46
Адам әлемі | 4 (74) 2017
Біз өткен ғасырдың өзінде екі-үш рет әліпбиді ауыстыруға мәжбүр
болдық. Шындығында бізді мәжбүрледі, ешбір санаспады. Тоталитарлық
жүйенің қыспағынан шыға алмадық. Енді сол сексен жылда үш мәрте
әліпби ауыстыру тәжірибесінің бәрін зерттейтін ғылыми орталық ашып,
барлығын саралап, бүгінгі заманға лайықты әліпбиді жүйелі түрде енгізіп,
үлкен сеніммен, нық жігермен іске асыратын болсақ, ұлтымыз бұл істе
ұтылмайды.
Ал қазіргі заман – «Ақпараттық технология заманы». Кім не істеп, не
үйренемін десе жолы ашық. Мектеп қабырғасындағы оқушыдан зейнеткер
қарияға дейін латын алфавитін танымайтын адам шамалы. Өйткені заман
талабына сәйкес,
экспорт, импорт, тауар жазбалары, телефон сөздіктері,
электрондық почтамен хабарласу, интернет сайттары, кейбір шетел тілін
үйрену үшін осы латын алфавитін қолданады. Осындай қолайлы жағдай сәтін
пайдаланып, мемлекетіміз латын алфавитіне ресми түрде
көшкені тиімді
Енді өз тәжірибемнен мысал келтірейін. Мен баяғыда-ақ, Қазақстан өз
Тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесінде Батыс Германияға – Мюнхендегі
«Азаттық» радиосына шақырылдым. Ондағылар латын әліпбиін пайда-
ланады екен. Сөйтіп мен де 25 жыл бұрын латын әліпбиіне өткенмін...
Халықаралық «Азаттық» радиосында қызмет істеген жылдарда алғаш
Мюнхенеде, кейін Прагада қазақ тілінде хабарлар жасай жүріп солардың
мәтіндерін қазақ тілінде латын әліпбиімен жазып отырдым. Соғыстан
кейін неміс жерінде қалып қойған Қадір Сариев, Қарыс Қанатбай, Дәулет
Тағыберлі, Мәулекеш, Жәкебай Бапыш, Қайғы секілді ағаларымыз кезінде
латын әліпбиінде сауат ашып, сол қаріптермен жаза білген кісілер. Міне
солар да елуінші, алпысыншы жылдары «Азаттық» радиосында қызмет
істеген. Менің қолымда сонау соғыстан кейін Бавария жерінде тұтқында
қалып қойған, өле-өлгенше елін, Батысқазақстандағы Жаңақала ауы-
лын аңсап өткен Қадір Сәрсенбайұлы Сариевтің «Eldi eskergende esime
engender» деген латын әліпбиімен жазған өлең кітабы бар. Сонда жүріп ла-
тын әліпбиін еркін пайдаланған. Осыдан кейін сонау алпысыншы жылдары,
соғыстан соң Түркиядан Германияға қоныс аудара бастаған қазақтар латын
әліпбиін пайдаланатын. Мюнхенде жүргенде байқағаным, латын әліпбиіне
өтудің қиындығы жоқ, тек қорықпай батыл қадам жасап, оқи беру, жаза беру,
жаттыға беру керек. Сонда адам жазуға қалыптасады. Ал мен Қазақстанға
келген соң өз ортамызға орай амал жоқ кейде орыс алфавитімен, біресе ла-
тынмен жазып әбден шатастым. Сондықтан бір жағына шығу керек болды.
Енді міне тура 77 жылдан соң Қазақ елі қайтадан латын әліпбиіне оралуға
беталды. Алдағы жылдарда ол үшін материалдық-техникалық база, оқулық,
кітаптар, техникалық құралдар т.б. бәрі жасақталып, әліпбиіміз бекітілген
соң батыл қадамға барып әрекет жасауымыз керек.
Қазір жұрт латын әліпбиінің әртүрлі нұсқаларын ұсынумен келеді. Ә
дегенде Парламент отырысында ұсынылған бір ғана нұсқаны халық аса
Қазақ тілін латын графикасына көшіру: әлеуметтік және тарихи аспектілері
4 (74) 2017 |
Адам әлемі 47
қабылдай қоймады. Қарапайым жұрт енді құлақ түріп, түсіне бастаған
диграф дегеніңіз екі әріптің қосындысы көрінеді. Сонымен жазсақ, нағыз
көпсөзділіктің көкесі болайын деп тұр. Әрі диграф нұсқасымен қысқарған
сөздерді бас әріппен жазар болсақ, ешкім түсінбейтін қойыртпақ сонда орын
алады. Мысалы «ҚР БҒМ ҒК» деген қысқарған сөзді екі әріптің қосындысы
арқылы латын әліпбиімен жазып көріңізші? Одан да тіл мамандары айтып
жүрген диакритика, – яғни бір дыбыс, бір әріп нұсқасы әрі қысқа, ұғынықты,
өте тиімді екен. Ол үшін Еуропа елдерінен, мысалы неміс клавиатурасын
қолдануға болады. Бұл әрі интернет жобаға лайық, әлемнің қай түкпірінде
болса да соны пайдалануға ыңғайлы.
Тілге келгенде, латын әліпбиіне өту тұрғысында әртүрлі пікірталастар
болып жатуы заңдылық. Әйтседе Мемлекеттік тілді оқып үйренуде қазір
сонау тоқсаныншы жылдардағыдай біржақты сыңарезулеп өрекпіп кету
саябырсыған. Тіл үйренуді ұлттық мәселеге айналдыруға болмайтынын
теріскейдегілер де түсіне бастаған. Сондықтан тым жалтақтай беру артық.
Дәлелмен,
орынды уәжбен, сабырмен түсіндірсең олар да мойынсұнады.
Осы арада латын әліпбиіне көшу мәселесіне өзге ұлыстар қалай
қарайды деген сұрақ туатыны ақиқат. Бұл арада өзбек, әзірбайжан,
түркімен халқының өкілдері бірінші кезекте бұл шараны қуана құптап,
толық қолдайды. Себебі түсінікті. Оладың елі жиырма жылдан бері латын
әліпбиін қоланып келеді. Сондай-ақ, орыс, кәріс, неміс үшін де, өзгелерге
де латын әліпбиі қиынға соқпайды, қайта жеңілірек болады. Өйткені оларға
кирилл қарпімен жазған қазақтың сөздері оқуға қиын болса, ендігі жерде
латын әліпбиімен оқу оңайға соғады. Өйткені латын әліпбиі жұртқа таныс.
Ағылшын, француз, неміс тілдерін көпшілігі ықыласпен оқиды. Демек,
қазақтың сөздері
латын әліпбиімен жазылса, ол оқуға жеңіл.
Солтүстік өңірде қазақтар әлі де аз. Солардың өзі шүлдірлеп ар
жағындағы көршілердің тілінде сөйлеуге бейім. Тілдік орта жоқ. Сөйтсе
де бұрынғыдай емес, мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін, қазір еліміздегі
қазақ тілді аудиторияның үлес салмағының артып келе жатқанын іштей
мойындайды. Алғашқы жылдардағыдай емес,
мемлекеттік тілге қарсы бо-
лып отырғандар байқалмайды. Керісінше, әу баста, Тәуелсіздіктің елең-
алаңында, көпшілік жұрт дағдарып қалғанда Солтүстік облыстардағы қала
атауларын өзгертіп жіберу керек еді дейтіндер жиі кездеседі.
Жалпы бұқара халық үшін сексен жыл бауыр басқан кириллицадан
арылу оңай шаруа емес. Сондай-ақ, аға буын, орта буын, жас ұрпақтың
жаңа алфавитті қабылдау деңгейі әр алуан екенін ескеруіміз керек.
Латын
әліпбиін қабылдауға өзгелер де қарсы емес. Рас, бірен-саран шуылдайтын-
дар ұшырасып қалады. Ондайлар Әзірбайжанда да, Өзбекстанда да кезде-
скен, мұндайды бастарынан өткізген. Түрлі алып-қашпа пікірлер таратқан.
Алайда соның бәрі артта қалады.
Бұл арада бізден
жиырма шақты жыл бұрын латын әліпбиіне көшкен
түркітектес елдердің, атап айтқанда түріктің де, әзірбайжан мен өзбектің
Бейісбаев С. Жаңа әліпбиге қатысты тәжірибені сараласақ