Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
183
сирень (жұпаргүл) кӛшеттерін (бір жылдық) отырғызды. 2012 жылдың 11 қараша күні 2,3
курс студенттерінің және біздің қатысуымызбен кӛп мӛлшерде (2 қап) емен тұқымы
егілді. Студенттер бұл жұмыстарды әрбір жексенбі күндері жасады және де алдағы 10-15
жыл бойы аталған ағаштар кӛшеттерін отырғызып, күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі.
Бұл жұмыстар да Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың идеясын жүзеге асырудың алғашқы ӛнегелі
жолы.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются экологические проблемы Казахстана, которые могут
возникнуть в ближайшее время и будущем. С целью улучшения экологических условий
необходимо выращивать сильно фотосинтезирующие древесные растения - дуб,
можжевельник, акацию и др. Разработан дешевый способ выращивания этих растений.
SUMMARY
The article deals with the ecological problems of Kazakhstan. To improve ecological conditions
we need to grow a very photosynthetic tree plants- Quercus, Juniperus, Acacia and a very cheap
method of growing tree plants was developed.
ӘОЖ 502.1 (574);581.524
ТЫҢАЙТҚЫШ МӚЛШЕРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҤРІШ САБАҒЫНЫҢ
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҦРЫЛЫСЫ
Ғ.Ж.Медеуова – а.ш.ғ.к. аға оқытушы, З.Манар – магистр, оқытушы,
Ж.Абдикадирова – магистр, оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: мақалада Арал ӛңірі жағалауындағы агроэкологиялық факторларға
байланысты оған тыңайтқыш мӛлшері, мерзімі, енгізу тәсілдері күріш сабағының
құрылысы туралы айтылған.
Түйін сӛздер: паренхима, эпидермис, склеренхима.
Күріш – жер бетіндегі ең ӛнімді әрі маңызды дақылдардың бірі. Әлемдегі барлық
адамзаттың жартысынан кӛбі күріш дәнін тағам ретінде пайдаланады. Соның ішінде, Азия
тұрғындарының 80%-ның ең маңызды тағамы болып саналады. 2015 жылы әлемнің 4,6
млрд. халқының негізгі азығы және олардың ӛсіп ӛркендеуі күрішке байланысты болуы
мүмкін. Ӛсіру технологиясының әртүрлілігіне қарамастан күріш әлемдегі ең ӛнімді злак
текті дақылдардың бірі. Агротехникасы реттелген жағдайда ӛсірілетіндіктен бұл дақыл
ӛнімділігін кӛп мӛлшерде арттыруға болады [7].
Арал ӛңірі жағдайында агроэкологиялық факторларға (тыңайтқыштар мӛлшері,
мерзімі, енгізу әдістер, тұқым себу нормасы, яғни қоректену алаңына) байланысты күріш
мүшелерінің (сабақ) анатомиялық құрылысы зерттелінбеген. Осыған байланысты зерттеу
мақсаты – әртүрлі қоректену алаңы мен минералды тыңайтқыштар мӛлшерінің, мерзімі
мен енгізу тәсілдерінің күріш сабағының анатомиялық құрылысына әсерін анықтау.
Зерттеу әдістемелері: тәжірибе «Қазақстан күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институты» ЖШС-нің (Қызылорда қаласы) станионарлық (тұрақты) телімінде салынды.
Күріштің (Oryza sativa 4) – Маржан, Арал 202 сорттары тӛмендегі схемалар бойынша
зерттелінді: тұқым себу нормасы 7 млн. шығымды дән; минералды тыңайтқыштар
мӛлшері мен енгізу әдістері – NoPo (бақылау), N60 P90+N60кг/га ә.з. (орташа доза),
N60P120+N120 кг/га ә.з. (жоғары доза) енгізілді. Үстеп қоректендірулер – N60,N120 кг/га
күріштің түптену кезеңінің басында берілді.
Күріштің вегетациялық мүшелерін фиксациялау және анатомиялық препараттар
дайындау жалпы пайдаланылатын әдістер: М.Л.Прозина [1], А.И.Пермякова [2],
184 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Р.П.Барыкина және басқалар [3] бойынша жасалынды. Зерттеу нәтижелерін
математикалық ӛңдеу Г.Ф.Лакин [4] бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижелері: Күріштің Маржан сорты (57,6-58,1 ц/га) және Арал 202 (57,9-
59,5 ц/га) сорты ең мол ӛнімі 7 млн. шығымды дән себіліп, N60P120+N120 кг/га ә.з. дозада
минералды тыңайтқыштар берілгенде алынды. Минералды тыңайтқыштар орташа
мӛлшерде (N60P90+N60 кг/га) берілгенде күріш ӛнімі – 51,2-50,0 ц/га болды. Қоректену
алаңына, тыңайтқыштардың мӛлшері мен енгізу әдістеріне байланысты күріш
сабағындағы анатомиялық ӛзгерістер болатындығы анықталды.
Сабақтың анатомиялық құрылысы. Сабақтың анатомиялық құрылысын талдау үшін
негізгі даму кезеңдері мен танысқан жӛн. Ӛсу конусының астында алғашқы жапырақ
түзілген деңгейде ӛркеннің осьтік бӛлігінің орталығында және шетінде орналасқан.
Сабақтың кӛлденең кесіндісінде тӛмендегідей ұлпалар анықталады: эпидермис, майда
жасыл ассимиляциялаушы паренхима, түссіз негізгі паренхима, «айналмалы» склеренхима
талшықтары, екі қатар (сыртқы және ішкі) талшық-түтікті ӛткізуші шоқтар және сабақ
ортасындағы қуыс. Кейбір жағдайларда сабақтың сыртқы қабырға клеткалары
склерификацияланған және ішкі, орталық қуыс жағында рексигендік (ауа ӛткізуші
қуыстарды қалыптастыратын) зоналар бар.
Бір қабат эпидермис клеткаларының қабырғаларының құрылысы тор тәрізді, ӛте
майда, қабырғалары қалыңдаған, әрі кремнийленген, үсті жұқа кутикуламен жабылған.
Эпидермисте лептесіктер және бір немесе екі клеткалы түкшелері бар. Бұл түкшелердің
пішіні домалақтау, томпақ немесе шамалы ұзынша.
Тығыз орналасқан, ұзынша, майда клеткалы паренхима эпидермиске жанаса
орналасқан. Ішкі жаққа қарай майда паренхималық клеткалар негізі ассимияциялаушы, ірі
клеткалы ұлпаларға айналды. Бұл клеткалардың қабырғалары жұқа, домалақтау, арасында
ұзынша пішінділері де кездеседі, кӛптеген клетка аралық қуыстары бар.
Сабақ қабырғаларында екі қатар орналасқан ӛткізуші шоқтар бар. Сыртқы ӛткізуші
шоқтарды қоршаған склеренхималық ұлпалар «айналымдық қоршау» склеренхима
элементтерінен ұштасып орналасқан. Механикалық ұлпалар іші арқылы ӛтетін сыртқы
ӛткізуші шоқтардың кейбіреулері бір-бірінен алшақ, ал кейбіреулері жақын орналасқан
және клеткалары майда. Сабақтың қырлылығы сыртқы ӛткізуші шоқтарға байланысты.
Орталыққа жақындау орналасқан паренхималық клеткалар арасында үлкен ішкі түтікті
шоқтар жүйесі баролар сабақта «дұрыс шеңбер» болып орналасқан, бірақ, бір деңгейде
емес. Барлық ӛткізуші шоқтар жабық.
Л.Р.Петрова, А.Г.Ляховкиннің [5] зерттеулері бойынша, күріштің жатпайтын Анауо
сорты сабағындағы ішкі, ірі ӛткізуші шоқтардың пішіні ұзынша, жұмыртқа тәрізді, ал
жатпау қасиеті орташа УЗРОС 7-13 сортынікі-ромба тәрізді, домалақтау, сабақтары жатып
қалатын Арпа-шалы сортынікі-сопақша, домалақ, екі бүйірі қысыңқы орташа. Біздің
зерттеген сорттарымыздың ішкі ірі ӛткізуші шоқтары пішіні бойынша жатпай қасиеті
орташа УЗРОС 7-13 сорты ӛткізуші шоқтарының пішініне ұқсас. Яғни, Қазақстандық
селекциясы сорттары – Маржан, Арал 202, Түгіскен күріш сорттарының жатпау қасиеті
орташа деңгейде.
Шоқтар құрамында флоэма және ксилема бар. Флоэма және ксилема – бұлар су мен
онда еріген қоректік заттар және синтезделген органикалық заттарды ӛсімдіктер денесінде
жылдамдатып тасымалдайтын, ӛте маңызды физиологиялық жүйе. Күріш сабағында
ксилема 3-5 түтіктерден құралған, оның ішінде 1-3-і ірілеу тесікті.
Флоэма кӛп қырлы елек тәрізді түтіктерден және кішкенелеу «серік» клеткалардан
құралған. Флоэманың түрі тор секілді, оның үлкенде қуыстары елек тәрізді түтіктердің
кӛлденең кесіндісіне сәйкес. Сабақтың ӛткізуші шоқтар саны 10-нан 40-қа дейін.
Сыртқы ӛткізуші шоқтарды қоршаған механикалық (арқаулық) ұлпалар бірнеше
қатар, бір-бірімен тығыз орналасқан, клетка аралық қуыстары жоқ. Олардың клетка
қабықшалары склерификацияланған, қалыңдау. Бұлар сабақты қоршаған арқаулық
склеренхималық клеткалармен ұштасып орналасқан және де сабаққа белгілі дәрежеде
Достарыңызбен бөлісу: |