Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
83
Рисунок 4. Иллюстрация решения задачи
4. Применять программу в других разделах математики.
Легко убедиться, что «Живая Геометрия» — незаменимый инструмент для изучения
не только геометрии, но и вообще всех математических курсов, например, алгебры (тема
«Функции и графики»).
Возможности программы поистине уникальны. Как минимум, она позволяет
сформировать у учащихся устойчивые знания определений и свойств рассматриваемых
фигур.
Рекомендуется для использования на уроках математики в V – IX классах, для
внеклассной и внешкольной работы. Информационные педагогические технологии
повышают мотивацию обучения и интерес детей к школе, формируют обстановку
творческого сотрудничества и конкуренции, актуализируют личность ребенка,
воспитывают в детях чувство собственного достоинства и уважение к национальным и
культурным различиям, дают им ощущение творческой свободы и самое главное —
приносят радость.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Е.С.Полат Новые педагогические и информационные технологии в системе
образования. //- М: Омега-Л, 2004. - 215 с.
2. М.А.Никифорова Преподавание математики и новые информационные
технологии. // Математика в школе, 2005, № 7.
3. А.Н.Леонтьев Деятельность, сознание, личность.// – М.: Политиздат,1975.- 304с.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологияны қолдану
мүмкіндіктері қарастырылады. Ол ӛз кезегінде ақпараттық оқыту құралы ретінде және
сабақ тақырыбын анықтауға, білім сынауға қолданылады.
SUMMARY
The article deals with the possibilities of using informative NT in the process of teaching
mathematics, that can be used both informatively-teaching manual and for denotation of lesson
theme and knowledge control.
84 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013
И Н Ф О Р М А Т И К А
ӘОЖ 378.016.02:004:517.53/.55(574)
RGB, LAB ЖӘНЕ CMY ТҤСТІК МОДЕЛІНІҢ ҚОЛДАНУ
МҤМКІНДІКТЕРІ
М.Авдорсолұлы - бағдарламалаушы (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ)
Аннотация: RGB, LAB және CMY түстік моделінің қолдану мүмкіндіктері
компьютерлік графикамен тек кӛркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен
медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында
алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар
жасау үшін қолданылу әдістері қарастырылады.
Түйін сӛздер: RGB, LAB, CMY, графиктер, диаграммалар, World, Wide, Web.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен
айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей
уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық
парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері
осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге
тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, ӛз күштерімен
жасауға тырысады [1,2].
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс
істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап
шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері ӛз жұмыстарының 90 % уақытын осы
графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең кӛлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және
бірінші кезекте миллиондаған Интернет парақтарын бір «ӛрмекпен» байланыстырған
World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Ӛйткені компьютерлік
графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың кӛзіне түсіп,
танымал болуы екіталай [3].
Қазіргі компьютерлік графика тек кӛркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес,
ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет
орындарында алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету үшін сызбалар, графиктер,
диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде
олардың соңғы кӛрінісін алу үшін үш ӛлшемді графикалық объектілерді қолданады.
Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең кӛлемді кескінін жасап,
оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын ала болжай алады. Кӛзге кӛрінетін және
кӛрінбейтін кескіндерді компьютер дисплейінде бейнелеуде түстік модель маңызды роль
атқарады. Түс арқылы барлық объекттерді бір-бірінен ажыратамыз, әрбір объектінің
тереңдігін, қисықтығын кӛре аламыз.
И.Ньютон тәжірибесі. Ақ жарық шыны призмадан ӛткен кезде бiрнеше түске
жiктелетiнiн алғаш рет И.Ньютон бақылап, зерттеген болатын. Мұндай монохроматты
(бiр түстi, мысалы, қызыл, кӛк, күлгiн т.с.с.) жарық одан әрi басқа түстерге жiктелмейдi.
Ал ендi осылай ақ жарықтың монохроматты жарықтарға жiктелуiнiң себебi неде? Ол
мынада. Жарық дегенiмiз – электромагниттiк толқындар. Әртүрлi түстегi жарықтар бiр-
бiрiнен толқын ұзындығының, немесе онымен байланысты жиiлiгiнiң әртүрлi болуымен
ӛзгешеленедi. Ал жарықтың шыны призмадан ӛткенде әртүрлi түске жiктелуiнiң себебi
қандай да бiр ортадағы жарық жылдамдығының (немесе онымен байланысқан сыну
кӛрсеткiшiнiң) жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгiмен байланысты. Сыну кӛрсеткiшiнiң жарық
жиiлiгiнен осындай тәуелдiлiгiн дисперсия құбылысы деп атайды (1-сурет). Бұл
Достарыңызбен бөлісу: |