Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет85/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115

 
8 Тарау: Минералды ресурстар менеджменті жəне қоршаған орта
   173 
 
 
 
Тау-кен  өндірісі  мен  металлургиялық  кəсіпорындардың  іс-əрекеттері  салдарынан  ауаның 
ластанып  отыруы  Қазақстандағы  ең  үлкен  экологиялық  проблемалардың  бірі.  Аса  зиянды 
заттар қатарына күкірттің қостотығы (SO
2
), көміртек оксиді, азот оксидтері, күкіртті сутектер, 
аммиак,  көмірсутектер  жəне  буланғыш  органикалық  қоспалар  жатады.  Оның  үстіне, CO
2
-нің 
айтарлықтай  мөлшердегі  эмиссиялары  бар.  Елдегі  ең  ірі  ластаушы  кəсіпорын –  «Қазақмыс» 
корпорациясы. «Қазақмыс»  елдегі  ауа  ластаушы  эмиссиялардың 69 пайызын  шығарады.  Ірі 
ластаушы  кəсіпорындар  қатарында,  сондай-ақ, «Арселор  Миттал  Теміртау»  жəне  «Казцинк» 
АҚ бар.  
 
«Қазақмыс»  корпорациясы  металлургиялық  сектордың  ауаға  бөліп  шығаратын SO

эмиссиясының 75 пайызына,  сондай-ақ,  қатты  ластаушы  заттардың  жалпы  мөлшерінің 37 
пайызына  жауапты.  «Қазақмыс»  кəсіпорындары  ауаға  шығаратын  қатты  бөлшек  заттардың 
мөлшері  əр  түрлі (1000-нан 0,1 микронға  дейін)  жəне  олардың  құрамында  ауыр  металдар 
(кадмий,  қорғасын,  цинк,  мыс,  хром  жəне  т.б)  бар.  Тозаң  түрінде  тарайтын  осы  заттардың 
құрамында,  сондай-ақ,  силикоздың  пайда  болуына  əкеп  соқтыратын  кремний  диоксидінің 20 
пайызы  бар.  Тозаң 10 км-ге  дейін  тарайды.  Санитарлық  буферлік  зонаның  металлургиялық 
зауыттарға  тағайындалған  нормасы  бойынша,  ол 1000м-ден  аспауы  қажет. «Арселор  Миттал 
Теміртау» метталургия өнеркəсібі тарапынан шығарылатын көміртек диоксидінің 87 пайызын, 
азот диоксидінің 57,6 пайызын жəне қатты қалдықтардың 32,5 пайызын ауаға шығарады. Соған 
қоса,  Қазақстанда  ферросплавтар  өндіретін  зауыттар  көбіне  қалалардың  ішінде  орналасқан. 
Бұл  өндіріс  кезінде  ауаға  тарап  кететін  өнеркəсіптік  тозаң  бірге  зиянды  заттардың  тұрғын 
аудандарға  дейін  оңай  жетіп,  адам  денсаулығына  зиян  келтіруіне  əкеп  соқтырады. 
Өнеркəсіптік тозан құрамында мыс, барий, цинк, никель, кобальт жəне бериллий сияқты алуан 
түрлі металдар бар.  2007-ші жылы ферросплав өндірісінен ауаға бөлініп шыққан қатты қалдық 
заттардың мөлшері ықтимал ең жоғары концентрация деңгейінен асып кетті. Жер шаң-тозаңы 
концентрациясы ең жоғары ықтимал  көрсеткіштен 2-6 есе жоғары. Ауаға бөлінетін өндірістік 
эмиссияларды  бақылау  жүйелері  металлургиялық  нысандардың  барлығында  дерлік  бар 
болғанымен,  олардың  көбі  ескіріп,  ауа  сапасының  стандартқа  сай  сақталуын  қамтамасыз  ете 
алмайды.  Əйтсе  де,  тау-кен  өндірісі  жəне  металлургиялық  кəсіпорындардың  кейбірі  соңғы 
бірнеше  жыл  ішінде  жаңа  технологиялар  мен  алдыңғы  қатарлы  тəжірибені  өндіріске  енгізу 
арқылы  өздерінің  экологиялық  көресткіштерін  түзете  алды.  Мысалы, «Қазцинк»  өндіріске 
даниялық  технологияны  енгізу  арқылы  жəне  ауыр  металдардың  қалдық  үймелерінен  сыртқа 
бөлінуін  тежейтін  жаңа  сүзгі  қондырғысын  орнату  арқылы SO
2
-ні  тиімдірек  қайта  өңдеуге 
мүмкіндік алды.  
  
Қазақстандағы  өндіріс жəне өңдеу салаларының ел экономикасы үшін маңыздылығын есепке 
ала  отырып,  осы  салада  жыл  сайын  жиналып,  мөлшері  жағынан  өсіп  келе  жатқан  қатты 
қалдықтардың қаншалықты үлкен мəселеге  айналғанын түсінуге болады. Жасалған есептеулер 
бойынша, 2006-шы жылға дейін жиналған түрлі қатты қалдықтардың жалпы мөлшері шамамен 
21  миллиард  тоннаны  құрады.  Жəне  де  бұл  көрсеткіш  жыл  сайын 1 миллиард  тоннаға  дейін 
ұлғайып  барады.  Қалдықтардың  басым  бөлігі  Қарағанды  облысында (29,4%), Шығыс 
Қазақстан  облысында (25.7%) жəне  Қостанай  облысында (17.0%) шоғырланған.  Осы 
қалдықтардың  түрін  қайта  өңдеу  ісі  Қазақстанда  жолға  қойылмаған.  Полиметалдық  кен 
заттардың  ең  соңғы  қалдықтары  негізінен  Өскемен  қаласының  маңында  жатыр.  Қойма 
шахталарындағы  қышқыл судың қашыртқысы нəтижесінде қалдықтардың құрамындағы ауыр 
металдар  жерасты  жəне  жербеті  сулары  мен  топыраққа  сіңіп  кетеді.  Сонымен  қатар,  алтын 
өндіріс  кезінде  цианид  тəсілінің  дұрыс  қолданылмауы    экологияға  жəне  денсаулыққа  көп 
нұқсан келтіруі мүмкін. Мұндай тəсіл Қазақстанда Васильковский кешенінде пайдаланылады.  
 
Уран 
 
Қазақстандағы  тау-кен  өндірісі  саласындағы  жұмыс  істейтін  кəсіпорындар  уранды  кеңінен 
тараған жерасты сілтілендіру (ЖС) тəсілін қолданып өндіреді. Бұл тəсілдің көмегімен уранды 
құм-тас қабатының  жұтаң  кенінен сілтілеп  алуға  болады. Əдістің бір  артықшылығы - өндіріс 


174
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
кезінде  ең  ақырғы  қалдықтар  шығарылмайтындықтан,  жер  беті  мен  топыраққа  аса  зиян 
келтірілмейді. Өндіріп алынған уран шөгінділерінен тұратын блоктарды өңдеп, кəдеге жарату 
керек.  Бұл  мақсатта  арнайы  тарату  қоры  құрылған  болатын. 1999-2003ж.ж.  аралығында  уран 
өндірісінің  қоршаған  ортаға  тигізетін  əсерін,  соның  ішінде  ЖС  тəсілінің  экология  жəне  адам 
денсаулығына  жасайтын  ықпалын  анықтайтын  егжей-тегжейлі  зерттеу  жұмысы  жүргізілді. 
Зерттеу нəтижелері үкімет мамандары тарапынан жіті қадағаланып, ЖС тəсілі қоршаған ортаға 
айтарлықтай  зиян  келтірмейді  деген  қорытынды  шығарылды. 2004-ші  жылы  Үлбі 
металлургиялық 
зауытындағы («Қазатомөнеркəсіп») 
қоршаған 
ортаға 
байланысты 
мəселелердің басқарылу жүйесі тексеріліп, ол ISO 14001 стандарттарына сай деп табылды.  
   
Еш бақылауға алынбаған ескі уран қалдықтары Қазақстанның жер-жерінде кездесіп, қоршаған 
орта,  адам  десаулығы  мен  қауіпсіздігіне  айтарлықтай  қауіп  төндіреді.  Ең  көлемді  уран 
қалдықтары  Қошқар  Ата (8.3 қосымшасын  қараңыз)  радиациялы  қалдықтар  қоймасында. 
Осында 52 миллион    тонна  радоактивті  қалдық  бар.  Сондай-ақ,  Степногорск  жəне  Өскемен 
қоймаларында  сəйкестігіне  қарай 50 миллион  тонна  жəне 4 миллион  радиоактивті  материал 
жатыр.  
 
8.3  
Минералды ресурстарды тұрлаулы басқару  
 
Саясат, стратегиялар жəне институттар 
 
Қазақстан минералдық ресурстар секторындағы саясаттың қатарына экологиялық тұрақтылық 
мəселелерін  енгіземіз  деп  жарялағанымен,  белгілі-бір  стратегия  ұстанбайды.  Елдің 
экологиялық  тұрақтылық  тұрғысынан  дамуын  көздейтін  мемлекеттік  құжатар  аясына 2001-
жылы  қабылданған  «Қазақстан  Республикасының 2010-шы  жылға  дейінгі  дамуының 
стратегиялық  жоспары»  (бұл  Қазақстанның 2030-шы  жылға  дейінгі  даму  стратегиясын 
орындаудың  екінші  кезеңі  болып  табылады)  жəне 2003-ші  жылы  қабылданған  «Қазақстан 
Республикасының 2003-2015ж.ж.-ға  арналған  инновациялық - индустриялық  даму 
стратегиясы»  кіреді (1-бөлімді  қараңыз).  Орта  мерзімде  елдің  экономикалық  өсіміне 
бұрынғыдай  көмірсутек  өндірісінің  кеңеюі  əсер  ететін  болса  да,  ұзақ  мерзімдегі  ең  басты 
қиыншылықтың  мұнайдан  өзге  секторлар  бəсекелестігін  көтеріп,  елдің  өндірістік  базасын 
əртараптандыру  екені  сөзсіз.  Бұл  мақсатта  Қазақстанда  «Қазына»  тұрақты  даму  қоры  жəне  
Қазақстан Республикасының ұлттық қоры құрылды. Олардың басты міндеті - мұнайдан түскен 
табыстың  бір  бөлігін  экономикалық  əртараптандыруға  жұмсап,  мұнайға  қатысы  жоқ  өзге 
секторлардың  дамуына  демеу  беру. 2006-шы  жылы  жарық  көрген  «2007-2024-ші  жылдарға 
арналған  тұрақты  дамуға  көшу  тұжырымдамасы»  жоғарыда  аталған  міндеттердің  бəрін 
құптайды.  Минералдық  ресурстар  секторына  тиесілі  экологиялық  басымдықтар  «2004-2015-
жылдарға  арналған    экологиялық  қауіпсіздік  концепциясы» (2003ж.)  жəне  «2005-2007-
жылдарға  арналған  қоршаған  ортаны  қорғау  бағдарламасында»  көрсетілген.  Жекелеген 
салаларға  арналып  дайындалған  бағдарламаларда  да  қоршаған  орта  проблемаларына  назар 
аударылады.  Бұған  мысал  ретінде 2004-ші  жылы  шыққан  «Қазақстан  Республикасындағы 
радиоактивтік  ластану  проблемаларын  шешуге  арналған  радиациялық  қауіпсіздік  жөніндегі 
мемлекеттік бағдарламасын» келтіруге болады. 
 
Энергетика  жəне  минералды  ресурстар  министрлігі  Қазақстандағы  минералдық  ресурстар, 
соның  ішінде  мұнай,  газ  жəне  көмір  ресурстары  саласындағы  басқару  сапасын  қадағалайтын 
басты орган болып табылады. Министрлік минералдық барлау жəне өндіруге лицензия беретін 
жеке-дара  орган.  Министрліктің  қарамағында  геологиялық  зерттеулер  жүргізетін  Геология 
жəне  минералдық  ресурстар  комитеті  кіреді.  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  болса, 
саладағы  экологиялық  стандарттар  мен  талаптар  даярлайтын,  əрі  экологиялық  рұқсат 
құжаттарын  тарататын  орган  болып  табылады.  Жергілікті  басқару  органдары  да  бірқатар 
реттеушілік жəне қадағалау функцияларын атқарады (бұл туралы толығырақ 2-бөлімде). Еңбек 
жəне əлеуметтік қорғау министрлігі қауіпсіздік жəне еңбек жағдайларына қатысты мəселелерді 
қарастыратын  басты  орган.  Төтенше  жағдайлар  министрлігі  адам  өміріне  қауіп  төндіретін 
əрекеттерге, соның ішінде тау-кен, мұнай жəне газ өндіру саласында, дайындық жəне қатерге 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау