Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет97/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115

201 
 
 
Қоршаған  орта  мен  табиғи  ресурстарды  бақылаудың  біріккен  мемлекеттік  жүйесін 
(ҚОТРББМЖ)  құру  жобасының  аясында  түрлі  үкіметтік  органдар  жүзеге  асыратын 
экологиялық  мониторинг  пен  мəлімет  жинауды  сапалы  үйлестіру  мақсатында  заң  жəне 
институционалдық деңгейде бірқатар шаралар қолға алынды. 2001-жылы үкімет ҚОТРББМЖ-
ні  құру  мен  жүргізудің  ережелерін  бекітті. 2005-жылы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі 
аталмыш  жүйенің  жұмысын  ұйымдастыру  мен  жүргізу  мақсатында  агенттіктердің  бірлескен 
жұмыс  тобын  құрды.  Оның  құрамына  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі,  басқа  да  үкімет 
орындары  мен  ғылыми  институттардың  мамандары  кірді. 2007-жылдың  мамыр  айында 
Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  жүйенің  аясында  алмасуға  тиесілі  ақпарат  түрлерін 
анықтап, соның алмасу нысаны мен тəртібін белгіледі. Ал 2006-жылы министрлік өзге үкімет 
орындарымен  бірлесіп,  ҚОТРББМЖ-нің  тұжырымдамасын  қабылдап, 2007-жылы  осы 
тұжырымдаманың жекелеген тұстары Экологиялық кодекске енгізілді.  
 
2004-жылы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  төрт  түрлі  ақпарат  түрін  сақтайтын 
интернетке қосылған мəлімет базасын құрастырудың моделін жасауға кірісті. Осы төрт ақпарат 
топтарының  бірі  қалдықтардың  ауаға  шығарылуын,  төгілуін,  биологиялық  əр-түрлілік  пен 
табиғи  ресурстарды  қозғайды. 2005-жылы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің 
Ақпараттық  жəне  талдамалық  орталығы  табиғи  ресурстарының  кадастрлері  (түгендемесі) 
туралы  мəлімет  сақтайтын  электрондық  базаны  құрастыра  бастады.  Осы  бастама  үкіметтің 
2000-жылы 
шыққан 
«Цифрлік 
гео-ақпарат 
жүйелеріне 
негізделіп, 
Қазақстан 
Республикасындағы  табиғи  нысандардың  мемлекеттік  кадастарлері  кіретін  біріккен  жүйені 
құру  туралы»  қарарын  орындау  аясында  қолға  алынды. 2007-жылғы  Экологиялық  кодекс 
осындай кадастрлер мен мəлімет базаларының құрылуын құптайды.  
 
1.5 ұсыныс: 
Табиғи  ресурстар  жəне  қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  халықтың  қоршаған  орта 
туралы білімін көтеру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) бірлесіп жұмыс істеуі 
керек. Қоршаған орта саласында білім беруді жетілдіру мəселесі бойынша да осылай жасау 
қажет. Ғылым жəне білім беру министрлігімен бірлесіп, қоршаған ортаға қатысты тренинг 
бағдарламаларын ортақ қаржыландырған дұрыс болар еді. Табиғи ресурстар жəне қоршаған 
ортаны  қорғау  министрлігі,  сондай-ақ,  облыстар  деңгейінде  қоршаған  орта  мəселесімен 
айналысатын  органдарда  жұмыс  істейтін  қызметкерлерді  оқыту  бағдарламалары 
анықталуы керек. 10.1 ұсынысын қараңыз. 
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  қоғамдық  кеңес  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің 
бұйрығымен  құрылды.  Оның  құрамына  республикалық  экологиялық  ҮЕҰ-дардың  өкілдері 
кіреді.  Кеңес  мүшелері  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  алқасының  кеңейтілген 
отырыстарына қатысып, сонда талқыланатын құжаттардың жобаларына қатысты өз пікірлерін 
білдіреді.  Министрліктің  құрамына  кіретін  қоршаған  ортаны  қорғау  жөніндегі  аумақтық 
басқармалардың  (ҚОҚТБ)  ҮЕҰ-мен  ынтымақтасу  нысандары  əртүрлі  болады.  Мысалы, 
Алматы  қалалық  ҚОҚТБ-сы  қалада  қоршаған  орта  мəселелерімен  белсенді  айналысатын 22 
ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс істеу туралы арнайы келісімге қол қойды. Қоршаған ортаны қорғау 
министрлігі  салада  жұмыс  істейтін  ұйымдарды 2004-жылдан бастап қаржылай  қолдап  келеді. 
2007-жылы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігі  ҮЕҰ-дар  тарапынан  іске  асырылған  төрт 
жобаны қаржыландыру мақсатында 10 миллион теңге жұмсады. Аумақтық басқармалардың да 
ҮЕҰ-дарды қолдайтындай арнайы бюджеттік қаржысы бар.  
 
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ақпараттық жəне талдамалық орталығы 2005-жылдан 
бастап Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстар саласындағы менеджмент мəселелеріне 
арналған  тренинг  орталығын  басқарып  келеді.  Бұған  қоса,  Қазақстанның  экология  жəне 
климатты зерттеу институты өнеркəсіп орындары үшін арнайы техникалық курстар жүргізеді. 
Мемлекеттік  қызметкерлердің  білімін  жетілдіретін  Мемлекеттік  басқару  академиясы  оқу 
бағдарламасына  қоршаған  ортаға  қатысты  пəндерді  енгізді.  Білім  беру  жəне  ғылым 
министрлігінің  құрамында  қоршаған  орта  жəне  тұрақты  даму  саласында  білім  беру 
мəселелеріне жауапты арнайы құрылым жоқ. Білім беру саласын дамыту жөнінде 2005–2010-


202 
 
 
жылдарға  арналған  іс-шаралар  жоспарында  қоршаған  орта  немесе  тұрақты  даму  саласында 
білім беруге қатысты қандай да бір шаралардың қолға алынуы қарастырылмайды. Аталмыш екі 
министрлік  арасындағы  жəне  басқа  да  министрліктер  мен  мүдделі  топтар  (ҮЕҰ-дар, 
университеттер,  бизнес  топтары,  т.б.)  арасындағы  ынтымақтастықтың  деңгейі  əді  де  болса 
төмен.    
 
2 Тарау: 
Басқару құралдары жəне экономикалық құралдар 
 
2.1 ұсыныс: 
Қазақстан  тұрақты  дамудың  алғышарты  ретінде  қоршаған  орта  саласындағы 
менеджментке  жəне  экологиялық  проблемаларды  шешуге  мемлекеттік  бюджеттен  қаржы 
бөлуге  ынта  білдіруі  қажет.  Мемлекеттік  бюджетке,  аймақтық  бюджеттерге  жəне 
қоршаған ортаны қорғау қорларына экологиялық айыппұлдар мен төлемдер қоршаған ортаны 
қорғау  жөніндегі  жобалар  арасында  үлестірілуі  тиіс.  Экологиялық  төлемдер  деңгейі 
қоршаған  ортаны  қорғауға  кететін  қаржы  деңгейінен  жоғары  болса,  төлемдер  деңгейі 
қысқартылуы  керек.  Шығын  пайда  болатын  болса,  оның  орнын  өзге  салықтар  есебінен 
толтыру шарт. 8.6 ұсынысты қараңыз. 
 
Үкімет  қоршаған  ортаны  қорғау  проблемаларын  шешу  мақсатында  қаржы  бөлуді  тоқтатпаса 
да,  қаржыландыру  көлемі  қысқарып  келеді.  Соңғы  бірнеше  жыл  бойы  қоршаған  ортаны 
қорғауға кеткен шығындар көлемі жалпы мемлекеттік шығындардың 0.5-ақ пайызын құрады. 
2002-2005ж.ж.  аралығында  жергілікті  əкімшіліктердің  экологияға  жұмсаған  қаржы  көлемі 
ауаның  ластануы  үшін  жиналатын  төлемдер  көлемінен  əлдеқайда  аз  болған.  Тек 2006-жылы 
ғана шығындардың деңгейі табыс деңгейімен орта есеппен теңелді.  
 
2.2 ұсыныс: 
Экологиялық  төлемдердің  бір  бөлігін  өнеркəсіп  орындарының  өздеріне  қалдырып,  солар  бұл 
ақшаны  қоршаған  ортаны  қорғау  шараларына  жұмсайтындай  салық  жеңілдіктері  жүйесі 
қалыптастырылуы  керек.  Ұзақ  мерзімде  қоршаған  ортаны  ластау  үшін  жасалған 
төлемдердің  бір  бөлігін  экологиялық  инвестицияларға  қажетті  жұмсақ  несиелерге  беруге 
болар  еді.  Бұл  тек  қоршаған  ортаның  жағдайы  айтарлықтай  жақсарған  кезде  ғана  мүмкін 
болады.  
 
Жеке  меншік  сектордың  қоршаған  ортаны  қорғау  мақсатында  жасайтын  шығындарын 
арттыруды көздейтін салық жеңілдіктері жетіспейді. Экологиялық төлемдерден түсетін табыс 
(иə  болмаса,  соның  бір  бөлігі)  кəсіпорындарға  ластауды  төмендету  жəне  бақылау  жүргізу 
шараларын  қаржыландыру  мақсатында  қайта  берілмейді.  Қаржыландыруға  мүмкіндік  бере 
алатын жұмсақ несиелер тарату жүйесі де əлі қалыптаспаған.  
 
2.3 ұсыныс: 
Қоршаған  ортаны  қорғау  қорларын  басқару  тəсілдері  қайта  қарастырылса,  аймақтардың 
арасындағы қоршаған орта жағдайына қатысты айырмашылық азаяр еді.  
 
Қоршаған ортаны қорғау қорлары жəне экологиялық төлемдерді алдын-ала үлестіру шаралары 
2002-жылы  күшін  жойды.  Қоршаған  ортаны  қорғау  шаралары  республикалық  жəне  областық 
бюджеттерден қаржыландырылып отырады.  
 
2.4 ұсыныс: 
Экологиялық  рұқсат  қағаздарын  үлестіру  жəне  экологиялық  зардапты  бағалау  жүйелері 
жаңа  жағдайға  жəне  жаңа  қажеттіліктерге  сəйкес  əрі  қарай  жетілдірілуі  керек.  Осы 
орайдағы  кезек  күтірмейтін  басты  міндет – экологиялық  рұқсат  берген  кезде  технология 
критерийіне сүйеніп шешім қабылдау. 11.2 ұсынысты қараңыз.   
 
Қоршаған  ортаға  тиетін  əсерді  бағалау  жүйесі  мен  экологиялық  рұқсат  беру    жүйесін 
реформалау  халықаралық  тəжірибеге  сүйену  арқылы  жүзеге  асырылып  отырған.  Қоршаған 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау