Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
175
Зерттеу нәтижесінде бидай сары тат сорт жіктегіштерінің даму кезеңдері аурумен
зақымдануы анықталынды.
Paha (Yr Pa1, Yr Pa2, Yr Pa3), Druchamp (Yr3a, Dru1, Dru2,
HTAP), Riebesel 47/51 (Yr9), Produra (Yr Pr1, Pr2) сорт жіктегіштер барлық кезеңдерде
ауруға иммунды болды. Бұл аталған сорт жіктегіштерді селекцияда тӛзімділік кӛзі ретінде
пайдалануға ұсынуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Н.В.Ступина, Ю.В.Лобачев, С.Н.Сибкеев Генетический метод
защиты яровой
мягкой пшеницы от листовой ржавчины. //
Вопросы биологии,
экологии, химии и
методики обучения / Сарат. гос. ун-т, 2005 в.8. -С 57-607.
2. А.С.Кайдаш, В.И.Бессмельцев, М.В.Добрянская Возможные потери урожая зерна
озимой пшеницы от желтой ржавчины (
Puccinia stiformis West.) // Микология и
фитопатология. - 1976, Том 10, Выпуск 6. – С.509-511.
3. А.С.Кайдаш, В.П.Шинкаарев Обоснование краткосрочного прогноза желтой
ржавчины для сортов озимой пшеницы. Микология и фитопатология. 1972, Том 6, Выпуск
1.-с.13-17.
4. А.Х.Хахимов, М.И.Рашидов и др. Желтые ржавчины пшеницы в Узбекистане.
Защита и карантин растений, 2002. №7. – С.36-37.
5. М.Койшибаев Особенности развития желтой ржавчины и пятнистостей листьев на
озимой пшенице в Центральной Азии. // 1-я Центрально-Азиатская конференция по
пшенице. – г. Алматы. 10-13 июня 2003 г. – С.281.
РЕЗЮМЕ
В работе методом фитопатологического исследования у американских сортов
дифференциаторов озимой пшеницы идентифицировано 4 гена устойчивости к желтой
ржавчине: Paha (YrPa1, Yr Pa2, Yr Pa3), Druchamp (Yr3a, Dru1, Dru2, HTAP), Riebesel
47/51 (Yr9), Produra (Yr Pr1, Pr2). Указанные сорта являются ценными донорами для
селекции на иммунитет в условиях Казахстана.
SUMMARY
The article deals with 4 genes of stability identified the yellow blight of American sorts
differentiators of winter wheat the method of phytopatology research: Paha(Yr Pa1, Yr Pa2, Yr
Pa3), Druchamp(Yr3a, Dru1, Dru2, HTAP), Riebesel 47/51(Yr9), Produra(Yr Pr1, Pr2). The
indicated sorts are valuable donors for a selection on immunity in the conditions of Kazakhstan.
176 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
Э К О Л О Г И Я
ӘОЖ 502.1(574);581.524
МЫСТЫҢ ZEA MAYS ӚСІМДІГІНІҢ ҚАЗАҚСТАН 587 ГИБРИДІНІҢ ӚСУІ МЕН
БИОМАССА ЖИНАҚТАУЫНА ӘСЕРІ
Д.З.Абильмажинова – магистр, оқытушы, Г.С.Шыныбекова – магистр,
оқытушы
(Алматы қ., Қазмемқызпу).
Аннотация: Мақалада мыстың Zea Mays ӛсімдігінің Қазақстан 587 гибридінің ӛсуі
мен биомасса жинақтауына әсері жайлы айтылған.
Түйін сӛздер: пестицид, концентрация, ауыр металдар, гибрид, биомасса,
антропоген.
ХХІ ғасырдың басында ғылым мен техниканың дамуы ӛндіріс орындарының жедел
ӛсуіне ықпал етті. Осыған орай алғаш рет қоршаған ортаға химиялық элементтердің түсуі
мен таралуы және олардың тірі ағзаларға әсерін жүйелі түрде зерттеу ӛзекті мәселелер
қатарынан орын алды [1].
Қоршаған ортаға таралған барлық зиянды қалдықтар түптің түбінде топырақты
ластаушы болып табылады. Мұндай зиянды заттарға күнделікті тұрмыстық қалдықтардан
бастап үлкен ӛндіріс орындарынан шығарылатын барлық қалдық түрлері кіреді. Ӛндіріс
орындарынан шығарылатын газды және аэрозольды қалдықтар атмосферадағы су буымен
қосылып және оттегімен тотыға отырып қышқыл жауын ретінде топыраққа түседі. Ондай
газдардың ең үлкен үлесі күкірт пен азот оксидтері болып табылады. Шаң мен қатты
қалдық ретінде шығарылатын заттарды кейде кӛзбен кӛру де қиын емес. Мысалы, қыстың
күндері ӛндіріс орындарының маңында ақ қардың бетінен қара түйіршіктермен ластануы
жиі байқалады және сонымен қатар, үлкен жолдың маңында да дәл осындай кӛріністерді
аңғаруға болады. Әсіресе, жазда ӛсімдік жамылғысының жапырағында шаң мен қатты
аэрозоль түрінде қонған лас заттар усьтица арқылы ӛсімдіктерге сіңіріледі. Ал, күзде
ӛсімдік қурағанда барлық лас заттар кері топыраққа араласады. Осындай жолдармен
ластанған жердің литосфера қабаты қазіргі кезде ғалымдарды алаңдатып отыр. Себебі,
әртүрлі жолдармен түскен улы заттар қоректік тізбек арқылы адам денсаулығына кері
әсерін тигізеді [1.2].
Қазіргі кезде осындай техногенді ластанған аудандарда әртүрлі аурулардың пайда
болуы мен қозуы жиі байқалады. Ғылыми деректерге сай, трофикалық байланыстар
арқылы адам ағзасы тағам ӛнімдерінен 40-50%, судан 20-40%, ауадан 20-40% улы
заттарды қабылдайды [3].
Ластанған қоршаған ортаны қалпына келтірудің физикалық, химиялық және
биологиялық жолдары белгілі. Олардың ішінде физикалық немесе химиялық жолмен
тазарту ӛте тиімсіз. Жоғарыда келтірілген әдістердің ішінде ең тиімдісі – биологиялық
әдіс. Әсіресе, ластанған ортаны ӛсімдіктер кӛмегімен қайта қалпына келтіру жолдарын
жасау соңғы жылдары аса қарқынды дамуда [5].
Ауыр металдар ағын суларда, металл ӛндіруші ӛндірістің маңайында топырақта,
тастанды қазба орындарында, қалалық қоқыс тастайтын жерлерде және тұрып қалған су
қоймаларында кӛп мӛлшерде кездесіп, қоршаған ортаны ластайды. Қазақстанның егін
шаруашылығы мен жайылым жерлерінің үлкен кӛлемі ауыр металдармен ластанған [4].
Ӛндіріс орындарынан бӛлінген экотоксиканттар метерологиялық фактордың
әсерінен атмосферада, суда және топырақта кең таралып, тірі организмдердің тіршілік
әрекетіне кері әсер етуде. Зиянды қалдық заттардың қоршаған ортаға түсуін, жиналуы мен
миграциясын зерттеу олардың тірі организмдеріне әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік
береді. Қазіргі кезде барлық табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық