Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет83/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115

168
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
8.2 
Кен өндіру саласы жəне  қоршаған ортаны қорғау 
 
Мұнай жəне газ саласы 
 
Соңғы  кезде  кейбір  оңтайлы  өзгерістердің  болғанына  қарамастан,  мұнай  мен  газ  өндіру 
кезіндегі ластану əлі де орын алып келеді. Көмірсутек кен орындарын барлау мен игеру кезінде 
500-800 метр радиустағы өсімдік жамылғының 70-80 пайызы жойылады. Мұнай өндіру үдерісі 
кезінде    атмосфераға  шығарылатын  қалдықтар  мен  төгілетін  мұнай  ең  үлкен  залал  келтіреді 
(8.1  қосымшаны  қараңыз).  Қоршаған  орта  мен  адам  денсаулығына  қатысты  ең  басты 
проблемалардың  бірі - мұнай  өндіру  кезінде  ілеспелі  газдың  көптеп  бөлініп  шығуы. 
Қазақстанда  жылына 800 миллион  текше  метрден  астам  ілеспелі  газ  жанып  шығады. 
Мұнайдың  төгілуіне  тотығу,  құрылыс  жəне  монтаж  жұмыстары  кезіндегі  ақаулар  себеп 
болады. Оның үстіне қазақстандық ішкі тасымал құбырларының ешқайсысында мұнай төгілу 
апатының  алдын  алатын  сенімді  төтенше  жағдай  жүйесі  жоқ.  Өндіру,  жинау,  сақтау, 
тасымалдау  жəне  өңдеу  процестерінің  түрлі  сатыларында  кеткен  шығынды  есептеу  жүйелері 
де  ресурстар  тиімділігіне  қатысты  қазіргі  заманғы  талаптарға  сай  емес.  Есептеулерге  сəйкес, 
жыл сайын мұнай кен орындары орналасқан жəне мұнай құбырлары тартылған аймақтардың 1 
шаршы  шақырымына  шаққанда 0,02 тонна  мұнай  сыртқа  ағып  кетеді.  Қазақстанның  мұнай 
жəне газ саласындағы экологиялық проблемалардың ең бастылары мыналар: 
• 
Құрамында  қоршаған  орта  мен  адам  денсаулығына  зиянды  күкіртті  газ,  күкірт 
қостотығы,  күкіртті  көміртегі  жəне  басқа  да  сульфидтер  мен  қоскүкіртті  қоспалар  бар 
айтарлықтай  тереңдікте  жатқан  «тұзасты»  шөгінділердің  (яғни  тұз  қабаттарының) 
(Қарашығанақ, Жаңажол, Теңіз жəне өзге де кен орындары) игерілуі;   
• 
Сусыздандыру  жəне  минералсыздандыру  кезінде  бөлінетін  ілеспелі  сулар,  газдар,  ең 
соңғы  (хвостовые)  жəне  өзге  қалдықтар,  сондай-ақ  миллиондаған  күкіртті  қалдық  үйінділері 
құрамында болатын техникалық жəне технологиялық қалдықтардың көп көлемде шығарылуы;  
• 
Шикі мұнайдың Қаспий теңізі бассейнінде өндірілуі. Су асты бұрғылау жұмыстарының 
жүргізілуі  апаттарға  соқтырып  (күкіртті  көміртегінің  ауаға  шығып  кетуі  жəне  мұнайдың 
төгіліп кетуі сияқты жағдайлар), теңізге, теңіз жағасына орасан зор нұқсан келтіріп, аймақтың 
тірі организмдерін едəір уландыруы мүмкін.  
 
2000-ші  жылы  мұнай  саласындағы  игеру  жұмыстарына  Маңғыстау  облысының 2300 га  жері 
берілді.  Соның 134 гектарында  ғана  сауықтыру  шаралары  қолға  алынған.  Өндірістік 
қолданысқа  берілген  жердің  басым  бөлігі  «Теңізшевройл»  компаниясына  тиесілі 
«Күлсарымұнай»  жəне  «Прорванефть»  кен  орындарының  үлесіне  тиеді.  Жер  ластануының 
басты көздері мынадай: 
• 
Тасымалдау, бұрғылау жəне  құрылыс кезінде аса  қуатты  жəне  зардап келтіруі  мүмкін 
ескі  қондырғылар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы; 
• 
Шикізат  тасымалына  арналған  тасымалдау  жүйесінің  үнемі  жалғанып,  кеңейтіліп 
отыруы; 
• 
Мұнай  кен  орындарында  қолданылатын  қондырғылар  жəне  тасымал  құралдарының 
талапқа сай еместігі; 
• 
Мұнай  жəне  бұрғылаудан  қалған  шөгіндінің  жиналуы,  соның  өңделуі  жəне  кəдеге 
жаратылуы; 
• 
Күкіртті сутегілік қышқылдың шикізат құрамындағы жоғары деңгейі; 
• 
Мұнайдың төгілуі ; 
• 
Су  қоймаларының  жəне  жер  асты  суларының  қалдықтармен  жəне  дизель  отынымен 
ластанып отыратыны.  


 
 
 
 

Тарау

Минер
алды
 ресурста
р ме
не
дж
ме
нті
 жəн
е қоршаға
н орта
 
  169
 
8.1 Карта: Негізгі кен орындары 
 
 
Ескерту: Картада көрсетілген шекаралар мен атаулар ресми түрде танылмауы жəне БҰҰ тарапынан бекітілмеуі  мүмкін. 
Дерек көзі: Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау шараларына шолу, 2000ж. 
 


170
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
8.1 Ендірме: Қашаған теңіз мүнай кеніші (Каспий теңізінің солтүстік бөлігі) 
 
2000-шы жылы ашылған Қашаған мұнай кен орны Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым  
қашықтықта орналасқан. Ол Каспий теңізінің тайызсулы аймағының 1800 шаршы шақырым жерін қамтиды. 
Қазіргі  есептеулерге  сəйкес,  Қашағандағы 38 миллиард  баррель  мұнайдың 9-13 миллиард  баррелін  жер 
бетіне  шығаруға  болады.  Мұнай 4000-5000 метр  тереңдікте 600 бар  қысым  жағдайында  жатыр.  Оның 
құрамындағы қышқыл газ деңгейі жоғары болып келеді (20% күкіртсутек қышқылы). Қашағанды Аджип ККО 
компаниясы  игеріп  жатыр.  Алғашқы  ұңғыма 2006-шы  жылы  іске  қосылды.  Мұнай  қолдан  жасалған 
бұрғылау  аралдарынан  теңіздің  түбі  бойымен  жалғанған  құбырлар  арқылы  Атырау  қаласының  жанында 
құрылып  жатқан  «Болашақ»  өңдеу  зауытына  тасымалданады.  Құрылысы  аяқталғаннан  кейін  аталмыш 
зауыт күніне көп дегенде 300 мың баррель мұнай өңдей алатын болады. Күкіртсутек қышқылы қайтадан 
жер  асты  резервуарға  айдалады  деп  жоспарланғанымен,  күкірттің  ашық  түрде  сақталу  мүмкіндігі  де 
қарастырылуда. Бұл туралы келіссөздер қазір үкіметпен жүргізіліп жатыр.  
  
 
Теңіз  суының  таяздығы,  су  бетіне  қыста    мұз  қататыны,  дауылды  ауа-райының  қолайсыздығы  жəне 
қоршаған  ортаға  төнетін  қатері  себебінен  Қашаған  аса  қиын  жоба  болып  саналады.  Айналасы  жермен 
қоршалғандықтан,  Каспий  теңізі  ашық  мұхитпен  салыстырғанда  экологиялық  зардаптарға  аса  сезімтал 
келеді.  Көптеген  шағын  аралдар  салып,  мұнай  өндіріп-өңдеуді  көздейтін  Қашаған  жобасы  Каспий  теңізі 
жəне  оның  айналасындағы  қоршаған  ортаға  өте  үлкен  қауіп  төндіреді.  Аджип  ККО  компаниясы  мұнай 
өндірісінің  қоршаған  ортаға  тигізетін  əсерін  анықтау  мақсатында  жобаның  алғашқы  кезеңінен  бастап 
ортаның  ластануы  жəне  биоресурстар  мониторингін  жүргізіп  келеді.  Компания,  сондай-ақ,  мұнай  сыртқа 
ағылып  кеткен  жағдайда  апаттың  салдарын  жоюға  бағытталған  арнайы  жоспар  дайындады.  Дегенмен, 
үлкен  көлемді  апаттың  салдары  тым  ауыр  болатыны  себепті  компанияға  сырттан  көрсетілетін  төтенше 
көмек қажет болады. Каспий теңізіне қатысты жуырда жүргізілген зерттеу нəтижелеріне сəйкес, қоршаған 
ортаның  ластануы  өсімдік  өнімдері  мен  тірі  организмдердің  ұдайы  өндірілуін  тежеп,  бекіре  тұқымдас 
популяциясының  күрт  азаюына  тікелей  əкеп  соқтырды.  Сондай-ақ,  Каспий  итбалықтары  ластаушы 
заттарға  үнемі  душар  болғандықтан,  олардың  иммунитет  жүйелері  қатты  əлсіреген. 90-шы  жылдардың 
басынан бері Каспийдегі итбалықтардың жалпы саны 80 пайызға қысқарды.  
Дерек көзі: http://www.parstimes.com/caspian/ 
 
 
Теңіз мұнай кенішіндегі күкірт жəне факел блоктары
 
 
Қазақстандағы  мұнай  өндірісінің  ең  маңызды  қосымша  ілемелі  өнімі – күкірт.  Күкіртті 
көптеген өндіріс салаларында пайдаланады. Ол түрлі құрамда шикі мұнайда да, табиғи газда да 
бар.  Қазақстан  дүниежүзі  бойынша  өндірілетін  күкірттің 4 пайызын  шығарады.  Күкірт 
өндірісін басқару мəселесін Энергетика жəне минералдық ресурстар министрлігі де, Қоршаған 
ортаны қорғау министрлігі де  ең маңызды мəселелердің бірі деп қарастырады. Қазақстанның 
класификациясына  сəйкес,  күкірт  қауіпті  емес  қалдықтар  қатарына  жатқызылады.  Осы 
қалдықтарды шығаратын кəсіпорындар экологиялық төлемдер жасаулары тиіс. 
 
2003-2006  жылдар  аралығында  Қазақстанда  жұмыс  істейтін  мұнай  компанияларының  өтініші 
бойынша,  Қазақстанның  Мұнай  жəне  газ  министрлігі  күкіртті  кəдеге  жарату,  оның  ұзақ 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау