182
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
қажет болатын гидроэлектр қуатын өндіру жолы жəне жазғы мезгілдегі ирригация(суландыру)
жолы.
Жерасты суларының Қазақстандағы жалпы мөлшері 64,27 км
3
/жылмен бағаланады. Алайда су
құрамындағы кермектік деңгейі жоғары. Келтірілген көрсеткіштің 40,44 км
3
/жылға тең
бөлігінде минералдау деңгейі 1 г/л-ден кем. Су ресурстары ел бойынша біркелкі тарамайды.
Тұщы жерасты суларының басым бөлігі (жалпы ресурстардың 60 пайызы) елдің оңтүстігінде
шоғырланған болса, Каспий аймағы мен солтүстік-шығыс аймағында тұщы су сирек кездеседі.
Сегіз түрлі өзен бассейнінің ерекшеліктері: судың пайдаланылуы, проблемалар жəне
үрдістер
Əкімшіліктік тұрғыдан алғанда, Қазақстанда халықаралық өзен бассейндерінің құрамдас бөлігі
болып табылатын сегіз өзен бассейні бар: Ертіс, Есіл, Тобыл-Торғай, Нұра-Сарысу, Орал-
Каспий, Арал-Сырдария, Шу-Талас жəне Балқаш-Алакөл (9.1 суретті қараңыз). Суды сандық
тұрғыдан басқару мақсатында жасалған осындай ұйымдастыру принципі су ресурстарының
бірлескен менеджменті схемасына көшуіне мүмкіндік берді.
Батыс жəне оңтүстік аймақтардағы ішкі бассейндер
Орал-Каспий өзен бассейні
Орал-Каспий өзен айдыны Қазақстандағы сегіз өзен бассейнінің ең үлкені болып табылады.
Оның құрамына Ресей Федерациясындағы Орал тауларынан басталып, Каспий теңізіне
құйылатын Орал өзені су жиғыш алаңының (жалпы ауданы 231 мың км
2
) бір бөлігі (64%),
Волга атырауының бір тармағына дейінгі Еділ мен Орал өзендерінің арасы (107 мың км
2
) жəне
Орал мен Ембі өзендерінің арасы (72 мың км
2
) кіреді.
Орал өзені арқылы Каспий теңізіне жылына 8,1 км
3
су құйылады. Каспийдің құрылықпен
қоршалғаны белгілі. Солай бола тұра, Орал суы теңізге келіп құйылатын жалпы су мөлшерінің
3-ақ пайызын құрайды. Волга өзені Каспий суының 80 пайызын толтырып отырады. Орал
өзеніндегі су деңгейі жəне ағым мөлшері жыл бойы күрт өзгеріп отырады. Мысалы, жылдық
ағым мөлшерінің 65-70 пайызы көктемгі су тасқыны кезінде ағып кетеді. Орал өзені көбіне
реттелмейтін болғандықтан, оның экожүйесі халықаралық тұрғыдан алғанда өте маңызды деп
есептеледі. Бұл өзен əсіресе бекіре балығының өніп-өсуі үшін өте маңызды. Жалпы алғанда,
өзен ағымының 72 пайызы Ресей аумағынан бастау алады.
Шекараның арғы жағында, Ресейдің Магнитогорск жəне Орынбор облыстарындағы ірі
өндірістік орындар Орал өзенінің шекара маңындағы сапасына кері əсер етіп, суды ауыр
металдармен ластайды.
Қазақстан аумағында болса, Орал-Каспий бассейні аймағында
мекендейтін адам саны шамамен 2,2 миллионға тең. Ақтөбе, Атырау, Орал сияқты ірі
қалалардың канализациялық сулары ойдағыдай тазаланбаған күйінде Оралға ағызылады.
Мұндай қалдық сұйықтықтардың құрамында негізінен азық-түлік жəне органикалық
қалдықтар бар. Ең ірі ластау көздері, мұнай жəне газ секторларына тікелей қатысты. Ал ауыл
шаруашылығының өзенге келтіретін зияны өте аз немесе жоқтың қасы. Фенолдар, ауыр
металдар жəне мұнай өнімдері бассейнді ластайтын ең зиянды заттар болып табылады.
Ластаудың өзге көздері ретінде көктемде болатын су тасқынын жəне сұйық қалдықтар
қоймаларынан байқаусыз ағылып кететін суды атауға болады. Су тасқыны кезінде өзен суы
канализациялық алаңдардағы суды шайып əкетеді. Каспий теңізі жағалауындағы мұнай
кеніштеріндегі қоймалардан да сұйық заттар сыртқа ағып кетсе (Қаламқас, Қаражанбас,
Мартыши, Прорва жəне Теңіз), міндетті түрде Орал өзеніне келіп құйылады. Тасқынның кері
əсері көп екеніне қарамастан, Оралдың көктемдегі сең кезінде қатты тасып кетуі өзен суын
біраз сұйылтып, сондағы ластану концентрациясын азайтып, өзеннің өздігінен тазаруына
жағдай жасайды.