Қосымша
Хабарландыру мәтініне
персоналды басқару қызметі жауапты
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың бірін сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 2 жылдан кем емес;
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;
өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
мемлекеттік қызмет өтілі 2 жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында 1 жылдан кем емес;
жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Прездиденті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
ғылыми дәрежесінің болуы;
сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-1 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында, немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу органдарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда 2 жылдан кем емес;
жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
ғылыми дәрежесінің болуы.
C-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы
|
min
|
Max
|
С-О-4
|
126356
|
170599
|
С-О-5
|
108306
|
146177
|
C-R-1
|
142460
|
192366
|
C-R-4
|
95210
|
128834
|
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ, индексі 080200, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әйтеке би көшесі 13 үй, анықтама телефондаы (8-7262) 45-70-52; 54-16-69; 45-61-63, электронды мекенжайы g.sarsenbekova@mz.gov.kz, «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің сектораралық қарым-қатынасты үйлестіру бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша аумақтық басқармалардың қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру және оны ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын қалыптастыруды және насихаттауды ұйымдастыру, қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасасу, денсаулық сақтау субъектілерінің және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы өзге де ұйымдардың жұмыстарын әдістемелік және ұйымдастырушылық үйлестіру. Денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Бөлім қызметкерлерінің қызметін, қызметкерлердің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қамтамсыз етуін бақылауды жүзеге асыру, мамандардың жұмысында практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану, сондай-ақ оларды ауыстыру туралы ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау), құқық (құқықтану). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің медициналық көрсетілетін қызметтерді жоспардан тыс тексеру бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты.
Функционалдық міндеттері: Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде медициналық қызмет сапасын тексеру. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабы, 3-тармағы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізу. Емдеу мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың орындалуын және медициналық қызмет көрсеткенге лицензияның бар немесе жоқтығын бақылау. Жоспардан тыс тексеруге тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыру. Жоспардан тыс тексеруге барысында қателіктер анықталса, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес хаттама толтырып айыппұл салу. Қателіктер анықталған жағдайда құқық қорғау мекемелеріне жоспардан тыс тексеру қорытындысын жіберу. Ана өлімі бойынша медициналық қызмет сапасын тексеру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы медицина). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты.
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде дәрілік заттардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар: тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті клиникалық практика (GCP), тиісті өндірістік практика (GMP), тиісті дистрибьюторлық практика (GDP), тиісті дәріханалық практика (GPP), тиісті фармакологиялық қадағалау практикасы (GVP) және басқа да тиісті фармацевтикалық практикалар инспекциялау жүзеге асыру. Тиісті дәріханалық практикаға (GPP) сәйкестігі сертификаттарын беру немесе қайтарып алу. Сертификат (қорытынды) алуға немесе оның әрекетін ұзартуға, сонымен қатар тиісті фармакологиялық қадағалау практикасына (GVP) сәйкес, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті лицензиялау, дәрілік заттарды тіркеу, сараптау немесе дәрілік препараттардың, медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігіне қатысты тергеу жүргізу мақсатында, анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растау мақсатында бұрын жүргізілген фармацевтикалық инспекциялау нәтижелері бойынша жүзеге асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқа мәжілістерін өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (фармация). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің бас маманы, (2 бірлік) С-О-5 санаты.
Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде дәрілік заттардың айналысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттелетін салада тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында бақылауды жүзеге асыру. Дәрілік заттардың айналысы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша жүзеге асыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша семинарлар, конференциялар, алқа мәжілістерін өткізуге қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (фармация). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Жұмыс орындарында және коммуналдық бағыттағы объектілерде жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты.
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптік және коммуналдық объектілерді алдын ала және ағымдағы мемлекеттік санитариялық-гигиеналық қадағалауды, оның ішінде еңбек гигиенасы, радиациялық гигиена, пестицидтердің токсикологиясы, электр магинттік өрістер мен физикалық факторлар, қоршаған орта факторларының (су, топырақ, атмосфералық ауа) халықтың денсаулығына әсері мәселелері бойынша қадағалауды жүзеге асыру. Жобалау-сметалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, құрылыстың барысын қадағалау және аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. Профилактикалық және санитариялық-гигиеналық іс-шараларды жүргізу. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау), жаратылыстану ғылымдары (экология). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің балалар және жасөспірімдер арасындағы жұқпалы емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімі бас маманы, С-О-5 санаты.
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Балалар және білім беру мекемелерін, мектепке дейінгі, мектеп мекемелерін жобалауға және салуға санитариялық-гигиеналық қадағалау жүргізу, балалар ассортиментінің тауарлары мен заттарын, сондай-ақ оларды дайындауға арналған материалдарды гигиеналық бағалау, оқыту режимі мен бағдарламасын сараптау. Ведомствалық және статистикалық есеп. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізуге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Тиісті аумақта санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын балалар ойыншықтарының қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Департаменттің аумақтық басқармаларының қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
7. Тараз қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тағам объектілерін санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің бас маманы, (2-бірлік) С-R-4.
Функционалдық міндеттері: Қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Тамақтану және сауда объектілеріне, базарларға, азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарына санитариялық-гигиеналық қадағалауды жүргізу, тұрғындардың арасында тағамнан уланудың өршуі жағдайларын тексеру. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жоспарын құруға және оның орындалуына талдау жүргізунге қатысу, бөлім қызметінің көрсеткіштерін дайындау. Шешімдер, өкімдер, бұйрықтар, сұраулар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ақпараттарды дайындау. Бөлімдегі ісқағаздарын және мониторингті жүргізу. Бөлімнің ай сайынғы ведомствалық статистикалық есебін дайындау, жинап-жинақтау. Тағам объектілерін қадағалау бөлімдеріндегі ай сайынғы санақ есебін құрастыру, ай сайынғы кестелік материалдармен жұмыс, ақпарат жинақтау, мониторинг жүргізу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне зертханалық бақылауға мемлекеттік тапсырыс жоспарын әзірлеу, талдау, түзету. Апталық есепті жинақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және эпидемиология немесе санитарлық фельдшер немесе емдеу ісі немесе мейірбикелік ісі немесе акушерлік ісі немесе фельдшер), техникалық ғылымдар және технологиялар (биотехнология немесе азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
8. Жуалы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы, С-R-4.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын бақылау. Азаматтардан келіп түсетін арыздарының, өтініштерінің орындалу сапасын бақылау. Еңбек тәртібін күшейту бойынша іс-шараларды жүзеге асыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау және орындау. Құқықтық жалпы оқыту жүргізуді ұйымдастыру. Әкімшілік практиканы жүргізу. Әкімшілік әрекет шараларын қолдануды бақылау және талдау. Басқарманың қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша практикалық көмек көрсету. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқарма мүдделерін заңнамада белгіленген тәртіпте қорғау. Құқықтық сипаттағы құжаттардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне заңдық сараптама жүргізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау, гигиена және эпидемиология немесе санитарлық фельдшер немесе емдеу ісі немесе мейірбикелік ісі немесе акушерлік ісі немесе фельдшер), құқық (құқықтану). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
9. Шу аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы, С-R-1.
Функционалдық міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Басқарманың жұмысына басшылық ету. Басқарманың қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметін үйлестіру. Бекітілген аумақта халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы заңнамаларының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, мемлекеттік қызмет туралы, тілдер туралы және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қоғамдық денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг және мемлекеттік қызмет мәселелері. Қоғамдық денсаулық сақтау және аудан халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс және сараптау топтарына қатысу. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау және құзыретінің шегінде шараларды қабылдау. Құзыретінің шегінде талдау материалдарының, анықтамалардың, баяндамалардың жобаларын дайындау. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (медициналық-профилактикалық ісі немесе қоғамдық денсаулық сақтау немесе жалпы медицина). Осы санаттың нақты лауазымының мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Әйтеке би көшесі 13 мекен-жайда орналасқан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Жамбыл облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
____________________________________
____________________________________
____________________________________
____________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _________________________________________________
______________________________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |