Ф-ОБ-001/033
Қазқстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетті Шымкент институты
Филология факультеті
Казақ әдебиеті кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: “Н. Келімбетовтің көркем әдеби мұрасы ”
Орындаған: 310-34 тобының студенті М. Дауылбаева
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент С. Бекмырза
Қорғауға жіберілді
Кафедра менгерушісі:
«_____»_______2008ж ф.ғ.к., доцент С.Бекмырза
Шымкент-2008ж
Ф-ОБ-001/033
Мазмұны
І Кіріспе------------------------------------------------------------------------3-7
Бірінші тарау:
«Үміт үзгім келмейді», «Ұлыма хат» шығармаларының жанрлық сипаты -----------------------------------------------------------------------------------------------8—37
«Үміт үзгім келмейді» хикаят – монологының сюжеттік-композициялық желісі
«Ұлыма хат» эссесінің сюжеттік- композициялық желісі
«Үміт үзгім келмейді » хикаят–монологындағы көтерілген проблемалар.
Екінші тарау:
«Үміт үзгім келмейді » хикаят – монологындағы образдар жүйесі.--------------------------------------------------------------------------------------------------------38-65
Автордың (Ержанның) өз бейнесі.
Дәрігерлер бейнесі.
Ақылбек пен Мейіркүлдің махаббат хикаясы.
Бәкір бейнесі.
Ержан достарының бейнесі.
ІІІ Қорытынды-----------------------------------------------------------------66-67
ІV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі.-----------------------------------------68-69
Ф-ОБ-001/033 І Кіріспе
Зертеу жұмысының өзектілігі.
Немат Келімбетов – түрколог, ғалым, ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер, шебер аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың иегері. Түрколог ғалым сақтар мен ғұндар дәуірінің әдеби жәдігерліктерін тілдік, модельдік, әдеби, тарихи тұрғыдан терең зерттеу арқылы қазақ әдебиетінің қайнар бастаулары осыдан 27 ғасыр бұрын ғұмыр-кешкен сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген әдеби туындыларда жатқанын дәлелдеп берді. Бұл сөзімізге ақынның әр жылдары жарық көрген «Шәді ақын» (1974), «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» (1986), «Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы», «Ежелгі әдеби жәдігерліктер» атты т.б. ғылыми еңбектері айғақ бола алады. Сондай-ақ Н.Келімбетов қаламынан көптеген көркем әдеби шығармалар туды. «Үміт үзгім келмейді», «Жарлы емеспін, зарлымын», «Ұлыма хат», «Қариялар» шығармаларында жарық дүниеге құштарлығын, ел мен халыққа деген махаббатын, ұлттық рух пен ұлттық құндылықтар, адамзаттық, азаматтық асыл мақсат-мұраттар туралы сөз болады.
Ол біраз уақыт көркем аударма жасаумен де шұғылданды. Атап айтар болсақ, Леонид Гурунцтың «Шіркін біздің Шушикент», (повесть, Алматы, 1977), Украин қаламгері Василь Козаченконың «Найзағай», (повесть, Алматы, 1979 ж), өзбек жазушылары Саид Ахмадтың «Көкжиек» (роман өзбек тілінен аударылған), Пірімқұл Қадыровтын «Жұлдызды түндер» ( роман өзбек тілінен аударылған Алматы, 1986), романдарын қазақ тілінде сөйлетті.Бұл жайында филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлбану Қасымова былай дейді:
“Немат Келімбетов - қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихы туралы және ежелгі дәуір жәдігерлері жайлы өте құнды да бағалы еңбектер жазған ғалым.
Ф-ОБ-001/033
Немат Келімбетовтің тағы бір ерекшелігі - ол жазушылық қыры. Ол өз
өмірінде қиыншылықты көп көрген адам. Аударма жасады. Сондықтан оның өмірі жастарға үлгі болары хақ”.
Ғалым жазушы Немат Келімбетовтің өзі айтады: “Жазғанымыздың барлығын «іштен шыққан шұбар жылан» деп жатамыз ғой. Оған бөліп-жарып баға беру де қиын. Дегенмен «Ежелгі дәуір жәдігерліктері» деп аталатын зерттеуімнің жаңалығы көбірек болды-ау деп ойлаймын. Біз бұрын «Қазақ әдебиетенің қайнар бастаулары» түрік қағанаты тұсында өмірге келген «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» деп аталатын жырларда жатыр деп келдік. Соңғы жылдары түркология ғылымы едәуір алға басты. Сол ғылыми жетістіктердің арқасында тың пікірлер айтуға қол жеткіздік. VII ғасырда өмір сүрген ата-бабаларымыз – сақтардың «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр» сияқты қаһармандық дастандары алғашқы қалпына келтірдік. Сонымен қатар ғұндар дәуірінің «Атилла», «Көкбөрі», «Ер-гөнекен» секілді ерлік дастандарын да толықтырылған жаңа нұсқасын жасадық,”-деп жазды
Шындығында солай сақтар мен ғұндар және көктүріктер дәуірінен бізге жеткен қаһармандық дастандар мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұндық, тілдік, стильдік т.б. ұқсастықтарды яғни көркемдік дәстүр жалғастығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп шыққаны үшін Немат Келімбетовке «Филология ғылымдарының докторы» ғылыми дәрежесі және «Күлтегін» атындағы сыйлық берілді.
Ташкент қаласындағы қазақ тілді «Дидар» телеарнасының аға редакторы Замира Жиенбаева айтады: Немат ағаның «Жарлы емеспін, зарлымын» атты хикаяты маған қатты әсер етті. Кітап авторымен кездесіп, сұхбаттассам деп армандадым. Бір күні «Немат Келімбетов Сарыағашта демалып жатыр екен» деген әңгімені құлағым шалды. Дереу түсіру тобын ұйымдастырып, Сарыағашқа жеттік. Аты аңызға айналған ата туралы 20 минуттық хабар жасадым. Эфирге шықпастан бұрын бастықтарым көрді. Олар өзбек ұлтынан
Достарыңызбен бөлісу: |