КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
538
539
к
178
∑
трациясына, ортадағы бөгде бөлшектердің болуына – кристалдану орталығына
(шаң – тозаңдар, ұсақ кристалдар, т.б.) тәуелді болады.
Бөлшектердің кристалдық агрегатқа бірігуі жүйенің бос энергиясын кемітеді, ал
жаңа беттің пайда болуын арттырады. Агрегат қаншалықты аз болса, оның бетінде
жататын бөлшектерінің үлесі көп болады, беттік энергияның маңызы соншалықты
артатын болады. Сондықтан агрегаттың өлшемі артқан сайын оның пайда болуына
қажет жұмыс (А), алғашында артады, сонан соң кемиді. Көп жұмыс қажет ететін
агрегат
кризистік ұйытқылар деп аталған. Ұйытқылардың пайда болу жұмысы
қаншалықты аз болса, оның пайда болу ықтималдығы артатын болады.
Ірі монокристалдар аздаған ұсақ кристалдар араласқан қаныққан ерітінділерден
және асақызған балқымалардан өздігінен тудыруға жол бермей өсірілуден пайда
болады. Металлургиялық үрдістерде бұған керісінше көп ұйытқылар алуға және
күштірек асасалқындатуға ұмтылады.
Әлсіз асасалқындатылған булардан,ерітінділерден, ара-тұра балқымалардан
өсірілген кристалдардың пішіндері көпжақтар түрінде болады. Алмастың қырлары
кубтың және октаэдрдің қырларындай болады.
КРИСТАЛДАР (грекше «кристаллос – мұз») – үш өлшемді периодты атомдық
құрылымды және тепе-теңдік жағдайларда пайда болу кезінде табиғи дұрыс
симметриялы көпжақтар пішінді болатын қатты денелер. Кристалдар – қатты
денелердің тепе-теңдік күйі. Берілген термодинамикалық жағдайлардағы (темпера-
турада, қысымда) кристалдық күйлерде болатын әрбір химиялық затқа белгілі бір
атомдық–кристалдық құрылым сәйкес болады. Тепе-теңсіз жағдайларда өсірілген
кристалдар және дұрыс қырлары болмайтын кристалдар кристалдық күйлердің
негізгі белгілерін – торкөздік атомдық құрылымды (
кристалдық торларды) және
оны анықтайтын барлық қасиеттерді сақтайды.
Көпшілік қатты материалдар
поликристалдар болып табылады; олар
көптеген жекелеген ретсіз бағытталған ұсақ кристалл дәндерден (
кристаллит-
терден) құралған. Мысалы, көптеген кен жыныстары, техникалық металдар мен
қорытпалар осындай. Ірі жеке кристалдар
монокристалдар деп аталған. Кристал-
дар көбінесе сұйық фазалардан – ерітінділер мен балқымалардан түзіледі әрі өседі;
кристалдардың газ фазадан немесе қатты фазаға түрлену кезіндегі фазалардан алы-
нуы да мүмкін. Табиғатта әртүрлі өлшемді жүздеген кг-ға дейін жететін
кварц кри-
сталдары, флюорит, дала шпатынан бастап ұсақ кристалдар –
алмасқа дейінгі
кристалдар кездеседі. Тепе-теңдік жағдайда өсірілген кристалдардың пішіндері
дұрыс көпжақтар түрінде болады (әрқилы симметриялы). Тепе-теңсіз жағдайда
өсірілген кристалдар дұрыс көпжақтардан бастап, қырлары мен қабырғалары
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
540
541
дөңгелектелген пластинкалы, ине
тәрізді үшкірленген, жіп тәрізді,
тармақты (дендритті), қар ұлпасы
тәрізді т.б. пішінді болады.
Көптеген монокристалдар, со-
нымен қатар поликристалдық ма-
териалдар қолданыста пайдала-
нылу тапқан. Пъезо- және сегнет-
электрлік кристалдар радиотех-
никада қолданылады. Жартылай-
өткізгіштік электроникалық құ-
рылғылар жартылайөткізгіш крис-
талдарға (Ge, Si, GaAs т.б.) негіз-
делген. Жадқа сақтау құрылғыла-
рындағы аса көп сыйымдылық
магниттік диэлектриктік кри-
сталдар мен әртүрлі типті фер-
риттер арқылы жүзеге асырылған
Кванттық электроника үшін
рубин кристалының иттерлік-
алюминийлік гранаттың т.б.
маңызы зор. Жарық шоқтарын
басқару техникасында электр-
оптикалық қасиетті кристалдар пайдаланылады. Температураның сәл
ғана өзгерістерін өлшеу үшін пароэлектрлік кристалдар, механикалық және
акустикалық ықпалдарды өлшеу үшін – пъезоэлектриктер,пъезомагнетиктер т.б.
қолданылады. Асақатты кристалдардың механикалық жоғары қасиетті кристалдар
(алмас т.б.) материалдарды өңдеуде және кен барлауда бұрғылау жұмыстарында;
рубиннің, сапфирдің және басқалардың кристалдары сағаттарда және өзге дәл
аспаптарда тірек бөліктері ретінде пайдаланылады.
Атомдық кристалл – кристалдық тордың түйіндерінде бейтарап атомдар
орналасқан кристалл.
Біросьті кристалл – бір оптикалық оське ие кристалл.
Екіосьті кристалл – екі оптикалық оське ие кристалл.
Жіп тәрізді кристалл – бір бағыттағы өлшемдері өзге бағыттарындағы
өлшемдерінен артық болатын монокристалл.
Кейбір кристалдар (сапфир, кварц) орнықсыз
күйдегі «электр элементі» секілді болады (А).
Кристалға айнымалы кернеу түсірілген кезде
тепе-теңдік бұзылады, осының нәтижесінде
кристалл дыбыс шығарып тербелетін болады
(Б). Керісінше, осындай кристалл тербелгенде ол
кернеу тудырады. Осы құбылыс пъезоэлектрлік
эффект деп аталған. Бұл кристалдық микрофонда
қолданыс тапқан. Мұндай кристалдар тек белгілі
бір жиілікке сезімтал болады. Осы жайт жиілікті
тұрақтандыру үшін пайдаланылады (Г).