Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
147
ӘОЖ 911.2: 551.4
МИНЕРАЛ АГРЕГАТТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
М.Е.Тоқсабаева магистр, оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: Мақалада табиғатта кездесетін процестердің нәтижесінде түзілген,
физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы тұрақты кристалдық зат минералдың пайда
болуы және минералдардың жаралуының түрлері (эндогенді, экзогенді, ӛтпелі бӛлік
минералдары) қарастырылған. Минерал агрегаттары және оның морфологиясы,
физикалық химиялық қасиеттері сипатталған.
Түйін сӛздер: минерал, минералогия, минерал агрегаттары, мономинерал,
полиминерал
Минерал – геологиялық процестер нәтижесінде түзілген, физикалық қасиеттері мен
химиялық құрамы тұрақты кристалдық құрылымдарының табиғи химиялық қосылыстары.
Минералдар таужыныстарды, яғни жер қыртысы деп аталатын минералдық ортаны
құрайды. Таужыныстар – минералдардың белгілі бір құрамды және құрылымды тұрақты
парагенезистік ассоциациясы (қосылыстары).
Минералдар табиғатта пайда болуы түрліше болады. Оларға минерал бӛлшектердің
(элементтердің) шамасы (концентрациясы) температура, қысым, айналадағы әртүрлі тау
жыныстарымен әрекеттесуі жатады. Қатты зат болып табылатын минералдар сұйық, газ
және қатты фазалар түрінде кездесетін заттардан кристалданады. Мысалы: ӛте ыстық зат
болып табылатын магманың суынуынан түзілген минералдық агрегаттар магмалық
түйірлі тау жыныстарын құрайды. Минералдар жер астында, жердің беткі қабатында, су
қабаты - гидросферада дамиды.Минералдардың даму кӛзі - жер қыртысы болып
табылады. Ол шамамен (16-25) тереңдіктері зерттелген [1].
Минералогия – жаратылыстану ғылымдары әлеміндегі, геологиялық пәндердің кӛне
негізгісі, ол минералдардың құрамын, құрылымын, қасиеттерін, жаралу жағдайларын,
таралу заңдылықтарын және практикалық маңызын зерттейді.
Минералдардың жаралуы негізгі үш топқа бӛлінеді:
Эндогенді минералдар - Жер қыртысының терең бӛлігінде жаралады. Онда үнемі
магма әсері байқалып отырады. Магма-сұйық, ыссы, балқыған күйдегі силикаттық зат деп
саналады. Оның құрамындағы әртүрлі элементтер, тотықтар, ұшпалы заттар (фтор, хлор,
су, кӛмірқышқыл т.б.). Жоғары температура және үлкен қысым басымырақ. 20-25 км
тереңдіктегі тау жыныстары қатты болып келмейді. Силикатты қоймалжың массалы
болады. Бұл зат магма деп аталады. Ал магмалы жер қыртысын магмалық деп атайды.
Магма бӛлігінде 1500
0
С тан асады және ӛте жоғарғы қысым аймағы болады. Бұл
процестерді эндогенді деп аталады.
Экзогенді минералдар - Жер қыртысының жоғарғы бӛлігімен байланысты. Мұнда
тӛменгі температура мен тӛменгі қысым сипат алады. Жер бетіне жақын орналасқан және
жер бетінде жатқан минералдар және магмалық тау жыныстар ӛзгерістерге ұшырайды.
Желдің әсерінен, температура мен қысымның әсерінен, су және химиялық агенттер (О,
Н
2
О, СО
2
) әсерінен. Минералдардың кристалдануы сулы ортада яғни гидросферада судың
тӛменгі бӛлігінде диагенез зонасында дамиды. Оған тірі организмдер қатысады, яғни
биосфера тірі құрам зонасы. Бұл процесті экзогенді деп атайды.
Ӛтпелі бӛлік минералдары - Жер қыртысының ӛтпелі бӛлігін қамтиды. Ол кӛбінде
жер қыртысы мен магмалық бӛліктің арасында 6-10 км тереңдікте жер бетімен
салыстырғанда орналасқан. Бұл ӛтпелі бӛлігін метаморфтық деп атайды. Мұнда жоғарғы
қысым мен жоғарғы температура сипат алады.
Минералдар индивидтер түрінде кездеседі. Әрбір минералдық индивидтер ӛзінің
морфологиясы, ішкі құрылысы, құрамы ерекшеліктерімен ажыратылады. Қазіргі кезде
жер қыртысында 2000-нан аса минерал түрлері анықталған. Минералдардың жаралуы
эндогендік және экзогендік геологиялық процестер нәтижесінде, бір-бірінен ӛзгеше
148 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
бірнеше тәсілмен, негізінен минерал жаралу ортасының сипатымен анықталатын мынадай
жолдармен жаралады:
- Табиғи силикат балқыманың (магманың) температурасы оның қатаю нүктесінен
тӛмен түскен кезде кристалдану жолымен;
- Минералдық заттардың шынайы немесе коллоид ерітінділерден түзілуі арқылы,
бұл ерітінділер ыстық (гидротермалық ерітінділер, олардан кӛптеген руда минералдары
жаралады) немесе салқын (мысалы; тұзды кӛлдердің ерітінділері) болуы мүмкін;
- Диффузиялық процестер нәтижесінде қатты заттардың әртүрлі түрлену жолымен;
- Минералдардың газ тәрізді күйден тікелей кристалдану жолымен, мысалы;
жанартау кратерлерінің қабырғасында күкірттің жанартаулық газдардан кристалдануы.
Кӛптеген минералдық түрлердің 70-ке жуығы ғана кең таралған, олар негізінен
таужыныстар құрамына кіретіндіктен таужыныс жасаушылар деп аталады.
Қазіргі кезде минералдар кристаллохимиялық принцип, яғни, кристалдық құрылымы
мен химиялық құрамы ерекшеліктерінің негізінде типтер мен кластарға жіктеледі,
мысалы: сомтума, сульфид, оксид, карбонат, галоид, силикат және т.б.
Минерал агрегаттары-жаралуы бірдей бірнеше минералдар жиынтығы.
Құрамы бойынша агрегаттар мономинералды (моно-біреу) және полиминералды
(поли-кӛп) болып келеді. Кристалды дәрежесі бойынша: анық кристалды, жасырын
кристалды және аморфты болып ажыратылады. Кеңістікті толтыру дәрежесі бойынша:
қопсық және тығыз болып кездеседі.
Минерал агрегаттарының басты типтеріне; түйірлі агрегаттар, друзалар, дендриттер,
тасшемен, тасберіш, сауысты агрегаттар, оолиттер, жер тәрізді масса және т.б. жатады [2].
Минерал агрегаттарының морфологиясын анықтау. Түйірлер шекарасы кӛрінетін
агрегаттар анық кристалды болып табылады. Жасырын кристалды агрегаттарда түйірлер
шекарасы кӛрінбейді.
Тығыз агрегаттарда түйірлер қысылып жанасады және бір-бірімен берік ӛседі.
Қопсық агрегаттар қолға жұғады, сырттан қысым түскенде шашырап кетеді. Оларға
мынадай терминдер жиі қосылады: күйе тәрізді (қара), ұн тәрізді (ақ), жосалы (тот басқан
қоңыр).
Белгілі бір ғана минерал түйірлерінен тұратын агрегат мономинералды (мәрмәр), ал
агрегат бірнеше минералдардан құралса полиминералды (гранит) деп аталады.
Түйірлі агрегаттар түйірлер ӛсуінің жиынтығы. Мысалы, кез келген таужынысы
немесе кен. Түйірлі агрегаттарда кӛп немесе аз изометрлі түйірлер кездеседі. Агрегаттар
түйірлер пішініне қарай ажыратылады: қабыршақ түйірлі, жапырақша түйірлі, пластина
түйірлі. Түйірлер бағыты белгілі бір роль атқарады, мысалы, параллель бағаналы, серіктес
талшықты, желпуіш тәрізді, сәулелі тарамдалған агрегаттар. Ӛлшемі бірдей түйірлерден
құралған агрегаттар біркелкі түйірлі, ал әр түрлі түйірлі агрегаттардан құралса әркелкі
түйірлі деп аталады. Біркелкі түйірлі агрегаттар ішінде түйірлердің абсолюттік ӛлшемі
бойынша бӛлінеді: зор түйірлі (түйір ӛлшемі 20 мм-ден артық), ірі түйірлі (түйір ӛлшемі 5
мм 20 мм-ге дейін), орта түйірлі (түйір ӛлшемі 1мм-ден 5мм-ге дейін), ұсақ түйірлі (түйір
ӛлшемі 1 мм-ден аз).
Друзалар - бір тұғырда қырланып ӛскен кристалдар. Кристалдану кезінде әкелінетін
ерітінділер бос кеңістікте пайда болады. Друзалар үшін аралас таужыныстары минерал
ӛсетін жоғары беті белгілі болуы тән. Бір уақытта бірге ӛсуде «геометриялық талдау»
туындайды: жақтары жоғары қарай ӛсуге бағытталған кристалдар, біртіндеп ӛлшемі
бойынша азаяды, содан кейін олардың ӛсуі тоқтайды. Друзалар кварц, кальцит, турмалин,
берилл, флюорит, пирит кристалдарына тән.
Щеткалар - друзалар кристалл ӛлшемдерінің кіші болуымен (см-ге дейін)
ажыратылады.
Дендриттер - ағаш бұтағы тәрізді агрегаттар (ағаш тәрізді). Қаңқалы пішінінен
айырмашылығы бӛлек кристалл индивидтерінен тұратын, бір-бірімен параллель немесе
қосақталған жағдайда ӛседі.
Достарыңызбен бөлісу: |