуір 

тұрақты күйге ауыспай-ақ осы жүйенің ұзақ уақыт тұрақсыз тепе-теңдікте болатын 

күйі. 2) Кванттық жүйенің ұзақ мерзімді уақытпен сипатталатын қозған күйі.

Резистивтік күй – асқынөткізгіштің электрлік кедергісінің ішінара қалпына 

келетін күйі.



Стандарт күй – 1) термохимияда, заттың температурасы 298 К және қысымы 

1  атмосфера  болған  кездегі  күйі.  2)  Идеал  газдың  берілген  температурадағы  

және қысымы 1 атмосфера болған кездегі күйі.

КҮЙЛЕР ДИАГРАММАСЫ (грекше «диаграмма – кескін, сызба»), тепе-

теңдік  диаграммасы  –  термодинамикалық  жүйенің  тепе-теңдік  күйлерін 

анықтайтын параметрлердің: температураның Т, қысымның р, жүйе құрамының 

[компонеттердің  х

1

  шоғырлануын  (концентрацияларын)],  мольдік  көлемін  υ, 

электрлік және магниттік өрістердің т.б. әр түрлі мәндері кезінде термодинамикалық 

жүйенің  тепе-теңдік  күйлерінің  геометриялық  кескіні.  Күйлер  диаграммасы 

жүйенің фазалық құрамы туралы Т, рх

1

 және басқа параметрлерге тәуелділігі 

туралы ақпараттар береді. Қарапайым жағдайда жүйе тек бір ғана құрама бөліктер 

(компоненттен) құралғанда, күйлер диаграммасы Т, р және υ мәндері (немесе 

өзгедей параметрлердің) үш тікбұрышты координаттар өстерінде салынатын үш 

өлшемді кеңістіктік пішін болады.

Әдетте координаттық жазықтықтардың біреуіне салынған үш өлшемді күйлер 

диаграммасы  қарастырылады.  Жазықтыққа  салынған  р,  Т  күйлер  диаграмма- 

сының кез  келген нүктесі р және Т-нің берілген мәндерінде заттардың тепе- 

теңдік күйін кескіндейді. 0 нүктесі (үштік нүктесі) заттардың үш фазасының 

(қатты, сұйық және газ тәрізді) тепе-теңдігіне сәйкес болады. 0 нүктесінде үш 

қисық сызық қилысады: ОА (құрғақ айдау (сублимация) қисық сызығы), әрбір 

нүкте заттардың қатты және газ тәрізді фазаларына сәйкес болады; ОК (булану 



к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



550

551


қисық  сызығы)    –  сұйық  және  газ  тәрізді  фазаларға 

сәйкес болады; балқу қисық сызығы ОВ (немесе ОВ´) 

– қатты және сұйық фазаларға (ОВ сызығы балқу Т

бал


 – 

температурасы қысыммен бірге артатын заттарға арналған, 

ОВ′ сызығы р артқанда Т

бал


 кемитін заттарға арналған). Осы 

қисық сызықтар күйлер диаграммасының жазықтығын үш 

фазаның әрқайсысының бола алатын: қатты (Ѕ), сұйық (L

және газтәрізді (G) аймақтарға ажыратады. К – кризистік нүктесінде сұйықтар мен 

газдардың қасиеттерінің арасындағы айырмашылық жойылады. 

Гиббстің фаза-

лар ережесіне сәйкес ОА, ОВ(ОВ′) қисық сызықтарындағы О нүктесі қайтымсыз 

тепе-теңдікке және ОК – бірнұсқалық (моноварианттық) тепе-теңдік, ЅL және G 

аймақтарындағы әрбір нүктеге екінұсқалық (диварианттық) тепе-теңдік сәйкес 

болады. 


КҮЙЛЕР ТЕҢДЕУІ, термодинамикалық тепе-теңдік күйлердегі физикалық 

біртекті жүйелердегі қысымды (P), көлемді (V) және температураны (Т) байла-

ныстырады: f (Р, V, Т) = 0. Бұл теңдеу жүйенің ішкі энергиясын (U)  анықтайтын 

кез  келген  үш  параметрдің  (Р,  V,  Т)  екеуінің  функциясы  ретінде  анықтайтын 

калориялық күйлер теңдеуінен өзгеше 

термиялық күйлер теңдеуі деп аталған. 

Термиялық  күйлер  теңдеуі  қысымды  көлем  және  температура  арқылы 

өрнектеуге  р  =р  (VT)  және  жүйені  шексіз  аз  шамаға  δ(V)  ұлғайтқан  кезде 

қарапайым жұмысты (δА = pδV) анықтауға мүмкіндік береді. Күйлер теңдеуі 

термодинамикалық заңдарды нақты заттарға қолдануға мүмкіндік беретін қажетті 

қосымша болып табылады. Бұл теңдеу тек термодинамиканың бір ғана заңынан 

қорытылып шығарылмайды, тәжірибеден немесе заттардың құрылысы туралы 

түсініктер негізіндегі теория жүзінде статикалық физиканың әдістерімен есеп- 

теліп анықталады. Термодинамиканың бірінші бастамасынан тек калориялық 

күйлер  теңдеуінің  болатыны,  ал термодинамиканың  екінші  бастамасынан  – 

термиялық және калориялық күйлер теңдеуінің арасындағы байланыс анықтала- 

ды: (U/V)

T

 = T(∂p/V)



V

 – p, бұдан идеал газ үшін ішкі энергияның көлемге тәуел- 

сіз  екені  шығады  (∂U/∂V)

T

  =  0.  Термиялық,  сондай-ақ  калориялық  күйлер 



теңдеулерін  есептеп  анықтау  үшін  термодинамикалық  потенциалдардың  кез 

келгенін өздерінің параметрлерінің функциялары түрінде білу жеткілікті. 

 Идеал газға арналған Клапейрон теңдеуі рϑ = RT, мұндағы R – газ тұрақтысы, 

ϑ – 1 моль газдың көлемі; Ван-дер-Ваальс теңдеуі (р+а/ϑ²)(ϑb)=RT, мұндағы а 

және b – газ табиғатына тәуелді және молекулалар арасындағы тартылыс күшінің 

ықпалын және олардың көлемдерінің шекті екенін есепке алатын тұрақты шама; 

осылар күйлер теңдеулеріне мысал бола алады.



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау