166 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
ӘОЖ 581.585.34
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ КҤЗДІК БИДАЙ СОРТТАРЫН
ӚСІРУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
М.С.Курманбаева – б.ғ.д., доцент м.а.
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Мақалада ашық - каштанды топырақты егістік танаптарында кӛп
факторлы жүргізілген тәжірибе барысында, осы аймаққа аудандастырылған күздік бидай
сорттарын ӛсірудегі экологиялық факторлардың маңыздылығы айқындалған.
Түйін сӛздер: күздік бидай, себу мӛлшері,
себу мерзімі, ӛнімділік, тыңайтқыш
Соңғы жылдары біздің елімізде күздік бидайдың интенсивті кӛптеген сорттары
шығарылды. Бұл сорттар сыртқы орта жағдайына талаптары бойынша және биологиялық
қасиеттері жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Сондықтан, оларды ӛсірудің агротехникасы
олардың биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып және ӛсіру ортасының экологиялық
жағдайын да есепке ала отырып жүргізілуі тиіс. Жаңа сорттар агротехникаға ескі
сорттармен салыстырғанда кӛбірек талап қояды [1].
Жыл сайын жоғары сапалы мол түсім алу үшін осы сорттардың жеке ерекшеліктерін
ескеруіміз қажет. Қазіргі күздік бидайдың интенсивті сорттары ӛздерінің потенциалдық
мүмкіншіліктерін ӛсуге қолайлы жағдайда ғана кӛрсете алады, ал қолайсыз жағдайда
түсімділікті тӛмендетіп жібереді [2].
Дәнді дақылдардың ӛнімділігін арттыруда жоғары ӛнімді сорттардың рӛлі ерекше
маңызды. Интенсивті сорттардың ерекшелігі олар жоғары агрофонда рекордтық ӛнім бере
алады. Ал, тӛмен агротехникада олардың кәдімгі сорттардан еш айырмашылығы
болмайды және олардан да тӛмен ӛнім беруі ықтимал [3].
Практикадан белгілі барлық сорттар ӛсірудің бірдей жағдайында әртүрлі ӛнім
беретіндігі. Біреулері - аз ӛнім берсе, келесісі - ауруға оңай шалдығады, басқасы - қысқы
суықты нашар кӛтереді, біреулері - құрғақшылыққа тӛзбейді немесе тұрақты жоғары ӛнім
бере алмайды [4].
Сондықтан зерттеу жұмысының
мақсаты күздік бидайдан жоғары тұрақты ӛнім алу
үшін экологиялық факторлардың маңыздылығын айқындау болып табылады.
Зерттеу объектілері және әдістері. Алматы облысы, Қарасай ауданында ашық -
каштанды топырақты егістік танаптарында кӛп факторлы жүргізілген тәжірибе
барысында, осы аймаққа аудандастырылған күздік бидай сорттары алынды: Алмалы,
Эритроспермум 217, Эритроспермум 317, Эритроспермум 256, Эритроспермум 596,
Лютесценс 42, агротехника осы аймаққа жалпы қабылданған. Ылғалмен қамтамасыз ету
жағдайына байланысты жылына 1-2 вегетациялық суару жүргізілді (нормасы 400-500
м³/гектарына).
Зерттеу нәтижелері. Күздік бидайды ӛсіруде ең маңыздысы топырақтық -
климаттық жағдайды, биологиялық ерекшелігін, агротехниканы қолдануды есепке ала
отырып, оптимальды себу мерзімін анықтау болып табылады. Себу мерзімінен ӛсімдіктің
күзгі ӛсу мен дамуы, ӛсімдікте пластикалық заттардың жинақталуы, олардың ауруға және
зиянкестерге тӛзімділігі және қыстап шығудың қолайсыз жағдайы тәуелді болады. Себу
мерзімі мен оның мӛлшері-күздік бидай ӛсіруде басты факторлар болып табылады. Ауыл
шаруашылығында себу мӛлшерінің қолайлысын таңдап алу және мерзімінің дұрыс
уақытын білу негізгі міндеттердің бірі. Егісте ӛсімдіктер санына негізінен себу мӛлшері
әсерін тигізеді, ал жиналған масақтың санын анықтауда басты рӛлді себу мерзімі
атқарады. Бұл факторлар жалпы түсімнің 82%-н қамтамасыз етеді.
Себу мерзімі ӛз кезегінде кӛптеген жағдайларға - алғы егіс, сорт, топырақ жағдайы,
оның ылғалдылығы мен құнарлығы және температуралық режимге тәуелді.