6
жету үшін қажетті барлық шығындар көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-
парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Жабдықты және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар
үшін) сатып алу» бабында 8-кестеге сәйкес жобаның мақсатына жету үшін
қажетті жабдықтар мен бағдарламалық қамтылымды сатып алу шығыстары
көрсетіледі (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін
үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу» бабында (1) жобаның
нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелерді патенттеу, (2) зерттеу нәтижелерін
жариялау, (3) 9-кестеге сәйкес талдамалық материалдарды сатып алу
шығыстары қамтылуы мүмкін (сатып алынатын тауарлар, жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса
тіркеу қажет).
«Жалға алу шығыстары» бабында 10 және 11-кестелерге сәйкес өтініш
берушіде тиісті үй-жай болмаған кезде жобаның мақсатына жету үшін қажетті
үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алу шығыстары көрсетіледі
(сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға
ұсынысын немесе прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары» бабында 12-кестеге
сәйкес зерттеу жүргізуге тікелей қатысатын үй-жайларға, жабдықтар мен
техникаларға қызмет көрсету шығыстары, сондай-ақ жобаны іске асыруға
байланысты коммуналдық қызметтер шығыстары көрсетіледі (сатып алынатын
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін үш баға ұсынысын немесе
прайс-парақтарды қоса тіркеу қажет).
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» бабында
13-кестеге сәйкес әлеуметтік салықты, әлеуметтік сақтандыруды және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге жұмсалған шығыстар
көрсетіледі.
2. 3-13-кестелерге сәйкес шығыстардың әрбір бабына есеп-қисаптар.
3. Жобаның мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол
жеткізу қажеттілігін міндетті түрде негіздеп, сондай-ақ тиісті шығыстар
баптарын есептеуге негіз болған бағалар туралы ақпарат көздерін көрсете
отырып, әрбір шығыстар бабының мазмұны мен көлемінің есебін қысқаша
түсіндіру.
Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыруға
сұралған соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» бөлімінің 1.5-тармағында
көрсетілген сомаға барабар болуы тиіс.
Өтінімнің құрамында ұсынылған жобаның бюджетіне Ұлттық ғылыми
кеңестің шешімі негізінде өзгерістер енгізілуі мүмкін.
8. Жобаны іске асыру жоспары [750 сөзден артық емес]
7
Бөлім Гант диаграммасы нысанында немесе 14-кестеге сәйкес жоба
бойынша жұмыстардың егжей-тегжейлі, дәйекті жоспарын қамтиды.
Жобаны іске асыру жоспары тиісті міндеттерді шешу үшін әрбір іс-
шараның маңыздылығын, жоба бюджетіне сәйкес іс-шара құнын негіздей
отырып, өтінім берушінің қалауы бойынша сарапшылардың жобаны дұрыс
бағалауы үшін қажетті басқа да ақпараттар көрсетілген қысқаша
түсіндірмелермен сүйемелденуі тиіс.
9. Күтілетін нәтижелер [750 сөзден артық емес]
Бөлімде зерттеулердің негізгі нәтижесі, яғни жобаның мақсатына қол
жеткізуге сәйкес келетін нәтиже, оның сандық және сапалық сипаттамалары
мен іске асыру түрлері көрсетіледі. Жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
нәтиже негіздемесі келтіріледі.
Конкурстық құжаттаманың талаптарына байланысты жоба нәтижесін іске
асыру түрлері мыналар болып табылуы мүмкін:
1) шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалаларды
жариялау (жоба нәтижелерін жариялауға арналған болжамды басылымдар,
басылымның дәйексөз алу индексі, тиісті ғылыми-метрикалық базадағы
басылым туралы ақпаратқа сілтеме жасай отырып). Зерттеу нәтижелері
бойынша мақалалар санына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада
белгіленеді. Әрбір бап оның шеңберінде қаржыландырылған жобаның
сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамтуы тиіс, онда
гранттық қаржыландыру көзі көрсетіледі;
2) шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында
монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды
жариялау;
3) шетелдік (еуропалық, америкалық, жапондық) патенттік бюролардан,
қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
4) ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
5) әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың
жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату;
6)
конкурстық
құжаттаманың
талаптарына
және
жобаның
ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:
1) күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және
мақсатты тұтынушылары;
2) күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми
бағыты мен аралас салаларын дамытуға әсері;
3) алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылуы
және (немесе) мүмкіндігі;
4) негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де
әсері;