Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
21
Есептер шығару физикалық заңдарды оқып үйренуде, тереңірек және нақты білім
алуға, алған білімдерін берік меңгеруге, логикалық ойлау қабілетінің дамуына, белсенді
болуына, физика пәніне деген қызығушылығын арттыруға, алға қойған мақсатқа жетуде
табандылыққа, ӛзіндік жұмыс істеу, ӛз бетімен білім алу дағдысына ие болуға
кӛмектеседі.
Есеп шығарудың тәсілін таңдау арқылы ғана, есептің жауабын алу мүмкін емес. Ол
үшін таңдап алынған тәсілді жүзеге асыру керек, яғни есептің шартындағы нысандарға
және оның сипаттамаларына қажет болатын логикалық, математикалық немесе
тәжірибелік амалдарды қолдану керек.
Есеп шығарудың таңдап алынған тәсілі белгілі бір әдістердің жиынтығы арқылы
жүзеге асады. Физикалық есептерді шығару амалдары сан алуан, оларды қолдана біліп,
оқушылардың есеп шығара алу қабілетін анықтайды [1].
Кей жағдайларда жаңа есеппен бұрын шығарылған есепті салыстыра мыналарды
байқаймыз: олардың тек нысандары немесе сипаттамаларының сандық мәндері ӛзгеше,
немесе шамалар басқа бірліктер жүйесінде беріледі. Кейбір есептердің талабы, бұрын
шығарылған есеп шартындай және керісінше болады.
Есеп шығару үрдісін бірдей деп қарастыруға болады. Есеп шарты мен талабының
түрлі болуына қарамастан, оқушылар олардың ортақ құрылысын, ұқсас есептерді
шығарудың ортақ әдісі мен тәсілдерін байқай білу керек.
Бұлар қарапайым ұқсас есептер, олар белгілі бір есептің жекеше түрлері болып
табылады.
Есеп шығару үрдісі күрделі, оны мынадай кезеңдерге бӛлуге болады:
1. Есептің берілгенін оқып, жаңа терминдердің, қиын ұғымдардың мағынасын
түсіндіру.
2.
Есептің шартын қысқаша жазу, суреті болса салу.
3. Есепті талдау, физикалық мәнін, берілген есептерде қарастырылатын физикалық
үрдістер мен заңдарды түсіну, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікке кӛңіл
аударылады.
4. Шығарудың жоспарын құру, тәжірибе жасау, есепке керекті тұрақтылар мен
кестелердің мәндерін жазу, графиктер мен суреттерге талдау жасау.
5. Физикалық шамаларды ХБЖ жүйесінде жазу.
6. Ізделініп отырған физикалық шамамен берілген шамалардың арасындағы
заңдылықты тауып, оны жазу.
7. Теңдеулерді құру және оларды шешу (қондырғыны жинау және оны жасау).
8. Ізделініп отырған шаманы есептеу, тәжірибе нәтижесіне талдау жасау.
9.
Алынған жауапты талдау, шығарудағы ықшамдауларды қарастыру.
10. Есептің басқаша шешу жолдарын қарастыру және олардың ішінен тиімдісін
алу [2-3].
Мысалы: Серіппеге массасы 2кг жүк ілгенде ол 4см-ге ұзарады. Серіппені 2см-ден
12 см-ге созу үшін атқарылатын жұмысты табыңыздар (g=10м/с
2
)?
Орта мектепте осындай есептерде оқушылар
не істерін білмей,
атқарылатын жұмыс
болады деп механикадағы атқарылған жұмыспен алмастырып алады да неге артық
шамалар беріліп тұр деп бастары қатады.
Шешуі: мұндай серіппеде атқарылған жұмыс
2
2
2
1
2
2
kx
kx
A
анықталады. Ал
серіппенің қатаңдығын Гук заңы бойынша анықтап алуға болады:
x
k
F
.
Мұндағы
k
- серіппенің катаңдығы,
x
- серіппенің созылу ұзындығы. F-ауырлық күші.
Есепті шығарудан бұрын барлық берілгендерді ХБЖ-ға келтіріп аламыз.