44 Адам әлемі | 4 (74) 2017
Әдіснама
Қазақ тілінің латын графикасына көшуі тұрғысында өзге де түріктектес
елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, бұл тұрғыда батыл қадамдарға
бару керек. Айталық, туыстас Әзірбайжан мемлекеті өздерінің Тәуелсіздігін
жариялаған сәттен бастап, жоғарғы кеңестің ұлттық советі латын графика-
сына өтуді екі кезеңге бөліп қараған. Философия институтының ғалымдары
негізге алған жаңа алфавитті қабылдауға жол ашқан. Ол өз кезегінде
компьютерлік тіл технологиясын негізге алуға және халықаралық терми-
нология мен әлемдік ақпарат кеңістігіне бейім ағылшын тіліне басымдық
берді. Қазақстан да ендігі жерде жалтақтамай, уақытты зая кетірмей, латын
графикасын батыл енгізетін кезең келді. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы
атап көрсеткеніндей, 2025 жылға қарай қазақ тілі толықтай латын әліпбиіне
көшуіне негіз бар.
Әліпби алмастыру арқылы рухани тәуелсіздікке жетеміз
Енді біршама шегініс жасап, өткен тарихқа көз жүгіртсек, 1940 жылдың
22 қазанында сол тұстағы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы Молотов
қазақ жазуын латын таңбасынан орыс әліпбиіне өткізу туралы қаулы шығар-
ғаны белгілі. Міне содан бері тура – 77 жыл өтіпті. Сәйкестікке қараңызшы,
2017 жылдың 27-қазанында Қазақстан Президенті – Тәуелсіз Қазақ елінің
мемлекет басшысы Н.Назарбаев орыс жазуынан латынға өту туралы Жарлық
шығарды. Соған бүгінгі азат, дербес елдің ұрпағы куә болып отырмыз. Бұл
әліпби әлі талай талданар, кем-кетігі түзелер, ең бастысы шешім қабылданды.
Бұл тарихымыздың жарқын беттеріне ойып тұрып жазылатын күн.
Өзіміздің жазу-сызуымызды қалыпқа келтіріп, әліпбиімізді қалыптас-
тырып, сауаттылығымызды жүзеге асыру әңгіме болған сол отызыншы
жылдары зиялыларымыз қарап отырмады. Латын әрпіне көшу сөз болған
кезде қазақ тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған
халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған ірі қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынұлын айтпай кету, ұлтына жасаған жақсылықтарын айт-
пау мүмкін емес. Ұлы ағартушымыз: «Біздің заманымыз – жазу заманы»
– деп, латын әліпбиіне көшу қажеттілігін дәлелдеп берген. Осылайша
ағартушы-педагог ғалым «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп бо-
латын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деді. Сол тұста тағы бір алаш арысы,
біртуар мемлекеттік қайраткер Нәзір Төреқұлов та кезінде латын әліпбиіне
көшуді қызу қолдаған.
Көрнекті тарихшы Талас Омарбектің пікіріне үңілсек, отызыншы жыл-
дары жаппай сауат ашу үрдісі белең алып, латын қарпі киіз үйлерде сау-
ат ашу науқаны кезінде үйретілген. Қазақтың көпшілігі латын әрпін толық
меңгерген жоқ. Жекелеген әріптерді ғана білді. Ғалымның айтуынша, араб
Қазақ тілін латын графикасына көшіру: әлеуметтік және тарихи аспектілері
4 (74) 2017 | Адам әлемі 45
қарпінен латынға, одан кирилге көшу отарлау саясатын күшейте түсу үшін
жүргізілді. Сөйтіп, Молотовтың тұсында бас-аяғы бір жылда жұртты жап-
пай орысша жазуға өткізіп, жіберсе, ендігі жерде біздің ел бұл шараны жан-
жақты зерттеп, ғалымдар мен тіл мамандарының пікіріне назар аударып,
әліпбиді реттеп, оқу кітаптарын даярлап, 2025 жылға қарай латын әліпбиін
енгізуді жолға қойып отыр. Оған сегіз жылдай уақыт бар.
Қазіргі заманда талай елге танымал таңбалармен, әсіресе түріктектес
ағайындармен осы әліпби арқылы байланысып, жақындаса берсек, бірлігіміз
нығайып, ынтымағымыз жараса түспей ме. Шынтуайтында тіліміздің түп-
төркіні ортақ, тереңіне үңілсек, әр сөздің мағынасын түсіне аламыз ғой. Ал
ел енді қолға алып, шындап кірісіп, көшейін деп отырған әліпбиіміз бізді
туыстас ағайындармен тіпті жақындастыра түсетіні қуантады.
Орыс әліпбиін латын графикасына көшіру арқылы қазақ тілін түбегейлі
жаңғырту, оның коммуникативтік, ғылыми, технологиялық әлеуетін артты-
ру, қазақ тілін әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару, әліпби алмастыру
арқылы рухани тәуелсіздікке қол жеткізу төңірегінде әлі де қызу пікірталас
туып, сан түрлі ұсыныстар айтылуда.
Мемлекет басшысы айтқандай, қазақ тілі – ол біздің рухани негізіміз.
Осы жолда тілдің халықаралық мәртебесін көтеру, біздің әлемдік өркениетке
жетуіміздің басты кепілі. Ғалымдар мен тіл мамандарының пікірінше, жаңа
әліпби бүкіл әлем қазақтарын біріктіретін маңызды фактор.
Қазақстанда латын әліпбиіне көшуге орай мемлекеттік комиссия
Президент Жарлығымен 2013 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған бола-
тын. Көрші елдердің тәжірибесіне үңілсек, кезінде оларда талай комиссия
жұмыс істепті. Айта кетейік, латынға көшу жұмыстарына бұған дейін ла-
тын графикасына көшкен елдердің тәжірибесін зерделеу үшін осы саладағы
еліміздің білікті мамандары тартылды.
Әлемде қанша халық – жер шарының қанша пайызы латын әліпбиін
пайдаланатыны, қыруар ақпаратты сол алфавит арқылы ағылшын тілінен
алатыны айтудай-ақ айтылып жатыр. Бүгінде 4 миллиард 900 миллион адам
латын әлпбиін қолданады екен. Орыстың кирилл алфавтиімен қоса әлемдік
латын әліпбиі арқылы ағылшын тілін де біліп алса, қазақ халқы тек ұтады.
Түптен келгенде үштілділік деген сол.
Қазақ халқының сан ғасырлық тарихын ғылыми сүзгіден өткізу
гуманитарлық ғылымның, оның ішінде тарих ғылымының негізгі бо-
рышы. Әсіресе руханиятымыздың тарихи кезеңдесу мәселесі маңызды.
Соңғы сексен жылдың бедерінде қазақ әліпбиі үш рет түбірлі өзгеріске
ұшырады. Алдымен араб әліпбиі болса, одан соң ХХ ғасырдың отызын-
шы жылдары латын әліпбиіне көшуге мәжбүр болды, соңынан халқымыз
кириллицаны негізі әліпбиі етті. Мұның бәрі сырттағы қазақ диаспорасы
өкілдерімен ақпараттық, білімдік, мәдени-рухани қарым-қатынас жасауға
елеулі кедергілер жасағаны белгілі.
Бейісбаев С. Жаңа әліпбиге қатысты тәжірибені сараласақ
Достарыңызбен бөлісу: |