86
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
3.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі жəне Статистика жөніндегі Агенттік
кəсіпорындардың экологиялық есеп беруіне қатысты ережені бірігіп қайта қарастырғаны
дұрыс, осыған сəйкес кəсіпорындардың есептік мəліметтері халықаралық ұсынымдарға,
қалдық кадастрларын дайындау жəне аумақтық түсімді қалыптастыру жəне соңынан
ластағыш зат қалдықтары мен зиянды заттарды тасымалдаудың жалпы мемлекеттік
тізілімін жасауға ыңғайлы болатындай етіп, осы талаптарды сəйкестікке келтіру жəне
оңтайландыру үшін қажетті өзгерістер дайындаулары қажет.
2005 ж. бастап, ҚОҚМ табиғи ресурстардың кадастрлары (тізімдемесі) жөніндегі электрондық
мəліметтер қорын жасаумен айналысады. Мұнда күзетілетін аудандардың орман
шаруашылығын жергілікті, облыстық жəне жалпымемлекеттік деңгейдегі жабайы аңдар мен
балық шаруашылығын басқару туралы карталық мəліметтерінде қосымша берілген мəліметтер
қамтылған. Осы мəліметтер қорын жуық арада суды қолдану жəне шығыстар туралы
мəліметтермен толықтырып, одан əрі жетілдіру туралы жоспарланып отыр. Дегенмен осы
ақпараттарды «Қазгидромет» арқылы алынатын қоршаған ортаның сапасы туралы
мəліметтермен толықтыру туралы ешқандай жоспар қарастырылмаған.
«Қазгидромет» жүйелі түрде елдің, сонымен қатар басқа да бассейндер мен аймақтардың
экологиялық ластануы туралы бюллетендер шығарып отырады.
Экологиялық ластану туралы
бюллетендер үкіметтік органдардың ішінде тек ҚОҚМ бекіткен тарату тізімінің негізінде ай
сайын жəне тоқсан сайын таратылады. Басқа мекемелер мен жекеше тұлғаларға келетін болсақ,
«Қазгидромет» өзінің ақпараттық жарияланымдар ақылы негізде таратып отырады.
Кəсіпорынның вэбсайтында аса шектеулі ақпараттар мен мəліметтер берілген. Осыған
байланысты бұл вэбсайт жаңартуды талап етеді; онда күн сайын қоршаған ортаның сапасы
туралы мəлімет жарияланып отыруы тиіс.
3.3 ұсыныс:
ҚОҚМ ақпараттар мен мəліметтердің барлық мүдделі тұлғаларға, соның ішінде барлық
деңгейдегі үкіметтік органдарға, кəсіпорындар мен өндіріс орындарына, сонымен бірге
көпшілікке қолжетімді болуы үшін «Қазгидрометтің» ақпарат тарату жөніндегі
нұсқауларын қайта қарастыруы қажет. Егер шектеулер болса, мұндай шектеулер Қазақстан
бір тарабы болып есептелетін Орхусс тұжырымдамасының аясынан шықпауы керек. Бұған
қоса, «Қазгидромет» атмосфералық ауа, су мен топырақ сапасы туралы ақпараттарды,
«Қазгидромет» торабымен жасалынған өлшеу жұмыстарының көрсеткіштері бойынша
ақпараттар мен бюллетендерді өзінің сайтына орналастырып, оны жаңартқаны дұрыс.
ҚО ж ТРМБМЖ əдістемесін қолға алу арқылы Қазақстан экологиялық мониторинг пен
мəліметтер жинақтау жөніндегі қызметті үйлестіру жөнінде тиімді қадамдар жасады. ҚО ж
ТРМБМЖ ұйымдастыру жəне өткізу үшін ҚОҚМ ықпалымен ведомствоаралық жұмыс тобын
құрды. Аталған жұмыс тобы Жүйе Тұжырымдамасы ведомстволары аралығындағы келісімге,
сондай-ақ сол жүйе шеңберіндегі түрлері, кескіні мен графикасына қарай мəлімет алмасуға
ықпал етті. Осы жұмыс тобымен ынтымақтасудың нəтижесінде қазіргі таңда табиғи ресурстар
кадастрының мəліметтер қоры жасалу үстінде.
Бұған қоса, ҚОҚМ Интернет арқылы қолжетімді болатын, сонымен бірге басқа мəліметтердің
барлығына қосымша, қалдық, қоқыс, шығыс, биоəралуандылық пен табиғи ресурстар туралы
қосымша мəліметтерді қамтитын кешенді мəліметтер қорын жасаудың бастамасын ортаға
салды.
Соңғы тестілеу
жұмысы жасалған соң жəне құрылым мен жұмыс күні кестесі
бекітілген соң жылына екі рет тендерлер өткізу негізінде осы мəліметтер қорын басқаратын
компанияны таңдау жұмысы қолға алынады деп жоспарланып отыр. Мұндай əдісті қолдану
барысында мəліметтер оларды өңдейтін ұйымдар жиі өзгеріп отыратындықтан үздіксіз
жиналып отыруы екіталай мəселе. Бұған қоса, экология мен табиғи ресурстар туралы
мəліметтерді қамтитын қордың сегменттері табиғи ресурстар кадастрының қолдағы мəліметтер
қорын қайталауы ықтимал деген де ой бар.