ПОӘК 042-18.1.34/03-2013
|
05.09.2013 жылғы
№ 1 басылым
|
25 беттің -шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18.1.34/03-2013
|
ПОӘК
Психологиялық менеджмент пәнінің оқу-әдістемелік материалдары
|
05.09.2013 жылғы
№ 1 басылым
|
5В010300 - «Педагогика және психология» мамандығына арналған
Психологиялық менеджмент
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ
2013
Кіріспе
1ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырушы: педагогикалық психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магиcтрі Кошкимбаева Р.Х.
____________ «25» тамыз 2013 ж.
2 КЕЛІСІЛДІ
2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды.
Хаттама № 1 «03» 09. 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі _______________ псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.
2.2 Педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюросында талқыланып, бекітілді.
Хаттама № 1 «05» 09. 2013 ж.
Төрайымы _________________ п.ғ.к. Ахметова Т.Ш.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданып, басуға ұсынылды.
Хаттама №1 «18» 09. 2013ж.
ОӘК төрайымы________________ с.ғ.д. Искакова Г.К.
4 БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
Мазмұны
1
|
Глоссарий
|
4
|
2
|
Дәрістер
|
8
|
3
|
Тәжіриебелік және лабораториялық сабақтар
|
16
|
4
|
Студенттердің өздік жұмысы
|
20
|
5
|
Бақылау түрлері
|
25
|
ГЛОССАРИЙ
Абстракция (лат.-алу, жою) – ойлау операциясының негізгісі.
Авторитарлық (автократикалық) – бір адам билігінің абсолютизациясы.
Авторитет моральды - өзіне моральды сенім қатынасы бойынша дамытатын, адамдарға өз мінез – құлқымен ықпал ететін тұлға.
Адаптация адамгершілік – тұлғаның топтағы моральды жағдайға бейімі, біреудің нравтілі позициясын қабылдау.
Адаптация әлеуметтік- психологиялық – тұлғаның ортаның әлеуметтік-психологиялық шарттарына бейімділігі.
Амбиция – шектен тыс өзін сүю, жоғары қойылған претензиялар.
Амплуа (фр. должность) – роль, іс - әрекеттер түрі.
Аниматер – компания жаны (фр.). автор түсінікті 1973ж. енгізді.
Анторопология – адамның өмір әрекетіндегі тарихи шарттар контексінде қалыптасу туралы ғылым.
Апломб – сөйлеуде, мінез – құлықта көрінетін шектен тыс өзіне өзі сенушілік.
Ассоциация (лат. бірігу) – психологиялық құбылыстың бірі туралы бейнелеу басқасы туралы құбылыстар арасындағы байланыс.
Аттракция (фр. тартылу) – адамның бір – біріне өзара тартылу процесі, бір адамның екіншісіне сүйкімділіктің қалыптасуы.
Аффект (лат. страсть)– жан күйзелісі.
Әлеуметтік ақпарат (информация социальная) – қоғамдық және табиғат арасындағы қатынастардың өзара әлеуметтік әсерін реттеп отыру үшін қолданылатын, қалыптасқан, үнемі жаңарып отыратын білімдердің, мәліметтердің жиынтығы. Ә.а. қоғамдық өмірді түгел қамтитын (экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, мәлени т.б.) түрлі деңгейдегі білімді пайдаланады, таратады.
Әлеуметтік арақашықтық-(дистанция социальная) - әр алуан топтардың, таптардың бір-біріне деген қарым-қатынастарын, жақындығын, қарама-қайшылығын, қоғамдағы орнын білдіреді. Ә.а.- қ.-ты анықтауда ұлттық, этникалық т.б. топтардың әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі орнына байланысты туатын әлеуметтік ерекшеліктері де ескеріледі.
Әлеуметтік артықшылықтар (привилегия социальные – латын.- «артықшылық» деген сөзінен алынған) – кейбір адамдардың, топтардың, таптардың, мекемелердің заңды немесе заңсыз түрде де, көпшіліктің қолы жетпейтін құқықтар мен артықшылықтарды пайдалануы.
Әлеуметтік алалау ( социальная дискриминация). – адамдардың нәсілдік, ұлттық, діни, жыныстық т.б. ерекшеліктеріне байланысты ашық немесе бүркемелі түрде алалауды, қысым көрсетуді айтады.
Әлеуметтік ассоциация (социальная ассоциация) – мүшелерін бір топқа біріктіруге тікелей себептік негізі бар, ішкі құрылымы мен басқарылу жүйесі арнайы бекітілген, өз ісін өзі қамтамасыз ететін материалдық қаражаттық қоры бар адамдардың біріккен ұжымы. Ә.а. деп, кең мағынада алғанда, адамдарды біріктіретін кез келген адамдар тобы айтылады.
Әлеуметтік әсер (социальный эффект – латын-«нәтижелі» дегенді білдіреді) - әлеуметтік іс-әрекеттердің, байланыстардың және қарым-қатынастардың, әлеуметтік жүйелердің қызметі нәтижесінде пайда болатын қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы сапалық өзгерістер.
Әлеуметтік байланыс (социальная связь) – жеке адамдардың не адамдар топтарының бір-біріне деген кез-келген әлеуметтік-мәдени қатынастарын бейнелейтін түсінік.
Әлеуметтік бағытталу (контроль социальная) – адамның өзінің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын, жағдайын түсінуі, ұнамды әлеуметтік жағдайды таңдауы және оған жету жолдарын белгілеуі.
Әлеуметтік бақылау (контроль социальная) - әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан-алуан салаларының қызметін, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың іс-қимылында қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.
Әлеуметтік бейімделу ( адаптация социальная) – адамның немесе топтың өз қажеттілігіне сәйкес жаңа әлеуметтік ортаны белсенді түрде игеруінен және әлеуметтік жүйедегі өз орнын ауыстыруынан көрінеді.
Әлеуметтік диагностика (грек- «танып-білуге» қабілетті» деген сөзіне алынған) - әлеуметтік, өндірістік шағын топтарды ғылыми негізде басқару үшін, олардағы ішкі қатынастарды нақтылы зерттеп білу мақсаттарын жүзеге асыратын, сонымен бірге қоғамдағы кертартпа құбылыстардың пайда болу себептерін, табиғатын зерттей отырып, оларды жою жолдарын анықтап, ұсыныс жасайтын социологияның бір саласы.
Әлеуметтік даму (социальное развитие) - әлеуметтік философия мен социология ғылымдарының басты мәселелерінің бірі. Оның толық көрінісі мен мән-мазмұнын терең түсіну үшін салыстырмалық талдаулар жүргізу керек. Ә.д. күрделі түрде мөлшерлеп көрсетуге көмек көрсете алатын ғылыми ұғымдарға «өмір салты» , «әділеттік» деген сияқты ұғымдарға жақын болып есептеледі. Ә.д. ұғымы практикалық ұйымдастыру қызметін атқарады.
Әлеуметтік детерминизм - әлеуметтік құбылыстардың өзара байланыстарын көрсететін социологияның негізгі принциптерінің бірі. Ә.д. – нің негізгі мінездемесі себеп – салдарлы байланыстар алайда себептілікке детерминацияның барлық түрлері кірмейді. Адам іс-әрекетінде табиғи және әлеуметтік шындықты өзгерту жобасы ретінде қойылған мақсат арқылы детерминациялау ерекше орын алады.
Әлеуметтік жағдай (социальная ситуация) – қоғамдағы әр түрлі таптық, демографиялық, этностық т.б. топтардың өмір сүру , еңбек ету жағдайларын анықтайтын объективтік және субъективтік жағдайлар мен процесстердің әлеуметтік құрылымы.
Әлеуметтік стратификация ( стратификация социальная, стратификация термині латынның ‘stratum’- «жік , қатпар, қабат» және ‘facer’ – «жасау» деген сөздердің қосындысынан алынған) - соңғы жылдарға дейін Батыс социологиясында ғана пайдаланып негізгі әлеуметтік айырмашылықтардың және теңсіздікті көрсететін түсінік. Ә.ж. –ді зерттеудің үш бағыты бар: 1) әлеуметтік мәртебені әлеуметтік теңсіздіктің өлшемі ретінде қарау; 2) әлеуметтік бағыт-бағдармен байланыстыру; 3) негізгі жік жарғылар есебінде мамандық түрін , табыс мөлшерін , білім дәрежесін басшылыққа алу.
Әлеуметтік идеал (социальный идеал) – тарихи әлеуметтік нақтылықтың жан-жақты жетілген, жақсартылған, белгілі бір адамның немесе әлеуметтік топтың санасындағы, болашақтағы бейнесінің көрінісі.
Әлеуметтік иерархия (социальная иерархия гректің «hierarhia» - «қасиетті» және «arche» - «билік» деген сөздерінен алынған) – «жоғарғылардың» «төмендегілерді» бақылап отыруына, бағыныштылыққа негізделген күрделі әлеуметтік қатынастар жүйесі. Ә.и. – ға басқаруды орталықтандырумен қатар, бюрократияландыру тән. Еңбек бөлінісінің бір түрі ретінде ол адамдар арасындағы қатынастарды өз заңдарына бағындырады.
Ә.и. билік түрінде жүзеге асырылады, яғни белгілі бір ұйымдасқан жүйедегілер ережелер мен нұсқауларды қатаң орындап отыруы тиіс. Жеке адам (жұмыскер, қызметкер) өз ерік – жігерін Ә.и. талаптарына бейімдейді. Ә.и. заңдылықтарды әр түрлі мекемелер арасындағы қатынастарда да орын алады.
Әлеуметтік инновация (латынның «innovation» - «жаңалық енгізу» , «өзгеру» деген сөзінен алынған) – материалдық, экономикалық, әлеуметтік мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға, қоғамның өмір сүруін қамтамасыз ететін салаларда сапалы өзгерістер жасауға бағытталған қоғамдық пайдалы істі жасау, тарату, жүзеге асыру процесі. Ә.и. әлеуметтік, экономикалық, мәдени шығармашылық пен прогрестің жемісі. Ә.и. өзінің жаңартушылық күш – қуатына қарай түбегейлі жаңартушы немесе барды өзгертуші болып бөлінеді. Ә.и. – ның соңғы түрі кеңірек тараған. Ә.и. мақсатты өзгерістерге бағытталған салаларда жиірек байқалады.
Әлеуметтік институт (латынның «institutum» - «айқындау», «қондыру» деген сөзінен алынған) – қоғамдық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандырылған іс-әрекетті жүзеге асырудың бір түрі.
Әлеуметтік қабылдау – Ә.қ. деп адамдардың қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік жағдайларды, адамдардың топтарын, басқа адамды және өзін-өзі қабылдап, түсініп, бағалауы айтылады.
Банкир – банк иесі не акционері.
Бартер – келісім бойынша тауарлармен алмасу.
Бизнес – коммерциямен байланысты, тауар өнімділігіне жасаумен, қызметі көрсетумен байланысты іс - әрекет.
Брокер – баржадағы саудагер мен сатып алушы арасындағы посредник.
Вармант – мүмкін болатын комбинацияның бірі.
Визуалдық – көру тартымдылығы.
Гедонизм – ләззат алуға және күйзелістерден қашу ұмтылысы.
Гипотеза – құбылыстардың себепті байланысы туралы болжам ойлар.
Гуманизм – адамдарды мойындау және сыйлау, адамдардың созидание жаратылғандығына сену.
Дедукция – логиканың белгілі бір ережелері бойынша кейбір бекітулер мен комбинациялардан қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ой.
Демократия грек.) – халық билігі.
Детерминанта (лат. анықтау) – себеп – салдарлы тәуелділік.
Дидактика – оқыту теориялары мен технологиясы.
Диллер - өз фирмасының тауарын жарнамалайтын және оларды сатып алушы иемденуге келісім жасайтын тұлға.
Дисперсия (лат.) – шашылмалы, аңғалақ.
Доминанта (лат. үстемді) – жүйке жүйесі қабығындағы қозу нүктесі.
Идентификация – бірдеңемен, біреумен уподопление.
Идеология – идеялар жүйесі.
Иммидж (ағылш. бейне) – бұқаралы ақпарат құралдары мен өзіне назар аударту мақсаттарда әлеуметтік топ немесе жекелей бейне.
Имиджелогия – жеке сүйкімділік өнері ( технологиясы ) туралы ғылым. Автор 1990ж. бұл түсінікті енгізді.
Импульсивтілік – бастапқы күйі бойынша, сыртқы жағдайлар не жеке көңіл – күйі әсерімен әрекетке бейімінен тұратын адам мінез – құлқының ерекшелігі.
Индивидуалділік – тұлғаның биоәлеуметтік ерекшеліктері, қайталанбастығы.
Индукция – жекелеген жалпыға ой түйіндісі.
Интраверт - өзіне келгенге бейім, қарым – қатынасқа кіре алмайтын тұлға.
Карьера – кәсіби өсу, қызметі бойынша өсу, қоғамдық мойындау.
Катарсис – моральды өзін - өзі тазарту.
Калокогатия - әдемі мен мейірімді тұтастығы, денелік және руханилылық үйлесімдігі.
Коммерция – табысты іс жүргізе алу «тірі» ақша жасай алу іскерлігі.
Коммуникабельділік – қарым – қатынасқа түсе алу қабілеті.
Коммуникация (лат. байланыс, хабар) – қарым – қатынас процесіндегі ақпарат беру.
Конвергентті менеджмент – басқару іс - әрекетіндегі адамзат қоғамын ең күшті жетістіктерін интеграциялайтын ғылыми концепциялар мен арнайы технологиялық жүйелері.
Конкуренция (бәсеке) – тұтынушы үшін тауарлар меншіктерінің арасындағы жарыс.
Контаглоздылық психиканың – ақпаратты бірігіп қабылдағандағы адамда болатын ортақ эмоционалды бағыты кезіндегі адамның, топтың қалпы.
Конфликтология – конфликтерді адамгершілік жеткілікті түрде жеңу туралы ғылым.
Конформизм – енжарлы түрдегі бейімделу, өз ойынын жоқтығы.
Конфронтация – белсенді қарсылықты өршітетін агрессивті қалып.
Концепция – белгілі бір құбылыс трактовкасы.
Кооперация – «нәтижелі» азық алуға қажетті шарт, бірлестікті еңбек іс-әрекеті.
Коньюктура – белгілі бір нәтижесіне әсер етуге қабілетті жағдайлар ағымы.
Лидер – маңызды жағдайда топ мүшелерінің мінез – құлқына әсер етуге қабілетті топ мүшесі.
Контент – талдау – құжаттарда, әдебиеттерде, бейнетаспаларда сұхбаттардағы және т.б
Ақпараттарды талдау және бағалау әдісі. Ақпараттық формаланған түріндегі мағыналық бірлігін айқындау арқылы және тандаулы жинақтар осы бірліктердің атау көлемі жиілігін өлшеу арқылы. Этнопсихологияға қатысты - қолдану жиілігімен ұлттық психологиялық ерекшеліктерді білдіретін ұғымдар мен ой – пікірлерді беру дәрежесін тіркеу.
Конформ этносы – жеке адамдардың, адамдар тобының ұлттық әдет –ғұрыптарға, жүріс –
тұрыстарына ұлттық ерекшеліктерді және стереотиптерді ішкі кедергісіз меңгеру және жеткілікті мағынасын түсіну арқылы көрінетін бейімділігі.
Кросс – мәдени этнопсихологиялық зерттеу – түрлі ұлттарға, этностық қауымдарға жататын
бірнеше топтарда қатарынан сыналатын адамдардың психологиялық және әлеуметтік мәдени ерекшеліктері.
Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс – тұрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.
Мәдени релятивизм – даму деңгейіне қарамастан дербестік пен толық құндылық құнын мойындайтын түрлі халықтардың мәдени құндылықтарының салыстырылмаушылығы мен барлық моральді – бағалау критерийлерінің қатыстылығы туралы американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыты.
Маргинал тұлға – екі ұлттың мәдени өмірі мен салттарына саналы түрде қатысып өмір сүретін адам.
Маркетинг – нарықтық сұранысты баға туындыларын зерттеу, фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатындағы тауарлық ассортименті жоспарлау.
Менеджер (кәсіби маманды) – ұйымдастырушы, іскер социзм басқарушысы.
Ментомитет - өзінде адамның өмір іс - әрекеттердің этнопсихологиялық, әлеуметтік – экономикалық тарихи шарт ерекшеліктерін бейнелейтін ойлау іс-әрекетінің бейімі.
Меритократия (лат. достойный, грек. билік) – тән адамның билігі.
Мораль – адамның бірігіп, іс - әрекетінің қоғамдық – қажеттірегуляторы, сананың бағалық құрылымы.
Мотив (лат. итермелеу) – іс - әрекет ішкі мән – мағынасы, адамды іс - әрекетке итермелейтін түрткі.
Ортобиоз - өмірдің рационалды түрі.
Ортобиотика – денсаулықты сақтау және адамдардың өмірлік тұрақты оптимизмін қайта өңдеу.
Персонификация – адам бейнесіндегі бөлінген түсініктерінің адам қасиеттерін, табиғи құбылыстарды бейнелеу.
Позиция моральды – тұлға мінез – құлқының мотивизациясына әсер ететін ерік, нанымдар, моральды көзқарастар.
Престиж (фр.) – авторитет, ықпал.
Процесс - құбылыстардың жалғасы алмасуы.
Психика – адамның белсенді бейнесінде тұратын жоғарғыұйымдасқан материяның жүйелі ерекшелігі.
Психигигиена – адамның психикасының денсаулығын сақтап, күшейту бойынша өңделетін меропритиялар жалпы гигиенаның бөлігі.
Психология – психика туралы ұғым.
Пунктуальды - өз міндеттерін орындағандағы ұқыпты тұлға.
Рекреация – адам ағзасының физикалық сипаттарын жандандыру, күшейту.
Релаксация – психикалық демалу, эмоционалды ерікті қосылу.
Репутация – біреу,бір нәрсенің кемшіліктері мен жетістіктері туралы ой.
Сана – адамдарға тән пмихикалық бейнелеу мен өзін - өзі реттеудің жоғарғы деңгейі.
Социограмма – зерттеу барысында көрінетін өзара және біржақты таңдаулар мен ауытқудыңөзара қарым – қатынастың тұтас картинасын сипаттайтын график, диаграмма.
Стереотип (грек. мықты) – санада қатал бекітілген бейне, бағалықтар, мінез – құлық манерасы.
Стиль (фр. палочка) – тәсіл, әдіс, жол.
Стимул – мотивациясының қалыптасуына үлес қосатын тұлға психикасына сыртқы әсер.
Тұлғаның этностық құрылымы– адамның ішкі мазмұнын білдіретін және іс– әрекетіне, жүріс– тұрысына әсерін тигізетін иерархия түрінде құрылған белгілі ұлт өкілінің қасиеттер жиынтығы.
Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі.
Топ жетекшісі – жора – жолдастары мен қатар құрбыларына өзінің беделімен , іс-әрекетімен, мінез-құлқымен ықпал етіп отыратын адам.
Тәрбие – тәрбиеленетін адамда мінез-құлықтың, дүниеге көзқарастың, мінездің және ақыл-ой қабілеттілігінің қалыптасуы үшін мақсатқа бағытталған жүйелі ықпал жасау. Тәрбие оқылудың ажыратылмайды . Бірақ, оған дәлме-дәл де келмейді, тәрбие таптық сипатта болады.
Тума белгі – адамның дүниеге өзімен бірге келетін белгісі.
Тәртіптілік – адамның жеке басының дағдысы, үнемі тәртіп сақтауды қажет ететіндігі, өзі және қоғам алдындағы міндетін түсіне білуі.
Тианақталған сөйлеу - әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.
Түрлестік – 1) индивидке ықпал ететін топпен іштей немесе сырттай келісу; 2) жеке адамның ішкі позициясына қарамастан топпен сырттай келісу.
Түсіндіріп сөйлесу- заттың, құбылысты немесе ережені айқынырақ дәлірек түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеу. Түсіндіру тәсілдер жиынтығы. Жағдайларға байланысты мұндай тәсілдер ретінде салыстыру, сипаттау, себебін көрсету, қарапайым модельді құрастыру т.б. атауға болады.
Түсінік – болмыстың заттары мен құбылыстарының өткен бір кездегі сезім мүшелеріне тигізген әсерінің сезім-көрнекілік бейнесі.
Такт (лат. тигізу) - өзін сәйкес түрде ұстай алу іскерлігі.
Темперамент (лат. бөліктің өзара қатынасы) – адамның динамикалық ерекшеліктерінің сипаты: интенсивтілігі, жылдамдығы, ырғағы, психиканың қалпы мен процесінің ритмі.
Фрустрация (лат.алдау) - өз қанағаттарын таппаған стимулды қажеттіліктің барын сипаттайтын психологиялық кейіп.
Функция – орындау, жүзеге асыру, бағыт.
Эгоцентризм - өз күйзелісінің бағытын, өз мақсаттары мен қызығушылықтарына жетуге бағытын сипаттайтын тұлғаның моральді психикалық қалпы.
Экстраверт - өзіне назар тосатын, қарым – қатынасқа ашық тұлға.
Экспронт (лат. тез) – дайындықсыз айтылған қысқа сөз.
Элемент – тұтастықтың құралатын бөлігі.
Этика – мораль туралы ғылым.
Этикометрия – нақты социумдағы нақты адамгершілікті бағалықтарға, адамның қалауының себептерін шығару, қарым – қатынасын өлшеу әдісі. Бұл түсінікті автор 1989ж. енгізді.
ДӘРІСТЕР
Дәріс тақырыбы. Психологиялық менеджмент туралы жалпы түсінік.
Жоспар.
Басқару туралы білімнің тарихи деректері.
Психологиялық теориялық-әдіснамалық негіздеріндегі басқару ұғымы туралы.
Адам санасының әлеуметтік психологиялық бейнеленуі.
Қоғамдық жүйедегі басқару салалары және олардың өзара ықпалы.
Басқару мектептері. Басқару деңгейлері.
Дәрістің қысқаша мазмұны.
«Менеджемент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін арттыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам, өз ісін білетін мамандырылған басшы.
Менеджмент психологиясы: жалпы психология, жеке тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, психофизиология, практикалық психология, психологиялық диагностика ғылымдарымен байланысты. Қосымша байланысы бар салалар: әлеуметтану, антропология, кадрлық менеджмент, маркетинг, экономика және т.б.
Басқарудағы мектептер. Ғылыми басқарама бағдары (1885-1950). Фредерик Тейлор, Френк Гилберт, Генри Гант. Әкімшілік (классикалық, үрдісті) бағдар (1920-1950). Анри Файоль. Адамзат қатынастар қөзқарасымен бағдарлау (1930-1950). Мэри Паркер, Элтон Майо. Әрекет туралы ғылым көзқарасымен бағдарлау (1930-1960). Ренсис Лайкерт, Дуглас Мак Грегор.
Ғылыми басқару мектебі.Қазіргі кезеңде басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына маңызды үлес қосқан төрт түрлі тәсілді белгілеп өтуге болады. 1) Басқару мектептерін жіктеу тұрғысынан қарағандағы тәсіл- ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектеп, адамдық қатынастар мектебі мен тәртіптілік әдісі, басқару ғылыми мектебі. 2) Процестік тәсіл- басқаруды өзара төрт түрлі функциялардың (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау) үздіксіз жиынтығы ретінде ұғыну. 3) Жүйелік тәсіл - өзгермелі қоршаған орта жағдайында мақсатқа жетуде ұйым қызметінің, адамдар, құрылым, міндеттер және технология секілді элементтер жиынтығы беретін іс-әрекет түрінде қарастырылуы. 4) Жағдайлық тәсіл – ұйымдастыру мен басқару шараларының жағдайға байланысты өзгешелік пен дербес сипатта орындалуы.
Өзін-өзі тексеруге сұрақтар:
Психологиятіңлық менеджмент негізгі ұғымдарына анықтама беріңіз.
Басқару мектептеріне сипаттама беріңіз
Әдебиеттер:
Бердалиев К.Б., Өмірзақов С.Ы., Есенғазиев Б.К., Ерғалиев Қ.Р. Басқару негіздері. (оқу құралы)- А., Экономика. 1997.
Ахметов К.Б. Менеджмент. А., 1997.
Прокофьева Ж.В. Менеджмент. М., изд-во «Знание»- 2000.
Психология управления. Курс лекций. /Л.К.Аверченко., Г.М.Залесов., Р.И.Мокшанцев., В.М.Николаенко. Отв.ред. М.В.Удальцова. – Новосибирск., изд-во НГАЭиУ: М:ИНФРА-М., 1999.
Практическая психология. Под.ред. М.К.Тутушкиной. Санкт-Петербург. Изд-во «Дидактика Плюс»- 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |