Фармацевтика академиясы


Радиациялық гигиенаның негізгі екі бөлімі



жүктеу 3,91 Mb.
бет5/24
Дата21.01.2018
өлшемі3,91 Mb.
#7864
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Радиациялық гигиенаның негізгі екі бөлімі:

  1. Иондаушы сәулелену көздерімен жүргізілетін жұмыс жағдайын зерттейтін және қызметкердің қауіпсіздігі шараларын дайындайтын еңбек гигиенасы.

  2. Бүкіл халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған коммуналды радиациялық гигиена.


Радиациялық гигиенаның міндеттері:

  1. ИС көздерімен жұмыс істейтін адамдардың жұмыс жағдайы мен денсаулық жағдайын зерттеу.

  2. ИС қолайсыз әсерінен қорғанудың жеке адамдық және жалпы шарапларының кешенін жасау.

  3. Қоршаған ортаның негізгі нысандарының ( ауаның, судың, топырақтың, тағамның) радиологиялық тазалығына бақылау жүргізу.

  4. Қоршаған ортаның белсенді қалдықтармен ластануының алдын-алу жөнінде шаралар дайындау.

1895ж- Вюрцбург университетінің физика ғылымының профессоры Вильгельм Конрад Рентген қатты денелерден өтетін ауада бірнеше метрге таралатын қабілеті бар рентген сәулесін ашты.


1896ж- Анри Беккерель уранның өздігінен көзге көрінбейтін сәулелер шығаратынын тапты. Бұл құбылыс белсенділік деп, ал сәулеленудің өзі иондаушы сәулелену деп аталды.
1899ж- Эрнест Резерфорд белсенді заттардың ыдырауы кезінде шығатын альфа- және бета- сәулеленулерді ашты.
1930ж- Фредерик Жолио-Кюри нейтрондық сәулеленуді ашты.
Радиациялық гигиена XX ғасырдың 40-шы жылдарының басында, салыстырмалы түрде беретін ғана, өз бетінше гигиеналық ғылым ретінде дами бастады. Бұл иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс істейтін адамдар мен сол елді мекен тұрғындарының денсаулығына иондаушы радиацияның әсерін зерттейтін және еңбек пен тұрмыс жағдайының радиациялық кауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ғьлыми негізделген қорғану шаралары кешенін жасайтын ғылым.

Рентген сәулелері мен радиоактивті ыдыраудың ашылуының алғашқы жылдарында радиобиологиялық сипатты теориялық және экспериментальдық зерттеулер басталды, сондай-ақ бір мезгілде иондаушы сәулелердің зақымдаушы әсерінен адамдарды қорғау мәселелері де қарастырылды.

Ары қарай осы ғылымның дамуына жаңадан пайда болған сәулелерді ғылымда және тәжірибеде жедел қолдану, сондай-ақ олардың ағзаға зақымдаушы әсерінің аныкталуы өз себебін тигізді.

Әсіресе медицинада рентген және радий сәулелерінің кеңінен қолданылуы, олардың биологиялык әсері жөніндегі жеткілікті көп мәліметтер, иондаушы сәулелерден қорғау мәселелерімен айналысатын, көптеген елдердің күшін біріктіретін фуңдамент болып табылады.

Әскери және бейбітшілік мақсаттағы уран өндіретін өнеркәсіптер мен атомдық энергетиканың дамуы, жасаңды радионуклидтерді алу және оларды халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолдану радиациялық гигиенаның дамуына үлесін қосты.

XX ғасырдың 50-ші жылдарында денсаулық сақтау Министрлігі құрамында республикалық, қалалык СЭС-ің базасында радиациялық қауіпсіздік бөлімдері мен радиологиялық топтардың құрылуы тарихтағы маңызды кезең болып табылады.

Қазіргі кездегі ҚР ДМ-ің мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бакылау комитетінің жанындағы республикалық СЭС-те, сондай-ак, 14 облыстағы облыстық және Астана, Алматы, Степногорск қалаларының санитариялық эпидемиялық бақылау басқармасы жанында радиациялық гигиена бөлімдері жұмыс істейді, ал санитариялық-эпидемиологиялық сараптау орталығының құрамында радиациялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.

Пәннің негізгі бағыттары дозиметрлік, радиобиологиялық бағыттар, рұқсат етілетін сәулеленуге ұшырау деңгейін гигиеналық регламенттеу теориясы мен әдістемесі және радиацияға қарсы корғану шараларын өңдейтін санитарлық ұйымдастыру бағыты болып табылады.

Радиациялық гигиена бойынша негізгі қағидалар Қазақстан Республикасы Конституциясының сәйкес баптарында, ҚР «Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жөніндегі», «Тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық қолайлы жағдай жөнінде», заңдарында көрсетілген, осылардың негізінде Республиканың барлық тұрғындарының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99), СЕ 2.6.1.758- 99» және басқа нормативтік актілер өңделді және бекітілді.

Медициналық-профилактикалық факультетте радиациялық гигиенаны оқыту жекеленген кәсіптік топтар мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі жағдайлары бойынша объективті ақпарат алу үшін пәннің теориялық негізін меңгеруге, санитарлық-дозиметрлік зерттеулерді игеруге, сондай-ақ радиологиялық объекгілердегі алдьн-ала және ағымдық санитарлық бақылау жүргізу дағдыларын үйренуге бағытталған.




  1. Әдебиет

  1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

  2. Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

  3. Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.




  1. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):

  1. Радиациялық гигиена дегеніміз не?

  2. Радиациялық гигиенаның негізгі бағыттары, міндеттері қандай?

  3. Осы ғылымның дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білеміз?

  4. Радиациялық гигиена саласы бойынша ҚР-да қандай заңды құжаттарды білеміз?


Дәріс №2

  1. Тақырыбы: Радиациялық гигиенада пайдаланылатын негізгі түсініктер және олардың сипаттамасы. Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер.




  1. Мақсаты: Радиациялық гигиенада қолданылатын терминдер мен анықтамаларды жете ұғу, оларға сипаттама бере білу.




  1. Дәріс тезистері:

Иондағыш сәулелену- зарядталған және зарядталмаған бөлшектерден және фотондардан тұратын сәулелену, олар ортасымен әсерлескен кезде белгілері әртүрлі иондар түзеді.
Сәулеленудің келесі түрлері бар:

α-сәулеленуі – оң зарядталған гелий ядроларының ағыны, иондандырғыш қабілеті үлкен, енгіштік қабілеті аз, ауада таралу ұзындығы 3-11см, ағза тіндерінде бірнеше микрон.
β-сәулеленуі – оң зарядталған электрондардың немесе теріс зарядталған позитрондардың ағыны, иондандырғыш қабілеті аз, енгіштік қабілеті басым, ауада таралу ұзындығы 10-15м, ағза тіндерінде бірнеше мм.
γ-сәулеленуі- радиоактивтілік айналым кезінде шығатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны, енгіштік қабілеті өте үлкен, ауада таралу ұзындығы жүздеген метр, иондағыш қабілеті үлкен емес.
Рентген сәулеленуі- табиғаты жағынан гамма-сәулеленуге ұқсас, бұл заттағы жылдам электрондарды тежеу кезінде жасанды түрде пайда болатын электромагниттік энергияның кванттар ағыны.
Нейтрондық сәулелену- нейтрондар ағыны., ядролық реакторларда уран, плутоний ядроларының бөліну реакциясы кезінде пайда болады. Енгіштік қабілеті үлкен, себебі нейтрондардың заряды жоқ.
Иондағыш сәулелену көзі- иондағыш сәулелену шығаратын немесе шығаруға қабілетті радиоактивті зат немесе қондырғы.
Табиғи сәулелену көзі- табиғи текті иондағыш сәулелену көзі.
Техногенді сәулеленуге ұшырау – пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа қалыпты да және апат жағдайларындағы техногендік сәулелену көздерінен сәулеленуге ұшырауы.
Жабық көздері- пайдалануы және тозуы алдын ала болжамдалған жағдайларда құрылғысы радиобелсенді заттарды қоршаған ортаға түсірмейтін кез келген иондаушы сәулелену көздері.
Ашық көздер- мұндай иондаушы сәулелену көздерін пайдаланған кезде, белсенді заттар қоршаған ортаға түсуі мүмкін. Бұл кезде тек сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар персонал қосымша ішкі сәулеленуге ұшырауы да мүмкін.
Радиобелсенділік- бұл өздігінен бір элементтің атом ядроларының иондаушы сәулелер (α-бөлшектер, β-бөлшектер, γ-квант, т.б.) шығарып, басқа элемент атомының ядроларына айналуы.
Радиобелсенділіктің айналу түрлері:

α-ыдырау- реттік номері үлкен,табиғи белсенді элементтерге тән.

Электрондық β-ыдырау- табиғи да, жасанды да белсенді элементтерге тән.

Позитрондық β-ыдырау- кейбір жасанды радиобелсенді зотоптарда байқалады.
Сәулеленуге ұшырау- иондағыш сәулеленудің адамға әсері.

Табиғи сәулеленуге ұшырау- ИС табиғи көздерінен шығатын сәулеленудің әсеріне ұшырау.

Техногенді сәулеленуге ұшырау- пациенттердің медициналық сәулеленуге ұшырауынан басқа, қалыпты жағдайларда да және апатқа ұшыраған жағдайларда да, техногенді көздерінен сәулеленуге ұшырауы.

Қызметкер- сәулеленудің техногенді көздерімен жұмыс істейтін (А-тобы) немесе жұмыс жағдайы бойынша сәулеленудің әсері бар жерде жұмыс істейтін (Б -тобы) адамдар.

Халық- иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін, жұмыстан тыс кезіндегі қызметкерді қоса алғандағы барлық адамдар.

Доза- радиациялық гигиенада иондаушы сәулеленуді сандық бағалауы үшін қолданылатын түсінік.

Доза қуаты- уақыт аралығындағы дозаның (сіңірілген, эквивалентті, эффективті) өсуінің сол уақыт аралығына қатынасы.

Доза шегі- қалыпты жұмыс жағдайында орнатылған шегінен аспауы тиіс техногенді сәулеленудің жылдық эффективті немесе эквивалентті дозасының мөлшері.
Радиациялық гигиенада қолданылатын әдістер:

  1. Дозиметриялық

  2. Радиометриялық

  3. Спектрометриялық

  4. Радиохимиялық

5.Әдебиет



  1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие.- Алматы, 2002.- 304с.

  2. Кенесариев Ү.И., Бекмағамбетова Ж.Ж., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. Радиациялық оқу құралы. Оқу құралы.-Алматы, 2004.-160б.

  3. Гигиена: жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық/ Ү.И. Кенесариев және т.б.-Алматы:2010ж-656б.


6.Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)

  1. Радиациялық гигиенада жиі қолданатын қандай терминдер мен анықтамалар білеміз?

  2. Радиациялық гигиенада жиі қолданатын қандай зерттеу әдістерін білеміз?


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена-1,дене шынықтыру және валеология кафедрасы

Пән: «Радияциялық гигиена»



ТӘЖІРБИЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Мамандық:05110400-«Медико-профилактикалық ісі»


Курс:3

ШЫМКЕНТ 2014

Әдістемелік өңдеу кафедраның әдістемелік семинарында талқыланды

Хаттама № « ____ » ___________ 2014ж

Кафедра меңгерушісімен бекітілген ___________ Долтаева Б.З.



1

  1. Тақырыбы: Радиациялық гигиенаның профилактикалық медицинада алатын орны. Радиациялық гигиена пәні, мақсат, міндеттері. Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтері.




  1. Мақсаты: Радиациялық гигиенаның профилактикалық медицинада алатын орны туралы, радиациялық гигиена пәні, мақсат, міндеттері туралы студенттерге білім беру.



  1. Оқыту мақсаты

Студент білуі керек:

  1. Радиациялық гигиена пәнінің анықтамасы;

  2. Пәннің мақсаты, міндеті;

  3. Радиоактивтілік, радионуклидтердің өлшем бірліктері;

  4. Радиоактивті айналымдарды.


Студент істей алуы керек:

  1. Радиациялық гигиенаға ғылым ретінде анықтама бере білулері керек;

  2. Алынған мәліметтерді алдын алу медицинасында қолдану;

  3. Алған білімдерін денсаулық сақтау саласында қолдану.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Радиациялық гигиенаға дегеніміз не?

  2. Радиациялық гигиенаның мақсат, міндеттері қандай?

  3. Радиоактивті айналым дегеніміз не?

  4. Радиациялық гигиенаның алдын- алу медицинасындағы алатын орны қандай?

  5. Радиоактивтілік дегеніміз не?

  6. Жартылай ыдырау кезеңі дегеніміз не?


5 Білім берудің және оқытудың әдістері: Тақырыптық семнар ауызша сұрау

6. Әдебиет

негізгі

  1. Л.А. Ильин, В.Ф. Кириллов, И.П. Коренков. Радиационная гигиена М, Медицина 1999ж

  2. Лакшин, А.М. Общая гигиена с основами экологии человека: учебник. – М., 2004ж.

  3. Гигиена : учеб./ Под ред. Г.И. Румянцева. – М., 2001ж.

  4. Пивоваров, Ю. Гигиена и основы экологии человека: учеб. – М., 2004ж.

  5. Гигиена : учебник/ред. Г.И. Румянцева. – М., 2005ж.

  6. Иманалиев Ш.И., Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы: оқу құралы. – Алматы, 2008ж.

  7. Радиациялық гигиена: оқу құралы / Ү.И. Кенесариев. – Алматы, 2004ж.

  8. Кича Д. Общая гигиена. Руководство к лабораторным занятиям: учеб.пособие. – М.,2009ж.

қосымша

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: учеб. Пос./ под ред. В. Кириллова. – М., 2001ж.

  2. Руководство по гигиене труда Т. 1: практикум / под ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 3. Руководство по гигиене труда. Т.2: практикум / под.ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 4. Гигиена труда: учеб./ под ред. Н. Измерова. гигиена– М., 2008ж. + (СД – РОМ).


7. Бақылау – сұрақтары

  1. Радиациялық гигиена дегеніміз не, қандай ғылым?

  2. Радиациялық гигиенаның басқа гигиеналар арасында алатын орны қандай?

  3. Радиациялық гигиенаның мақсат, міндеттері қандай?.

  4. Радиоактивтіліктің қандай алмасу түрлерін білесіздер?

  5. Ядролық сәулелену түрлерінің негізгі қасиеттері туралы не айтар едіңіз?

  6. Рентген сәулесінің қасиеттері туралы не айтар едіңіз?

  7. Радиоактивті заттардың өлшем бірліктері қандай?

2

  1. Тақырыбы: Радиациялық гигиенада қолданылатын радиометриялық зерттеу әдістері.




  1. Мақсаты:Студенттерге радиометриялық зерттеу әдістерін жүргізуді, керекті нысаналардан сынамалар алуды үйрету.



  1. Оқыту мақсаты

Студент білуі керек:

  1. Ортаның негізгі нысаналарын радиометриялық бақылауды;

  2. Радиометриялық зерттеулердің жалпы принциптерін;

  3. Ауа радиоактивтілігін гигиеналық бағалау әдістерін;

  4. Тағамдық өнімдердің радиоактивтілігін бағалау әдістерін;


Студент істей алуы керек:

  1. Препараттың белсенділігін есептеуді (қондырғы фонын және есептеу тиімділігін анықтауды);

  2. Ауадағы радиоактивті газдарды анықтауды;

  3. Тағамдық өнімдердің радиоактивтілігін анықтауды;

  4. Спектрометрлік өлшеу әдістерін жүргізуді.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Радионуклидтердің ағзаға түсуінің қандай жолы бірінші дәрежелік болып табылады?

  2. Ауаның радиоактивті ластануын зерттеудің қандай әдістері бар?

  3. Тағамдық өнімдердің белсенділігін зерттеудің қандай кезеңдері бар?

  4. Су қоймалары суының, топырақтың, техногенді радионуклидтермен ластануының маңызы неде?

  5. Дискриминация коэффициенті дегеніміз не?


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топпен жұмыс

1-шағын топ

  1. Препараттың белсенділігін қалай анықтаймыз (қондырғы фонын және есептеу тиімділігін)?

  2. Препараттың белсенділігін анықтау әдістері қандай?

  3. Жұқа қабат дегеніміз не?

2- шағын топ

  1. Ауа радиоактивтілігін бағалау әдістері қандай?

  2. Радиоактивті газдарды идентификациялау үшін қандай әдістер қолданылады?

  3. Жартылай ыдырау кезеңі дегеніміз не?

3- шағын топ

  1. Тағам өнімдерін радиоактивті бағалау әдістері қандай?

  2. Тағам өнімдеріне радиациялық бақылау жүргізу үшін қандай шаралар орындалуы керек?

  3. Тағам өнімдерінен сынамаларды қалай аламыз?


6. Әдебиет

негізгі

  1. Л.А. Ильин, В.Ф. Кириллов, И.П. Коренков. Радиационная гигиена М, Медицина 1999ж

  2. Лакшин, А.М. Общая гигиена с основами экологии человека: учебник. – М., 2004ж.

  3. Гигиена : учеб./ Под ред. Г.И. Румянцева. – М., 2001ж.

  4. Пивоваров, Ю. Гигиена и основы экологии человека: учеб. – М., 2004ж.

  5. Гигиена : учебник/ред. Г.И. Румянцева. – М., 2005ж.

  6. Иманалиев Ш.И., Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы: оқу құралы. – Алматы, 2008ж.

  7. Радиациялық гигиена: оқу құралы / Ү.И. Кенесариев. – Алматы, 2004ж.

  8. Кича Д. Общая гигиена. Руководство к лабораторным занятиям: учеб.пособие. – М.,2009ж.

қосымша

  1. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: учеб. Пос./ под ред. В. Кириллова. – М., 2001ж.

  2. Руководство по гигиене труда Т. 1: практикум / под ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 3. Руководство по гигиене труда. Т.2: практикум / под.ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 4. Гигиена труда: учеб./ под ред. Н. Измерова. гигиена– М., 2008ж. + (СД – РОМ).


7. Бақылау – сұрақтары

  1. Радиомериялық талдау дегеніміз не?

  2. Радиохимиялық талдау дегеніміз не?

  3. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу дегенді қалай ұғасыз?

  4. Радиациялық қауіпсіздік талаптарына тағамдық өнімдердің сәйкестігін қалай анықтаймыз?

  5. Әртүрлі орта нысаналарының белсенділігін бағалау үшін қазіргі кезде қандай аспаптар мен аппараттар қолданылады?

3



  1. Тақырыбы: Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтері.




  1. Мақсаты: Радиациялық гигиенадағы ядролық физика элементтеріне қандай ұғымдар кіретіні туралы студенттерге білім беру.




  1. Оқыту мақсаты

Студент білуі керек:

  1. Радиобелсенділік анықтамасын;

  2. Радиобелсенді айналым түрлерін;

  3. Радиоактивті ыдыраудың негізгі заңдарын;

  4. Радиобелсенділіктің өлшем бірліктерін.


Студент істей алуы керек:

  1. Ядролық физика элементтері туралы алған білімдерін тәжірибеде қолдана білулері қажет;

  2. Радиациялық гигиена саласында қажетті заңды құжаттарды қолдана алулары керек;

  3. Радиоактивті айналу түрлерін ажырата білулері керек.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Радиобелсенділік дегеніміз не?

  2. Радиобелсенді ыдыраудың қандай негізгі заңдылықтарын білесіздер?

  3. Радиобелсенді заттардың белсенділігі мен салмағының арасында қандай байланыс бар?

  4. Жартылай ыдырау кезеңі дегеніміз не?


5.Білім берудің және оқытудың әдістері: Шағын топпен жұмыс, «Түймедақ» әдісі.

1- түймедақ сұрақтары:

  • Радиациялық гигиена дегеніміз қандай ғылым?

  • Иондағыш сәулелену дегеніміз не?

  • Сіңген доза дегеніміз не?

  • Сіңген дозаның өлшем бірліктері қандай?

  • Сәулеленуге ұшырау дозасы дегеніміз не?

  • Эффективті доза дегеніміз не?

  • Эффективті дозаның өлшем бірліктері қандай?

  • Доза дегеніміз не?

  • Альфа сәулеленуі дегеніміз не?


2- түймедақ сұрақтары:

  • Ауада таралуы ең үлкен иондағыш сәулелену түрі қандай?

  • Бета сәулеленуі дегеніміз не?

  • Доза қуаты дегеніміз не?

  • Доза шегі дегеніміз не?

  • Эквивалентті доза дегеніміз не?

  • Эквивалентті дозаның өлшем бірлігі қандай?

  • «Персонал» категориясы деген кімдер?

  • «Халық» категориясы деген кімдер?

  • Радиобелсенділік дегеніміз не?


6. Әдебиет

негізгі

1.Л.А. Ильин, В.Ф. Кириллов, И.П. Коренков. Радиационная гигиена М, Медицина 1999ж

2.Лакшин, А.М. Общая гигиена с основами экологии человека: учебник. – М., 2004ж.

3.Гигиена : учеб./ Под ред. Г.И. Румянцева. – М., 2001ж.

4.Пивоваров, Ю. Гигиена и основы экологии человека: учеб. – М., 2004ж.

5.Гигиена : учебник/ред. Г.И. Румянцева. – М., 2005ж.

6. Иманалиев Ш.И., Балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы: оқу құралы. – Алматы, 2008ж.

7.Радиациялық гигиена: оқу құралы / Ү.И. Кенесариев. – Алматы, 2004ж.

8.Кича Д. Общая гигиена. Руководство к лабораторным занятиям: учеб.пособие. – М.,2009ж.

қосымша

1.Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: учеб. Пос./ под ред. В. Кириллова. – М., 2001ж.

2. Руководство по гигиене труда Т. 1: практикум / под ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 3. Руководство по гигиене труда. Т.2: практикум / под.ред. Н.Ф. Измерова. – М., 1987ж. 4. Гигиена труда: учеб./ под ред. Н. Измерова. гигиена– М., 2008ж. + (СД – РОМ).
7. Бақылау – сұрақтары


  1. Радиобелсенділіктің қандай айналу түрлерін білесіздер?

  2. Альфа ыдырау дегеніміз не?

  3. Электрондық бета ыдырау дегеніміз не?

  4. Позитрондық бета ыдырау дегеніміз не?

  5. Жартылай ыдырау кезеңі дегеніміз не?

  6. Жартылай әлсіздендіру қабаты дегеніміз не?

  7. Радиобелсенді заттардың белсенділігі туралы не білесіз?

  8. Минимальды маңызды белсенділік дегенді қалай түсінесіз?

  9. Минимальды маңызды меншікті белсенділік дегенді қалай түсінесіз?

  10. меншікті (көлемдік) белсенділік дегенді қалай түсінесіз?

  11. Радиобелсенді заттардың белсенділігінің өлшем бірліктері қандай?

4



1. Тақырыбы: Қоршаған орта нысаналарын санитарлық сараптау. Қоршаған орта нысаналарын дезактивациялау әдістері.


  1. Мақсаты: Әртүрлі беттердің радиобелсенді ластану деңгейін бағалауды, дезактивация әдістерін студенттерге үйрету.



3.Оқыту мақсаты

Студент білуі керек:

  1. Ашық және жабық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезіндегі қорғаныс шараларын;

  2. Қоршаған орта нысаналары мен әртүрлі материалдан жасалған жабдықтар беттеріне дезактивация жүргізуді;

  3. Дезактивация дәрежесін бақылай білулері;

  4. Радиобелсенді қалдықтарды өңдеу, жою, және көмуді тиімді бағалай білулері.


Студент істей алуы керек:

  1. Стационарлық радиометрлермен жұмыс жасай білу;

  2. Тасымалданатын типтік радиометрлермен жұмыс жасай білу;

  3. Ластанған беттерден қандай да бір материалмен сынама алып, оның радиобелсенділік деңгейін анықтай білу;

  4. Радиометрлік талдау жасай білу.


4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Радиометрлік талдау дегеніміз не?

  2. Радиохимиялық талдау дегеніміз не?

  3. Дозиметрлік аспаптың қаттылықпен жүруі дегеніміз не?

  4. Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу дегенді қалай түсінесіз?

  5. Радиобелсенді заттармен жұмыс істеу дегенді қалай түсінесіз?


жүктеу 3,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау