Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет73/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115

 
6 Тарау: Қоршаған ортаны  қорғауға жұмсалатын шығындар
 
  143 
 
 
шығындар)  жəне  қаржыландырудың  орнықты  стратегиясымен  сабақтасатын  айқын  мақсаттар 
мен  мерзімдерді  белгілеу  арқылы  экологиялық  жобаларды  əзірлеудің  барабар  жергілікті 
институционалды  əлеуетін  талап  етеді.  Жалпыланған  мағынада  бұл  сондай-ақ  мемлекеттің 
қаржы басқаруын күшейтетін  жəне шығындардың  тиімділігін  арттыратын  механизмі  ретінде 
пайдаланылатын, жергілікті басқару органдары деңгейінде ОМАД құру қажеттілігін растайды. 
 
6.3 Ұсыныс: 
Үкімет  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  шараларды  жоспарлаудың,  қаржыландырудың 
жəне іске асырудың жергілікті əлеуетін күшейтуі тиіс. Басқалармен қатар бұл мыналарды 
қамтуы мүмкін: 
• 
Жобаның  талдауын,  бағасы  мен  əзірлеуін,  сондай-ақ  қаржылық    жоспарлау  мен 
басқару əлеуетін қоса есептегенде, жобаларды басқару əлеуетін дамыту;  
• 
Муниципалитеттерге  жергілікті  капитал  рыноктарында  тікелей  алыс-беріс  
жасауға  жəне  халықаралық  қаржы  ұйымдарымен  жəне  шетелдік  донорлармен    тікелей 
шарттық  қатыснастарға  қатысуға  мүмкіндік  туғызатын  үлкен  өкілеттіктер  беру.  Сəйкес 
жобалардың  аумақтық  даму  жоспарларында  белгіленген  экологиялық  басымдықтармен 
келісуі тиіс. 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
III БӨЛІМ: ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕКТОРЛАР 
ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ 
ПАЙЫМДАРДЫҢ ЕСЕБІ ЖƏНЕ 
ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ 
 
 
 



147 
 
 
7 Тарау 
 
ЭНЕРГЕТИКА ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА 
 
 
7.1 
Бірінші шолудан бергі негізгі үрдістер 
 
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызмет нəтижелерінің бірінші шолуынан (2000 ж.) кейінгі 
уақытта  жедел  экономикалық  өсу  байқалады,  бұл  негізінен  ішкі  өнеркəсіптің    есебінен (7.1 
жəне 7.2 сур.)  қамтамасыз  етілетін  бастапқы  энергияның  жалпы  ұсынысының  (БЭЖҰ) 
айтарлықтай  ұлғаюынан  көрініс    табады.  Тоқсаныншы  жылдардың  екінші  жартысында 
(негізінен,  экономикадағы  құрылымдық  өзгерістердің  себебінен)  энергия    сиымдылығыынң 
елеулі  азаюы  (БЭЖҰ/ЖІӨ)  кейінгі  жылдарда  анағұрлым    төмен  қарқындармен  жалғасуда. 
Сонымен  бірге,  елдегі  энергия  сйымдылығы  əлемдегі  ең  жоғарылардың  бірі,  сондықтан  ол 
энергия    пайдаланудың  тиімділігін  арттыру  жəне  электр  энергиясын  үнемдеу  мен  энергия 
ысыраптарын азайту шараларын  күшейту мүмкіндігін ұлғайтуға негіздеме береді.  
 
7.1 Сурет: ЖІО жəне БҚЖЖК өзгерістері, 1998–2005 жж. 
60
80
100
120
140
160
180
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
0,40
0,45
0,50
0,55
0,60
0,65
0,70
БЭЖҰ жалпы сомасы (2000=100, сол жақ ось)
USD-ғы ЖІӨ, тұрақты СҚТ кезінде (2000=100, сол жақ ось)
БЭЖҰ/ЖІӨ ТТНЭ/млн USD (оң жақ ось)
 
Дерек көзі: БҰҰ ЕЭК жəне ХЭА, 2007 ж.  
 
Қоғамдық құрылымдар деңгейінде белгілі бір шаралар қабылданды (мəселен, электр энергиясы 
рыногын  ырықтандыру  жəне  Киото  хаттамасын    ратификацияға  дайындауды  ұйымдастыру), 
сондай-ақ  энергетикаға  қоршаған  ортаны  қорғау  мəселелерін  енгізу  бойынша  стратегия 
жасалды. 2006 жылы 2007-2024 жылдарда  тұрлаулы  дамуға  өту  тұжырымдамасы  (ТДӨТ) 
мақұлданды,  бұл  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  кейінгі  іс-əрекеттер  мен  энергетиканы 
дамытуға қажет қолда бар мүмкіндіктерді бір мезгілде қатар пайдалану үшін негіз дайындады.  
 
Жаңғыртылатын  энергия  көздеріне  қызығушылық  ұдайы  өсе  түсуде,  өйткені  бұлар  қуат 
көздерін  əртараптандыру  мен CO
2
  шығарындыларын  азайтудың  ең  озық  нұсқаларының  бірі 
болып саналады. Еліміз гидро-, жел-жəне-күн (гелио) энергетикасы саласында үлкен əлеуетке 
ие, осы əлеует сəйкес заңнамалық базаның, стратегиялар мен ынталандырушы механизмдердің 
болмауынан іске асырылмаған. Соның нəтижесінде энергияның экологиялық таза түрлері өте 
төмен  бағалар  бойынша  қолжетімді  жергілікті  көмірмен  бəсекелесуге  дəрменсіз.  Оған 
гидроэлектр  энергиясымен  біршама  мардымсыз  қамтамасыз  етуді  қоспаймыз,  бүгінгі  күнге 
қарай,  атап  айтқанда  жел  энергетика  саласында  ұсақ  ауқымдағы  тəжірибелік  жобалар    ғана 


148
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
жүргізілуде.  Биоотынды  пайдалану таяу  перспективада  нақты    нұсқа  ретінде  қаралады. 2007-
2010 жылдарға биоотын рыногын дамыту тұжырымдамасының жобасы əзірленді жəне  өндіріс 
нысандарының құрылысы жоспарланды. 
 
Бұған қосымша, 2007 жылы қыркүйекте тұрлаулы даму жөніндегі ұлттық комиссия энергияны 
үнемді  пайдалану  мен 2024 жылғы  дейін  орнықты  даму  жағдайларында  баламалы  (барабар) 
қуат көздерін дамыту тұжырымдамасын əзірледі жəне оны бекітті. Жоба парламенттің бекітуін 
күтуде.  Тұжырымдама  жаңғыртылатын    энергия  көздерін  пайдалануды  кеңейту  үшін  қажет 
шаралар мен мақсаттық көрсеткіштерді белгілейді. Осы тұжырымдаманың аясында  үкімет пен 
өзге  де  мүдделі-тараптар  жаңғыртылатын  энергия    көздерін  пайдалануға  септігін  тигізетін 
заңның  жобасын    талқылады.  Осы  заң  жобасы  жаңғыртылатын  энергетика  бойынша 
коммерциялық  іске  асырылатын  сертификаттарды  қоса  есептегенде,  жаңғыртылатын  энергия 
көздерінен электр энергиясын өндіруге жəрдемдесетін шаралар енгізуді көздейді. 
 
Табиғат  қорғау  заңнамасы  бірте-бірте  жетілдіріле  түсуде. 2007 жылы  қабылданған 
экологиялық  кодексте  былай  айтылады,  басқалармен  қатар,  энергетика  секторы  экологиялық 
қауіпсіздіктің  талаптарына  сəйкес  жəне  қабылданған  экологиялық  қауіпсіз  технологияларды 
пайдалану  арқылы  дамуы  тиіс.  Сонымен  қатар,  Кодекс  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі 
шараларды  жүзеге  асыруды  ынталандыратын  бағдарламаларды  көздейді.  Бұдан  бөлек, 
сертификацияланған  субъектілердің  шектеулі  санына  қарамастан  табиғатты  ұтымды  
пайдалану  стандарттарын  барған  сайын  көбірек  пайдалану  үрдісі  байқалды  (мəселен, ISO 
14001 сияқты). 
 
7.2 Сурет: БҚЖЖК – дегі өзгерістер, 1998–2005 жж.* 
10 000
20 000
30 000
40 000
50 000
60 000
70 000
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
ТТН
Э
Геотермикалық, күн жəне жел энергиясы
Жаңғыртылатын энергияның отын көздері
Гидро
Газ
Мұнай
Көмір
 
Дерек көзі: ЕЭК ООН и МЭА, 2007 ж.  
Ескерту: * Электр энергиясымен сауданы қоспағанда
  
 
 
Заңнама  одан  əрі  жетілдіруді  қажетсінгенімен,  бірақ  бүгінгі  күнде    қолданыста  бар  заңдарды 
сақтау,  басқару  мен  мониторингтің  тиімді  жүйелерін  қолдану,  сондай-ақ  мемлекеттік  жəне 
жергілікті биліктердің іс-əрекеттерін үйлестіру негізгі проблемалар болып қалуда. 
 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау