«Филология» мамандыєына арналєан


-дәріс. Майлықожа Сұлтанқожаұлы мен Құлыншақ Кемелұлы



жүктеу 0,77 Mb.
бет2/4
Дата14.05.2018
өлшемі0,77 Mb.
#12351
1   2   3   4

10-дәріс. Майлықожа Сұлтанқожаұлы мен Құлыншақ Кемелұлы

Дәрістің мазмұны:

  1. Ақындардың өмірі туралы мәлімет, шығармашылық мұралары.

  2. Айтыстары.

  3. Майлықожаның шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары.

  4. Құлыншақ Кемелұлының арнаулары

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1889).Өмірі. Ақындық мұрасы. Сүйінбай, Қүлыншақ, Айман, Гүлханым ақындармен айтыстары. Мысалдары. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған назира шығармалары. «Нақылдар» жинағына енген шығармалары. Әдеби мұрасының зерттелуі.

Құлыншақ Кемелұлы (1831-1892) Өмірбаян деректері. Шығармаларының зерттелуі. «Көлбайға», «Дүйсенбайға» арнаулары. Батырлық, ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы.



Бақылау сұрақтары:

1.Майлықожаның «Нақылдар» жинағына кеген шығармалары.

2. Құлыншақ Кемелұлының жазба айтыс үлгісін қалыптастырып,

дамытуы.


Әдебиеттер:

  1. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  2. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  3. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  4. Ақын- жыраулар. А., 1979

  5. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  6. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  7. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  8. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  9. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  10. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  11. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967


11-дәріс. Сал-серілер мен әнші-ақындар поэзиясы

Дәрістің мазмұны:

  1. Сал-серілер мен әнші-ақындар туындыларының ұлттық тағылымы, көркемдік тіл кестесі мен лиризм.

  2. Қазақ мәдениетіндегі әдеби дәстүрлері, зерттелу, окытылу жайы.

4. Әдебиет тарихындағы алар орны.

Сал-серілер, әнші-ақындардың XIX ғасыр әдебиеті тарихындағы орны. Сал-серілер, әнші-ақындар мұрасы. Олардың зерттелу, таралым, танылым жайы. Сал-серілер өнерінің өзіндік ерекшеліктері. Әрі ақындық, әрі сазгерлік, әрі орындаушылық өнер. Сал-серілік өнердің қазақ халқының рухани өмірі, көркемдік таным-талғамындағы орны.

XIX ғасырдағы сал-серілік, әншілік дәстүр, әншілік мектептер жайлы академик А.Жұбановтың ғылыми-теориялық тұжырымдары. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің кернекті өкілдері—сал-серілер шығармашылығы Е.Ысмайылов зерттеулерінде. М.Әуезов, Қ.Жұбанов, Т.Әлімқұловтың Абай әндері жайлы пікірлері.

Бақылау сұрақтары:

1.Сал-серілер, әнші-ақындар мұрасы

2. Шығармашылық өнерінің ерекшелігі

3. Сал-серілер мен әнші-ақындар шығармашылығы ғалымдардың зерттеуінде

Әдебиеттер:


  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  3. Ақын- жыраулар. А., 1979

  4. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  5. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  7. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  9. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  10. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967


12-дәріс. Сегіз сері Баһрамұлы (1818-1854)

Дәрістің мазмұны:

  1. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер

  2. Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері

  3. Арнау өлеңдері

Сегіз сері Баһрамұлы өмірі мен шығармашылық мүрасы. Өлеңдері, кисса дастандары. Исатай-Махамбет қозғалысына қатысы. «Орал тау», «Кеңінен жаяйыншы қанатымды», «Қашқын келбеті», «Горчаковқа», т.б. шығармаларындағы әлеуметтік үн. Сегіз серінің махаббат, ғашыктық тақырыбындағы толғау, дастандары, өлеңдері. Халық эпосын жырлауы. Түрлендіруі. Арнаулары. Сегіз сері мұрасының зерттелуі. Басылымы. Бақылау сұрақтары:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Дастандары

3. Мұрасының зерттелуі

Әдебиеттер:


  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006


13-дәріс. Біржан сал Қожағұлұлы (1934-1897)

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі мен шығармашылығына шолу

  2. Ән өлеңдері

  3. Біржан-Сара айтысы туралы ғалымдардың пікірлері

Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы. Әншілік өнердің көшбасшысы екендігі. Шығармаларының тақырыптық, әуендік ерекшелігі. Ән-өлеңдегі алар орны.

Біржанның «Жанбота», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Қара жер», «Шалқыма» өлеңдері мен әндері. Олардың туу тарихы. Біржанның Сарамен айтысы туралы ілгерідегі, кейінгі пікір, тұжырымдар. Бұл айтыстың көркемдік сапасы.



Бақылау сұрақтары:

1. Көңіл-күй, махаббат тақырыбындағы лирикалық ән-өлеңдері.



2. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік тағылымы

3. шығармаларының көркемдік ерекшелігі

Әдебиеттер:
14-дәріс. Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913)

Дәрістің мазмұны:


  1. Өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет

  2. Лирикалық өлеңдеріндегі көңіл күйлері мен философиялық тереңдік

  3. Ақын өлеңдерінің тіл өрнектілігі, көркемдік ерекшелігі, бейнелілігі.

Өмірі. Шығармашылық мұрасы. «Сырымбет», «Қара торғай», «үш тоты», «Ақ көйлек», т.б. ән-өлеңдері. Ақыннын сезім жырларының кекемдік мәні. Ақан Сері өлеңдеріндегі әлеуметтік үн. Ақанның жан қасіреті. «Құлагер», «Жүсіп төреге», т.б. өлеңдері. Ақан сері әндеріндегі лиризм, ғашықтық.

Бақылау сұрақтары:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері

3. Өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен озбырлықты сынауы.

4. Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері

Әдебиеттер:


15-дәріс. Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) поэзиясына шолу

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі мен шығармашылығы

  2. Ән өлеңдері

Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1928). Өмірбаян деректері. «Ақ сиса», «Сұрша қыз», «Қаулау», «Шолпан», т.б. ән-өлеңдері қазақ өнерінің үздіктері. Жаяу шығармаларындағы жан айқай. Қоғам мен адам ортасындағы аярлыққа ауыр үкім. Жаяу Мұса туралы көркем шығармалар. Ақын мұрасының зерттелуі, басылымы. Халқымыздың рухани өміріндегі Жаяу Мұса шығармаларының орны.

Бақылау сұрақтары:

1. Шығармашылық өмірбаяны

2. Өлеңдерінің тақырып ауқымы

3. Мұрасының зерттелу жайы

Әдебиеттер:
16-дәріс. ХІХ ғасырдағы айтыс өнері

Дәрістің мазмұны:


  1. ХІХ ғасырда айтыс өнерінің даму сипаты

  2. Айтыс ақындары

  3. Айтыстың түрлері

XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі сипаты. Қазақ әдебиеті тарихындағы айтыс өнерінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен XIX ғасырдағы ақындық айтыс өнерінің өзіндік ерекшеліктері.

XIX ғасырдағы айтыстың дәстүрлі суырыпсалма ақындык, айтыспен бірге жазба түрде де өрістеуі. Айтыстың түрлері. Жанрлык ерекшеліктері. Әлеуметтік сипаты. XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындары Шөже, Орынбай, Кемпірбай, Балта, Түбек, Сүйінбай, Нұрым, Қашаған, т.б. айтыстарының сөз қолданыс, өлең айшығы, көркемдік алымы. Әлеуметтік мәні. XIX ғасырдағы айтыс ақындарының өзіндік мәнер-машығы, айтыстағы әдіс-тәсілі. Жазба айтыс дәстүрінің дамуы.

XIX ғасыр айтыстарының жиналып, зерттелу жайы. М.Әуезов, А.Байтұрсынов, С.Мүқанов, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, т.б. ғалымдардың айтысты теориялық жағынан зерттеуі.

Бақылау сұрақтары:

1. Айтыс туралы зерттеушілердің пікірлері

2. Айтыстың көркемдігі туралы

3. Айтыс өлең - XIX ғасыр әдебиетінің елеулі нұсқасы

Әдебиеттер:


17-дәріс. Сүйінбай Аронұлы (1822-1895 )

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі, шығармашылығы

  2. Толғаулары мен айтыстарына шолу

Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы, зерттелуі. Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұнына сипаттама. Елдің тарихы, ел қорғаған батырлар туралы.

Адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары. Әйелге, адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері. Сүйінбайдың айтыстары -қазақтың түре және сүре айтыстарының үлгілері.

Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы - қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнегелі мектеп.

Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелілігі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сүйінбай Аронұлы толғауларының тақырыптық арнасы

  2. Сүйінбай айтыстары, түрлері

  3. Сүйінбайдың ақындық мектебі

Әдебиеттер:

  1. Мәдібай Қ. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті. І-кітап. -Алматы, 2001

  2. Бекбосынов М. Тәуекел мен батыр ой (әдебиет тарихындағы азаттық танымдары) С., 2006

  3. Қ.Уәлиханүлы. Діни-ағатушылық ағым. А., 2002

  4. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  5. Ақын- жыраулар. А., 1979

  6. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы. - Алматы, Ғылым, 1985

  7. XIX ғасырдағы қазак ақындары.-Алматы,1987

  8. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы.-Алматы, Ғылым, 1985

  9. Бес ғасыр жырлайды. - Алматы, 1-2 том, 1989

  10. Қазақ әдебиетінің тарихы. 2-том, І-кітап

  11. Үш ғасыр жырлайды. — Алматы, 1965

  12. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Алматы, 1994

  13. Жүмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері. –А, 1967

  14. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазак поэзиясының тілі. – А.,1976


18-дәріс. Әсет Найманбайұлы (1867-1923)

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі мен шығармашылығы

  2. Ән-өлеңдері

  3. Айтыстары

«Қоштасу», «Әсет» ән-өлеңдері. «Салиха-Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім» поэмалары. Толғау-термелерінде өнер, сұлулық, асыл мінез-құлық, еңбексүйгіштік халық бақыты үшін еңбек ету тақырыптарының жырлануы. Өмірді сүю, өлімді мойындау жырлары. «Евгений Онегин» аудармалық-назиралық шығармасы. Қыз бен жігіт айтысы пішініндегі «Әсет пен Рысжан» айтысының мазмұнындағы халықтық әдеп-ғұрыптарды жырлау ерекшелігі.

Бақылау сұрақтары:

1. Ақынның шығармашылығы.

2. Рысжанмен айтысуы



3. Ақын шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

Әдебиеттер:


19-дәріс. Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895)

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі туралы мәлімет

  2. Ақындығы, жыршылық қабілеті

Ақынның өмірі. Өлеңдері мен айтыстарының әлеуметтік мәні. Орынбай, Кемпірбай, Шортанбай, Балта, т.б. ақындармен айтысы. «Арқадан шығып едім Ноғайға еріп», «Дәулетімбетке», «Домбыра шыққан тықылдап», «Бәйтікке», «Ноғайға», «Ерденге» арнау, өлеңдері. Шөженің «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын жырлауы. Ақын жөнінде Шоқан Уәлихановтың айтқаны.

Бақылау сұрақтары:

1. Өлеңдерінің әлеуметтік мәні

2. Айтыстары

Әдебиеттер:


20-дәріс. Кемпірбай, Жанақ, Орынбай т.б. ақындардың айтыстары

  1. Өмірлері туралы мәлімет

  2. Айтыстарының көркемдік тіл кестесі

Аталған ақындардың өмірлері мен шығармашылықтары. Әдеби мұраларының зерттелу тарихы. Айтыстарының көркемдік, тілдік сөз өрнектері. Айтыс өнерінде алар орны. Айтыстарының тағлымдық, эстетикалық, әлеуметтік-саяси, діни-тағлымдық, этнопедогогикалық сипаттары.

Бақылау сұрақтары:

1. Айтыстарының тәрбиелік мәні

2. Мұраларының зерттелу жайы

Әдебиеттер:


21-дәріс. «Зар заман» әдебиеті

Дәрістің мазмұны:

  1. «Зар заман» ұғымы

  2. Зар заман поэзиясының өкілдері

Зар заман - қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым. Ресей империясының отаршылдық саясаты туғызған бағыт. Зар. заман - қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңінің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Оның зар заманды 3 кезеңге бөлуі; Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен зерттелу, бағалану жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса кернекті өкілі - Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мүрасының әдебиет тарихындағы орны. В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. ғалымдар зар заман поэзиясы туралы. Зар заман ағымының кернекті тұлғаларының шығармашылық мүрасын қазіргі кезеңде зерттеу. А.Шәріпов, Б.Омарұлы, Қ.Раев, Қ.Мәдібай, т.б. зерттеу еңбектері.

Бақылау сұрақтары:

1. Зар заман ағымының өзіне тән ерекшелігі

2. Зар заман поэзиясы туралы ғалымдардың ой-пікірлері

Әдебиеттер:


22-дәріс. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881)

Дәрістің мазмұны:

  1. Шығармашылық мұрасы

  2. Шортанбай шығармашылығының зар заман ағымының туып, қалыптасуындағы орны жайлы М.Әуезов, С.Мұқанов пікірлері.

  3. Өлеңдеріндегі дін, иман жайы

Шортанбай мұрасынын жариялануы, зерттелуі. Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Акынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер.

Шортанбай ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдеби дәстүр тағылымында қалыптасқын ақын.

Ақын шығармаларындағы негізгі сарын - имандылықты уағыздау. Шортанбай - патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған сыншыл ойлы суреткер ақын.

Адамгершілік тәрбиесін уағыздаған толғаулары. Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ақынның шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы

кезеңдер

2. «Зар заман» толғауы

3. Айтыстары

Әдебиеттер:


23-дәріс. Мұрат Мөңкеұлы

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірбаяны

  2. Ақынның әдеби мұрасының негізгі арналары

  3. Заманға, отаршылдыққа наразылықтан туған жырлары

Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдіктер.

Зар замандық сарындағы шығармаларындағы лирикалық, кейіпкер-ақын тұлғасына тән биіктік, романтикалық әуенді гуманизм сипаты.

Мұрат - отарлау саясатының зияанды зардаптарын анык болжаған ақын. Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәлім-тәрбиесіне байланысты философиялық ойшылдық.

Арнау, хат-өлең, тойбастар, жанрларындағы шығармалары. Мұраттың жыршы - ақындығы, Сыпыра, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, т.б. жырларының Мұраттың айтуында сақталғандығы. «Қарасай-Қази» дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау жырларының лирикалық әсерлері. Айтыстары.



Мұрат шығармаларындағы романтикалык, азаматтық сарындардың қазақ әдебиеті тарихындағы маңызы.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мұрат – Махамбет және басқа да ақын-жыраулар мұрасын

сақтап, кейінгіге жеткізуші.

2. Арнау өлеңдері

3. Айтыстарының тілдік-көркемдік нақыштары

Әдебиеттер:


24-дәріс. Әбубәкір Кердері (1861-1905)

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі, шығармашылығы

  2. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары

Өмірбаяны. Шығармашылық мұрасы. Зерттелуі. Басылым жайы. Ақынның оқытушылық қызметі. «Әдебиет қазақия» жинағы. Ақынның заман, дін, оқу, қазақ тұрмысы жайлы өлең-жыр, толғау-термелері. Айтыстары. Әбубәкір – әдебиет тарихындағы діни-ағартушылық бағыт өкілі.

Бақылау сұрақтары:

1. Толғау, термелері

2. Жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын бейнелеу шеберлігі

3. Ақын шығармаларының тілдік өрнектері

Әдебиеттер:


25-дәріс Жаңа жазба әдебиет

Дәрістің мазмұны:

  1. Ағартушы, демократ ақын-жазушылардың шығармаларына өзек болған мәселелер

  2. Жаңа жанрлардың тууы.

XIX ғасырдағы оқу-ағарту, баспа ісі. Онын әдебиеттің дамуына ықпалы. XIX ғасыр әдебиетінің даму барысындағы көркемдік өзгеріс, бетбұрыс, бағыттар. Қазақ өлеңінің жаңа түрлері. Махамбет, Дулат әкелген өлеңдегі ерекшеліктердің Абаймен жалғасуы. Мысал, сықақ, сатираның жандану. Поэманың тууы. Лирика табиғатындағы еуропалық үрдіс, үлгі. Көркем аударма. Көсемсөз.

XIX ғасырдағы ұлт оянушылығы және Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Олардың қазақтың жаңа жазба әдебиетінің, жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасуы, кітаби тілді ығыстыру, тіл тазалығы мәселесіндегі орны. Дінге көзқарасы. Дүниетаным негіздері.



Бақылау сұрақтары:

1. ХІХ ғасыр ағартушы-демократтары шығармаларындағы ортақ көзқарастар

2. Реалистік жаңа жазба әдебиеттің даму сипаты

Әдебиеттер:


26-дәріс. Дулат Бабатайұлы (1802-1874)

Дәрістің мазмұны:

  1. Ақын өмірі туралы мәлімет

  2. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі

  3. Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері

Өмірі туралы мәлімет. Шығармаларынын жариялануы, зерттелуі. Патшалык отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған жерді, атамекенді құрметтеу эуендері.

Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-құлықты сынауы.

Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар. Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу (аллегориялық) тәсілмен жырланған шығармалары.

« Еспембет» дастанының әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның композициялык қүрылысы, Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. «Шаштараз» дастаны. Дулат шығармаларының жанрлық, керкемдік ерекшеліктері.



Дулат ақынның «Сүлейменге», «Бараққа», «Кеңесбайға» арнауларындағы заман күйі, ел мінезі. «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Таудың жарып арасын» өлеңдеріндегі атақоныс, туған жер сарыны. Өлең, ақындық, сөз өнері жайлы шығармалары. «Тегімді менің сұрасаң», «Сүлейменге», «Сөзім бар да, көзім жок», т.б. өлеңдері.

Бақылау сұрақтары:

1. Арнау, толғау өлеңдері



2. Мысалдары, дастандары

3. Дулат және Абай поэзиясының үндестігі

Әдебиеттер:




  1. -дәріс. Ы.Алтынсариннін ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы

Дәрістің мазмұны:

  1. Өмірі, ағартушылық қызметі

  2. «Қазақ хрестоматиясының» тарихи мәні.

  3. Өлеңдері, әңгімелері

Өмірі туралы мәлімет. Ыбырай - ағартушы, ұстаз-жазушы, ақын,
этнограф, аудармашы. Ыбырай шығармаларының философиялық, психологиялық сырлары.

Ыбырай - қазақ мектебіне арналған тұңғыш оқу құралдарының авторы. Ыбырайдың қазақ мектебі үшін ислам дінінің қағидаларын түсіндіретін оку кұралын жазуы.

Оның қазақтың халықтық әдет-ғұрыптары туралы жазған этнографиялық еңбектері. Қазақ халқының ауыр тұрмысына арналған мақалалары. Өлеңдері. Оқу - білім ағарту, адамгершілік тәрбиесі, озбырлықты, әлеуметтік теңсіздікті сынау, заман зары тақырыптарындағы өлеңдері. Ы.Алтынсарин әңгімелері - ұстаздық тәлім-тәрбие құралы, қазақ жазба прозасы қалыптасуынын бастау негізі.

Ыбырай - халық әдебиеті мұраларын жинаушы, оларды ұстаздық жұмысына пайдалану.

Шығармашылығы - қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуындағы шешуші негіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Публицистикасы, хаттары



2. Көркем әңгімелері

3. Мұрасының зерттелу, басылым жайы.

Әдебиеттер:


28-дәріс. Ш.Уәлиханов - әдебиеттанушы ғалым

Дәрістің мазмұны:

  1. Ш.Уәлиханов – қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салушы.

  2. Шоқан өскен орта

  3. «Манас» эпосына қатысты ғылыми тұжырымдары

Шоқан - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклор мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарасындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары.

Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбектері. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан және қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары.

Шоқанның қырғыз тарихына және фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылык-публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері.

Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.



Бақылау сұрақтары:

1. Шоқанның жолсапар, күнделік жазбалары

2. Әдебиет үлгілерін жинаушы

3. Әлкей Марғұлан және шоқантану ілімі

Әдебиеттер:



29-дәріс. Абай

Дәрістің мазмұны:

  1. Әдеби мұрасының сақталу, басылым жайы

  2. Абай поэзиясының жанрлық қырлары

  3. Өлең құрылысы. Сөз өрнегі

Шығармашылық өмірбаяны. Ұлы Абай мұрасының жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Ұлы Абай шығармашылығына шешуші ықпал еткен үш арна. Жас шағындағы өлендері. Азаматтық көңіл-күй, философиялық толғаныстар. Ән-өлеңдері. Абай - қазақтың жазба көркем әдеби тілін қалыптастырушы. Абайдың аудармашылық-нәзиралык шығармалары-әлемдік әдебиетті қазақ тілінде сөйлетудің үздік үлгілері.

Поэмалары. Абай поэмалары — оқиғаларды суреттеу арқылы өсиеттік, ұстаздық ой туғызатын шығармалар.

Қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ежелгі грек ойшылдарының шәкірттеріне айтқан әңгіме-сұхбат жанры дәстүріндегі шығармалар.

Абай қара сөздерінің тақырып, мазмұн ерекшеліктеріне қарай түрлері, жанрлық түрлері. Тілі, стилі. Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы.

Абай - қазақ сөз өнеріндегі жаңа реалистік жазба көркем әдебиетінің негізін салған ұлы классик ақын.

Бақылау сұрақтары:

1. Дәстүрлі назира үлгісіндегі поэмалары



2. Аудармалары

3. Қарасөздерінің тақырыптық, мазмұндық ерекшеліктеріне қарай ажыратылатын түрлері

Әдебиеттер:



жүктеу 0,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау