ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттітінің пайда болуына негіз болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының күшейе түсуі, қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек.
ХVІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХVІ ғасырда қазақ хандығының нығайып, территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында қазақ хандығында ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы, шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - « Қасым ханның қасқа жолының » жасалуы.
ХVІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда орталықтарына шығуы.
XVII ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының кеңеюі. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заңның сипаты.
XVII ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік, ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңының жасалуы.
XVII ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі.
Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, 1740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күңрете соққы берген қазақ батырларының жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі. Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ батырларына арналған поэзиялық туындылар. Осы шығармалардағы Абылай бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа қоғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңіңде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне кеңесші, көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі. Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге орай жорықшы, батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы - сәуегейлігі, көріпкелдігі, болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |