Философия, оныњ пєні, негізгі баѓыттары, функциясы жєне зерттеу объектісі


Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары



жүктеу 0,69 Mb.
бет3/4
Дата18.12.2017
өлшемі0,69 Mb.
#5043
1   2   3   4

Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы қарастырылған заңдар жиыны?

  2. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту туралы анықтама?.


7-дәріс. Кемтар балаларды қамқорлаудың жаңа жолдары
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін әлеуметтік, медициналық және педагогикалық көмектің жаңа жолдары.

Ақтөбеде облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ) қашан құрылды, облыста неше ПМПК ММ-сі бар, аудандардан ПМПК ММ-сі ашылама ?

Облыстық ПМПК ММ-і Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылы шыққан «Кемтар балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 Заңының 8 бабының, 3 тармағын орындау мақсатында, Ақтөбе облыстық әкімінің 04.02.2003 жылы бекітілген № 23 Қаулысы негізінде құрылды.

Аталған Заң бойынша 60 мың балаға бір ПМПК құрылуы қажет. Ақтөбе облысында бүгінгі күні екі ПМПК жұмыс жасауда: облыстық ПМПК ММ облыстың 12 ауданының, Алға облыстық балалар үйінің, Тамды көмекші мектеп-интернатының және Жайсаң арнаулы мектеп-интернатының мүмкіндігі шектелген балаларын тексереді. Қалалық ПМПК ММ Ақтөбе қаласына қарасты мүмкіндігі шектелген балаларды тексереді. Облыс бойынша 240 мыңдай бала бар, сондықтан тағы екі ПМПК ашу керек:

1. № 3-ші ПМПК ММ-ін Қандыағаш қаласынан құру - темір жол бойындағы( Мұғалжар, Шалқар,Темір, Байғанин аудандарының) 60 мың балаларды тексеруге қолайлы жағын ойлау мақсатында;

2. № 4-ші ПМПК ММ-ін ескі қаладан ашу – Алға және Хромтау аудандарының балалары мен қазіргі қалалық ПМПК-ның артық балаларын қамту үшін.

ПМПК ММ-нің негізгі міндеттері ?

1. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалармен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру, психикалық және дене бітіміндегі ауытқуды анықтау;

2. балалармен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру жүргізу, диагнозын қою, оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жұмысқа орналастырудың оған сәйкес жағдайын анықтау;

3. баланың көңіл-күйінің өзгеруіне байланысты білім мекемесінің бір түрінен екіншісіне ауыстыра отырып, қажет болған жағдайда оған бастапқы қойылған диагнозын растау, анықтау және өзгерту енгізу;

4. баланың деңгейіне қарай психологиялық-медициналық-педагогикалық көмек көрсету, оларды арнайы білім беру саласында тәрбиелеуді және оқытуды, әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5. дамуында, мінезінде жеңіл ауытқу, кемістіктері бар балаларды, соның ішінде арнаулы түзеу білім мекемелеріне жіберуге жатпайтын балаларды емдеу, тәрбиелеу, және оқыту жөнінде ата-аналарға(заңды қамқоршыларына), мұғалімдерге және дәрігерлерге кеңес беріп көмек көрсету.

Қандай мамандар жұмыс жасайды ?

Мұғалімдерден – дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдолог мұғалім, тифло мұғалім), психолог, логопед, әлеуметтік мұғалім;

Бала дәрігерлерден – психиатр, невролог, сурдолог, окулист, медстатистик, педиатр.

Қандай мекемелермен бірігіп жұмыс атқарады ?

Облыстық ПМПК-сы Ақтөбе облысының білім басқармасына қарайды, сондықтан аталған Заң бойынша аудандық білім бөлімі арқылы –денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелермен, бірігіп жұмыс жасаймыз.

Аудандық білім бөлімі(балалардың құқығын қорғайтын және қамқоршы маман), 0-18 жастағы мүмкіндігі шектелген балалармен, жасөспірімдермен атқарылған жұмыстарға аудан бойынша жауапты, облыстық ПМПК ММ-не есеп береді.

Тексеріске кімдер жолдама береді ?

Облыстық ПМПК-нан тексерістен өтуге жолдаманы:



  1. мектептердің психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумі(ПМПк) шешімімен мектептер мен бала-бақшалар;

  2. ерте жастан 0-3 жастағыларды скринингі тексерістен өткізіп, диагнозын анықтап, бала дәрігерлері;

  3. 0-18 жасқа дейінгі мүгедектерді әлеуметтік қызыметкерлер мен дәрігерлер.

Бірақ, барлығыда аудандық білім бөлімімен байланысып, тіркеліп барып жіберулері қажет. Аудандық білім бөліміндегі балаларды қорғау және қамқорлау маманы бұл жұмыстардың барлығына жауапты, аудан бойынша 0-ден 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді есепке алады, қамқорлайды, қадағалайды, құқығын қорғайды. Егер облыстық ПМПК-на өздігінен келе алмайтындар болса, оларды дайындап, тізімін аудандық білім бөлімі облыстық ПМПК-на жібереді. Жоспар бойынша және аудандық білім бөлімінің кезектен тыс шақыруымен облыстық ПМПК-сы аудандарға барып тексерістер жүргізіп, Қортынды шығарып, Ұсыныстар беріп, кеңес өткізеді.

Облыстық ПМПК ММ-не тексеріске баланы неге ата-анасы әкелу керек, мұғалімі не дәрігері әкелсе болмайма? Тексерілгендерді қайда жібереді ?

Мүмкіндігі шектелген балаларды тексеру міндетті түрде ата-анасының немесе заңды қамқоршысының қатысыуымен бірге өткізіледі және мұғалімі мен емдеуші дәрігері бірге келіп кеңес алуына болады.

Толық тексерістен кейін Тамды, Жайсаң және басқа арнайы мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен кластарына жібереді, бірақ ата-анасының немесе заңды қамқоршысының келісімі қажет. Егер ата-анасы баласын арнайы балабақша, мектептерге жібергісі келмесе, тұрғылықты жеріндегі мектептерде арнайы(Жайсаң арнаулы мектеп интернатының) не көмекші(Тамды көмекші мектеп интернатының) бағдарламамен оқытуына толық құқығы бар.

Кейде ата-анасы түсініп, келісіп арнайы мектеп-интернатқа баласын оқытуға береді, артынан бір себептермен баланы өздері өтінішпен шығарып, үйіне алып кетеді. Ауылына барғасын мектеп қабылдамайды. Бұл дұрыс емес, баланы мектепке қабылдап, көрсетілген бағдарламамен оқыта беру қажет. Неге ата-анасының және мектеп директорының түсінбегенінен бала зардап шегуі керек?

Мектептер бұған дайын болғаны жөн, көмекші және арнайы бағдарламаға сай түзеу педагогикасының тәртібі бойынша облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы қажет. Мектептерде бұл жұмысқа жауапты ПМП консилиум төрағасы, яғни, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. Аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман және мектеп директоры бұл жұмыстарды қадағалап тұруға міндетті.

Түзеу диагностикалық топтар (ТДТ) қашан ашылды, олар немен айналысады ?

Облыстық ПМПК-ның жанынан 01.01.2007 жылы 2 ТДТ-р ашылды: 1.Ауыр ауытқушылықғы бар балалар мен жасөспірімдерге және

2.Ерік-жігеріндегі және тәртібіндегі ауытқушылығы, соның ішінде ерте жастағы бала аутизімі барлар үшін.

ТДТ-ң негізгі мақсаттары: түзеу психологиялық-педагогикалық шараларды анықтау үшін танымдық даму (тіл, ес, зейін, қабілеттілігі т.б психикалық функциялары) ерекшеліктері мен дәрежесін анықтау, эмоциялық ерік жігерін, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуын танып білу, диагнозын белгілеу, педагогикалық-медициналық қортынды шығару, баланы оқыту мен дамыту үшін тиімді бағдарламаны іріктеу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру.

ТДТ-қа 3 жастан 16 жасқа дейінгілерді 1 айдан 1 жылға ПМПК-ның жолдамасымен, ата-анасының(заңды қамқоршысының) келісімімен қабылданады, психолог, дефектолог(олигофренопедагог), логопед, психиатр, невролог, тәрбиешілер және педиатр мен медбибі - массажист күніне 4 сағатқа дейін тегін қызымет көрсетеді.

Түзеу сабақтары жеке баламен және топпен бірге жүргізіледі. Сабақтардың ұзақтығы баланың жеке ерекшелігі мен мүмкіндігіне байланысты.

Аудандардағы психологиялық-педагогикалық түзеу ( ППТ ) кабинеттері қашан ашылды, неге барлық аудандарда жоқ? ППТ кабинеттерімен ППТ кластарының айырмашылығы неде ?

Аталған Заң бойынша Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан 2004 жылы, Қарғалы ауданынан 2005 жылы, Мұғалжар мен Хромтау аудандарынан 2007 жылы және Темір мен Қобда аудандарынан 2008 жылы ППТ кабинеттері ашылып жұмыс жасауда. Қалған 6(Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Мәртөк, Ырғыз) аудандардан ППТК ММ-ін облыстық әкімнің Қаулысы негізінде құрылады. ППТ кабинеттері облыстық бюджеттен қаржыландырылады, аудан орталықтарынан ашылады.

Ал ППТ кластарының штаты мектептерден бөлінеді, яғни, ППТ кластарын мектеп директорлары аша алады.

ППТ кабинеттері мен кластарына мүмкіндігі шектелген балалар мен жасөспірімдерді облыстық ПМПК-ның жолдамасымен қабылдайды. Заң бойынша арнайы мамандар(психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік мұғалім) болмаса, бастауыш кластың мұғалімдерін, тәрбиешілерді және қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстардан оқытып алады. ПМПК-ның қортындысымен арнайы кабинетке не класқа қабылданған бала, деңгейіне қарай, қатарымен, өз класында оқып жүріп, қосымша түзеу көмегін алады, біріңғай бөліп тастауға болмайды.

Мысалға: шет тілі, физика, химия т.б. сабақтарға кемтар балалар қатыспауына байланысты, психологтің, олигофрено мұғалімнің(дефектолог), логопедтің, әлеуметтік мұғалімнің көрсетілген сағатына сай, бағдарламасына қарай қосымша түзеу көмектерін алады. Балалар аз болған жағдайда түзеу сабағын өткізген сағатына ғана айлық төленеді.

ППТ кабинеттерін құруға аудан әкімі мен аудандық білім беру мекемесінің бастығымен бірігіп ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Аудан орталықтарынан бөлек ғимарат пен арнайы мамандар дайындауда.

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) немен айналысады, қайда орналасқан?

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум(ПМПк) барлық мектептерде, балабақшаларда мектеп директорының бұйрығымен құрылады. ПМПк құрамында төрағасы(оқу ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары), психологтар, әлеуметтік мұғалімдер, болса логопед, дефектолог(олигофрено мұғалім, сурдо мұғалім, тифло мұғалім), елге сөзі өтетін 1-2 сыйлы мұғалімдер, хатшы(медбибі) болады.

1-ші кластың оқушысы 1-ші тоқсанда әріптерді, сандарды үйренген жоқ, оқу үлгерімі өте нашар, ол балаға 2 деген баға қойып мұғалімі қажетті құжаттарды жинақтап ПМП консилиумге ұсынады. ПМП консилиум баланың құқығын қорғау мақсатында тексеру жүргізеді. Егер мұғалімнің дұрыс сабақ бермегені анықталған болса мұғалімді тәртіпке шақыру қажет. Ал әлеуметтік мәселелердің кесірінен болса, көмек беру жөнінде әкімшілікке ұсыныс береді. Балада ауру белгілері болса ауруханаға жібереді. Оқушының оқу үлгерімі өте нашар екені белгілі болса, көмекші(ақыл есі дамуы кем балаларға арналған) не арнайы(ақыл есі дамуы тежелген балаларға арналған) бағдарламаларды және басқада Қортынды мен Ұсыныстарды анықтау үшін облыстық ПМПК-ға тексеріске жіберу керектігі жөнінде шешім шығарады.

Сабақ үлгерімі өте нашар балаларды 1 кластан, әрі кетті 2-3-4 кластарда анықтап алғандары, мүмкіндіктеріне қарай оқытқандары дұрыс, егер 5 кластан кейін облыстық ПМПК тексеріске жіберген болса, мектепте ПМП консилиум құрылмаған деген мағынаны береді емес пе?

Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында, баланың туу туралы Куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген мекемелерге(емдеуші дәрігеріне, мектеп директорына және әлеуметтік қызыметкерге) апарып береді.

Қортындыдағы ұсыныста көрсетілген көмекші бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін арнайы Куәлік беріледі. Егер кемтар бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген Анықтама беріледі. Арнайы Куәлік пен Анықтамаға мектептің ПМП консилиум шешімі негізінде мектеп директоры аудандық білім бөліміне өтініш береді.

Көмекші бағдарламамен оқыған шаруаға икемі бар балаларды және арнайы бағдарламамен оқығандарды 9 кластан кейін профтехучилищелерге жібереді.

Кемтар баларға(ақыл есі дамуы кем немесе ақыл есі дамуы тежелген) берілген ПМПК ұсыныстарын орындалуын қадағалау, құқығын қорғау, жан-жақты қамқорлау, қатарға қосу, мүмкіндігіне қарай көмекші не арнайы бағдарламалармен оқыту т.б. жұмыстарға жауапты мектеп пен балабақша ПМП консилиум төрағасы мен мектеп директорлары. Кемтар, бірақ, ақыл есі дамуы сау балаларды айыра білу қажеттігін қатаң ескеру.


Ақыл есі дамуы кем(Умственная отсталость), яғни, ауру балалар.

Ақыл есі дамуы тежелген(ЗПР), яғни, ауру емес, әр түрлі себептерге байланысты мектеп бағдарламасын жай қабылдайтын балалар.

Әлеуметтік қызыметкерлер және әлеуметтік мұғалімдер немен айналысады, қандай мекемелерге қарайды?

Әлеуметтік мұғалім мектептерде жұмыс жасайды, мектептегі ПМПк бірлесіп баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін, есебін, әлеуметтік педагогикалық жұмыс үлгілерін анықтайды. Қоғамда, ортада, үйде, мектепте жеке қатынасының орнығыуына бейімдейді. Білім беру бөлімдерінде әлеуметтік қорғау, дамыту, тәрбиелеу шараларын жүзеге асырады. Үйімен, жәрдемақы алуымен, балалардың құқықтарын қорғау жұмысымен айналысады. Баланы оқытатын мұғалімдермен, ата-анамен, әлеуметтік қызыметкерлермен, жеке тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады.

Мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсетуді, облыстық ПМПК қортындысы бойынша әлеуметтік қызыметкерлер атқарады. Әлеуметтік қызыметкерлер жергілікті әкімшілікке және әлеуметтік қорғау мекемесіне қарайды, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру бөлімдері мекемелерімен бірлесіп, өзіне бөлінген мүгедек балалардың үйіне барып, қажеттілігін анықтап, өмірге биімдеу, үйрету, тәрбиелеу мақсатында ата-аналарына Заңдарды түсіндіріп, көрсетіп, көмектеседі, қадағалайды, ортамен қарым-қатынас орнатады. Облыстық ПМПК-ның ұсыныстары толық орындалуы керектігін ата-аналарға, мұғалімдерге, дәрігерлерге, әлеуметтік мұғалімге және әкімшілікке ұғындырып, бірлесіп жұмыс жасайды.

Мүгедек балаларды әлеуметтік қолдаудың бағдарламасын орындайды. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынысы бойынша тегін әлеуметтік көмек көрсетеді.

Өз міндеттерін дұрыс білмейтін, түсінбейтін, арнайы курстардан өтпеген, маман емес «әлеуметтік қызыметкерлер» мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмектерді дұрыс көрсетпейді, соның салдарынан ата-аналар арызданып, көмекті басқа жақтан іздейді. Сондықтан әкімшілік тікелей бұл жұмыстарды қатаң қадағалап отырғаны жөн.

Осы Заңға байланысты денсаулық сақтау мекемесі немен айналысады?

Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 – ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.

Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады, бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу қажет.

Аталған заңға байланысты, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірінің «Ерте жастағы балалардағы психологиялық-физиологиялық ауытқушылықтарын скринингін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 29.01.2003 жылы шыққан № 83 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы 24 шілде 2009 жылғы «Бүлдіршін жастағы балаларда психикалық-дене бұзылыстары скринингін ережесін бекіту туралы» № 379 бойынша, 0 – ден 3 жасқа дейін скринингтік тексеру өткізіп, диагнозын анықтап, есепке алынған балаларды облыстық ПМПК-на мүгедектіктің алдын алу мақсатында, оқыту, тәрбиелеу, өмірге биімдеу, демеу мәселелерді шешу үшін тексеріске жібереді. Ай сайын скрининг кезінде анықталған балалар арасында психикалық-дене бұзылыстары бар балалар туралы облыстық ПМПК-на 1-ші қосымшаға сай ақпарат береді. Тоқсан сайын ПМПК-на жолданған балалар туралы 2-ші қосымшаға сәйкес мәліметтерді салыстыру жүргізледі. Аудандық бас педиатр бөлек екі журнал арнайды.

Дәрігерлер туғаннан бастап балалардың диагноздарын анықтап болады, бірақ, кейде жұмыс тоқтап қалады, яғни, анықталған кемтар балаларды ПМПК-ан уақытында тексерістен өткізбейді. Ата-аналар балаларын ПМПК-на қаратқысы келмейді, уақыт өткізіп алады, бірақ аудандық білім бөліміндегі бала құқығын қорғайтын маман ата-аналарға, дәрігерлерге түсіндіріп, кемтар баланы уақытында ПМПК-нан тексерістен өткізіп алу қажет.

Үйден оқуға анықтаманы емдеуші дәрігер, ал мүгедек балаға үйден әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынысты облыстық ПМПК береді. Көбіне осы екі сұрақты шатастырады. Кемтар баланы емдеуші дәрігері үйінен барып қарап, тексеріп мектепке баруға денсаулығының жарамайтынын анықтаса, үйден оқуға бекітілген тәртіппен анықтама береді. Ата-анасы анықтаманы мектеп директорына не ПМПк төрағасына тапсырады, ДКК анықтамасы негізінде мектеп директорының бұйрығы бойынша мұғалімдер балаға үйіне барып сабақ береді (яғни қосымша қаржы бөлінеді). Бұл жұмыстарға жауапты емдеуші дәрігері мен ДКК төрағасы, үйден оқуға анықтаманы денсаулық сақтау министірінің бекіткен «үйден оқуға жататын аурулар тізімі» бойынша береді. Қажет болса облыстық ПМПК-сы оқу бағдарламасына кеңес береді.

Кейбір мектептер және ДКК үйден оқуға анықтаманы облыстық ПМПК-нан сұратып, кемтар баланы мектепке қабылдамай қояды. Ақтөбе қаласына шалғай ауылдан келіп, ата-аналар шығынданады, екі ортада кемтар бала зардап шегеді. Негізсіз кемтар баланы жолдамамен жібергендер Заң алдында жауап береді. Аудандық білім бөлімдері облыстық ПМПК-ың қортындысына сәйкес үйден оқыту туралы бұйрық шығарады, ол да дұрыс емес, үйден оқуға бұйрықты аудандық емхана дәрігерлер кеңес комиссиясының анықтамасына сәйкес шығару керек. Ондай олқылықтар болмау үшін, аталған заң бойынша әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және білім беру мекемелері әкімшілікпен ақылдасып, ата-ананың келісімімен бірігіп жұмыс жасау қажет.

Ата-аналарда өздерінің құқығын біліп, Заңдармен танысып, кеңес алып, балаларын қорғай білгені жөн.

Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер беріледі ?

Үйден оқытылатын мүгедек балалардың ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін бір мүгедек балаға 1 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде аудандық маслихаттың шешіміне байланысты аудан әкімінің Қаулысы бойынша, аудандық бюджеттің есебінен қаржы бөлінеді.

Растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда өтініш берген айынан бастап тоқсан сайын төленеді.

1 Дефектолог мұғалім, психолог мұғалім, логопед мұғалім, сурдолог мұғалім, тифломұғалім, әлеуметтік мұғалім және психиатр дәрігер, невролог дәрігер мамандарын қандай оқу орындары дайындайды ?

Бала дәрігерлерді(психиатр, невролог, ЛОР, окулист,педиатр): М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті және педиатрия факультеті бар барлық медицина институттар дайындайды.

ПМПК-на жылда қаралу, тексерілу қажет пе?

ПМПК-на кемтар бала өмірінде 1 рет ғана қаралады, берілген қортынды, ұсыныстар бойынша жұмыс жасау қажет. Егер қортындыда қайта қаралу керек деп жылы жазылса ғана, көрсетілген уақытында қайта тексерістен өтеді. Облыстық ПМПК-сы берген қортындының түп нүсқасы ата-анасында, бала куәлігімен бірге болады. Қортындының көшірмесін тиісті көрсетілген мекемелерге апарып береді. Қортындыдағы нұсқау-ұсыныста көрсетілген бағдарлама бойынша, кемтар бала 9 класты бітіргенше қатарымен бірге оқыйды. Егер мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игерген болса, онда 9 класты бітіргесін «Тамды көмекші мектеп-интернатының» Куәлігі, ал арнайы бағдарламаны игерсе «Жайсаң арнайы мектеп-интернатының» Куәлігі беріледі. Мүмкіндігі шектелген бала көмекші бағдарламаны игермесе, сандарды, әріптерді білмесе, онда 9 класты бітірді деген анықтама беріледі.




Дәріс №7. Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер беріледі ?

  2. Кемтар балаларды қамқорлаудың қандай жолдары бар?


8-дәріс. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту қажеттілігін негіздеу.
Елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп – қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және 2 кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР – да 2015 жылға қарай инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25%-н қамту көзделсе, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған 70%-ға ұлғаяды, инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі даму мүмкіндігі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан 50% құрайтын болады. Дегенмен бұл саланың да проблемалары жетерлік. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты прогреске бірнеше факторлар: объективті және субъективті қиындықтар кедергі келтіруде. /1/.

«Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі Біріккен Ұлттар Ұйымының бас Ассамблеясымен, мақұлданып, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген. Көршілес Ресей мемлекетінде 1990 жылдан бастап, инклюзивті білім беру жүйесі құрыла бастады /2/.

Қазақстан Республикасының Елбасы өз жолдауында әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. 2011-2012 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.

Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі – мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.

Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құрылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады.

Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституцияда, «Қазақстан Республикасында бала құқықтары», «Білім», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау», «Арнай әлеуметтік қызметтер», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.

Мүмкіндіктері шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.

Қазіргі уақытта ортамызда болып жатқан әлеуметтік жанұя мәселелері, экологиялық-эканомикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар, кемтар болып туылатын нәрестелердің саны жыл сайын өсіп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде ондай балалар аз емес. Мектепте және үйде де ондай балалар жеке ықпал жасауды қажет етеді. Ол үшін баланың психологиялық қажеттіліктерін, оқу үлгерімін зерттеп, психологиялық түзеу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін. Олар басынан өткен аурулар, негізгі әлеуметтік жағдайы, нашар көруі, құлақ ауруы тағы да басқа себептерден болуы мүмкін. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары интелектуалды деңгейі көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді /3/.

Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет.

Қазіргі таңда кіріктірудің төмендегідей үлгілері бар:

1. Жалпы білім беру мектептерінің арнайы (түзету) сыныптарында мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы.

Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзету мектебінде 15639 бала білім алады, оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам ақыл – ойы кем балалар, қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар.

2. Инклюзивті білім беру дегеніміз – қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы.

Инклюзивті білім беру жүйесіне кіріктірілген балалар үлесі жалпы балалар санының 19, 1 % (2010 жылы 12, 0 %) құрайды.

Астана қаласы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарында мүмкіндігі шектеулі балаларды білім беру ортасына енгізуге жағдай жасау мәселелері өз шешімін табуда. Алматы, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқу – тәрбие үдерісіне мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіру мәселелері төмен деңгейде.

Инклюзивті білім беруді дамытуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» заңына сәйкес жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын және кезінде «оқыту мүмкін емес» оқушылар қатарына жататын балаларға түзете – педагогикалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін жаңа түрдегі арнайы білім беру мекемелерінің желісі кеңейтілуде.

Мұндай мекемелерді құру қажеттілігі елімізде бар арнайы (түзету) мекемелердің барлығында түрлі ауытқушылығы бар балаларға дұрыс түзете – педагогикалық қолдау көрсетуге толықтай мүмкіндік жоқ болғандықтан туындаған.

Бүгінгі күні республикамыздағы арнайы ұйымдар жүйесінде 63 түзету және инклюзивті білім беру кабинеті, 129 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті, 20 оңалту орталығы және 479 логопедиялық пункт қызметтерін жүзеге асыруда.

Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқу - әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата – аналарына кеңес беру және психологиялық – педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады.

Арнайы білім беру бағдарламалары бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту сегіз типтегі арнайы (түзету) ұйымдар жүйесінің қызмет жасауы арқылы жүзеге асады:

39 арнайы балабақша және 274 балабақша топтарында 10 мыңға жуық мектеп жасындағы балалар қамтылған;

9169 мүгедек бала үй жағдайында білім алады;

25 мыңнан астам бала 20354 оқушыға арналған 1564 мектепте және 4970 мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 274 топта арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілген жалпы білім беру мекемелеріне біріктірілген.

Бұл қызметтің басты бағыты ретінде баланың дамуындағы ауытқушылықты анықтап, дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету жұмыстарын ерте жастан ұйымдастыру болып табылады. Бұл мақсатта 57 психологиялық – медициналық – педагогикалық (ПМПК) кеңес жұмыс жасайды.

ПМПК – тің 2012 жылдың қаңтр айының 1-не берген мәліметтері бойынша республикамызда 149043 мүмкіндіктері шектеулі бала мен жасөспірім тіркелген.

Кейбір аудандарда ПМПК жүйесінің жеткіліксіздігі анықталды. Мысалы, ОҚО-да болуы керек 17 ПМПК-ның екеуі ғана қызмет жасауда, Алматы қаласында 5 ПМПК-ның орнына 2 ғана қызмет жасауда (Қазақстан Республикасының «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік – медициналық – педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы» заңына сәйкес аудан әкімінің шешімі бойынша 60 мың балаға бір ПМПК құрылуы тиіс).

Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық – медициналық – педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мектептерінде оқытуға дайындауды қамтамасыз етеді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында баланың психофизиологиялық және танымдық мүмкіндіктерінің деңгейін ескеретін, оқытудың нұсқауларын қарастыратын білім берудің арнайы типтік оқу бағдарламалары құрастырылып, бекітілген. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды кіріктіре (инклюзивті) оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындалды.

Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.

2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық – техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде «кедергісіз аумақтар» (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал – жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалады. 2011 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектеп үлесі 18, 9 % (2010 жылы – 17, 7 %) болды.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңының 15-бабына сәйкес осы санаттағы балаларға арналған жаңа білім беру ұйымдарын салу, жөндеуден өткізу және қайта салу жұмыстарын жүргізу барысында білім беру мекемелерінің «кедергісіз» әрі тосқауылсыз болуын міндетті түрде қамтамасыз ету қажет.

Жалпы білім беретін мектептердің сыныптарында оқитын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту және олармен жүргізілетін түзету жұмыстары мұндай оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дайындалған жалпы білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Республикамызда 2002 жылдан бастап дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендер жасалып, қазақстандық басылымдарды шығару жұмысы жүргізілуде. Бірнеше нұсқада оқыту көзқарасы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың танымдық даму деңгейіне бағытталған арнайы оқу бағдарламалары мен оқулықтарды қолдануды көздейді.

Республика бойынша мектептердің арнайы оқу әдебиеттерімен, соның ішінде көмекші мектеп оқушылары және көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған пәндер бойынша қамтамасыз етілуі 57% құрайды. 2005 жылға дейінгі басылымдар жалпы аталымдардың санының 40% құрайды.

Есту, көру қабілеттері, тірек – қозғалыс аппарат, сөйлеу тілі, зердесі сақталған психикалық дамуы тежелген балалар жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен оқиды, яғни қамтамасыз етілуі 100% құрайды.

296 оқулық пен оқу-әдістемелік кешен басылымнан шығарылды, оның ішінде аталымдардың 39% қазақ тілінде, ал орыс тілінде 61% құрайды.

Қазақ тілінде білім алатын дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқулықтар, оқу құралдары және дидактикалық материалдар бұған дейін жеткіліксіз мөлшерде дайындалып, шығарылған. Қазіргі кезде қазақ тілінде жеке түзете – дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары бойынша педагог – дефектологтарға арналған оқыту – әдістемелік құралдар саны көбеюде.

Білім беру жүйесін 12 жылдық оқытудың жаңа мерзімдеріне көшуіне байланысты негізгі жалпы білім беретін мектептерде білім алатын мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға қажетті мерзімді бекіту керек. Мысалы, естімейтін балалар мектептің негізгі бағдарламаларын 12 жыл бойы меңгеруі (0 – мектеп алды даярлық және бастауыш және орта буын) керек. Білім беру жүйесінде оқытудың жаңа мерзімдері енгізілгеніне байланысты барлық типтегі түзету мектептеріне арналған жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтарын өңдеуді талап етеді.

Білім берудің арнайы (түзету) ұйымдарын арнайы құралдармен қамтамасыз ету 2011 жылы 40% бастап 60%-ға жетті (2010 жылы 25% бастап 40,0% болды).

Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуына жағдай жасау мақсатында қызметті кадрлармен тиімді қамтамасыз ету үшін осы санаттағы балаларды оңалту және оларға білім беру мәселелерін шешумен айналысатын органдар мен ұйымдар, психологиялық – медициналық – педагогикалық кеңестер, білім беру басқармасындағы қызметкерлердің біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау өте маңызды.

2011жылы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды біріктіріп оқыту (инклюзивті білім беру) мәселелері бойынша мамандардың біліктілігін көтеру мақсатында төмендегі тақырыптар бойынша 2 курс өткізілді: «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу», «Ақпараттық және білім беру ресурстарына кедергісіз қол жету шарты ретінде үй жағдайында оқитын мүгедек балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық – техникалық құралдармен қамтамасыз ету».

2008 жылы наурыз айының 28-ндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №296 қаулысына сәйкес кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі және жоғары білім беру бойынша оқуға түсу барысында I, II топтағы мүгедек азаматтарға, жастайынан мүгедек, мүгедек балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысынан жалпы санынан 0,5 пайызда квота қарастырылады.

Сайыстың нәтижесінде 2011\2012 оқу жылына жоғары оқу орындарында 1, 2 топтағы мүгедектерге 236 орын. Жастайынан мүгедек және мүгедек балаларға бекітілген квотамен 158 орын бөлінді. Техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелерге қабылданған саны – 292. Студенттер щәкіртақы алып, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Бұған дейін аталған Қаулының талаптарына сәйкес кедергісіз ортаны құру әрі қамтамасыз ету, мысалы көрмейтін студенттерді Брайлдық қаріппен қамтамасыз ету тлап етіледі.



жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау