Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата21.12.2019
өлшемі0,54 Mb.
#24726
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

 



4)  шетелдік  ғалымдарды  қоса  алғанда,  зерттеу  тобының  құрамына  әрбір 

мүшенің қатысуын негіздеу. Білімі, дәрежесі/ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, 

жоба  бағыты  бойынша  жұмыс  тәжірибесі,  Хирш  индексі  және  тиісті  ғылыми 

өлшемді базадағы (бар болса) бейінге сілтемелер, жобаға қатысуды негіздейтін 

негізгі  жетістіктері  көрсетілген  әрбір  мүшенің  қысқаша  түйіндемесі.  Әрбір 

мүшенің жобадағы жұмысының бағыты мен сипаты, олардың жобаның мақсаты 

мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі; 

5)  зерттеу  тобы  мүшелерінің  дайындама  сипаттамасы.  Негізгі 

жарияланымдар  туралы  (бар  болса  –  тиісті  деректер  базасындағы 

жарияланымға және/немесе Digital Object Identifier DOI сілтемені көрсету) және 

қолда  бар  патенттер,  авторлық  куәліктер  және  жобаның  тақырыбына  қатысты 

ғылыми жетекшінің және зерттеу тобы мүшелерінің басқа да қорғау құжаттары 

туралы  мәліметтер.  Мәлімделген  зерттеу,  олардың  бұрын  жүргізген 

зерттеулерімен қалай байланысты екенін көрсету. 

Жобаның  ғылыми  жетекшісі  үшін  оның  конкурстық  құжаттама 

талаптарына  сәйкестігін  растайтын  барлық  жарияланымдары,  оның  ішінде 

дәйексөз  алу  индексі,  басылымның  квартилі  (процентилі)  және  тиісті  ғылыми 

метрикалық  базалардағы  (DOI)  жарияланымдар  туралы  мәліметтерге  сілтеме 

жасалған болуы тиіс. 

Зерттеу  тобының  негізгі  персоналының  жоба  бағыты  бойынша 

жарияланымдары туралы (зерттеу тобы мүшелерінің кемінде 10 жарияланымы), 

дәйексөз  алу  индексі  және  тиісті  ғылыми-метрикалық  базалардағы 

жарияланымдар  туралы  мәліметтерге  сілтемелері  бар  мәліметтер  келтірілуі 

тиіс. Зерттеу тобы мүшелері тегінің асты сызылып көрсетілуі тиіс. 

Қосымша персонал үшін (грант алған жағдайда тартылатын зерттеу тобы 

мүшелерінің  30%-ына  дейін)  олардың  жобадағы  орны  мен  рөлі,  орындалатын 

жұмыстың  сипаты  және  оларды  іріктеу  үшін  қолданылатын  тәсілдер 

көрсетіледі.  

6. Зерттеу ортасы [750 сөзден артық емес] 

 Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады: 

1)  жобаны  іске  асыру  үшін  тікелей  пайдаланылатын  өтініш  берушінің 

қолында  бар  материалдық-техникалық  базасын  (жабдық,  аспаптар,  құрал-

сайман, көлік, ғимараттар, құрылыстар және т. б.) оны пайдалану бағытын және 

ғылыми-зерттеу  жабдығымен  жұмыс  істеуге  дағдыланған  зерттеу  тобының 

мүшелерін көрсете отырып сипаттау; 

2)  жобаны  іске  асыру  үшін  пайдаланылатын  негізгі  отандық  және 

халықаралық байланыстар (коллабораторлар мен жекеше әріптестер), олардың 

пайдаланылу  сипаты  мен  негіздемесі  көрсетіледі.  Негіздеу  арқылы  басқа  да 

отандық  және  шетелдік  ұйымдардың  (зертханалардың)  инфрақұрылымын 

пайдалану;  

3)  әрбір  ұйымды  тарту  қажеттілігін  негіздеп,  оның  жобадағы  рөлін, 

орындалатын  жұмыстың  сипатын,  мақсатқа  және  күтілетін  нәтижелерге  қол 




 

 



жеткізуге  қосқан  үлесін  сипаттай  отырып,  жобаны  іске  асыруға  сыртқы 

ұйымдарды тарту; 

4)  ұтқырлықты  негіздеу:  ғылыми  іссапарлар  және  олардың  жобаны  іске 

асыруға  әсері,  әріптес  ұйымдар  базасындағы  жұмыс  кезеңдері  және  олардың 

жобаны  іске  асыруға  әсері.  Әрбір  шетелдік  іссапар  үшін  іссапардың  мақсаты, 

күтілетін  нәтижесі және оның  жобаның  мақсатына қол жеткізуге  қосқан  үлесі 

қысқаша көрсетіледі. 

7. Сұралатын қаржыландырудың негіздемесі (1500 сөзден артық емес). 

Бөлімде мынадай ақпарат қамтылады: 

1.  2-кестеге  сәйкес  жоба  (бюджет)  бойынша  жиынтық  есеп.  Жобаның 

бюджетін  жобаның  ғылыми  жетекшісі  жұмыс  жоспарына  сәйкес  бөледі  және 

оны  осы  жобаға  байланысты  емес  шығыстардың  өзге  баптарына  жұмсауға 

болмайды.  

«Еңбекке  ақы  төлеу»  бабында  3-кестеге  сәйкес  постдокторанттарды, 

докторанттарды,  магистранттарды  қоса  алғанда,  жобаның  зерттеу  тобының 

мүшелеріне  еңбегі  үшін  сыйақы  ретінде  төлеуге  жататын  шығыстар,  сонымен 

қатар  қаржылық-экономикалық  және  заңдылық  сүйемелдеу  жүргізетін  жеке 

табыс  салығы  мен  міндетті  зейнетақы  жарнасын  ескере  отырып  көрсетіледі 

(штаттық  кесте  жобасын  немесе  зерттеу  тобының  құрамын  қоса  беру). 

Есептегенде  өтемақы  және  ынталандыру  сипатындағы  төлемдерден  басқа, 

демалыс төлемдері де ескеріледі.  

«Қызметтік  іссапарлар»  бабында  4  және  5-кестелерге  сәйкес  басқа 

ұйымдардың 

инфрақұрылымын 

пайдалану 

үшін 


конференцияларға, 

семинарларға,  симпозиумдарға  қатысуды  қоса  алғанда,  ғылыми  зерттеулерді 

жүргізумен  тікелей  байланысты  Қазақстан  Республикасындағы  және  одан  тыс 

елдерге  іссапарлардың  барлық  шығыстары  көрсетіледі  (билеттер  бойынша 

(авто,  теміржол,  әуе  билеттері)  қызмет  көрсететін  компаниялардың  веб-

сайттарынан баға ұсыныстарын, іссапарлар жоспарын қоса тіркеу қажет). 

«Басқа  да  көрсетілетін  қызметтер  мен  жұмыстар»  бабы  мердігердің 

шаруашылық  жүргізуші  субъектілерден  сатып  алған  қызметтерінің,  жобаның 

мақсатына  қол  жеткізу  үшін  қажет  шығыстарды,  оның  ішінде  (1)  ұжымдық 

ғылыми  зертханалар  мен  басқа  зертханалардың  көрсетілетін  қызметтерін,  (2) 

бірлесіп  жұмыс  жасайтын  ұйымдардың  көрсетілетін  қызметтерін,  3)  6-кестеге 

сәйкес  конференцияларға,  семинарларға,  симпозиумдарға  және  басқаларға 

қатысу  үшін  ұйымдастырушылық  жарналар  (сатып  алынатын  тауарлар, 

жұмыстар,  көрсетілетін  қызметтер  үшін  үш  баға  ұсынысын  немесе  прайс-

парақтарды  қоса)  қамтиды.  Егер  жобаны  іске  асыруға  тартылған  шетелдік 

ғалымдар  зерттеу  тобының  мүшелері  болса, онда олардың  қатысу  шығыстары 

«Еңбекке ақы төлеу» бөлімінде көрсетіледі. 

«Материалдар  сатып  алу»  бабында  7-кестеге  сәйкес  химиялық 

реактивтер,  еріткіштер,  стандартты  үлгілер,  тұтынылатын  зертханалық 

материалдар,  ғылыми-зерттеу  жабдықтарына  арналған  қосалқы  бөлшектер, 

жанар-жағармай  материалдары  және  басқалары  сияқты  жобаның  мақсатына 



жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау